Файл: алыптастырушы баалауа арналан тапсырмалар жинаы Дниетану 3сынып.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 23.11.2023
Просмотров: 164
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
ОРМАН, ЖОЛ МЕКТЕП ҮЙ ДИІРМЕН
Дескриптор Білім алушы
-
жергілікті жердің планын сызады; -
шартты белгілерді орынды қолданады.
31
ЖОБА
Бөлімше: 2.1 Жергілікті жерде бағдарлану
Оқу мақсаты 3.2.1.1 Астрономиялық белгілер бойынша көкжиек
бағыттарын анықтау
Бағалау критерийі Білім алушы:
• Көкжиектің тұстарын астрономиялық белгілер
арқылы анықтайды
Ойлау дағдыларының Білу және түсіну
деңгейі Қолдану
Тапсырма
Суретке мұқият қара. Жарық жұлдыздың атауын жаз.
-
Бұл жұлдыз арқылы көкжиектің тұстарын қалай анықтауға болады? Түсіндір.
Дескриптор Білім алушы
-
жарық жұлдызды атайды; -
көкжиектің тұстарын Темірқазық арқылы анықтау жолын түсіндіреді.
32
ЖОБА
3-ТОҚСАН
Бөлім: Өнер
Бөлімше: 1.1 Менің отбасым
Оқу мақсаты 3.1.1.3 Өз әулетінің құндылықтарын анықтау
Бағалау критерийі Білім алушы:
• Отбасылық құндылықтарды атайды
Ойлау дағдыларының Білу және түсіну
деңгейі Қолдану
Тапсырма
Суретке мұқият қара. Сенің ойыңша бұл отбасында қандай құндылықтар сақталған? Құндылықтарды тізіп жаз.
Құндылықтар:
.....................................................................
.....................................................................
.....................................................................
.....................................................................
.....................................................................
.....................................................................
.....................................................................
.............................................................
-
Жазған құндылықтарды қолдана отырып, өз отбасың туралы әңгімелеп бер.
Дескриптор Білім алушы
-
отбасылық құндылықтарды атайды; -
өз отбасының құндылықтары туралы әңгімелейді.
33
ЖОБА
Бөлімше: 1.4 Денсаулық пен қауіпсіздік
Оқу мақсаты 3.1.4.1 Тұрмыстық құралдарды пайдалану ережелерін
графикалық түрде көрсету
Бағалау критерийі Білім алушы:
• Тұрмыстық құралдарды қолдану ережесін бейнелеп
көрсетеді
Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі
Тапсырма
Бос орындарға тұрмыстық құралдарды қолдануға қатысты берілген ережелерге сәйкес сурет сал.
Үйден шығарда электр құралдарын ток көзінен ажырату керек
Өткір заттарды (қайшы, пышақ) тұйық жағымен ұсыну керек
Ток көзінің саңылауларына шеге немесе басқа да темір заттарды салмау керек
-
Тұрмыстық құралдарды қолдануға қатысты тағы қандай ережелерді білесің? Суретін сал және тұсына ережесін жаз.
Дескриптор Білім алушы
-
тұрмыстық құралдарды қолдану ережесін графикалық түрде бейнелеп көрсетеді.
34
ЖОБА
Бөлімше: 3.5 Қазақстан тарихы: тәуелсіздік, мемлекеттілік және патриотизм
Оқу мақсаты 3.3.5.1 Қазақстанның бейресми рәміздерінің мәнін
түсіндіру («Алтын адам », «Бәйтерек» монументі, «Мәңгілік ел» қақпасы)
Бағалау критерийі Білім алушы:
• Қазақстанның бейресми рәміздерінің мағынасын
сипаттайды
Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі
Тапсырма
Қазақстанның бейресми рәміздерін белгіле ().
-
Қосымша дереккөздерден олардың біреуі туралы ақпарат іздеп тап және кестені толтыр.
Атауы
Қайда
орналасқан?
Қандай мәні
бар?
-
Тағы қандай бейресми рәміздерді білесің? Ол туралы жұбыңа әңгімелеп бер.
-
Бейресми рәміздер не үшін керек?
Дескриптор Білім алушы
-
бейресми рәміздерді анықтайды; -
берілген рәміздерге қатысты ақпараттарды іріктейді; -
өзі білетін бейресми рәміздерді сипаттайды; -
бейресми рәміздердің мағынасын түсіндіреді.
35
ЖОБА
Бөлімше: 3.2 Қазақстанның тарихи тамырлары
Оқу мақсаты 3.3.2.1 Түрлі материалдарды зерделеу арқылы түркілердің
өмір салтын анықтау
Бағалау критерийі Білім алушы:
Ежелгі түркі халқының өмір салтын сипаттайды
Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі
Тапсырма
Суреттерді пайдаланып, ежелгі түркілердің өмір салты туралы әңгімеле.
Дескриптор Білім алушы
-
суреттердің негізінде түркілердің өмір салты туралы әңгімелейді.
36
ЖОБА
Бөлімше: 3.1 Ежелгі мәдениеттер мен өркениеттер
Оқу мақсаты 3.3.1.2 Тарих және мәдениет ескерткіштерін сақтау
маңыздылығын түсіндіру
Бағалау критерийі Білім алушы
• Ескерткіштерді сақтаудың маңыздылығын
сипаттайды
Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі
Тапсырма
Суреттерді тарихи және мәдени ескерткіштер тобына жікте және түсіндір.
