ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 23.11.2023

Просмотров: 136

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


# 112

*!3жасар балада апельсинді қабылдағаннан кейін терісінде бөртпе мен қышыну пайда бодды. Жағдайы орташа ауырлықта. Бет, қолдарында қышумен бірге жүретін дақты- папуллезді біріккен бөртпелер.

Төмендегі диагноздардың қайсысы ЕҢ сәйкес келетіні?

*қызамық

*Квинке ісінуі

*атопиялық дерматит

*+ есекжем типті тағамдық аллергия

*комплемент жүйесінің туа біткен ақауы
#113

*!Бала 1 жаста кенеттен ауырды, дене температурасы 38,9°С, тітіркенген, жиі үрген жөтел, инспираторлы ентігу, тахипноэ 60 рет минутына, қосымша бұлшық еттер қатысуымен жүретін стридорозды тыныс бар.

Төменде аталғандардан ЕҢ мүмкін болжам диагноз ?

* ЖРВИ, бронхопневмония

*ЖРВИ, обструктивті бронхит

*ЖРВИ, ларинготрахеит, I дәрежелі көмей стенозы

*ЖРВИ, ларинготрахеит, ІІ дәрежелі көмей стенозы

*Жоғарғы тыныс алу жолдарында бөгде зат
#114

*! Жедел жәрдем бригадасы 3 жастағы балаға келді, анасының айтуы бойынша, балада 1-ші тәулікте дене температурасы жоғарлаған, құрғақ жөтел, тұмау. 30 минут бұрын баласында дене температурасының 39,5С дейін жоғарлауын анықтап, ибуфен берді, бірақ соған қарамастан кенеттен есін жоғалтып, көгерген, бүкіл денедегі тырыспалар болған. Объективті: тежелген, қарап тексеруге пассивті реакция береді, тапсырмаларды жартылай орындайды, сөйлеу біртекті. Жұтқыншағы гиперемирленген, ақ қабыршақтар жоқ. Риноррея. Дене температурасы - 39,1С. Терісі таза, ылғалды, бөртпелер жоқ. Өкпеде везикулярлы тыныс, сырылдар жоқ. ТАЖ - 24 рет 1 мин. Басқа органдардан ерекшеліксіз.

Аталған болжам диагноздардың ЕҢ сәйкес келетіні?

*жедел ларинготрахеит, бронхит

*менингококкті инфекция, менингоэнцефалит

*жедел респираторлы ауру, жедел трахеобронхит

*жедел респираторлы вирусты инфекция, эпилептикалық статус

*жедел респираторлы вирусты инфекция, фебрильді тырысулар
#115

*!12 жастағы ұл балаға ЖМЖ шақырылды. Қатты бас ауыруға, жүрек айну, көп реттік құсу, тәбеттің болмауы, әлсіздікке шағымданды. Анасының айтуы бойынша, ауырғанына 4-ші күн, дене қызуының 39С дейін көтерілуінен, тұмау, құрғақ жөтелден басталды. Бүгін көп реттік құсу, әлсіздік. Объективті: санасы есеңгірген, енжар, гиперестезия. Шүйде бұлщық ет ригидттілігі 2 көлденең саусаққа. Брудзинский, Бехтерев симптомдары оң. Жұтқыншақ гиперемирленген, ақ қабыршақтану жоқ. Риноррея. Өкпеде қатаң тыныс, сырылдар жоқ. ТАЖ - 19 рет 1 мин. Жүрек тондары ашық, ырғақты. АҚ - 100/60 мм сын бағ. ЖСЖ - 104 рет 1 мин.


Аталған болжам диагноздардың ЕҢ сәйкес келетіні?
*ЖРВИ, тұмау

*ЖРВИ, жедел фарингит

*ЖРВИ, жедел менингит

*ЖРВИ, септикалық жағдай

*Ми қан айналымның жедел бұзылысы
#116

*!Ұл бала 11 жаста. Анасының айтуынша жедел ауырған. Шағымдары дене қызуының 39.0С жоғарлауына, басының ауруына, жеңілдік әкелмейтін құсыққа, әлсіздікке. Қарап- тексергенде: адинамиялы, әлсіз, енжар. Тері жабындысы бозғылт, бөксе аймағы терісінде бірнеше геморрагиялық жұлдыз тәрізді бөртпе бар. Менингеальды симптомдар теріс. Шүйде бұлшықетінің ригидтілігі бар. Айқын гиперестезия. T-39,5 ºС, ЖСЖ 120 р мин, ТЖЖ 24 р мин.

Аталған диагноздардың қайсысы Ең ықтималы?

*менингит

*энцефалит

*арахноидит

*менингококкцемия

*геморрагиялық васкулит
#117

*!Бала 2 ж., жедел ауырған, дене қызуы 390С дейін жоғарылыған, мазасыз,бір рет құсқан,8 сағаттан кейін анасы бөртпе байқаған. Қарап тексергенде: терісі бозарған,аяқтарында геморрагиялық бөртпелер бар, менингеальды симптомдар оң.

Аталған болжам диагноздардың қайсысы Ең ықтималы?

