Файл: р брилль ауруын, бртпе сзегіні алдын алу, жетілдіру шаралары.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 23.11.2023

Просмотров: 188

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Арнайы киім: латекстық қолғап, медициналық халат, клеенкалы фартук, ауыстыратын аяқ киім.

Ескерту: жіберетін су температурасы, су термометрі көрсеткішіне сәйкестену керек. Ø атониялық дәрет тұрып қалғанда 120-200С Ø спастикалық дәрет тұрып қалғанда 370-400-420С Ø дәрет тұрып қалғанда 200-250С.

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Пациентпен сенімділік қарым-қатынас жасап, жекелеп жағдай жасаңыз.

2. Процедураның мақсатын, барысын түсіндіріңіз.

3. Халат, клеенкалы алжапқышты киіп, қолды гигиеналық деңгейде жуып, қолғаптарды киіңіз.

4. Эсмарх кружкасына 1,5-2 л суды құйыңыз.

5. Эсмарх кружкасын үштағанға іліңіз.

6. Түтікшеге вазелин майын жағңыз.

7. Бұранданы ашып, желді шығарыңыз.

8. Пациентті сол жақ қырына жатқызып, тізесін бүгіп ішіне қарай тартқызыңыз.

9. Пациенттің жамбасының астына клеенка, үстіне дәкі салыңыз.

10. Сол қолыңыздың бірінші, екінші саусағымен жамбас арасын аша отырып, оң қолыңызбен ақырындап сағат тілімен айналдыра отырып түтікшені тік ішекке енгізіңіз, алдымен кіндікке қарай 3-4см. тереңдікте, қалған 8 -10см. омыртқаның жотасына жайлап бағыттап жіберіңіз.

11. Бұранданы ашып , тік ішекке суды жіберіңіз. Судың тез кетпеуін қадағалаңыз, егер су тез кетсе ол ауырсыну сезімін тудырады. Пациент ішімен демалуы қажет.

12. Эсмарх кружкасындағы су деңгейін қадағалаңыз.

13. Бұранданы жауып, жайлап түтікшені алып, лотоққа салыңыз.

14. Пациент 5-10 мин. арқасымен жатып, сосын дәретханаға жіберіңіз.

15. Түтікшені, қолғап, алжапқышты дезинфекциялық ерітіндіге салыңыз.

16. Халат, қолғап, алжапқышты айырбастаңыз.

17. Пациенттің жыныс мүшелерін жууға көмектесіңіз.

Сифондық клизма жасаудағы мейіргердің технологиясы

Егер тазарту клизмасы көмектеспесе, ішекті жуу үшін сифон клизмасы қолданылады. Сифондық клизманы жасағанда сұйықтықпен қоса газдар,сұйық нәжістер, нәжістік тастар шығады. Пациенттерге бұл процедура ауыр тиеді, сондықтан клизма жасағанда жалпы жағдайын қадағалап отырып, дәрігердің қатысымен жасайды.

Керекті жағдай: ішекке сифон клизмасын жасағанда сұйықтық қанша енгізілсе, сонша сыртқа шығуы керек.

Мақсаты: ішектің жоғарғы бөліктеріндегі нәжісті, газдарды шығару.

Көрсеткіштері:
тазалау клизманы жасағанда нәтижесінің болмауы, ішектің бітеліп қалуын анықтауда, улы заттарды шығару.

Қарсы көрсеткіштері: анальды тесік айналасында және тоқ ішек аймағында жедел қабыну процестері немесе ойық жара болғанда, асқазаннан немесе ішектерден қан кету, тік ішектің қатерлі ісік ауруы, ас қорыту мүшелеріне операциядан соңғы алғашқы күндерде, тік ішектің жарықшағы немесе түсіп кетуі, іш пердесі тамырларының эмболиясы немесе тромбозында.

Жабдықтау: шыны трубкамен жалғасқан залалсыздандырылған жуан асқазан зонды және жуан резеңке зонды, лоток, вазелин майы, шұнғыма (1 литрлік), латекстік қолғап, 10-12 л су, ожау (1 литрлік), сұйықтықты құятын ыдыс, клеенка, үлкен жөргек, дәкелер, қолданылған заттарды салуға арналған контейнерлер (класс А және Б).

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Пациентпен сенімділік қарым-қатынас жасап, пациентті жекелеңіз.

2. Пациентке мақсатын, барысын түсіндіріңіз.

3. Халат, клеенкалы алжапқышты киіп, қолды гигиеналық деңгейде жуып, қолғаптарды киіңіз.