Жұпта ой бөліс. Ойыңды дәлелде.
-
Тарихи және мәдени ескерткіштердің қандай ерекшеліктері бар?
-
Тарихи ескерткіштер неліктен қорғауға алынады?
Ұзақ мерзімді жеке жұмыс.
-
Сен тұратын жерде қандай тарихи немесе мәдени ескерткіш бар?
-
Ол туралы не білесің? Өз өлкеңдегі ескерткіштер туралы деректер жина.
-
Постер жаса және таныстыр.
Дескриптор Білім алушы
-тарихи және мәдени ескерткіштерді ажыратады;
-тарихи және мәдени ескерткіштердің ерекшеліктерін сипаттайды;
-тарихи ескерткіштерді қорғаудың себептерін атайды;
-өз өзкесінің ескерткіштері туралы әңгімелейді.
37
ЖОБА
Бөлім: Атақты тұлғалар
Бөлімше: 3.2 Қазақстанның тарихи тамырлары
Оқу мақсаты 3.3.2.1 Түрлі материалдарды зерделеу арқылы түркілердің
өмір салтын анықтау
Бағалау критерийі Білім алушы:
Ежелгі түркі халқының атақты тұлғалары туралы әңгімелейді
Ойлау дағдыларының Білу және түсіну
деңгейі Қолдану
Тапсырма
Ежелгі түркі халқының атақты тұлғалары туралы мәтінді түсініп оқы.
Білге қаған Түрік қағанатының әміршісі, Тоныкөк оның кеңесшісі, Күлтегін әскербасы болған кезең қағанаттың мерейі тасыған кезеңі болып саналды. Білге қаған, Тоныкөк пен Күлтегін мемлекетті көркейту мақсатында көрші елдерге жорыққа шығып, жеңіске жетіп отырған. Олар бар күш-жігерін түрік мемлекетін біріктіруге жұмсаған. Олардың елін қорғау жолындағы ерлік істері туралы құлпытастарға ойылып жазылған. Бұл ескерткіштер түркі батырларының ерлігін жырлаған өшпес мұра болып табылады.
-
Мәтіндегі атақты тұлғалар туралы қосымша ақпарат жинақта. Кестені толтыр.
Білге қаған | Күлтегін | Тоныкөк |
Атқарған қызметі
Қосымша деректер
-
Кестеге сүйеніп, түркілердің атақты тұлғалары туралы әңгімеле.
Дескриптор Білім алушы
-
ежелгі түркі халқының атақты тұлғаларының атқарған қызметін сипаттайды;
-түркілердің атақты тұлғалары туралы әңгімелейді.
38
ЖОБА
Бөлімше: 3.3 Қазақстан тарихындағы маңызды оқиғалар
Оқу мақсаты 3.3.3.1 Қазақ хандығының құрылу себептерін түсіндіру
Бағалау критерийі Білім алушы
• Қазақ хандығының құрылу себептерін анықтайды
Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі
Тапсырма
Мәтінді түсініп оқы.
Қазақстанның орталық бөлігін билеп тұрған Әбілхайыр ханның қатал билігінен қарапайым халық қатты қиналды. Ру-тайпалардың арасында жағдай ушыға бастады. Салық көбейді. Көшіп-қону тәртібі жиі бұзылды. Соғыстан жеңіліс тапқан халықтың тұрмысы нашарлай бастады. Әбілхайыр ханның билігіне бағынғысы келмеген Керей мен Жәнібек сұлтандар оған қарсы шығып, соңына ерген халықты ертіп Жетісуға қарай көшті. Шу және Талас өзендерінің бойына орналасты. Оларға Әбілхайырға наразы болған қазақтар көшіп келіп , қосыла берді. Халық саны екі жүз мыңға жетеді. Сөйтіп, Қазақ хандығының негізі қаланады.
-
Қазақ хандығының құрылуына не себеп болды?
-
Қазақ хандығының негізін қалаған кімдер?
-
Қазақ хандығы туралы қосымша деректер жинақта.
-
Қазақ хандығы туралы постер жаса және әңгімеле.
Дескриптор Білім алушы
-
қазақ хандығының құрылу себептерін атайды; -
қазақ хандығының негізін қалаушылар туралы әңгімелейді.
39
ЖОБА
Бөлімше: 3.4 Көрнекті тарихи тұлғалар және мәдениет қайраткерлері
Оқу мақсаты 3.3.4.1 Тарихи мысалдар негізінде хандар, батырлар мен
билердің рөлін түсіндіру
Бағалау критерийі Білім алушы:
• Хандар, батырлар мен билердің рөлін сипаттайды
Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі
Тапсырма
Сипаттамаға сәйкес суретті тауып, байланыстырып сыз.
Ержүрек , қаһарман, соғыс тәсілін жетік меңгерген , тапқыр, қажырлы, қайратты жауынгерге берілетін құрметті атақ. Олар елін, жерін жаудан қорғаған.
Қазақ хандығындағы аса құрметті атақ. Бұл атаққа сот мәселесін жетік білетін, әділ, шешен, дана адамдар ғана ие болған. Олар заңдарға өзгеріс енгізіп , саясатқа ықпал ете алған.
Қазақ хандығындағы ең жоғарғы мемлекет билеушісі. Елдегі маңызды мәселелерді шешкен. Өз атынан бұйрық шығарған. Соғыс жағдайында әскерге қолбасшылық еткен.