Файл: Пнні атауы Жоары мектепте математиканы оыту теориясы мен дістемесі.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 22.11.2023
Просмотров: 327
Скачиваний: 6
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
2. Геометрия есептерін шешудің әдістеріне: а) геометриялық; б) алгебралық; в) комбинациялық деп аталатын негізгі әдістер жатады. Есептерді геометриялық әдіспен шешкенде логикалық ойлаудың жәрдемімен белгілі теоремалар арқылы тұжырымдауды қажетсінетін сөйлемдерді дәлелдейміз. Ал есептерді алгебралық әдіспен шешкенде ізделінген шаманы табу, не тұжырымдауға тиісті сөйлемді дәлелдеу тікелей есептеу жолымен немесе теңдеулер мен олардың жүйелерін құру арқылы іске асады. Тікелей есептеу әдісінің мәні мынада: есептің берілгендері мен белгісіздерінің жан-жақты байланыстарынан аралық қосымша белгісіз шамалар тізбегі құрылады, тізбекке қатысытын әрбір белгісіз шама анықталады немесе іздеген шама белгілі шамалар арқылы өрнектеледі.
3. Мектеп оқушыларының кеңістікті қабылдап, оны көз алдына елестете алуы стереометрияны оқытудың негізгі мәселелерінің бірі болып саналады. Осы айтылған мақсатты іс жүзіне асыруда кеңістіктегі салуға берілген есептерді шешудің зор мәні бар. Жазықтықтағы геометриялық салулар теориясы жеткілікті түрде талқыланып қарастырылады, ал стереометрияның әдістемелік мәселелеріне әлі де толық көңіл бөлінбей келеді. Геометриялық салулар теориясы – салуды негіздеу, есептерді кластарға жіктеу, есеп шешу әдістері, белгілі бір класқа жататын есептерді шешу критериі, салу есептерін шешкенде барынша жай әдістерді тиімді қолдану сияқты мәселелерді қарастырады. Кеңістіктегі салу есептерін кластарға жіктеу туралы әр түрлі көзқарастар мен тәсілдер бар. А.Н. Чалов кеңістіктегі салу есептерін геометриялық салуды орындау тәсілдері бойынша келесі топтарға бөледі: 1) елестету арқылы шешілетін есептер; 2) проекциялық сызбамен шешілетін есептер; 3) модельмен шешілетін есептер. Салуға берілген стереометрия есептерін позициялық және метрикалық деп екі топқа бөлетіндер де бар. Негізгі элементтерінің қиылысуын ғана іздейтін, соны салумен аяқталатын есептер позициялық әдіспен шешілетін есептерге жатады. Кесінді салу, белгілі бір шамасы бар бұрышты салу, перпендикуляр тұрғызу, биссектриса жүргізу және т.б. белгілі шарттарды қанағаттандыратын фигура салу талабы қойылатын есептер метиркалық есептерге жатады. Мысалы, В.А. Гусев, В.Н. Литвиненко, А.Г. Мордкович өздерінің құрастырған «Математикалық есептер шешу практикумында» кеңістіктегі салуға берілген есептерді мынадай әдістер бойынша топтарға бөледі: 1) кеңістіктегі қарапайым салулар; 2) нүктелердің геометриялық орындары; 3) кейбір нүктелердің геометриялық орындары мен түзулерді пайдалану; 4) кескіндеу арқылы салу. Салуға берілген стереометрия есептері талдау, салу, дәлелдеу және зерттеу сияқты төрт кезеңнен тұрады.
