Файл: алыптастырушы баалауа арналан тапсырмалар жинаы Дниетану 3сынып.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 23.11.2023
Просмотров: 165
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Автомобильде келе жатсаң, есік пен терезені мықтап жауып, жолдың шетіне тоқтау керек.
Далада қалған жағдайда ең жақын жердегі шұңқырдың ішіне етпетінен жату керек.
Дескриптор Білім алушы
-желдің қоршаған ортаға әсерін сипаттайды;
-дауыл кезіндегі қауіпсіздік ережелерін анықтайды.
23
ЖОБА
Бөлімше: 3.1 Ежелгі мәдениеттер мен өркениеттер
Оқу мақсаты 3.3.1.1 Көшпелі және отырықшы өмір салтының
ерекшеліктерін түсіндіру
Бағалау критерийі Білім алушы
• Көшпелі және отырықшы өмір салтына тән
ерекшеліктерді ажыратады
Ойлау дағдыларының Білу және түсіну
деңгейі Қолдану
Тапсырма
Сөйлемдерді оқы. Көшпелі өмірді сипаттайтын сөйлемнің тұсына «К» әрпін, отырықшы өмірді сипаттайтын сөйлемге «О» әрпін жаз.
Олардың нақты айналысатын жұмыс түрі болды.
Тұрмысы мен мал шаруашылығына қолайлы жерлерге көшіп-қонып жүрген.
Қалаларда қолөнер шеберлері пайда болды.
Олардың тез тігіп, шапшаң жинауға қолайлы
баспанасы болған.
Олардың ыдыстары сынбайтын, икемді материалдан:
ағаштан, теріден жасалды.
Олардың баспанасы кірпіш, ағаш т.б материалдардан салынған.
-
Көшпелі және отырықшы өмірді салыстырып, әңгімеле.
Дескриптор Білім алушы
-
көшпелі өмір салтына тән ерекшеліктерді анықтайды; -
отырықшы өмір салтына тән ерекшеліктерді анықтайды; -
көшпелі және отырықшы өмір салтын салыстыра сипаттайды.
24
ЖОБА
Бөлімше: 3.1 Ежелгі мәдениеттер мен өркениеттер
Оқу мақсаты 3.3.1.2 Тарих және мәдениет ескерткіштерін сақтау
маңыздылығын түсіндіру
Бағалау критерийі Білім алушы:
• Тарихи ескерткіштерді сақтаудың маңыздылығын
сипаттайды
Ойлау дағдыларының Білу және түсіну
деңгейі Қолдану
Тапсырма
Тарихи ескерткіштерді не үшін сақтау керек? Дұрыс тұжырымдардың тұсына «+» таңбасын қой.
Тарихи ескерткіштер арқылы адамдарда тарихи таным қалыптасады.
Ескерткіштер арқылы өз ұлтыңның әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін, ән мен күйін, елге қасиетті тұлғаларды, дала аңыздарын білуге болады.
Тарихи ескерткіштер суретке түсу үшін керек.
Тарихи ескеткіштер адамдарды адамгершілікке, имандылыққа, отансүйгіштікке тәрбиелейді.
Ескерткіштер әдемілік үшін салынады.
-
Сен тұратын жерде қандай тарихи немесе мәдени ескерткіштер бар?
-
Оларды бүлдірмеу, сақтау туралы нұсқаулық жаса.
Дескриптор Білім алушы
-
тарихи ескерткіштерді сақтау маңыздылығы туралы дұрыс тұжырымдарды анықтайды; -
жергілікті жердегі ескерткіштерді атайды; -
тарих және мәдениет ескерткіштерін сақтау туралы нұқсаулық құрастырады.
25
ЖОБА
Бөлімше: 3.2 Қазақстанның тарихи тамырлары
Оқу мақсаты 3.3.2.1 Түрлі материалдарды зерделеу арқылы
түркілердің өмір салтын анықтау
Бағалау критерийі Білім алушы
Ежелгі түркі халқының өмір салтын сипаттайды
Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі
Тапсырма
Мәтінді оқы.
Көне түркілер қасқырдан тараған әулет (ашина) деп саналған. Түркі мемлекетінің негізін қалаған - Бумын қаған. Ол көшпелі түркілерді Түрік қағанатына біріктірді. Түрік қағанатының құрамына қырғыз, қыпшақ, оғыз т.б тайпалар кірді. Шығыс түрік қағанатында көшпелі өмір салты басым болды. Олар мал шаруашылығымен айналысты. Батыс халқы отырықшы ел болып, жер жыртумен, қолөнермен, саудамен айналысты. Түркілер аспанды Көк тәңірі, ал жерді Бай ана деп санаған. Адамды бәле жаладан, ауру сырқаудан сақтайды деп отқа табынған. Жауынгер түріктердің туларында қасқырдың басы бейнеленген. Көне түркілердің жазба мәдениеті, көне жазуы болған. Олардың Батыс және Шығыс елдерімен сауда байланысы болған. Ұлы Жібек жолының үлкен бөлігіне иелік еткен.
