Файл: р брилль ауруын, бртпе сзегіні алдын алу, жетілдіру шаралары.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 23.11.2023
Просмотров: 185
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
9. Шаптың қыртыстарына, тік ішектің маңайына вазелин майын жағыңыз.
10. Суднаны, клеенканы алып тастап, қолдағы қолғапты шешіңіз.
11. Қолданылған дәкелерді қолғапты, корнцангты дезинфекциялық ертіндісі бар ыдысқа тастаңыз.
12. Пациентті жылылап көрпемен ораңыз.
13. Қолды жуып құрғатыңыз
Назогастралды зонд арқылы тамақтандыру әдісі
Мақсаты: пациентті тамақтандыру.
Көрсеткіштері: өнештің жарақаттануы, тілінің, жұтқыншақтың, кеңірдектің, өнештің ісінуі, зақымдануы, жұтумен сөйлеудін бұзылуы, ессіз жағдай, тамақтан бас тарту, психикалық аурулар, өнештің тарылуы немесе өткізгіштігінің жоқтығы, өнешпен асқазан-ішек ауруларындағы оталар.
Қарсы көрсеткіші: асқазан жарасыныңқозу кезеңі.
Жабдықтау: залалсыздандырылған: жіңішке асқазан зонды, 200 мл құйғыш немесе Жане шприці, дәкелер, фурациллин ертіндісі, қысқыш, фонендоскоп, 3-4 стақан жылы сүйық 600-800 мл көлеміндегі тамақ, лоток, лейкопластырь, қолғап, қолданылған заттарға арналған контейнер.
Іс-әрекет алгоритмі:
1. Пациентке және оның туыстарына процедура барысын түсіндіріп, келісімінің алыңыз.
2. Қолды гигиеналық деңгейінде жуып, резеңке қолғапты киіңіз.
3. Зондтың ұзындығын анықтаңыз: пациенттің сантиметрдегі бойынан 100-ді алып тастайсыз.
4. Лотокқа фурациллин ертіндісін құйып, оған зондтың өлшеген белгісіне дейін салыңыз (зондты сулау үшін).
5. Пациентті арқасына жатқызып, басына мойынына жастық салып, басын бір жақ қырына бұрыңыз. Кеудесіне дәке салыңыз.
6. Резеңке қолғапты киіп, мұрынның қуыстарын тексеріңіз.
7. Мұрынның қуысына терендігі 15-18 см жіңішке асқазан зондты абайлап жіберіңіз, сол жақ қолдың саусағымен оның мұрын жұтқыншағында болуын тексеріп, жұтқыншақтың артқы жағына қарай қысып, зондты белгіленген жерге дейін жұтуын сүраңыз (немесе оң қолмен итеріңіз).
8. Жане шприціне 30-40 мл ауаны сорып алып, зондқа жібереді.
9. Фонендоскопды асқазан аймағына қойыңыз.
10.Ауаны зонд арқылы асқазанға жіберіп, фонендоскоптан ауаның дыбысын естіңіз.
11. Зондқа қысқышты салып, шприцті босатыңыз, зондтың сыртқы шетін лотокқа салыңыз.
12. Зондты бинттің кесіндісімен бекітіңіз, мұрынға лейкопластырмен жабыстырыңыз, немесе басына қарай бинтпен бекітіңіз. Жане шприціне жылы тамақты сорып алыңыз, ауаны жіберіңіз.
13. Зондтағы қысқышты шешіп , құйғышты немесе Жане шприцін жалғап, асқазан деңгейіне дейін түсіріңіз.
14. Құйғышты немесе Жане шприцін кішкене қисайтып, дайын тамақты құйғыштың шетіне дейін құйыңыз, біртіндеп құйғыштың түбінде қалғанша көтеріңіз.
15. Құйғышты асқазан деңгейіне дейін түсіріп, қайтадан процедураны қайталайсыз.
16. Зондты шаймен немесе қайнатылған сумен тамақтан кейін жуыңыз.
