Файл: Білім жне ылым министрі 2021 жылы 16 ыркйектегі.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 22.11.2023

Просмотров: 67

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Білім және ғылым министрі
2021 жылғы 16 қыркүйектегі
№ 472 Бұйрығына
2-қосымша
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2020 жылғы 6 сәуірдегі
№ 130 бұйрығына
2-қосымша

Орта білім беру ұйымдарының педагогіне арналған сабақ жоспары немесе қысқа мерзімді жоспар

Сабақ жоспарының аталған тармақтары міндетті болып табылады. "Педагог мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының 2019 жылғы 27 желтоқсандағы № 293-VІ Заңының 7-бабы 1-тармағы 1-тармақшасына сәйкес педагог кәсіптік қызметін жүзеге асыру кезінде "Қазақстан Республикасының Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17669 болып тіркелген) бекітілген тиісті білім беру деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының талаптары сақталған кезде кәсіптік қызметті ұйымдастырудың тәсілдері мен нысандарын еркін таңдауға құқықығы бар.

      Егер сыныпта мүмкіндігі шектеулі оқушылар болса, әдістемелік бірлестіктермен мақұлданған жеке бағдарламаларды бейімдеу және жүзеге асыру бойынша әрекет қарастырылған.

Бөлім:




Педагогтің аты-жөні




Күні:




Сынып:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы




Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары




Сабақтың мақсаты




Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

















Сабақ жоспарының аталған тармақтары міндетті болып табылады. "Педагог мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының 2019 жылғы 27 желтоқсандағы № 293-VІ Заңының 7-бабы 1-тармағы 1-тармақшасына сәйкес педагог кәсіптік қызметін жүзеге асыру кезінде "Қазақстан Республикасының Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17669 болып тіркелген) бекітілген тиісті білім беру деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының талаптары сақталған кезде кәсіптік қызметті ұйымдастырудың тәсілдері мен нысандарын еркін таңдауға құқықығы бар.

      Егер сыныпта мүмкіндігі шектеулі оқушылар болса, әдістемелік бірлестіктермен мақұлданған жеке бағдарламаларды бейімдеу және жүзеге асыру бойынша әрекет қарастырылған.

Қайырлы күн әріптестерім!

ІҮ оқу тоқсаны

Ежелгі Қазақстан тарихы 5-сынып

Білім беру ұйымының атауы




Пәні:

Ежелгі Қазақстан тарихы

Бөлім:

5.4.Ғұндар

Педагогтің аты-жөні:




Күні:




Сынып: 5

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Ғұн тайпаларының бірігуі.

Зерттеу сұрағы: Неге Мөде шаньюй «Жер - мемлекеттің негізі» деді?

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты:

5.3.1.1 картада тайпалық одақтардың орналасуын көрсету;

5.3.1.2 ежелгі мемлекеттік бірлестіктердің құрылуын түсіндіру

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар:тарихи фактілерге және карталық мәліметтерге сүйене отырып, тарихи оқиғаның даму желісін құрастырады

тарихи кезеңдердің ерекшеліктерін анықтайды және салыстырады

Оқушылардың басым бөлігі:тарихи фактілердің маңыздылығын түсінеді.

Кейбір оқушылар:тарихи кезеңдердің негізгі ерекшеліктерін анықтайды және салыстырады

Құндылықтарға баулу

Өзін қандай да бір ұлттың өкілі ретінде сезіну

- патриотизм

- ұлттық сана-сезім

- тәуелсіздік

- ар-ождан бостандығы

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі//уақыты

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Ұйымдасты

ру

Өзін-өзі тексеру


Өткен білімді еске түсіру


Бастапқы ынталандыру. Сыныпта жағымды ахуал қалыптастыру. Оқушылармен амандасу. Оқушыларды түгелдеу.

Ой шақыру:

Сабақ тақырыбына шығу (бейнематериал арқылы сыни тұрғыда ойландыра отырып). Бейнематериалды қарап отырып оқушылар тірек сөздерді жазып отырады.

Оқушылардың болжам жауаптары арқылы сабақ тақырыбы анықталады.

