Файл: Онкология 5 курс. Электронды оулы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 10.11.2023

Просмотров: 222

Скачиваний: 3

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Онкология 5 курс. Электронды оқулық

Қатерлі ісік ауруына қарсы жүргізілетін ұйымдастыру жұмыстарының диспансерлік үрдістері және онкология саласының құрылымы мен олардың міндеттері
Дәрістің дәлелдемесі мен мақсаты

Қатерлі ісік ауруларына қарсы жүргізілетін жұмыстарды диспансерлік үрдісте ұйым-дастырудың дұрыстығын бірінші рет (1926) уағыздаған академик Н.Н. Петров еді. Бірақ ол бұл ойын көпке дейін толық іске асыра алмады, себебі ол кезде КСРО-да қатерлі ісік ауруы жөнінде деректі мәліметтер, бір жүйемен жұмыс жасайтын емдеу орындары, қажетті аспаптар, керекті мамандар жетіспеген еді. КСРО Халық Комиссарлар Кеңесінің «Ісік ауруына қарсы шараларды ұйымдастыруды жақсарту» деген (30.04.1945 ж.) №935 қаулысынан кейін ғана бұл жұмысты бір жүйеде, яғни диспансерлік негізде жүргізуге мүмкіншілік туды. Бұл қаулы бойынша бүкіл одақ көлемінде қатерлі ісікпен ауырған және одан өлген адамдардың нақты

есептерін жылма-жыл анықтап, оларды емдеу тек қана арнайы мамандандырылған құрамында аурухана мен емханалары бар, керекті құрал- жабдықтармен қамтамасыз етілген онкологиялық диспансерлерге және ғылыми-зерттеу институттарына жүктелді.

Диспансерлік үрдісті жалпы емдеу шебіндегі әртүрлі дәрігер мамандармен бірлесе отырып онкологтар іске асырады. Қазіргі кезде халықтарға онкологиялық көмек көрсетуді республика бойынша ұйымдастыру Қазақтың онкология, радиология ғылыми-зерттеу институтына және 17 онкологиялық диспансерге, 2 онкологиялық бөлімшеге жүктелген.

2011 жылы мәлімет бойынша, республикада жалпы емдеу шебіндегі емханаларда 265 онкологиялық бөлме, ал онкологиялық мекемелерде 3310 төсек-орын бар, оларда 363 онкология, 93 радиология саласынан дайындалған маман дәрігерлер жұмыс жасайды. Онкологиялық

мекемелердің көбі заман талабына сай ісік науқасын анықтайтын және емдейтін құрал-қондырғылармен жабдықталған. Республика онкологтары мен жалпы емдеу шебіндегі дәрігерлердің қатерлі ісікке қарсы жүргізетін жұмыстарды бірыңғай жүргізу бүгінгі күннің талабы.

Дәрістің мақсаты:

- қатерлі ісік ауруына қарсы диспансерлік үрдістер негізінде жүргізілетін жұмыстарға түсінік беріп, оларға талдау жасау;

- онкология саласында жұмыс жасайтын мекемелер құрылымдары, оларға жүктелетін

қызметтердің мағына жайларын түсіндіру;

- қазіргі заман талаптарына сай қатерлі ісікке қарсы жүргізілетін ғылыми-практикалық


жұмыстардың негізгі бағыттары жөнінде мағлұмат беру. Қатерлі ісікке қарсы жүргізілетін ұйымдастыру жұмыстарының диспансерлік үрдістері

1. Қатерлі ісіктен сақтандырудың біріншілік алдын алу шаралары.

2. Қатерлі ісіктен сақтандырудың екіншілік алдын алу шаралары.

3. Қатерлі ісікке шалдыққан адамдардың науқасын дер кезінде жаңартылған

тәсілдермен анықтап, оларды диспансерлік есепке алу.

4. Қатерлі ісікпен ауыратын адамдарға жоғары дәрежедегі мамандандырылған ем тәсілдерін колдану.

5. Қатерлі ісікпен емделген адамдарды диспансерлік бақылауға алып, олардың қалыпты жағдайда өмір сүруіне қолайлы жағдайды ұйымдастыру.