17. Зондтың шетіне қысқышты салып, құйғышты алып тастаңыз. Зондтың шетін залалсыздырылған дәкемен орап, пациенттің мойыныңдағы бинтпен келесі тамаққа дейін байлап бекітіңіз. (немесе пациенттің киіміне тіреуіш арқылы бекітіңіз).
18. Пациентті 30 минут жартылай жатыун айтыңыз.
19. Қолғапты шешініз. Қолды жуып құрғатыңыз.
Ескерту: - зондты жасанды түрді тамақтандырғанда барлық кезеңде қалдырады, бірақ 2-3 аптадан аспау керек, кілегейлі қабаттарына тесілудің алдын алу шараларын жүргізеді; - тамақты булы ыстық суға Т°38°-400С да жылытады; - егер пациенттің жағдайы қаласа оны отырғызуға болады; - егер пациент ессіз болса, оны шалқасына жатқызып, басын қырына келтіреді; - зонд кеңірдекке абайсыздан түссе, пациент көгере бастайды, жөтеледі, ентігеді, онда зондты суырып алу керек.
Гастростома арқылы тамақтандыру әдісі
Мақсаты: пациентті тамактандыру
Көрсеткіші: асқорыту органдарыныңөткіштігінің бұзылуы; жақтың жарақаттары және жарақаттар; ауыздың, жұтқыншақтың, өнештің жарақаттары; қатерлі ісіктер, мидың зақымданулары, күйіктер.
Жабдықтау: залалсыздандырылған шынылы қүйғыш, дәкелер,
(500 мл көлемді) сұйық тамағы бар ыдыс Т°- 350-45°С, қысқыш, пластырь.
Іс-әрекет алгоритмі:
1. Пациентке процедура барысымен мақсатын түсіндіріп келісім алыңыз.
2.Пациентті тамақтандыруға дайындаңыз.
3. Сұйық тамақты Т°- 350-45°С жылытыңыз.
4. Пациентке ыңғайлы жағдай жасаңыз.
5. Қолды гигиеналық деңгейінде жуып резеңке қолғапты киіңіз.
6. Резенкелі гастростомадан тесігің ашу үшін дәкемен қысқышты алып тастаңыз.
7. Резенкелі гастростомаға шынылы құйғышты жалғаңыз.
8. Құйғышты жоғары көтеріп пациенттің жағына қарай қисайтыңыз.
9. Аз мөлшерде асқазанға құйғыш арқылы тамақты құйыңыз.
10. Құйғышпен гастростоманы шаймен жуыңыз.
11. Құйғышты шешіп дезинфекциялық ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз.
12. Гастростоманын шетіне залалсыздырылған дәкені салып қысқышпен қысыңыз.
13. Гастростомаға күтім жасаңыз.
14. Қолды жуып құрғатыңыз.
Гастростоманы күту
Мақсаты: емдік.
Көрсеткіші: пациенттің отадан кейінгі жағдайы.
Жабдықтау: залалсыздандырылған: пинцеттер 3-4 дана, Кунер қайшысы,тану материалдар, резенке қолғаптар, лоток, Жане шприці, 0,5% кали перманганат ертіндісі бар флакон, шпатель, Лассар пастасы. Залалсыздандырылмаған: лейкопластырь, қолданылған тану материалдарына арналған лоток, дезинфекциялық ертіндісі бар ыдыс, қолданылған заттарды салатын контейнер.
Іс-әрекет алгоритмі:
1. Пациентке процедура барысымен мақсатын түсіндіріп келісім алыңыз.
2. Қолды гигиеналық деңгейінде жуып резенке қолғапты киіңіз.
3. Жабыспалы пластырдың сызықтарын ұзындығы 15-16 см дайындап, теріге таяу трубканы ораңыз және и пластырдың шетін пациенттің терісіне жабыстырыңыз.
4. Стоманың айналасын 0,5% калий перманганат ертіндісіне малынған мақта түйіршігімен сүртіп, құрғақ мақта түйіршігімен құрғытыңыз.
5. Лассарпастасын шпателімен алып, стоманың айналасын жағыңыз.