Оқушыларды сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру.

Оқушылар жауаптарын ұсынады: бұл суреттер ежелгі адамдардың тұрмысымен және мәдени жетістіктерімен байланысты.

ҚБ Мұғалім оқушылар жауабын мұқият тыңдап кері байланыс беріп отырады



Ғұндар туралы http://www.youtube.com/watch?v=GpNiLw6YP0w



Жаңа білім

«Білу және түсіну» дағдысына негізделген

тапсырма.

Зерттеу сұрақтары:

• Ғұндар мемлекеттік дәрежеге қалай жетті?

• «Халықтардың қоныс аударуы» деп нені атайды?

• Сыртқы саясатта ғұндар қандай саяси бағыттарды ұстанды?

«Ақпараттық карточкалар»

Оқушылар ғұндар жайлы деректерді пайдалана отырып, ғұндардың бет әлпетіне, тұрмыс-тіршілігіне ақпараттық карточкалар түрінде қысқаша мәлімет жазуды ұсынамын .Бұл жерде критерий ретінде: нақтылық, мәліметтің құндылығын көрсетемін.

«Деректер сөйлейді»

Аммиан Марцеллин:

«Ертелі –кеш ат үстінен түспейді. Маңызды істер туралы кеңесетін болса,кеңесті де ат үстінде отырып өткізеді»,- дейді.

Византия елшісі Прииск:

«Олар соғыстан кейін тыныш әрі қамсыз тіршілік етеді, әркім қолында барымен қанағат етеді», дейді.

Аттиланың бір замандасы:

«Аттила таңертең үйден шығысымен, есік алдында тұрып, халықтың мұң-мұқтажын тыңдады, күні бойы әлемнің әр түрлі елдерінен келген елшілерді қабылдады», - дейді.

Картамен жұмыс.

Ғұндар жайлы және Мөде шанью жайлы қысқаша ақпараттар беремін.

Ғұндар және Мөде шанью

Мемлекет құрылымы

Жер аумағы

Жорық бағыттары


Картамен жұмыс жасау.

ғұндардың территориясын басқа тайпалық бірлестіктердің жер аумағымен салыстырып, кескін картаға түсіруі тиіс.



Тарихи байланыс

Себеп және салдарды анықтау.

• қоныс аударудың екі негізгі себебін және екі салдарын анықтайды;

• ғұндардың көрші мемлекеттермен жүргізген саясатын талдап, оның нәтижелерін анықтайды;

• ғұндардың әскери өнері мен жаугершілік қасиеттерін сипаттайды.

Оқушылар сыныпта талқылау жүргізеді.

Критерийлер:

1) Тақырып аясында нақтылықтың болуы

2)оқушыларының барлығының жұмыс істеуі, сөйлеуі

3) Жұмысты қорғауға 3 мин беріледі


Қосымша ақпараттармен жұмыс жасау.



Картамен жұмыста оқушылар ғұндардың территориясын басқа тайпалық бірлестіктердің жер аумағымен салыстырады;

ҚБ Мұғалім оқушылар жауабын мұқият тыңдап кері байланыс беріп отырады

Дескрипторлар:

ақпараттың ішінен маңызды деген 3 тарихи тұлғаны, 3 негізгі тарихи оқиғаны анықтау. Өз таңдауларын дәйектер келтіре отырып, дәлелдеулері тиіс.


Дескриптор:

ғұндардың территориясын басқа тайпалық бірлестіктердің жер аумағымен салыстырады;



Мөде қаған туралы: http://e-history.kz/kz/books/education/read/235

Ежелгі Қазақстан. Балалар энциклопедиясы. –Алматы: «Аруна», 2002 ж.

http://ok-t.ru/studopediaru/baza8/824259538287.files/image028.jpg


1-қосымша
«Қазақстан тас дәуірінің ескерткіштерінің зерттелуі»

мәтін

http://history.tarsu.kz/index.php/lektsii?id=72
Ғұндар туралы http://www.youtube.com/watch?v=GpNiLw6YP0w

Бекіту



Сабақты қорытындылау

Үйге тапсырма

Мөде қағанға «хат» жазып, өздеріңнің көкейлеріңдегі сұрақтарға жауап алыңдар. 50-60 сөз көлемінде.

