ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 10.11.2023
Просмотров: 224
Скачиваний: 3
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
болған (Riethmuller et.el.1994).
4. Сәулелік ем тік ішек рагына жеке сирек қолданылады. Оны сәулелік шоқты қашықтықтан
және тік ішек өзегінің ішінен біріктіріп, жарқашақтанған әдіспен қолданған тиімді. Көбінесе
IV “A” сатыларында алдымен 4,0 Гр-ден жұмасына 2 рет ОД=32 Гр. теморадиотерапия, 2-3
жұмалық үзілістен кейін классикалық бөлшектеу әдісімен ошақтық мөлшер 70 Гр-ге жеткізіледі.
Әсіресе бұл тәсілді қатерлі ісік артқы өтіс аймағында орналасқанда қолданады. Қосымша
міндетті түрде екі жақтағы шап аймағындағы лимфалық түйіндер орналасатын жерлерге 2,0
Гр., ошақтық мөлшер 40 Гр. қолданылады.
5. Радиоиммунотерапия тік ішек рагына жаңа ғана қолданылып жатқан тәсіл. Бұл емдеу
тәсілі ісіктік антигендерге қарсы қолданылатын моноклоналдық антитела – NP 4 , СС 49 . Әзірге
әдебиет бетінде сенімді нәтижедегі мәліметтер жоқ.
6. Лазерлік тәсіл. Неодимдік лазерлік сәуле шоғы паллиативті тұрғыда аз көлемді тік ішек
рагына ректороманоскоп арқылы тік ішек өзегі ісікпен бітелгенде немесе жиі қансырау белгісі
болғанда қолданылады.
7. Химиотерапия тік ішек рагының IV “В” сатысында қолданылады. Тік ішек рагына
шипалық әсерлері белсенді химиопрепараттардың қатарына фторурацил + левамизол, кампто,
оксалиплатин, кселода, УФТ. Аталмыш препараттар бір-бірімен үйлестірілген бейнемелермен
қолданылса, емнің нәтижесі жақсарады.
Жиі қолданылатын, шипалылығы анықталған
полихимиотерапия тәсілдері
1. Оксалиплатин – 130 мг/м 2 - вена арқылы 1-ші күн;
5 – фторурацил – 200 мг/м 2 - вена арқылы 1-4-ші күндері;
Кальций фолинаты – 20-30 мг/м 2 - вена арқылы 2-5-ші күндері;
2. Лейковорин–200 мг/м 2 -вена арқылы 2-6- шы күндері
5 – фторурацил – 350 мг/м 2 - вена арқылы 2-6-шы күндері;
Кампто – 250 мг/м 2 - вена арқылы 1- ші күні ;
3. Цисплатин – 20 мг/м 2 - вена арқылы 1-4-ші күндері;
5 – фторурацил – 800 мг/м 2 - вена арқылы 1-4-ші күндері (2 сағ. инфузия);
Лейковорин – 90 мг/м 2 -вена арқылы 1-4-ші күндері;
267
4. 5 – фторурацил – 370 мг/м 2 - вена арқылы 2-6-шы күндері ;
Лейковорин – 500 мг/м 2 -вена арқылы 2-6 - шы күндері;
Интерферон альфа – 5 МЕ, тері асты арқылы 1-7-ші күндері.
Аталмыш полихимиотерапияның 4-6 курсын әрбір 3-4 жұма сайын адъюванттік түрде
тоқ ішек рагының III «В» даму сатысындағы, төменгі дәрежеде пісіп- жетілген қатерлі ісікке
жасалған түбегейлі операциядан кейін қолданған ләзім, ал операция алдында 1-2 курсын
жүргізіп, операциялық материалдың химиотерапиялық патоморфозын анықтау арқылы қа-
терлі ісіктің қолданылған химиопрепараттарға сезімталдығын анықтау керек.
Болжамы
Тік ішек рагының емдеудің негізгі тәсілі хирургиялық, бірақ түбегейлі операциядан кейін
науқастардың 20-38%-ы 2-3 жыл аралығында ісіктің қайта өршуінен көз жұмады, тек қана
46-58%-ы өмір сүреді.Егер қатерлі ісіктің І-ші даму сатысында түбегейлі операция жасалса,
науқастардың 85-90%-ы 5 жылдан артық өмір сүреді, ІІ-ші сатысындағылар –70-75%, ІІІ-ші
сатысындағылар –35-40%, ал IV«А» сатысындағылар – 10%, аймақтық лимфалық түйіндерде
метастазы жоқ науқастар – 70-75%, метастазы барлар – 25-40% (Meyerson R.J.т.б. 2000).
Қазақтың онкология, радиология ғылыми-зерттеу институтында 223 науқасқа сәулелік
ем (4-5 Гр. күнбе-күн 4 рет, ЖД =20 Гр.) + түбегейлі операция, ал 164 науқасқа жоғарғыдай
сәулелік емге аймақтық СВЧ – гипертермия, 353 науқасқа тек қана операция жасалған. Аталмыш
ем тәсілдерінен кейін 5 жыл өмір сүру мерзімі І-ші топтағы науқастарда 69,0 ±3,4%, ІІ-ші
топтағыда – 76,3±4,8%, ІІІ-ші топтағыда – 56,4 ± 3.0% (P< 0.05).
АҚШ-тағы Мейо клиникасының мәліметі бойынша В және С Дюкес даму сатысындығы
науқастарға 5- фторурацил (425 мг/м 2 + левамизол 20 мг/м 2 ) вена арқылы 1,5-ші күндері, әрбір
28 тәулік сайын 4-5 бейнелеме жүргізгенде науқастардың 5 жылдан артық өмір сүру мер-
зімі хирургиялық еммен салыстырғанда 12-15 % жоғары болған.
Хирургиялық операциядан кейін адъюванттік тұрғыда моноклоналдық антитела немесе
вакцина қолдану арқылы науқастардың өмірін 1,5 есе ұзартуға болады. Қазіргі кезде ісіктік
үрдіс кең жайылған (IV даму сатысы) науқастарға түбегейлі сәулелік емнен кейін адюванттық
полихимиотерапия (кселода 1000 мг/м 2 +кампто 80 мг/м 2 + оксалиплатин 70 мг/м 2 вена арқылы
1,8- ші күндері ) қолданғанда, науқастардың 44,8%-да ісік көлемі елеулі кішірейеді, өмір сүру
ұзақтығы 17,4 ай (Douillard I.V. т.б. 2000).