ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 10.11.2023
Просмотров: 225
Скачиваний: 3
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
- жалпы емдеу орындарындағы дәрігердің, әсіресе бөлімшелік дәрігерлердің және орта буын медицина қызметкерлерінің ісік ауруы жөніндегі білімін көтеру мақсатында жылма-жыл қысқа мерзімдік курстар, семинарлар ұйымдастырып,өткізіп тұру;
- ісік ауруының кешігіп анықталуының негізгі себептерін анықтап, оларды келешекте болдырмау шараларын қолға алу,жалпы емдеу шебінде жұмыс жасайтын дәрігерлердің емханаларда 27/2у үлгідегі хаттамалардың мезгілінде толтыруын және оларды ай сайын емханалық конференцияда талқыланып, нақты шаралар алынуын бақылау;
- жылма-жыл өткізілетін сақтандыру жұмыстарының қорытындыларына қарай отырып, оның тиімділігін арттыру жөнінде тиянақты шараларды ұйымдастыру;
- ісік ауруын анықтаудың, емдеудің және одан сақтанудың ғылыми тұрғыда
дәлелденген жаңа әдістері мен тәсілдерін күнделікті практикаға енгізуді қадағалау;
- облыстық немесе қалалық санитарлық білім-ағарту мекемелерімен біріге отырып, бұқара халық арасында ісік ауруынан сақтану жолдары жайында, оның ертерек білінетін белгілері, емдеудегі жетістіктері жөнінде кең түрде үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу (көпшілікке арналған дәрістер оқу, әңгіме, кинофильм, газет, радио немесе теледидар арқылы әңгіме өткізу) т.б.
4. Онкологиялық бөлмелер (диспансерлік бөлімшелер) қалалық, аудандық
ауруханалардың құрамындағы емханаларда ұйымдастырылады. Онда ісік ауруына қарсы шараларды ұйымдастыруға білімі мен мүмкіншілігі жетерлік дәрігер-онкологтық сараптамадан өткен мамандар жұмыс істеуі керек. Олар тікелей сол емхананың бас
дәрігеріне немесе оның құрамындағы бөлімше меңгерушісіне бағынады да, ал өз мамандықтарына байланысты нұсқауларды сол аумақтағы онкологиялық диспансердің бас дәрігерінен алады. Оған бөлімшелік онколог міндеті жүктеледі. Егер аудан көлемінде бірнеше емхана немесе диспансерлік бөлімшелер болса, онда солардың ішіндегі бір дәрігерге аудандық онколог міндеті жүктеледі.
- емхана онкологының жұмыс жоспары онкологиялық диспансермен келісіп жасалады да, оны емхананың бас дәрігері бекітеді. 2010 жылы Қазақстанда 265 онкологиялық бөлме жұмыс істеді.
Онкологиялық бөлменің (диспансерлік бөлімшенің) және ондағы дәрігердің
негізгі міндеттері мыналар болуға тиіс:
- емханаға қатерлі, қатерсіз ісіктермен келген немесе соған күдіктенген адамдарды,
ісікалды аурулары барларды қабылдайды, оларға нақты кеңестер беріп, көмек көрсетеді;
- емханаға қарасты аумақтан алғаш рет ісік ауруы бар деп танылған адамдарды есепке алып, оларға жедел түрде 090/у үлгісін толтырып жібереді және 3 күннен қалмай олардың онкологиялық диспансерге қабылданғанын қадағалайды;
- сол аумақтағы ісік ауруынан өлген адамдардың есебін алады, ол үшін ай сайын азаматтардың өмір өзгерістерін тіркеп отыратын бөлімге (АХТЖ) барып есеп-санақ тізімдерді тексереді;
- ісік ауруы табылған адамдарға диспансерлік бақылау үлгісін (030-6/V) толтырып, олардың қаралатын уақыттарын белгілеп, тексеру мен зерттеудің қорытындыларын, пайдаланған қосымша ем шараларын тіркеп отырады;
- амбулаториялық жағдайда химиялық дәрілермен және гормондармен ем жүргізеді;
- науқастың ұлғаюына байланысты ауруларға күнделікті көмекті бөлімше дәрігерлері қөрсетеді де, ал онкологиялық бөлме дәрігері ондай аурулардың үй жағдайында емделуіне кеңес беріп, көмектеседі;
- емханаға келіп түскен №027-2/у хаттаманы жинақтап, оны бас дәрігерге мәлімдейді. Соңғысы оны емхана дәрігерінің ай сайынғы конференциясында талқылауға ұсынып, ісіктің кеш анықталған себептерін егжей-тегжейлі анықтай отырып, тиісті шаралар алады;
- емхана дәрігерлерінің күшімен жүргізілетін сақтандыру жұмыстарына әдістемелік көмек беріп, ісікалды аурулары табылған адамдарды диспансерлік I «б» клиникалық тобына бақылауға алып отырады;
- емханаға қарасты жерде тұратын адамдар арасында ісік ауруына қарсы шаралардың тиімді түрлері жөнінде үгіт-насихат жұмыстарын жүргізеді.