6. Бұқара халық арасында қатерлі ісікке қарсы үгіт-насихат жұмыстарын пәрменді жүргізу.

1. Біріншілік алдын алу шаралары дегеніміз – қатерлі ісік ауруларының пайда болуына әсерлерін тигізетін сыртқы және ішкі себептерді анықтап, ол себептердің адамның дене мүшелеріне тигізетін зиянды әрекеттерін болғызбау шараларын ұйымдастыру. Ісіктің пайда болуына әсерін тигізетін себептерді эпидемиологтар, тазалық саласында жұмыс жасайтын дәрігерлер және ғылыми-тәжірибелік зертханалар іздейді де, ал анықталған сыртқы себептерді болдырмау немесе оның мөлшерін азайту, тіпті жойып жіберу шараларымен өнеркәсіп пен шаруашылық мекемелері және жергілікті

әкімшіліктер шұғылданады. Мысалы, өкпе қатерлі ісігін туғызатын себептердің бірі –сыртқы ауаның әртүрлі газдармен, шаң-тозаңмен ластануы болып табылады. Осы зиянды шаң мен газдың мөлшерін азайту немесе жоқ қылу үшін өндірісте қалдықсыз технологиялық жұмыс әдістерін кеңінен қолдану керек.

2. Екіншілік алдын алу шаралары дегеніміз – ісікалды ауруларды дер кезінде

тауып, ондай адамдарды I «б» диспансерлік топтың есебіне алып, тиісті ем шараларын қолдану арқылы қатерлі ісіктің пайда болуына жол бермеу. Бұл жұмысты жалпы емдеу шебінде жұмыс жасайтын әртүрлі мамандықтағы дәрігерлер іске асырады.

3. Қатерлі ісікті анықтау үшін қажетті құрал-жабдықтарды тиімді пайдалана отырып, қатерлі ісікке шалдыққан адамдарды мүмкіншілігінше дер кезінде тауып, оларды II, II «а», IV клиникалық топқа есепке алады. Қатерлі ісік ауруын анықтау кезінде жалпы емдеу орындарындағы дәрігерлерге аудандық онкологтар әдістемелік, кеңестік көмектер береді. Науқасы толық анықталған адамдарға жоғары дәрежеде қатерлі ісікке қарсы жан-жақты дәрігерлік көмек көрсете алатын онкологиялық диспансерге жолдама беріледі.

Жалпы бұқара халықтың арасында қатерлі ісік ауруын анықтаудың үш жолы



бар. Олар:

- қатерлі ісіктің әртүрлі белгілері бар адамдардың емханаға өздігінен келіп

тексерілгенде анықталуы. Бұл өте пассивті жол, себебі көптеген кеуде, құрсақ қуыстарында орналасқан дене мүшелеріндегі қатерлі ісіктің алғашқы клиникалық белгілері кеш білінеді, ал ісігі анықталған кезде оларда ісіктік үрдіс көп жағдайда кеш (III-IV даму сатысында) анықталады;

- жылма-жыл жүргізілетін профилактикалық байқап қарау кезінде анықталады. Бірақпрофилактикалық байқаудан жұмыс жасамайтын зейнеткерлер шет қалады. Қатерлі ісікпен зейнеткерлер жиі ауырады.

- скрининг немесе сұрақ-жауапты анкеталарды толтыру әдісі арқыл қатерлі ісік пәрменді түрде анықталады. Бұл ең прогрессивті жол (толық мәлімет келесі дәрісте баяндалады).

4. Қатерлі ісік анықталған адамдарға жоғары дәрежеде арнайы ем тәсілдерін

қолдану (толық мәлімет үшінші дәрісте баяндалады).

