Файл: алыптастырушы баалауа арналан тапсырмалар жинаы Дниетану 3сынып.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 23.11.2023

Просмотров: 168

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Ойлау дағдыларының Қолдану

деңгейі Жоғары деңгей дағдылары
Тапсырма

Жағдаятты түсініп оқы.



Аслан қалада оқиды. Ол – студент. Жақсы оқығаны үшін шәкіртақы алады. Сонымен қатар ата-анасы да жиі ақша салып тұрады. Бірақ Аслан сол қаражатты барлық қажеттілігіне жеткізе алмайды. Бірде әкесі оған қолдағы бар қаражатты үнемдеп жұмсау керектігін ескертті.



  • Үнемдеу дегенді қалай түсінесің?




  • Қалаған заттың бәрін сатып ала беруге бола ма? Неліктен?




  • Сен өз қаражатыңды қалай үнемдейсің? Мысалдар келтіре отырып әңгімеле.



Дескриптор Білім алушы


  • үнемдеуге қатысты ойын айтады;

  • өз шығындарын оңтайландыру жолдарын айтады.


13

ЖОБА
Бөлімше: 1.2 Мектеп және мектеп қоғамдастығы
Оқу мақсаты 3.1.2.3 Қоғамда өзін-өзі ұстау әдеп нормаларын түсіндіру
Бағалау критерийі Білім алушы
• Қоғамдық орындардағы тәртіп ережелерін атайды
Ойлау дағдыларының Білу және түсіну

деңгейі Қолдану
Тапсырма
Топтық жұмыс


  • Қоғамдық орындардың біреуін таңдап алып, ондағы сақталуы тиіс тәртіп ережелерін құрастырыңдар.




  • Тәртіп ережелерін жазу үшін шартты белгілер ойлап табыңдар.




  • Белгінің тұсына ережені жазыңдар.




  • Сыныптастарыңа мағынасын түсіндіріңдер.




  • Қоғамдық орындарда тәртіптің сақталуы маңызды ма? Ойыңды дәлелде.



Дескриптор Білім алушы


  • қоғамдық орындардағы тәртіп ережесін құрастырады;

  • тәртіп ережесіне қатысты шартты белгілер жасайды;

  • қоғамдық орындарда әдеп нормаларын сақтаудың маңыздылығы туралы ой қорытады.


14

ЖОБА
Бөлімше: 1.2 Мектеп және мектеп қоғамдастығы
Оқу мақсаты 3.1.2.4 Өз тәжірибесінен мысал келтіре отырып, адамдар

арасындағы достықтың маңыздылығын дәлелдеу
Бағалау критерийі Білім алушы
• Адамдар арасындағы достықтың маңыздылығын

түсіндіреді
Ойлау дағдыларының Қолдану

деңгейі
Тапсырма

Мағынасы суретке сәйкес сөзді анықтап, сәйкестендір. Сұрақтардың негізінде жұпта ой бөліс.



Қамқорлық



Достық



Кикілжің


  • Дос, достық сөздерінің мағынасын қалай түсінесің?




  • Адамдар неге достасады?




  • Нағыз достар қандай болады?




  • Қиын сәттерде досыңның саған немесе сенің досыңа көмектескен кездері болды ма? Мысалдар келтір.




  • Егер сенің досың болмаса не болады? Достарыңның бар болуының қандай маңызы бар?



Дескриптор Білім алушы


  • суретке сәйкес сөзді анықтайды;

  • достықтың мағынасын сипаттайды;

  • адамдар арасындағы достықтың маңыздылығын түсіндіреді.


15

ЖОБА
Бөлімше: 1.2 Мектеп және мектеп қоғамдастығы
Оқу мақсаты 3.1.2.1 Сыныптың өзін-өзі басқару ережелерін түсіндіру

және өз нұсқасын ұсыну
Бағалау критерийі Білім алушы
• Сыныптағы өзін- өзі басқару ережелерін сипаттайды • Сынып ережесін құрастырады
Ойлау дағдыларының Білу және түсіну

деңгейі Қолдану
Тапсырма

Сыныптағы өзін-өзі басқару ережесін сипаттайтын сөздерді белгіле ().