*менингококты инфекция, менингококкцемия, менингит

*энтеровирусты инфекция, экзантема, менингит

*пневмококты менингит

*геморрагиялық васкулит

*токсикалық тұмау
#118

*!Д, 13 жаста. Жедел ауырған, дене температурасы 38,9°С дейін жоғарылауы, енжарлық, тәбетінің төмендеуі пайда болды. Аурудың 2 күні дене температурасы 40°С, жөтел, мұрынның бітелуі, жарықтан қорқу, бастың ауруы қосылды. Объективті: терісі таза, қабақ конъюктивасы гиперемияланған, склера тамырларының айқын инъекцияланған, аңқасында жайылған гиперемия, таңдайында энантема, ұрт шырышты қабығында көптеген тығыз қызыл жиегі бар ақ нүктелі түзілістер. Өкпесінде қатаң тыныс.

Аталған болжам диагноздардың ЕҢ сәйкес келетіні?

*қызылша

*қызамық

*иерсиниоз

*жаншәу

*желшешек
#119

*!Бала 5 жаста, 6 тәулік бойы ауырған. Жалпы жағдайы нашарлаған, дене қызбасы 37,2°С көтерілген, қышыну, бөртпе. Қарап-тексергенде: басының шашты бөлігінде, бетінде, денесінде, аяқ-қолдарында полиморфты бөртпелер (розеола, папула, везикула, бірен саран пустула, қабық, беткей жаралар) Алақаны мен табанында бөртпелер жоқ

ЕҢ мүмкін болжам диагноз?

*қызылша

*қызамық

*иерсиниоз

*жаншәу

*желшешек
#120

*! Науқас ауруының 1 күні жедел жәрдемге қаралды. Қонаққа барғаннан кейін 6 сағаттан соң жедел ауырды: эпигастрий аймағындағы ауыру сезімі, жүрек айну, көп реттік құсу, жиі сұйық нәжіс. Температура 37°С, бозарған, көзі шүңірейген. Эпигастрийдағы ауыру сезімі, нәжісі көп мөлшерде сұйық, жасыл түсті.



Ең мүмкін болжама ДИАГНОЗ:

*жедел гастрит

*жедел панкреатит

*жедел аппендицит

*жедел энтероколит

*жедел гастроэнтерит
#121

*!Науқас 30 жаста. Әлсіздікке, ұстама тәрізді іштің ауыру сезіміне шағымданды. Ауырғанына екінші күн. Дефекация тәулігіне 10-12 рет. Нәжісі шырыш пен қан аралас. Дене температурасы 38,7°С. Іш пальпациясы кезінде сол жақ мықын аймағында ауыру сезімі бар.

Ең мүмкін болжама ДИАГНОЗ:

*жедел гастрит

*жедел панкреатит

*жедел аппендицит

*жедел энтероколит

*жедел гастроэнтерит
#122


*!50 жасар науқаста тағамға үйде жасалған етті консервілерді қолданғаннан соң 2 сағаттан кейін қалтырау, бас айналу, эпигастрий аймағындағы кескен тәрізді ауыру сезімі, қайталамалы көп мөлшердегі құсу, тағы 2 сағаттан кейін жиі сұйық жағымсыз иісті нәжіс пайда болды. Ұқсас, бірақ аурудың жеңіл көрінісі тура осы консервіні қолданған науқастың әйелінде байқалды.

Ең мүмкін болжама ДИАГНОЗ:

*тырысқақ

*туляремия

*дизентерия

*сальмонеллез

*тағамдық токсикоинфекция
#123

*!Ер адам үйде консервіленген саңырауқұлақтарды тағамға қолданған. 5 сағаттан соң ішінде ұстама тәрізді ауыру сезімі, жұтынудың қиындауы, ауызының құрғауы, даусының қырылдауы, мыңғырлау, көзінің алдында екеулену, тұмандану.

Ең мүмкін болжам диагноз?

*энтерит

*ботулизм

*сальмонеллез

*жедел гастрит

*тағамдық токсикоинфекция
#124

*! Бала 3 жаста, Индиядан оралған соң 3 күннен кейін ауырды. Сұйық нәжіс 20-30 ретке дейін, күріш қайнатпасы сияқты, дене температурасы қалыпты.

Ең мүмкін болжама ДИАГНОЗ:

*тырысқақ

*шигеллез

*сальмонеллез

*ротавирусты гастроэнтерит

*стафилококковый гастроэнтерит
#125

*! Науқас 53 жаста, малшы, ауруының 4 күні бетінің ісінуіне шағымданып, ЖМЖ шақыртқан. Оң бетінде «безеу» болған,оның көлемі ұлғайған, беті ісінген. Сол бетінің астыңғы жақтың төменгі бұрышында ортасында майда геморрагиялық құрамды көпіршіктермен шектелген пустула. Беті мен мойны бұғанаға дейін ісінген. Регионарлы лимфа түйіндері тығыздалған, ауыру сезімінсіз.