Он төртінші апта
№ 27, 28 дәріс тақырыбы: Математиканы оқытудың психологиялық-педагогикалық негіздері
Дәрістің мазмұны:
Жалпы білім беретін мектептің білім мазмұнын жаңартуда жеке тұлғаны шығармашылықпен іс-әрекет ете білуге үйрету мақсаты басшылыққа алынуда. Ол үшін нақты әлеуметтік жағдайларда дамитын әрбір оқушының талғам-тілегін, оның табиғи биологиялық-генетикалық негіздерін, қабілетін, денсаулығы мен психологиялық ерекшеліктерін барынша ескерту қажеттілігі Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептер тұжырымдамасында атап көрсетілген. Жасөспірімдердің жан-жақты дамуына жағдай жасау үшін білім беру үрдісін жаңашыл идеялар жүйесіне айналдыру қажеттігі туындап отыр. Мұның өзі жалпыдан жекеге, яғни жеке тұлғаны дамытудың әдіс-тәсілдерін жаңалауды, білім беруде бағыттап оқытуды іс жүзінде асыруды ұсынады. Белгілі бір бағытта, атап айтқанда тереңдете және кіріктіре оқытуды жүзеге асыруда оқушы бойындағы қандай ерекшеліктерді ескеру керек деген орынды сұрақ туындайды. Оқушының жеке бас ерекшеліктерінің психологиялық аспектілері В.А. Крутецкий [51], Н.А. Менчинская, Б.М.Теплов сынды көрнекті психологтардың еңбектерінде кеңінен қарастырылған. Олардың тұжырымдамаларын ескере отырып, жалпы бір жас шамасындағы оқушылардың дербес-психологиялық ерекшеліктері деп олардың психикалық әрекеттерінде тұрақты түрде байқалатын ерекшеліктерін түсінеміз. Оқушының танымдық және практикалық іс-әрекеті барысында төмендегідей дербес-психологиялық ерекшеліктері әсер етеді:
— білім мен іскерліктерінің деңгейі (толықтығы, тереңдігі, әрекеттігі, жүйелілігі, беріктігі);
— оқуға қабілеті ( белгілі бір оқу әрекетімен ұзақ уақыт айналысу мүмкіндігі);
— белсенділігі мен танымдық ізденімпаздық деңгейі;
— меңгеру жылдамдығы( жылдам, орташа, баяу);
— оқуға деген қарым – қатынасы;
— танымдық қызығушылығының сипаты ( аморфты, стереотипті, кең);
— ерік күшінің деңгейі (жоғары, орташа, төмен).
Осы және тағы да басқа көптеген ішкі және сыртқы факторлар оқыту үрдісіне белгілі дәрежеде өз әсерін тигізеді. Бірақ жалпы мектепте оқыту үрдісін сыныптық-сабақ түрінде ұйымдастыру жағдайында әрбір жеке тұлғаның аталған жеке бас ерекшеліктерінің барлығын ескерудің мүмкіндігі жоқ. Сондықтан тереңдете және кіріктіре бағдар бағытында оқытуды жүзеге асыруда оқыту міндеттеріне қарай аталған ерекшеліктердің ішінен, біріншіден, оқыту үрдісінде анықталған және оқу нәтижесіне әсер ететін қасиеттерді, екіншіден, бірдей жастағы оқушылардың арасында көрсеткіш айырмашылықтары едәуір үлкен болатын қасиеттерді таңдап алу керектігін даралап оқытуды жүзеге асыруды кешенді түрде зерттеген И.Унт[80] айтқан. И.Унттың пікірінше, төмендегі аталған қасиеттерді ескеру қажет:
— оқуға қабілеті немесе арнаулы қабілет;
— өз бетінше жұмыс істеу дағдысы;
— алынған білім көлемі;
— танымдық қызығушылығы
Бұл жердегі алынған білім көлемі деп қандай бір сала, пән бойынша алынған бағдарламалық немесе бағдарламадан тыс білімдер жүйесі түсіндіріледі.