4. Пациентті сол жақ қырына жатқызып, аяғын тізесіне бүгіп, ішіне тартуын сұраңыз.

5. Жамбасына клеенка және жөргек салыңыз.

6. Системаны дайындап, зондтың тұйық жағына вазелин майын 20-30см бойы жағыңыз.

7. Екі жамбасының аралығын ашып, зондты 20-30см тереңдікке, алдымен 3-4см. кіндікке қарай, содан соң омыртқа жотасы бағыты бойымен тік ішекке енгізіңіз.

8. Шұнғыманы зондқа жалғап, пациенттің дене деңгейіне кішкене қисайтып ұстап 1литр су құйыңыз.

9. Шұнғыманы жоғары көтеріп, су оныңкішкентай, тар аузына келген кезде ақырындап төмендетеміз, шұнғыма ішектен шыққан суға толған кезде оны шелекке немесе легенге төгеміз.

10. Осы процедураны ішектен шыққан су әбден таза болғанша жүргіземіз (кемінде 10-12 л су құю керек).

11. Зондты жайлап алып, дезинфекциялық ертіндісі бар ыдысқа салыңыз.

12. Тік ішектің кірер ауызын жуыңыз.

13. Қолғапты, фартукты, халатты шешіп, дезинфекциялық ертіндісі бар ыдысқа салыңыз.
Гипертониялық клизма жасаудағы мейіргердің технологиясы

Мақсаты: ішекті жақсы босаңсыту.

Көрсеткіші: әр түрлі ісіктер, отадан кейінгі пациенттің жағдайы, атоникалық дәретінің тұрып қалуы, тоқ ішектің қабынулары.

Қарсы көрсеткіштері: төменгі тоқ ішектегі жедел қабыну және жаралық процестерде, тік ішектің маңайынының жарылуы, геморрой. Жабдықтау: залалсыздандырылған резеңка баллон, немесе Жане шприці, жел шығаратын түтікше, 10% натрий хлорид ерітіндісі 100-150 мл немесе 20–30% - магний сульфат ертіндісі 100–200 гр, латекстік қолғап, вазелин, лоток, клеенка, үлкен жөргек, дезинфекциялық ерітіндісі бар ыдыс,қолданылған заттарды салуға арналған контейнерлер (класс А және Б).



Іс әрекет алгоритмі:

1. Пациентпен сенімділік қарым-қатынас жасап, келісімін аламыз; дәріні(суға) 38-400С дейінгі жылытамыз;

2. Пациенттің астына клеенкамен жөргекті салып, сол жақ қырына жатқызып оң жақ аяғын тізесіне бүгіп, ішіне тартуын сұраймыз;

3. Қолды гигиеналық деңгейде жуып қолғапты, алжапқышты, масканы киіңіз.

4. Бикстан жел шығаратын түтікшені алып лотокқа салыңыз.

5. Резеңке баллонға немесе Жане шприцына 100( 200 мл) жылы ерітінді сорып алып, лотокқа орналастырамыз(Т0 – 380С).

6. Жел шығаратын түтікшені 20 – 30 см. вазелин майымен жағыңыз.

7. Пациенттің жамбасын сол қолдың I және II саусағымен ашып, оң қолмен жел шығаратын түтікшені абайлап бірінші 3-4 см кіндікке қарай, қалған 20-30 см омыртқа жотасына жіберіңіз.

8. Жел шығаратын түтікшеге резеңке баллонды немесе Жане шприцын жалғап гипертоникалық ертіндіні жіберіңіз.

9. Жел шығаратын түтікшенін шетіне қысқышпен бекітіңіз, резеңке баллонды немесе Жане шприцын ажыратып алыңыз.

10. Жел шығаратын түтікшені суырып алыңыз ( дәрінің бар жоғын алдын ала тексеріңіз).

11. Дәкемен жоғарыдан төмен сүртіп алыңыз.

12. Пациентті дәріні ұстау үшін, шалқасына 20-30 мин жатуын сүраймыз. ии.

13. Түтіншені, жел шығырытын түтікшені дезинфекциялық ертіндіге салыңыз.

14. Қолғапты, масканы, дәкелерді арнайы контейнерге тастаңыз.

15. Қолды жуып құрғатыңыз.

Майлы клизма жасаудағы мейіргердің технологиясы

Мақсаты: нәжістерді, газдарды шығару.

Көрсеткіштері: іш құрылысына операция жасағаннан, босанғаннан кейін бірінші күндері. Тазарту клизмасының нәтижесіз болуы.