Оқушыларға көмек болатын қажетті сөз тіркестері:

Мысалы,

Құрметті Мөде шаньюй...,

менің ойымша...,

сізден сұрағым келгені...,

жауынгерлердің әскери қарулары...,

қытай деректерінде....

Сабақтың тақырыбын қорытындылау

«Ең үздік жауап»

Ақпараттық карточка

Кері байланыс

Кері байланыс

Бүгінгі сабақтан мен не білдім?

Сабақ барысында қандай қиындыққа кездестің?

Сабақ барысында қандай сұрақ туындады?


Тақырып бойынша не білетінін, не білгісі келетінін, не білгенін жазады


Оқушылар бағалай критерийлерімен өз деңгейлерін бағалайды

А4, конспект





Білім беру ұйымының атауы




Пәні:

Ежелгі Қазақстан тарихы

Бөлім:

5.4.Ғұндар

Педагогтің аты-жөні:




Күні:




Сынып: 5

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Ғұндардың көрші мемлекеттермен қарым-қатынастары.

Зерттеу сұрағы: Ғұндармен Ұлы Қытай қорғанының салынуы арасында қандай байланыс бар?

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты:

5.3.2.2 Қазақстан аумағындағы алғашқы мемлекеттік бірлестіктердің көрші елдермен қарым-қатынасын анықтау

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар: Ғұндардың көрші елдермен қарым-қатынасын түсінеді.

Оқушылардың басым бөлігі: Ғұндардың Қытайларға үлкен қауіп төндіргенін анықтайды.

Кейбір оқушылар:Қытай елінің ғұндардан қорғану үшін Ұлы Қытай қорғанын салуға мәжбүр болғанын түсінеді, осыған қатысты өз пікірін білдіреді

Құндылықтарға баулу

  • жауапкершілік

  • ашықтық

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі//уақыты

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Ұйымдасты

ру

Өзін-өзі тексеру


Өткен білімді еске түсіру


Ой шақыру:



-Ғұндар державасының тарихта алатын орны қандай?

«БББ» кестесін толтыр

Оқушыларды сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру.

Оқушылар жауаптарын ұсынады: бұл суреттер ежелгі адамдардың тұрмысымен және мәдени жетістіктерімен байланысты.

ҚБ Мұғалім оқушылар жауабын мұқият тыңдап кері байланыс беріп отырады





Жаңа білім

Оқулықпен жұмыс. Тақырыбы: Ғұндардың көрші мемлекеттермен қарым-қатынасы

1.Ұлы Қытай қорғаны және Мөде туралы дерек.

2.: Маңызды шайқас және Қытай дерегі туралы оқып талдайды

«Сұхбаттасқан жұп» әдісі арқылы сұраққа жауап береді.


  1. Ұлы Қытай қорғаны жайлы негізгі ақпаратты түсіндіріңдер.

  2. Мәтінде Мөде шанью туралы қандай дерек кетірілген.

  3. Мөде шанью қарсыластарын қалай жеңді?

  4. Ғұндар көршілермен қарым-қатынасында бейбітшілікті сақтауда қандай қадамдарға барды?

«Конверттегі сұрақ» әдісі

1.Ғұндар көрші мемлекттерге неліктен шабуыл жасады?

2.Ұлы Қытай қорғаны не үшін салынды?

3.Деректер негізінде қандай қорытынды шығаруға болады?

4.Ең маңызды шайқас қашан болды және оның жетістігі неде?

5.Ғұндар жорығының бағытын картадан көсет.

Кестемен жұмыс

Сұрағы: Ғұндар неліктен Қытайға қауіп төндірді?

Жауабы:

1._________________________________________

_________________________________________

2._________________________________________

_________________________________________



Интерпритация

Ғұндармен Ұлы Қытай қорғаны салынуы арасында қандай байланыс бар?