5. Қатерлі ісіктен емделген адамдарды диспансерлік бақылауға алу және

сауықтыру. Жалпы қатерлі ісікпен ауырған адамдар диспансерлік бақылауда болады,ал олардың ішінен арнайы ісікке қарсы ем қабылданғандарына емханадан шыққаннан кейін бірінші жылы әрбір үш ай сайын, екінші жылы әрбір алты ай сайын, ал үшінші жылдан бастап өмірінің соңына дейін жылына бір рет онкологиялық бөлмелерге немесе диспансерге шақырылып, толық клиникалық зерттеулерден өтіп, ісіктің жергілікті және алшақ дене мүшелерінде рецидиві (ісіктің қайталануы) мен метастаздарының пайда

болғаны немесе жоқтығы анықталады. Егер ісік қайталанса, оған тағы да ем шараларын қолдануға болатындығы немесе болмайтындығы анықталады. Қатерлі ісікке қарсы күрделі ем тәсілдері қолданылады, соның салдарынан науқастардың көңіл-күйі, жалпы денсаулығы нашарлап, бұрынғыдай күнделікті жұмыс қабілеті төмендейді. Сондықтан емделген науқастарға әртүрлі сауықтыру (жалпы көмек, жұмысқа жарамдылығын арттыру, әлеуметтік) шаралары қолданылады (толық мәлімет келесі дәрістерде).

6. Қатерлі ісіктен сақтану үшін үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу. Жалпы, ісікті дер кезінде анықтаудың тиімділігін, ісікке қарсы қолданылатын емдердің шипалылығын уағыздау мақсатында бұқара халық арасында үгіт-насихат жұмыстары үш бағытта жүргізіледі. Олар: - ауызша жүргізілетін үгіт-насихат тәсілдері ( дәріс оқу, емханаларда немесе әртүрлі мекемелерде дәрігерлік кеңес беру, радио арқылы сөйлеу т.б.);

- көрмелік үгіт-насихат тәсілдері (жаргазет, бюллетень, плакат, үндеухат, мақалалар т.б.);

- аралас үгіт-насихат тәсілдері (теледидар арқылы сөйлеу, қөрсету т.б.).


Қатерлі ісік ауруларына қарсы жүргізілетін шараларды

жүзеге асыруға тиісті мекемелер мен орындар

1. Республика Денсаулық сақтау министрлігінің емдеу-профилактикалық

басқармасының бас маман онкологы. Ол басқарманың онкология жөніндегі инспекторы

арқылы қатерлі ісікке қарсы жүргізілетін барлық жұмыстарға жолбасшылық жасайды.

2. Республикалық онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты

(ғылыми-әдістемелік орталық). Қазақтың онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты 1960 ұйымдастырылды. Институттың алдында қойылған міндет, біріншіден, ісік ауруының есеп-санақ жұмыстарын дұрыс жолға қою арқылы оның өлкелік тарау ерекшеліктерін, көп тараған түрлерінің себептерін анықтап, одан сақтану жолдарын іздестіру, екіншіден, ісік ауруын анықтаудың және емдеудің күрделі жаңа әдістерін тәжірибелік-клиникалық жолмен зерттеу, үшіншіден, ісік ауруына байланысты тиімді

ғылыми жұмыстардың қорытындысын облыстардағы онкология диспансерлерінің практикалық жұмыстарына үнемі енгізіп отыру болып табылады. Яғни, бұл мекеме қатерлі ісік ауруына қарсы шараларды ұйымдастыруға ғылыми-әдістемелік жолбасшылық жұмысын атқарады.

3. Онкологиялық диспансер – ісік ауруына қарсы шараларды ұйымдастырып, оны іс жүзіне асырып отыратын негізгі денсаулық сақтау мекемесі. Ол республикалық, өлкелік, облыстық, қалалық және ауданаралық болуы мүмкін. Оның құрамы, ауруханасындағы төсек саны, емханасындағы қарау мүмкіншілігі сол жердегі халықтың санына және олардағы ісік ауруының санына, түрлеріне байланысты айқындалмақ. Диспансердің негізгі құрамында аурухана,зертхана, ұйымдастыру-әдістемелік бөлме, кеңес беретін емхана болуы керек. 300 төсек-орны бар диспансерлердің құрамында

хирургиялық,сәулемен емдейтін және гинекологиялық бөлімшелер болу тиіс. Ал одан артық төсек-орны бар диспансерлерде басқа да бірқатар (бас пен мойын ісіктері, кеуде қуысындағы дене мүшелерінің ісігі, несеп жолдары, химиотерапиялық т.б.) бөлімшелер ашқан ләзім.