Қарсы көрсеткіштері: асқазан ішектең қан кеткенде; тік ішектің қатерлі ісігінде; тік ішектің түсуінде; тоқ ішектің жараларында. Жабдықтау: залалсыздандырылған резеңке баллон, өсімдік майы 50 – 100 гр, 37–380С дейін жылытылған, жел шығаратын түтікше, лоток, латекстік қолғап, дәкелер, дезинфекциялық ерітіндісі бар ыдысқолданылған заттарды салуға арналған контейнерлер (класс А және Б).

Іс әрекет алгоритмі:

1. Процедураның мақсаты мен орындалу тәртібін түсіндіріп, келісімін алыңыз.

2. Халатыңызды ауыстырыңыз, алжапқышты киіп, қолыңызды гигиеналық деңгейде жуып, қолғапты киіңіз.

3. Стақанға 50-100мл. вазелин немесе өсімдік майын құйыңыз.

4. Ыстық суы бар ыдыста, майды 37-380С градусқа дейін жылытыңыз.

5. Залалсыздандырылған резеңке баллонды қысып ішіндегі ауасын шығарыңыз, ұшын стақандағы майға салып, май сорып алу үшін баллонды ақырындап босап, лотокқа орналастырыңыз.


6. Пациентті сол жақ қырымен аяғын ішіне тарта бүгіп жатқызыңыз. Астына клеенка және жаялық жайыңыз.

7. Залалсыздандырылған дәкемен жел шығаратын түтікшені алыңыз, оған вазелин майын жағыңыз.

8. Сол қолыңызбен пациенттің жамбасының арасын ашып, оң қолыңызбен ақырындап жел шығаратын түтікшені тік ішекке 20-30 см. тереңдікке енгізіңіз(алдымен 3-4см. кіндікке қарай, содан соң омыртқа жотасы бағыты бойымен).

9. Резеңке баллонды жалғап, майды ақырындап ішекке жіберіңіз.

10. Сол қолыңызбен түтікшені резеңке баллонның алдынан қысып тұрыңыз, сосын резеңке баллонды алыңыз. Оны қолданылған материалдарға арналған ыдысқа салыңыз.

11. Оң қолыңызбен жел шығаратын түтікшені шығарыңыз, сол қолыңызбен түтікше бойын қысып, ондағы майды толық шығарыңыз; 12. Пациентке арқасымен жатуды ұсыныңыз және сол қалыпта 30-40 минут тыныш жата тұруын түсіндіріңіз.

13. Үлкен дәретке отыру 10-12 сағаттан соң болады, сондықтан бұл клизманы ұйықтар алдында қоюға тырысыңыз.

14. Түтіншені, жел шығырытын түтікшені дезинфекциялық ертіндіге салыңыз.

15. Қолғапты, масканы, дәкелерді арнайы контейнерге тастаңыз.

16. Қолды жуып құрғатыңыз.

Тамшы клизма жасаудағы мейіргердің технологиясы

Кейбір ауруларда пациенттер тағамды ауызбен қабылдай алмайды.

Сондықтан тағам тік ішек арқылы енгізіледі. Тоқ ішектің төменгі бөлігіне тек қана су, натрий хлорид ерітіндісі, глюкоза, спирт, жартылай аққуыздар, аминоқышқылдар сіңеді. Қорректік клизманың көлемі 200-250 мл-дан аспауы керек. Ішекті жақсы ұстау үшін тағамға 5-10 тамшы опий тұндырмасын қосады. Қорректік клизманы күніне 1-2 рет жасауға ғана рұқсат етіледі, себебі, ол тік ішекті тітіркендіреді. Егер мұндай жағдай болса, бірнеше күнге үзіліс жасау керек.

Қорректік клизманы тамшы әдісімен жасайды, себебі мынадай артықшылықтары бар: тамшы жіберілген сұйықтық тез сіңеді;

ішек созылмайды; ішектің толқи жиырылуынтуғызбайды; жел шығаруына кедергі жасамайды; ауыртпайды.

Мақсаты: дәріні тік ішек арқылы жіберу және сіңуін қамтамасыз ету.

Көрсеткіші: адам ағзасына көп көлемде сұйықтықтарды енгізу. Егер пациент ауызы арқалы тамақ қабылдай алмаса осы әдісті қолданады.

Қарсы көрсеткіштері: асқазан ішектен қан кетуінде; тоқ, тік ішектерінде жедел және жаралық процестер болса; қатерлі ісіктерде;


тік ішектің маңайынының жарылуында.