  • Сенің сыныбыңда өзін-өзі басқарудың қандай ережелері бар?




  • Сен қай ережелерді өзгерткің немесе толықтырғың келеді?




  • Жұбыңмен талқылай отырып, сынып ережесін құрастыр.


Дескриптор Білім алушы


  • өзін-өзі басқару ережелерін сипаттайтын сөздерді анықтайды;

  • сыныптағы өзін-өзі басқару ережелерін атайды;

  • сынып ережесінің өзіндік нұсқасын ұсынады.



16

ЖОБА
Бөлімше: 1.2 Мектеп және мектеп қоғамдастығы
Оқу мақсаты 3.1.2.2 Түрлі көзқарастар жағдайында сыныпта ұжымдық

шешімді қабылдау жолдарын түсіндіру
Бағалау критерийі Білім алушы
• Мәселеге қатысты шешім қабылдау жолдарын

ұсынады
Ойлау дағдыларының Қолдану

деңгейі Жоғары деңгей дағдылары
Тапсырма

Берілген жағдаятты оқы. Жұбыңмен жағдаятты шешу жолын талқыла.


Сен Гауһармен бір партада отырасың. Ол үнемі көңілсіз жүреді. Ешкіммен сөйлеспейді. Сыныпта достары жоқ. Сабағы да күн санап нашарлап барады.

  • Гауһарға қалай көмек беруге болады?




  • Сен мәселені шешудің қандай жолдарын ұсынар едің?



Дескриптор Білім алушы


  • жағдаятты шешу жолдарын ұсынады.


17

ЖОБА
Бөлімше: 1.5 Құқық және міндет
Оқу мақсаты 3.1.5.1 Қазақстан Республикасының

Конституциясының маңызын түсіндіру
Бағалау критерийі Білім алушы
• ҚР Конституциясының маңыздылығын сипаттайды
Ойлау дағдыларының Білу және түсіну

деңгейі Қолдану
Тапсырма

Қазақстан азаматтарының қандай құқықтары бар? Оларға қандай міндеттер жүктелген? Кестеге жаз.


ҚР азаматтарының құқығы

ҚР азаматтарының міндеті

1) _______________________

1) _______________________

2) _______________________

2) _______________________

3) _______________________

3) _______________________









  • Жұпта талқыла.




    • Қазақстан азаматтарының құқықтары мен міндеттері жазылған құжат қалай аталады?




    • Конституция адамдардың өміріне қалай әсер етеді?




    • Конституция болмаса не болар еді?


Дескриптор Білім алушы


  • ҚР азаматтарының құқықтарын анықтайды;

  • ҚР азаматтарының міндеттерін анықтайды;

  • Конституцияның маңызы туралы ой қорытады.


18




ЖОБА
2-ТОҚСАН
Бөлім: Уақыт
Бөлімше: 1.1 Менің отбасым

Оқу мақсаты 3.1.1.1 Отбасы мүшелерінің арасындағы туыстық

қатынастарды түсіндіру
Бағалау критерийі Білім алушы
• Отбасы мүшелерінің арасындағы туыстық атауларды

сипаттайды
Ойлау дағдыларының Білу және түсіну

деңгейі
Тапсырма

Сызба арқылы отбасы мүшелерінің арасындағы туыстық атауларды жаз.





  • Отбасылық суретті пайдаланып, өз отбасыңның мүшелерін таныстыр.


Дескриптор Білім алушы


  • отбасы мүшелерінің арасындағы туыстық қатынастарды анықтайды;

  • өз отбасы мүшелерінің арасындағы туыстық қатынасты түсіндіреді.