Оқыту үрдісін оңтайландырудың бірден-бір жолы саралап оқыту деп есептеген Ю.К. Бабанскийдің [15-16]айтуымен келісе отырып біз де сынып оқушыларын бірнеше топқа бөлуді ұсынамыз. Оқушылардың оқып-үйрену мүмкіндіктерін анықтаудың және оларды топтарға бөлудің келесі өлшемдерін ұсынуға болады:
— психикалық процестер мен ойлау әрекеті қасиеттерінің даму деңгейі, өзіндік ойлау әрекеті;
— оқу еңбегіндегі іскерлік пен дағдысының қалыптасқандығы, әсіресе оқу әрекетін тиімді жоспарлай алу іскерлігі, оқу әрекетіне бақылау жасай алуы және қажетті қарқынмен жұмыс істей алуы;
— оқуға деген қарым-қатынасы, қызығушылығы мен бейімділігі;
— оқу пәнінің қажеттілігін түсінуі;
— жұмысқа қабілеттігі;
— өтілген материалдар бойынша білім деңгейі.
Белгілі психолог Н.А. Менчинскаяның пікірі бойынша, алғашқы кезекте ескерілетін жеке бас ерекшелігіне оқушының ақыл-ой даму деңгейі жатады.
Оның берген анықтамасы бойынша, ақыл-ой дамуы дегеніміз – жас өзгеруімен және адам тәжірибесінің толығуына байланысты ақыл-ой әрекетінің сандық және сапалық жағынан өзгеру жиынтығы. Ақыл-ой дамуы деңгейіне әсер ететін компоненттердің бірі ретінде психологтар оқуға қабілет ұғымын айтады. Жалпы психологияда қабілет дегеніміз - мақсатқа бағытталған тәлім-тәрбие жұмысына байланысты адамның бір іс-әрекетке ұйымдасқан түрде бейімділігі және оны нәтижелі етіп атқаруы.
Қабілеттің 3 түрлі тобын аиай аламыз:
1) интеллектуалдық іс-әрекет барысының жеңілдігі мен өнімділігін қамтамасыз ететін жалпы қабілет;
2) арнайы қабілет ( мысалы, математикалық қабілет, музыкаға қабілет және т.б.);
3) тәжірибелік қабілеттер ( конструктивті–техникалық, ұйымдастырушылық немесе педагогикалық қабілеттер).
Шығармашылық есептер бірнеше ұғымдардың жүйесі, бұл жүйе бірнеше ақпараттық бірліктердің логикалық байланысын біріктіреді.
Шығармашылық есептерді шығарудың барысында оқушы:
1. Сараланбаған біртұтас білім меңгеруі;
2. Осы біртұтас біліммен жеке элементтерді білуі және олардың байланысын түсіне білуі;
3. Осы элементтерді және олардың байланысын меңгере отырып жетілген және дәл біртұтас образды алуы керек.
Бұл әрине схема түріндегі көрсету. Ал оқушының ойлау үдерісінде мынандай принциптер іске асып жатады:
1. Өзара байланыс принципі;
2. Өзара кері амалдар мен операцияларды бір мезгілде ойша жүргізу;
3. Қарама-қарсы ұғымдарды салыстыру;
4. Ұқсас аналогиялық ұғымдарды қатар қою;
5. Жұмыстың кезеңдерін қатар қоюы.
Шығармашылық есептер көп компонентті, олар бір-бірімен логикалық байланыста, психологиялық бірлікте болуы керек.
Жалпы оқушының жұмысы бірнеше біріккен бөліктерден тұрады. Оқушы шығармашылықпен жұмыс істеуге дағды алуы керек.
• Біріншіден, күнделікті дайын есептер шығару.
• Екіншіден, соған кері есепті құру, оны шығару.
• Үшіншіден, ұқсас есеп құрастыру және оны шығару.
• Төртіншіден, берілген есептердің кейбір элементтерін пайдаланып есептер құрастыру.
• Бесіншіден, берілген есептің параметрлері бойынша қорытынды есеп құрастыру және оны шығару.