Ең мүмкін болжама ДИАГНОЗ:

*сібір жарасы

*мойын бұлшық еттерінің флегмонасы

*сол жақты тонзилярлы абсцесс

*ауызжұтқыншақ дифтериясы, токсикалық формасы

*беттің біріншілік тілмесі, эритематозды-буллезды форма
#126

*!Бала 14 жаста, 4-ші тәулік ауырып жатыр. Ауруы жедел, дене темперасурасы 400С дейін жоғарлаған, әлсіздіктен, тежелуден, сандырақтаудан, қайталамалы құсудан басталды.Кейін оң жақ санның алдыңғы беткейінде дақ пайда болды, артынан папула, везикула, қызыл тәж сияқты қоршалған. Оң шап лимфа түйіні үлкейіп, айқын ауыра бастады. Аурудан 3 күн бұрын сарышұнақты тауып, үйге әкелген.

Ең мүмкін болжама ДИАГНОЗ:

*оба

*тырысқақ

*туляремия

*сальмонеллез

*тағамдық токсикоинфекция
#127

*!16 жасар қыз бала ғимарат ішінде есінен танып қалған. Бұл жағдайға дейін қорқыныш сезімі, бұлшық еттеріндегі жалпы әлсіздік, бас айналуы, жалпы әлсіздік, көзінің қарауытуы болған. Анамнезінде: 3 айда 2 естен тану қайталанған. ЕҢ мүмкін болатын болжама диагноз:


*эпилептиформалық синдром

*синкопальді жағдай

*коллапс

*кома

*шок
#128

*!Егде жастағы ер адам люстра іліп жатқанда кенеттен басы айналып есін жоғалтты. Бірнеше минуттан соң есі қалпына келгенімен айтарлықтай шағымдары болмады. Естен танудың ЕҢ мүмкін себебі:

*жыпылықтаушы аритмия

*қарыншалық фибрилляция

*субарахноидальді қан құйылу

*өкпе артериясының тромбоэмболиясы

*синокаротидті аймақтың гиперстимуляциясы
#129

*!45 жастағы әйел адам, төсектен тұрған соң есін жоғалтқан, бұл жағдай 1 жыл ішінде қайталанған, естен тану уақыты 15 минутқа дейін созылады. Жедел жәрдем бригадасын шақыртқан, дәрігердің қарауынан кейін науқаста тері жабындыларының бозаруы, бұлшық ет тонусының төмендеуі, АҚҚ 90/60 мм.с.б. Мүмкін болатын болжама диагноз:

*эпилептиформалық синдром

*синкопальді жағдай

*коллапс

*кома

*шок
#130

*!39 жастағы ер адамда естен тану артериялық гипотония, брадикардиямен, жүрек айну, бозару және профузды тер бөлінумен сипатталған. Мүмкін болатын синкопальді жағдай:

*медикаментозды

*ортостатикалық

*вазовагальді

*аритмиялық

*кардиальді
#131

*!52 жастағы ер адам. Кенеттен есінен танып қалған. Жақындарының айтуы бойынша, қант диабетімен ауырады, сол себепті тері ішіне инсулин қабылдайды. Жалпы жағдайы ауыр, тері жабындылары бозарған, тершеңдік. Өкпесінде везикулярлы тыныс. Жүрек тондары анық, ритм дұрыс, ЖСЖ 90 рет мин, АҚҚ 100/60 мм. с.б. Іші жұмсақ, ауыру сезімінсіз, бауыры қабырға доғасы бойымен. Мүмкін болатын болжама диагноз:

*гипергликемиялық кома

*геморрагиялық инсульт

*гипогликемиялық кома

*ишемиялық инсульт

*кардиогенді шок
#132

*!Жас адам көшеде ес түссіз, өте ауыр жағдайда. Қарау барысында денесінде жарақаттар жоқ. Тері жабындылары айқын цианозды, қол тамырларында инъекция іздері бар. Қарашықтары екі жағы бірдей тарылған. Тынысы сирек, беткей. Жүрек тоны анық, ритм дұрыс, ЖСЖ 70 рет мин, АҚҚ 90/60 мм. с.б. Мүмкін болатын болжама диагноз?

*жедел жүрек жетіспеушілігі

*гипогликемиялық кома

*наркотикалық кома

*апоплексиялық кома

*алкогольді кома
#133

*!Жедел жәрдем бригадасы құрылысы бітпеген объектке келді, 10 жасар ұл бала. Күзетшінің айтуынша, объектті тексеру барысында, кездейсоқ бетонда жатқан баланы тауып алған. Объективті: кома жағдайында, басының сол жақ шаш бөлігі жағында тері астылық көлемді гематома, бас сүйегінің деформациясы және крепитациясы. Ашық жарақаттар мен тері жабындыларының жарақаты жоқ. Анизокория. Патологиялық тыныс алу, Чейна-Стокс типті. Аускультативті тыныс барлық бөлімді қамтыды, сырылдар жоқ. ТАЖ- 20 рет 1 мин. Жүрек тондары анық, ритмі дұрыс. АҚҚ - 100/60 мм. с.б., ЖСЖ - 94 рет 1 мин. Мүмкін болатын диагноз?