6. Пастаның үстіне «шалбар» тәрізді залалсыздандырылған дәкелерді салыңыз ( бірінші дәке кесілген жағымен төмен салынады, екіншісі - кесілген жағымен жоғары, үшіншісі - кесілген жағымен сол жаққа, төртіншісі - кесілген жағымен оң жаққа салынады).
7. Осы залалсыздандырылған дәкелердің үстіне, ортасы тесілген үлкен дәке салынады (трубканы шығару үшін).
8. Резенке трубканың тесігіне (фистулаға) залалсыздандырылған дәкені салып, қысқышпен қысыңыз.
9. Үлкен дәкеден шыққан резенке трубканы бинттің бірінші кесіндісімен тығыздап орап, оның жан жағын белбеу тәрізді екі түйінге байлалаңыз. Белбеуді бинттің екінші кесіндісімен бекітіңіз.
10. Қолданылған құрал жабдықтарды дезинфекцилық ертіндісі бар ыдысқа салыңыз.
11. Қолғапты шешіңіз. Қолғапты тану материалдарды қолданылған заттарды салатын контейнерге тастаңыз.
12. Содан кейін трубка стоманың өткізгіштігін тексеру үшін Жане шприцімен құйғыш арқылы залалсыздандырылған ерітіндіні құяды. Егер стоманың өткізгіш қызметі бұзылса немесе алынып қалса дәрігерге хабарлаңыз.
Қоректік клизма қою мейіргердің технологиясы
Мақсаты: емдік
Пациентті дайындау: тамшы клизмадан 30-40 минут бұрын тазарту клизмасын жасау керек. Қолданылатын ерітінді 40-420 С температурада болу керек.
Көрсеткіші:
қоректік заттарды табиғи жолмен, яғни ауыз арқылы немесе парентальды жолмен енгізу мүмкін болмаған жағдайда. Қарсы көрсеткіштері: Тоқ ішек айналасында және тік ішек маңында жедел қабыну немесе ойық жара болу, жиі қанайтын геморрой, тік ішектің қатерлі ісігі, тік ішектің сыртқа шығып түсіп кетуі немесе оның маңындағы жарылулар. Жабдықтау: халат,алжапқыш,қолғап, жел шығаратын түтік, дәкелер салынған залалсыздандырылған бикс, сұйықты тамшылап енгізуге арналған бір реттік жүйе, залалсыздандырылған корнцанг, залалсыздандырылған лоток, лейкопластырь, дәрі құйылған флакон, тамшылы жүйеге арналған үштаған, су, су термометрі, клеенка, жөргек, вазелин майы, қолданылған заттарды салатын ыдыс, резеңке жылытқыш.
Іс-әрекет алгоритмі:
1.Пациентке іс-шараның мақсаты мен барысын түсіндіріңіз, келісімін алыңыз.
2.Халатыңызды ауыстырып, алжапқыш киіңіз. Қолыңызды гигиеналық деңгейде өңдеу жүргізіп, қолғап киіңіз.
3.Дәрісі бар флаконды ыдысқа орналастырыңыз және жылы судың температурасын 400 С дейін жылытыңыз.
4.Системаның орамасын ашыңыз,системадағы қысқышты жауып, дәрісі бар флаконға тамшы системаның қабылдағыш инесін енгізіңіз. 5.Резеңке жылытқышпен оралған флаконды түбін жоғары қаратып төңкере ұстап, үштағанға іліп қойыңыз.
6.Залалсыздандырылған дәкемен жел шығаратын түтікті алып, ұшына вазелин майын жағыңыз.
7. Дәрі жіберетін инені қалпақшасымен алып оған жел шығаратын түтікті жалғаңыз, тамшы системаның ауа өткізгішін ашыңыз,
тамшы ағатын бөлігіне дәрі толтырыңыз, системадан ауаны шығарыңыз.
8.Пациентті сол жақ қырына жатқызып, оң аяғын ішіне қарай бүгіп, сол аяғын кушетканың бойымен жатқызыңыз, жамбасын сол қолдың екі саусағымен ашып, тік ішекке системамен жалғанған жел шығаратын түтікті тереңдікке енгіземіз, алдымен 3-4см кіндікке қарай, содан соң омыртқа жотасы бойымен 20-30см.