Әрине, шығармашылық есептердің және оларды шығарудың оқушыны дамытудағы ролі зор, бірақ оқушының жас ерекшелігін, білім деңгейін есте сақтау керек. 5-8 сыныптарда бірден жалықтырып алуымыз мүмкін. 5-сыныптан бастап оқулықтарда үйде орындалатын жаттығулар деңгеймен берілген. Сол жаттығуларды жүйелі сабақтастықпен орындауды ұйымдастырудың өзін шығармашылық жұмысқа айналдыруға болады. Шығармашылық есептерді үнемі сабақ үстінде шығаруға біріншіден, уақыт тапшы, екіншіден, сыныптағы оқушылардың білім деңгейінің әркелкілігі және қабылдау, ойлау қабілеттерінің әр түрлілігі мүмкіндік бермейді.
Ақындық, спорт, музыка, сурет салуға баланың туа біткен табиғи дарындылығы себеп болады, сол дарындылықпен де ол адамның атағы шығуы мүмкін. Ал жеке ғылымға баланың қызығушылығын бірден анықтау қиын сұрақ. Оны анықтаған немесе байқалған соң да үздіксіз еңбектену арқылы қалыптасуы мүмкін.
Он бесінші апта
№ 29, 30 дәріс тақырыбы: Педагогикалық практика туралы.
Дәрістің мазмұны:
-
Педагогикалық практиканың мақсаты және мазмұны туралы. -
Студент – практиканттарға қысқаша нұсқаулар. -
Сабақты талдау схемасы.
1 Педагогикалық практика студенттің кәсіби біліктілігін жетілдіруге мүмкіндік беретін маңызды сала. Педагогикалық практика мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес көрсетіледі және студенттің жеке оқу жоспарына енеді. Педагогикалық практиканың мақсаты: студенттерге оқушыларды оқыту және тәрбиелеуде мұғалімге қажетті білік пен дағдыны қалыптастыру. Педагогикалық практика кезінде студент-практиканттар әдіскердің, психологтың және педагогтың көмегімен төмендегідей қабілеттерге ие болады: - педагогикадан, психологиядан, математиканы оқыту әдістемесінен және арнайы курстардан алған теориялық білімдерін практикада қолданады; - мектепте өз бетімен оқу-тәрбие жұмысын жоспарлайды және жүргізеді. Ата-аналармен жұмыс жүргізеді және оқушылардың тәрбие жұмысында кейбір проблемаларды шешуде белсенділік көрсетеді; - мектеп ұжымының өміріне араласып, сыныппен және атааналармен белсене жұмыс істейді; - мектеп оқытушыларының жинаған тәжірибесін бақылайды, талдайды және қорытындылайды. Педагогикалық практика студенттерді болашақ мамандыққа дайындауда алатын орны зор, яғни студентер: а) институтта алған білімдерін бекітеді және тереңдетеді; ә) педагогикалық мамандыққа сүйіспеншілігі орнығады; б) педагогика саласында ғылыми-зерттеу жұмысына қызығушылығы туындайды; в) курстық және дипломдық жұмыстарға материалдар жинайды, мектепте эксперимент жүргізеді. Педагогикалық практиканы өту кезінде студенттер мектеп ұжымының жұмыстарының барлық салаларына қатысты тапсырмалар орындайды. Мұндай тапсырмаларды орындау студенттердің мектеп жұмысымен терең танысуларына жағдай жасайды, теориялық білімдерін жетілдіреді және педагогика ғылымдар саласынан, оның ішінде математиканың әдістемесінен ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізуге ынталандырады. Студент-практиканттар сабақтың төмендегідей түрлерін жүргізіп үйренулері керек: а) оқушыларды жаңа материалмен таныстыру сабағы; ә) оқушылардың білім, білік және дағдыларын бекіту сабағы; б) оқушылардың білім, білік және дағдыларын тексеру сабағы; в) жаттығу сабағы; г) аралас сабақтар және т.б.