Мәтінмен жұмыс
Оқушылар сұхбастттасу арқылы өзара сұрақтарға жауап береді

Ғұндар тақырыбында тақырыптық сұрақтарға жауап береді;

Оқушылар кестемен жұмыс жүргізеді


ҚБ Мұғалім оқушылар жауабын мұқият тыңдап кері байланыс беріп отырады

Дескрипторлар:

- Ұлы Қытай қорғаны жайлы негізгі ақпараттарды анықтайды;

- Мөде шанью туралы мәліметтер жинақтайды;

- Ғұндар көршілермен қарым-қатынасына талдау жасайды;
Дескрипторлар:
- Ғұндардың көрші мемлекеттерге басқыншылық борықтарын анықтайды;

- Ғұндармен Ұлы Қытай қорғаны салынуы арасындағы байланысын сипаттайды;

Оқулық, Қазақстан тарихы 5-сынып. Жоба. Авторлары: С.Р.Ахметова, А.М.Ибраева, А.А.Құлымбетова, А.С.Мағзұмова, А.М.Марқабааева


Тапсырмалар салынған конверттер

Бекіту



Сабақты қорытындылау

Үйге тапсырма

Ғұндардың көрші мемлекеттермен қарым-қатынастары.


Сабақтың тақырыбын қорытындылау

«Ең үздік жауап»

Ақпараттық карточка

Кері байланыс

Кері байланыс

«БББ» кестесін толтыр


Білемін

Білдім

Білгім келеді

Ғұндар, Қытай қорғаны жайлы білгенін жазады









Тақырып бойынша не білетінін, не білгісі келетінін, не білгенін жазады


Оқушылар бағалай критерийлерімен өз деңгейлерін бағалайды

А4, конспект





Білім беру ұйымының атауы




Пәні:

Ежелгі Қазақстан тарихы

Бөлім:

5.4.Ғұндар

Педагогтің аты-жөні:




Күні:




Сынып: 5

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Ғұндардың Батысқа қоныс аударуы.

Зерттеу сұрағы: Ғұндардың Батысқа қоныстануы қандай өзгерістерге әкелді?

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты:

5.1.1.3 ғұндардың қоныс аудару бағыттарын тарихи картадан көрсету

Сабақтың мақсаты

ғұндардың қоныс аудару бағыттарын тарихи картадан көрсету

Құндылықтарға баулу

  • жауапкершілік

  • ашықтық

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі//уақыты

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Ұйымдасты

ру

Өзін-өзі тексеру


Өткен білімді еске түсіру


Ой шақыру:

СУРЕТТЕР ЖИНАҒЫМЕН ЖҰМЫС:


1.Картада не көріп отырсыздар?
2.Бұл суретте кімдер ерекшеленіп тұр деп ойлайсыздар?
3.Бұл тайпалық одақтар туралы не білесіздер?
4.Тақырыпты болжап көріңіздер....

Болжамдарын негіздейді.

Оқушыларды сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру.

Оқушылар жауаптарын ұсынады: бұл суреттер ежелгі адамдардың тұрмысымен және мәдени жетістіктерімен байланысты.

ҚБ Мұғалім оқушылар жауабын мұқият тыңдап кері байланыс беріп отырады






Жаңа білім

1-тапсырма: Ғұн тайпаларының қоныс аударуы туралы жалпы ақпарат алу үшін оқушылар бейнебаянды көріп, төмендегі кестені толтырады.

Кім?

Не?

Неге?

Қашан?

Қалай?
















2-тапсырма. Мәтінмен жұмыс
1.Ғұндардың қоныс аударуы Қазақстанның этникалық құрамына, саяси жағдайына, тіліне, антропологиялық ерекшеліктеріне қалайша әсер етті?

Мысалы, этникалық құрамындағы орын алған өзгерістер:

Ғұндар Қазақстан жерін бұрыннан мекендеген сақтармен, үйсіндермен араласты. Олар бір-бірімен тұрмыс-тіршілігі, тілі жағынан жақындасты. Ғұн тайпаларының шығыстан батысқа қарай жылжуы тек ғұндарға ғана тән құбылыс емес, басқа да ірі тайпаларға әсерін тигізді. Бұл оқиға әсіресе Қазақстанға үлкен әсерін тигізді: жергілікті сақ, юэчжи, үйсін, қаңлы сияқты тайпалардың шығыстан батысқа қарай орын ауыстыруына әкелді.