19

ЖОБА
Бөлімше: 1.1 Менің отбасым
Оқу мақсаты 3.1.1.2 Әулет шежіресін құрастыру
Бағалау критерийі Білім алушы
• Өз әулетінің шежіресін құрастырады
Ойлау дағдыларының Қолдану

деңгейі
Тапсырма

Өз әулетіңнің шежіре ағашын құрастыр. Әулет мүшелерінің атын жаз немесе фотосын желімде.




  • Сыныптастарыңа өз әулетіңнің шежіресін таныстыр.



Дескриптор Білім алушы


  • өз әулетінің шежіресін құрастырады .


20

ЖОБА
Бөлімше: 1.4 Денсаулық пен қауіпсіздік
Оқу мақсаты 3.1.4.2 Спорт түрлерін топтастыру, спорттың қандай да бір

түрімен айналысу үшін қажетті негізгі және өзінің қабілеттерін анықтау
Бағалау критерийі Білім алушы
• Спорт түрлерін ажыратады
• Спортпен айналысуға қатысты өзінің қабілеттерін

сипаттайды
Ойлау дағдыларының Білу және түсіну

деңгейі Қолдану
Тапсырма

Суреттерге мұқият қара. Қысқы және жазғы спорт түрлеріне ажырат. Қысқы спорт түрін бейнелейтін суреттің астындағы дөңгелекті көк түспен, ал жазғы спорт түрлерін жасыл түспен боя.




  • Сұрақтарға жауап бере отырып, топта ой бөліс.




    • Адамдар спортпен не үшін айналысады?

    • Сен қандай спорт түрімен айналысасың немесе айналысқың келеді?

    • Бұл спорт түрінде жетістікке жету үшін қандай қабілеттер керек?

    • Сенің бойыңда ондай қабілеттер бар ма?



Дескриптор Білім алушы


  • қысқы және жазғы спорт түрлерін анықтайды;

  • спортқа қатысты өз бойындағы қабілеттерді сипаттайды.


21

ЖОБА
Бөлімше: 1.4 1.6 Мерекелер
Оқу мақсаты 3.1.6.1 Зерттеулер негізінде Қазақстан халықтарының

ұлттық мерекелерін шығармашылық түрде ұсыну
Бағалау критерийі Білім алушы
• Қазақстан халықтарының ұлттық мерекелерін

шығармашылықпен сипаттайды
Ойлау дағдыларының Білу және түсіну

деңгейі Қолдану
Тапсырма

Берілген атауларды мемлекеттік және ұлттық мереке түрлеріне жікте.



Халықаралық Тәуелсіздік Тұңғыш

бірлік күні күні Президент күні


Наурыз Құрбан айт Жаңа жыл Жеңіс күні


  • Топтық жұмыс




    • Кез келген ұлттық мерекеге арналған қабырға газетін жасаңдар.

    • Жасаған жұмыстарыңды сыныпқа таныстырыңдар.



Дескриптор Білім алушы


  • мерекелерді түріне қарай жіктейді;

  • ұлттық мерекені шығармашылық түрде бейнелеп көрсетеді.


22

ЖОБА
Бөлімше: 2.2 Климат және ауа райы
Оқу мақсаты 3.2.2.2 Ауа райы мен климаттың қолайсыз жағдайларында

өзін-өзі ұстау ережелерін құрастыру
Бағалау критерийі Білім алушы
• Қолайсыз ауа райы кезінде өзін-өзі ұстау ережелерін

құрастырады
Ойлау дағдыларының Білу және түсіну

деңгейі
Тапсырма

Сурет бойынша желдің қоршаған ортаға тигізетін әсерін сипаттап әңгімеле.





  • Қатты жел кезінде сақталуға тиісті қауіпсіздік ережелерін белгіле ().



Дауылды шаңдақ жақындаған кезде есік пен терезені нығыздап жауып, ғимараттан шықпау керек.



Далаға шығып асыр салып ойнау керек.


Үй хайуанаттарын арнайы қораға қамау керек.