-
Мәтінге сүйеніп, кестені толтыр. Кесте бойынша әңгімеле.
Түрік | Түрік | Өмір салты | Шаруашылығы |
қағанатының | қағанантының | | |
негізін қалаушы | құрамына енген | | |
| тайпалар | | |
| | | |
Дескриптор Білім алушы
-
кестеге мәтін мазмұнына сәйкес ақпараттарды жазады; -
түркілердің өмір салтын сипаттайды.
26
ЖОБА
Бөлім: Сәулет өнері
Бөлімше: 2.3 Табиғи жағдайлар және олардың әсері
Оқу мақсаты 3.2.3.1 Адамдардың табиғи жағдайларға байланысты
орналасуын талдау ( рельеф, климат, өсімдік және жануарлар әлемі, су нысандары)
Бағалау критерийі Білім алушы
• Адамдардың қоныстануына әсер ететін табиғи
жағдайларды анықтайды
Ойлау дағдыларының Білу және түсіну
деңгейі
Тапсырма
Климаттық сипаттамаларды оқы. Олардың қайсысы адамдардың қоныстануына қолайлы болып табылады? Белгіле (). Неліктен? Түсіндір.
Қоңыржай климат- ауаның температурасы және ылғал мөлшері өсімдіктердің өсуіне қолайлы, сондықтан жері орманды, шалғынды болып келеді. Жазы қоңыржай жылы, қысы суықтау, қарлы болады. Жыл бойына ауа райы құбылмалы болады.
Полярлық климат - қысқы поляр түндерінде температура -40°, ал кей түндері -50°қа жетеді. Боранды қатты жел соғады. Жаз айларының ең жылы күндерінде әдетте температура 0° шамасында болады. Материкке жақын жатқан аралдарда жаз айларында да кей күндері температура -10°-15° болады.
Дескриптор Білім алушы
-
адамдардың қоныстануына қолайлы болатын климатты анықтайды; -
себебін түсіндіреді.
27
ЖОБА
Бөлімше: 1.3 Менің атамекенім
Оқу мақсаты 3.1.3.1 Елді мекендерді түрлі белгілері бойынша ажырату
(тип, көлемі, қызметі)
Бағалау критерийі Білім алушы:
• Белгілеріне қарай елді мекендерді ажыратады
Ойлау дағдыларының Білу және түсіну
деңгейі
Тапсырма
Қай суреттерде қала бейнеленген? Нөмірін қоршап сыз.
-
Қаланың ауылдан қандай айырмашылығы бар? Түсіндір.
Дескриптор Білім алушы
-
қалалық жерге қатысты суреттерді анықтайды; -
ауыл мен қаланың ерекшеліктерін сипаттайды.
28
ЖОБА
Бөлімше: 2.4 Туризм
Оқу мақсаты 3.1.3.2 Қала мен ауылдың байланысын зерттеу, мысалдар
келтіру
Бағалау критерийі Білім алушы:
• Қала мен ауылдың байланысына мысал келтіреді
Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі
Тапсырма
Суреттерге сүйеніп , ауыл мен қаланың байланысы туралы әңгімеле. Ауыл қаланы немен қамтамасыз етеді? Қаладан ауылға нелер жіберіледі? Бірнеше мысал келтір.
Дескриптор Білім алушы
-суреттер бойынша ауыл мен қаланың байланысын сипаттайды;
-ауыл мен қаланың байланысына өздігінен мысалдар келтіреді.
29
ЖОБА
Бөлімше: 2.4 Туризм
Оқу мақсаты 3.2.4.1 Қазақстанның барынша тартымды туристік
нысандарының рейтингін жасау
Бағалау критерийі Білім алушы:
• Қазақстандағы танымал туристік нысандарының
рейтингісін құрастырады
Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі Жоғары деңгей дағдылары
Тапсырма
Суретте Қазақстандағы танымал туристік орындарда демалған адамдардың саны берілген (шамамен). Осы деректерді пайдаланып, туристік орындардың рейтінгісін құрастыр. Диаграмма түрінде бейнелеп көрсет.
Нысанның атауы | Адамдар саны |
| |
| |
| |
| |
| |
| |
-
Топтық жұмыс
Қосымша дереккөздерден рейтінгісі жоғары туристік орынның ерекшеліктерімен танысып, жарнама жаса.
Дескриптор Білім алушы
-
берілген деректердің негізінде диаграмма құрастырады; -
рейтингісі жоғары туристік нысанға жарнама жасайды.
30
ЖОБА
Бөлімше: 2.1 Жергілікті жерде бағдарлану
Оқу мақсаты 3.2.1.2 Масштаб пен шартты белгілерді пайдалана
отырып, жергілікті жердің жоспарын құру
Бағалау критерийі Білім алушы
• Шартты белгілер арқылы жергілікті жердің
планын сызады
Ойлау дағдыларының Білу және түсіну
деңгейі Қолдану
Тапсырма
Суретке мұқият қара. Шартты белгілерді пайдаланып, суретте бейнеленген жердің планын сыз.
Д
М
Шартты белгілер:
КӨПІР БАҚША КӨЛ