5. Әйелдерді қарау бөлмесі қалалық, аудандық, орталық емханада және бөлімшелік аурухананың құрамында, фельдшер-акушерлік пункттерінде ұйымдастырылады. Онда ісік ауруы жөнінде арнайы дайындығы бар, сараптаудан өткен орта білімді акушерка жұмыс жасайды. Бөлмеде әйелдерді қарап-көру тәсілдеріне жағдай жасалынады. Оның жұмысына емханадағы сақтандыру бөлімшесінің меңгерушісі жолбасшылық жасайды,
ал әдістемелік көмекті емхананың онкологы береді.
Қарайтын бөлме емхананың тіркеу бөліміне іргелес болғаны жөн, онда гинекологиялық орындық, тақтай төсек, әйелдердің жыныс мүшелерін, тік ішегін қарайтын аспаптар, жағынды (мазок) алатын әйнекшелер т.б. болуы керек. 2010 жылы Қазақстанда 518 әйелдерді қарау бөлмесі жұмыс істеді.
Онкологиялық бөлмедегі акушерканың негізгі міндеттері:
- әртүрлі аурулармен емханаға келген жасы 30-дан асқан барлық әйелдерді жылынабір рет тексеруден өткізу. Ол үшін акушерка әйелдердің тері жамығын, қалқанша, сүт бездерін, мойындағы, қолтық пен шаптағы лимфалық түйіншектерін, тік ішегін қарай отырып, олардың сыртқы жыныс мүшелерін арнайы аспаппен және екі саусақпен тексеріп көреді. Босанбаған және түсік жасамаған әйелдердің жатыр мойыншасынан
, ал балалы болған әйелдердің жатыр мойнының ішкі қуысынан әйнекшеге жағынды алады.
Егерде тері жамықтарында, ауыз бен ерін шырышты қабықшаларында ойық жара болса, олардан да жағынды, қырынды алынады. Алынған жағынды-қырынды әйнекшелерді цитологиялық зертханаларға жіберіп отырады.
- қаралғандар №048/у үлгідегі журналға тіркеледі. Егерде олардың арасында қатерлі ісік ауруы барлар немесе оған күдіктілер кездессе, олардың науқасын анықтау үшін емханадағы дәрігер мамандарға және бөлімшелік онкологқа жібереді. Сондықтан онкология саласындағы ғылыми-практикалық мекемелер және олармен тығыз байланыста жұмыс істейтін жалпы емдеу шебіндегі емханалар мен ауруханалар білім тәжірибелерін, күш-жігерлерін біріктіріп, бірлесе жұмыс жасаулары бүгінгі күннің талабына сай.
Ол үшін алдағы жұмыстарды үш бағытта ұйымдастыру ләзім:
1) сақтандыру, яғни ісіктен сақтану бағытындағы жұмыстарды жедел жақсарту;
2) жаңа құрал-саймандарды, аспаптарды және басқа әдіс-тәсілдерді кең пайдалану арқылы қатерлі ісік ауруларын бастапқы дамуы кезінде ерте анықтау;
3) бұрыннан қолданылып жүрген анықтау, емдеу әдіс-тәсілдерін жетілдіре отырып, жаңа зерттеу, анықтау, емдеу тәсілдерін іздестіру, олардың тиімділерін күнделікті практикаға жедел енгізу.