Сәулелік емдеу бөлімшесінің жұмысын дұрыс ұйымдастыру үшін оны жақсы мамандармен қамтамасыз етумен қатар, жақын қашықтықта емдейтін рентген сәулесін беретін, алыстау қашықтықтан жоғары энергиялы электрон, протон,нейтрон сәулелерін беретін «Рокус», «Клинак», «Бетатрон», «Сызықты үдеткіш», «Протон» аппараттарымен жабдықтау қажет. Диспансердің ұйымдастыру-әдістемелік бөлмесінің негізгі міндеті есеп-санақ жұмыстарын қадағалап тексеріп, үнемі талдап отыру, диспансер бойынша ісік ауруына қарсы
шараларды жоспарлау, ғылыми мекемелердің ұсынған жаңа тексеру және емдеу әдістерін қадағалап, практикаға енгізу, диспансердегі және аудандар көлемінде онкология саласында жұмыс жасап жүрген дәрігерлердің қатарын көбейтіп, білімдерін көтеру, оларды жоспарлау, жалпы емдеу орындарындағы ісікке қарсы жүргізіліп жатқан

жұмыстардың тиімділігін талдап, оған әдістемелік жолбасшылық қөрсету және жыл аяғында есепті ақпар дайындау болып табылады.

Диспансердің емханасында ісік ауруын анықтау үшін мүмкіншіліктері мол жаңа құрал-жабдықтар (рентген-диагностикалық, радиоизотоптық, ультрадыбыстық, эндоскопиялық т.б.), цитологиялық, гистологиялық және клиникалық зертханалар болуы керек. Мұндай емханаларда бұрын хирург, гинеколог, радиолог және химиотерапевттер қабылдайтын бөлмелер болса, КСРО Денсаулық сақтау министрінің 1986 жылғы №590 бұйрығы бойынша, жаңадан амбулаториялық химиотерапия, балалар қабылдайтын бөлмелер ашылды.

Қорыта айтқанда, қазіргі кезде Қазақстан Республикасында ісік ауруына қарсы сан түрлі шараларды ұйымдастырып, іс жүзіне асыруға толық мүмкіндік бар. Диспансерлердің алдына қойылатын міндеттер де алуан түрлі. Сондықтан да олар өз жұмысын жалпы емдеу шебіндегі мекемелермен, оның ішінде емханалардағы онкологиялық бөлмелермен тығыз байланыста жүргізеді.

Онкологиялық диспансерлердің атқаратын негізгі міндеттері төмендегідей:

- өзіне қарасты аумақта ісік ауруы бар адамдарға жоғары дәрежелі мамандандырылған ем және кеңестік көмектерді емханада немесе ауруханада көрсету;

- қатерлі ісікті және ісікалды ауруларын табу және сақтандыру жұмыстарын жүйелі түрде жүргізу мақсатында жалпы емдеу саласындағы дәрігерлерге әдістемелік тұрғыда жолбасшылық беріп отыру;

- диспансерлерге қарасты аумақта ісік аурулары алғашқы рет анықталған және ісік дертінен өлген адамдардың толық есебін алып, жыл аяғында жоғары мекемелерге ақпарат беріп отыру;

- емханалардағы онкологиялық бөлімдер мен бөлімшелердің жұмысын үнемі

қадағалап қарап, ондағы дәрігер онкологтың, радиологтың т.б. күнделікті жұмысына жолбасшылық беру;

- ісік ауруларын емдеуге бөлінген қаражаттың дұрыс және тиімді пайдаланылуын қадағалау;

- ісік ауруы анықталған адамдарды 10 күннен қалмай ауруханаға орналастырып, ем шараларын мезгілімен алуларын бақылап отыру, егер ауру жалпы емдеу орындарының ауруханасына түссе, оларға қолданылатын емнің дұрыстығын тексеріп отыру;