Тілі мен антропологияға әкелген өзгерістер:

1.

2.

Саяси картаға әкелген өзгерістер:

1

2.


Интерпритация

Тарихтағы «Ұлы қоныс аудару» Орталың Азияның саяси картасына, этникалық құрамына қандай өзгерістер әкелді?
3-тапсырма.Шағын ой-толғау

Көлемі 30-50 сөз.

Ғұндар – қазақ халқының арғы атасы

Оқушылар кестедегі бағанды толтырады

Оқушылар ғұндардың этникалық құрамындағы өзгерістерді сипаттайды;

ғұн тайпаларының шығыстан батысқа қарай жылжу тарихина талдау жасайды,
Оқушылар оқиғалардың себеп және салдарын ажыратады

ойларын жинақты әрі нақты түрде білдіреді


ҚБ Мұғалім оқушылар жауабын мұқият тыңдап кері байланыс беріп отырады

Дескрипторлар:

- Ғұндардың этникалық құрамындағы өзгерістерді сипаттайды;

- Ғұн тайпаларының шығыстан батысқа қарай жылжу тарихина талдау жасайды,

Критерийлері

1. Сабақ барысында меңгерген білімдерін пайдалану;

2. Оқиғалардың себеп және салдарын ажырата білу;

3. Өз ойын жинақты әрі нақты түрде білдіре алу.


http://www.nci.kz/history/view?f=113&id=6&lang=kaz


Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін). Бас ред. М.Х.Асылбеков, Қ.С.Алдажұманов, К.М.Байпақов Бес томдық. 1-том. – Алматы, 2010 ж.



Бекіту



Сабақты қорытындылау

Үйге тапсырма

Ғұндардың Қазақстан территориясына қоныстануы қандай өзгерістерге әкелді?

Сабақтың тақырыбын қорытындылау

«Ең үздік жауап»

Ақпараттық карточка

Кері байланыс



«Үлкен шеңбер» тәсілі

- Бүгін не білдіңіз? Сіз үшін не жаңалық болды?

- Сабаққа қатысуыңызды қалай бағалайсыз?

- Сабақта қандай қиындықтар туындады?

- Сабақ аяғындағы көңіл-күйіңіз қандай болды? Неліктен?


Тақырып бойынша не білетінін, не білгісі келетінін, не білгенін жазады


Оқушылар бағалай критерийлерімен өз деңгейлерін бағалайды

А4, конспект

1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




Білім беру ұйымының атауы




Пәні:

Ежелгі Қазақстан тарихы

Бөлім:

5.4.Ғұндар

Педагогтің аты-жөні:




Күні:




Сынып: 5

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Аттила және оның жаулаушылық жорықтары

Зерттеу сұрағы: Ежелгі авторлар Аттилаға қандай баға береді?

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты:

5.1.1.3 ғұндардың қоныс аудару бағыттарын тарихи картадан көрсету;


Сабақтың мақсаты

Оқушылар ғұндардың қоныс аудару бағыттарын тарихи картадан көрсету

Құндылықтарға баулу

Құндылықтар:

-өзгенің еңбегін құрметтеу

-патриотизм

-ұлттық сана-сезім

-ынтымақтастық

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі//уақыты

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Ұйымдасты

ру

Өзін-өзі тексеру


Өткен білімді еске түсіру


Ұйымдастыру кезеңі.

Қызығушылықты ояты

-Ғұн тайпаларының негізгі ата мекені қай аумақтарды алып жатырды?

-Қазақ жеріне ғұн тайпаларының көшіп келуі тарихта қандай тарихи оқиғалармен байланысты?

Сабақтың тақырыбы мен оқу мақсатымен таныстыру

Оқушылар жауаптарын ұсынады: бұл суреттер ежелгі адамдардың тұрмысымен және мәдени жетістіктерімен байланысты.