Бірінші және екінші бағыттағы жұмыстарды жалпы емдеу мекемелері іске асырады. Сондықтан ондағы дәрігерлер ісікалды науқастарды мезгілінде анықтап, оларды тиімді түрде емдей білулері, ісік ауруы бар-ау деп күмәнданған әрбір адамды қырағы көзбен қараулары керек. Ол үшін республикалық Дәрігерлер білімін жетілдіру институты және облыстық онкология диспансерлері емханалардағы терапевт, хирург, акушер-гинекологтарға т.б. дәрігерлерге және бөлімшелер мен өндірістік цехтардағы дәрігерлерге арналған қысқа мерзімді курстарда оқытып, олардың ісік ауруы жөніндегі білімдерін жетілдіріп отырулары керек.
Сақтандыру жұмыстарды жүзеге асыруда санэпидстанциялар мен сол бағытта зерттеулер жүргізетін ғылыми-зерттеу институттарының маңызы зор. Олар адамның дене мүшелеріне зиянын тигізетін сыртқы-ішкі себептерді анықтап, одан сақтанудың шараларын белгілеп отырады.
Ісік ауруларына қарсы шараларды ұйымдастырудың үшінші бағытында жұмыс істейтін ТМД көлемінде 22 ғылыми-зерттеу онкология және радиология институты бар, соның бірі Қазақтың онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты.
Ол шет мемлекеттердің онкология саласында жұмыс жасап жатқан ғылыми-зерттеу институттарымен, әртүрлі ғылыми-тәжірибелік одақтармен бірлесе отырып, қатерлі ісік ауруына қарсы пәрменді күрес жүргізуде. Атап айтқанда, жаңа дәрі-дәрмек, ем түрлерін іздестіріп, зерттеп, үнемі тәжірибеге енгізіп отырады.
Денсаулық сақтау министрінің 1973 жылғы 11 желтоқсандағы №983 бұйрығы бойынша, одақ көлеміндегі медицина институттарында арнайы онкология кафедраларын ашып, студенттерге, интерндерге, резиденттерге, магистрларға, курсанттарға клиникалық онкологиядан кең көлемде білім беріп, ғылыми-тәжірибелік жұмыстарды жүргізу міндеттелді. Өйткені әрбір жоғары білімді маман ісік ауруларын мезгілінде анықтап, оларды емдеп, одан сақтану тәсілдерін білулері керек.
Профилактикалық байқаудың түрлері:
1. Дәрігер әрбір адамды емханаға келгенде жекелеп қарайды.
2. Кішігірім ұжымдарды бригадалық әдіспен қарау.
3. Аудан, облыс көлемінде кешенді тұрғыда жаңа аспаптармен, зертханалармен жабдықталған жылжымалы экспедициалық әдіспен қарау.
Профилактикалық байқау кезінде міндетті түрде қолданылатын анықтау
тәсілдері.
1. Түгелдей тері жамығы мен көзге көрінетін сыртқы шырышты қабықшаларды, сүт, қалқанша бездерді және сыртқы аймақтық лимфалық түйіндерді қарау.
2. Тік ішекті саусақпен қарау.
3. Әйелдердің жыныс мүшелерін жатырлық айнамен және бимануалдық тәсілмен қарап, жатыр мойынынан, цервикалдық жылғадан жағынды алып, оны цитологиялық тәсілмен зерттеу.
4. Өкпелік және сүт бездік флюорографияны қолдану.
5. Эндоскопиялық және ультрадыбыстық зерттеулер.
Онкологиядағы негізгі медициналық үлгілер
090/у-үлгісі. Алғашқы рет қатерлі ісік науқасы анықталған адамдарға кез келген
мамандықтағы дәрігер толтырып, үш тәулік ішінде оны онкологиялық диспансерге
жібереді.
025/у-үлгісі. Науқас адамның медициналық кітапшасы.
027/2у-үлгісі. Қатерлі ісік ұлғайып, науқасы кеш анықталған (ІV даму сатысы
және көзге көрінетін ағзалардағы қатерлі ісіктің ІІІ даму сатысы) адамдарға екі дана толтырылады, олардың біреуі емханаға, екіншісі онкодиспансерге жіберіледі.