9.Енгізілген тағамның тамшы жиілігін ретке келтіріңіз (минутына 60-80рет)
10.Системаның тамшысы аяқталғанда, қысқышын жабыңыз және жел шығаратын түтікшені алып тастаңыз.
11.Процедурадан соң пациентке арқасымен немесе сол жақ қырымен 30-60 минут уақыт тыныш жатуды ұсыныңыз.
12. Жел шығаратын түтікті зарарсыздандырыңыз, системаны жойыныз.
13. Қолыңызды жуып, кептіріңіз
Кәрі жілік артериясында тамыр соғысын анықтап, оның қасиеттеріне мінездеме беру
Мақсаты: Тамыр соғысының негізгі қасиеттерін анықтау: жиілігін, ырғақтығын, толуын, толықсуын.
Көрсеткіші: ағзаның функционалдық жағдайын бағалау.
Жабдықтау: сағат немесе секундомер, температура қағазы, қалам.
Іс-әрекет алгоритмі:
1.Пациентпен сенімділік қарым-қатынас жасаңыз.
2. Процедураның жүрісін түсіндіріп, келісімін алыңыз.
3. Қажетті жабдықтарды дайындаңыз.
4. Қолды жуып, құрғатыңыз.
5. Пациентке ыңғайлы жағдай жасаңыз.
6. 2-,3-,4- саусақпен пациенттің қолының кәрі жілік артериясына салып, артерия қабырғасының қозғалуын анықтаңыз.
7. 60 сек ішінде тамыр соғуын өлшеңіз.
8.Тамыр соғу аралығын бағалаңыз.
9.Тамыр толуына баға беріңіз.
10. Кәрі жілік артериясындағы тамыр соғысы жоғалғанша қысып, толықсуына баға беріңіз.
11.Температура қағазына тамыр соғысының қасиеттерін, және қадағалау қағазына тіркеңіз.
12. Пациентке тексеру қорытындысын хабарлаңыз.
13. Қолды жуып құрғатыңыз.
Қан қысымын өлшеу
Мақсаты: қан қысымының көрсеткіштерін анықтау және баға беру.
Көрсеткіші: пациенттің объективтік тексерістері; гипертониялық аурумен ауратын пациенттердің қан қысымын бақылау. Жабдықтау:тонометр, фонендоскоп.
Іс-әрекет алгоритмі:
1. Пациентпен сенімділік қарым - қатынас жасаңыз.
2. Мақсатын, мағынасын түсіндіріп, пациенттің келісімін алыңыз.
3. Керекті жабдықтарды дайындаңыз.
4. Қолды жуып, құрғатыңыз.
5. Пациентті ыңғайлап жатқызыңыз немесе отырғызыңыз.
6. Қолдың алақанын жоғары қаратып,шынтағын түзу ұстап, астына жастықша салыңыз.
7. Тонометрдің манжеткасын пациенттің жалаңаш иығына шынтақ шұңқырынан 2 см. жоғары орналастырыңыз, иықпен манжетканың арасына бір саусақ сиятындай, трубкаларын төмен қаратыңыз.
8. Шынтақ шұңқырында шынтақ артериясының тамыр соғысын аңықтап, фонендоскоптың мембранасын осы жерге қойңыз; (манометрдің көрсеткіші «0»- де болуы керек).
9. Грушаның бұрандысын жауып, тамыр соғысы жоғалғанша және қосымша 20-30 мм.с.б.б. ауа жіберіңіз.
10. Бұранданы ашып, жайлап ауаны шығарыңыз( 1сек.-1,2 бөлігі) .
11.Тамыр соғуының жоғарғы және төменгі көрсеткішін анықтаңыз;
12.Толығымен барлық ауаны шығарыңыз.
13. Процедураны 5 минуттан кейін қайталап, төменгі көрсеткішін жазыңыз.
14. Манжетканы шешіңіз.
15. Манометрді қапшыққа салыңыз.
16. Фонендоскопты екі рет 70% спиртпен сүртіңіз.
17. Систолдық пен диастолдық қан қысымын керекті құжатқа тіркеңіз.