ҚБ Мұғалім оқушылар жауабын мұқият тыңдап кері байланыс беріп отырады

А4 мәтін

«Ежелгі авторлар Аттилаға қандай баға береді?».

Жаңа білім

Оқушылардың қызығушылығын ояту үшін Аттила туралы бейнебаяннан үзінді көрсетемін. Бейнебаяннан кілт сөздерді жазып отыруды тапсырамын. Оқушылардың алған әсерлерімен бөлісуін сұраймын. Бейнебаян арқылы тақырыпқа шығамын.

Еділ (Аттила) патшаны білесің бе?

Оқушыларға дүниежүзі тарихынан атақты әскери қолбасшылар мен Аттиланың суретін көрсетемін. Осы тұлғаларды не байланыстыруы мүмкін? деген сұрағын қоямын. Аттила тұлғасына тоқталып, суретке негізделе отырып оқушыларды оған мінездеме беруді сұраймын. Аттила әйгілі қолбасшы болу үшін қандай қасиеттерді өз бойына сіңірген?

Бүкілсыныптық талқылау ұйымдастырамын.

Зерттеу мен талдау

Қосымша 1.

Оқушылардың міндеті: Аттилаға жан-жақты мінездеме беру.

.

«Аттила шайқас кезінде аяусыз болғанымен, табиғатынан жауыз болған емес»


«Константинопольмен келіссөз бастаған Аттила бірінші кезекте соғысқа емес, бейбітшілік орнатуға ұмтылды» 

Г.В.Вернадский.

Ғұн империясының территориясы бейнеленген картаны сыныпқа көрсетемін.
Оқушыларға келесі сұрақты қоямын: Аттила қалайша орасан зор жер аумағын иелене алды?

Оқушылардың ой пікірлерін тыңдаймын.

Аттиланың көрші елдермен қарым-қатынасын зерттеу

  1. Аттиланың батысқа жасаған жорықтарын қарастырады;

  2. Каталаун шайқасын сипаттайды;

  3. Ғұн империясының ыдырау себептерін анықтайды.


.

Критерийлері:

Аттиланың тарихи орны, іс–әрекеті, тұлға ретіндегі қызметі;

Аттиланың тұлға ретіндегі қасиеті, ерекшеліктері;

Аттила туралы оқушының пікірі.


Оқушылар Аттиланың өмір сүріп отырған дәуіріне сипаттама жазады

Оқушылар Аттила қалайша орасан зор жер аумағын иеленгенін көрсетеді

Аттиланың батысқа жасаған жорықтарын қарастырады

Каталаун шайқасын сипаттайды

ҚБ Мұғалім оқушылар жауабын мұқият тыңдап кері байланыс беріп отырады
Дескрипторлар:

Аттиланың өмір сүріп отырған дәуіріне сипаттама жазу;

Аттиланың өмір сүрген ортасы, өмірбаяны;

Дескрипторлар:

Аттила қалайша орасан зор жер аумағын иеленгенін көрсетеді

Дескрипторлар:

Аттиланың батысқа жасаған жорықтарын қарастырады

Каталаун шайқасын сипаттайды

Ғұн империясының ыдырау себептерін анықтайды



https://www.youtube.com/watch?v=6ZdMUXOOpnY

А.Т. Апендиев «Батыс Ғұн империясының тарихындағы Аттиланың рөлі» мақаласына сілтеме

http://journal.kaznu.kz/Content/upload_files/28advr8nswgxhbzj9e6_635150929644293081.pdf#page=146

Сен білесің бе? Аттила туралы

https://www.youtube.com/watch?v=K6C


Бекіту



Сабақты қорытындылау

Үйге тапсырма

Аттила және оның жаулаушылық жорықтары

Сабақтың тақырыбын қорытындылау

«Ең үздік жауап»

Ақпараттық карточка

Кері байланыс

« Білімді стикер». Мына сұрақтар бойынша жауап береді.

- Не білдім?

- Не білемін?

- Не білгім келеді?

Тақырып бойынша не білетінін, не білгісі келетінін, не білгенін жазады


Оқушылар бағалай критерийлерімен өз деңгейлерін бағалайды

А4, конспект