027/1у-үлгісі. Қатерлі ісіктен емделген адамның сырқаттамасынан тұжырымды көшірме. Ол емханалардағы онкологиялық бөлмелерге жіберіліп, науқасқа диспансерлік бақылау жұмыстары жүргізіледі.
030-6у-үлгісі. Қатерлі ісікпен ауыратындарды және одан емделгендерді диспансерлік жағдайда бақылау үлгісі (науқас 1-ші жылы әрбір 3 ай сайын, 2-ші жылы – 6 ай сайын, ал 3 жылдан өмірінің соңына дейін жылына 1 рет тексеріліп тұрады).
038-0у-үлгісі. Онкологиялық үгіт-насихат жұмыстарын тіркейтін кітапша.
Қатерлі ісікті емдеу тәсілдері
Негізгі емдеу тәсілдері:
1) хирургиялық, сәулелік, дәрі-дәрмектік емдерді жекелеп қолдану;
2) қабаттастырылған ем – қатерлі ісіктің негізгі ошағы мен іргелес орналасқан аймақтық метастаздарын аластауға арналады (сәулелік + хирургиялық, хирургиялық + сәулелік);
3) кешенді ем – қатерлі ісіктің негізгі ошағын, оның алшақ ағзалардағы метастаздарын аластауға арналады (хирургиялық + химиотерапиялық, сәулелік + химиотерапиялық, хирургиялық + сәулелік + химиотерапиялық).
Негізгі ем тәсілдерінің шипалылық қасиетін жоғарылатуға бағытталған қосымша емдер (ісік жасушаларын гипербариялық әдіспен оттектендіру, гипертермия, гипергликемия, спецификалық немесе бейспецификалық иммунотерапия, электро-акцепторлық қосындылар).
Паллиативтік ем – тікелей немесе жанама емдеу тәсілдерін қолдану арқылы ісіктің көлемін азайтып, оның әрі қарай өсіп метастаздануын тежеу.
Симптоматикалық ем – ісіктің асқыну зардаптарына қарсы қолданылады.
Онкологиялық ауруларды диспансерлік бақылау және сауықтыру
Қатерлі ісікпен ауырған адамдар өмір бойы диспансерлік бақылауда болады.
Емделіп шыққаннан кейін ісіктің қайта өрбіп, жаңа метастаздарының пайда болған не болмағандығын анықтау мақсатында емханалардағы онкологтар науқастанған адамдарды бірінші жылдың ішінде 4 рет (әрбір үш ай сайын),екінші жылы 2 рет (әрбір 6 ай сайын), ал үшінші жылдан бастап өмірнің соңына дейін жылына бір рет міндетті түрде жан- жақты тексеруден өткізіп тұрады.
Онкологиялық ауруларды сауықтыру (қалыпты жағдайға келтіру).
1. Медициналы сауықтыру – аурудың функционалдық, психиялық жағдайларын
қалыпты өмір сүруге бейімдеу:
а) ауруханаға жату алдындағы кезең;
ә) ауруханалық кезең;
б) ауруханадан кейінгі кезең.
2. Еңбектік сауықтыру.
3. Әлеуметтік сауықтыру.
Онкологиядағы клиникалық топтар
I «а»-топқа – қатерлі ісікпен ауыратындығына күдіктенген адамдар алынады, оларға 10 тәулік ішінде жан-жақты анықтау тәсілдері қолданылады.
I «б»-топқа – қатерлі ісікалды науқастармен ауыратын адамдар жатады.
II топқа – қатерлі ісікке қарсы қолданылатын арнайы ем тәсілдерін жүргізіп, түбегейлі немесе біршама ісіктің көлемі мен зардабын азайтуға мүмкіншілік бар науқастар жатады (ісіктің I-II-ІІІ-ші даму сатысындағылар).
II «а» топқа – қатерлі ісікке түбегейлі ем тәсілін қолдану арқылы науқасынан толық жазылып кетуге мүмкіншілігі бар адамдар жатады (ісіктің I-II даму сатысындағылар).