Файл: Дипломды жмыста жобаланатын имаратты бас жоспары, архитектуралы жоспарлау шешімдері жне рлеу сыныстары келтірілген.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Дипломная работа

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 23.11.2023

Просмотров: 124

Скачиваний: 3

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Кесте 1.2. Бас жоспар бойынша ТЭК



Аты

Өлшем бірлігі

Саны

1

2

3

4

1

Алаңның ауданы

м2

4464,0

2

Құрылыс ауданы

м2

1009,2

3

Жабындар ауданы

м2

1964,8

4

Көгеріштер ауданы

м2

1490,0

5

Құрылыс тығыздығы

%

22,60

6

Жабындар тығыздығы

%

44,01

7

Көгеріштер тығыздығы

%

33,39



1.3. Жобаланатын мәдени-сауық орталығының архитектуралық жоспарлау шешімдері

Мәдени-сауық орталығы ғимаратының архитектуралық жоспарлау шешімдері, осы бөлімнің 1.1.1 және 1.1.2 тарауларындағы талданған талаптарға және ҚР ҚНжЕ 1.01-01-2001 «Мәдени-сауық мекемелері» құжаты мен осы құжат негізінде дайындалған жобалауға арналған құралдағы талаптарды ескере отырып дайындалған.

Мәдени-сауық орталығы ғимаратының жоспардағы бейнесі қарапайым тіктөртбұрышты болып жасалған. Жалпы остік өлшемдері 33,0x27,0м. Ғимараттың 1/(А-Г) остері аралығында ғимаратқа архитектуралық келбет беру мақсатында әйнектелген шығыңқы тұстары қарастырылған.

Құрылыс орны сейсмикалық қауіпті аймақта (8балл) орналасқандығын ескере отырып ғимаратты қарапайым тік бұрышты төрт бөлікке бөлдік.

Бірінші бөлік (3-6) және (Б-B) остерінің аралығына орналасқан, остік өлшемдері 15x27 метр. Жер үсті бөлігі бір қабатты, және едені бір жағына еңістігі бар. Биіктігі көрермендер залы үшін 5,90 метр, ал эстрадалық бөлік үшін 5,90 метр. Қаңқа колонналарының бойлық және көлденең бағыттағы адымдары 3,0, 6,0 және 15,0 метрді құрайды. Осы бөліктің 7/(А-Г) остерінің аралығында шаруашылық ауласына шығатын есіктер орналастырылған.

Екінші және үшінші бөлік жоспардағы формалары бір біріне ұқсас қарапайым тік бұрышты бейнеде жобаланған. Екінші бөлік (Г-В) және (3-7) остерінің, ал үшінші бөлік (А-Б’) және (3-7) остерінің аралығында орналасқан. Остік өлшемдері 6,0x27,0 метрді құрайды.

Бұл блоктардың жер беті бөліктері екі қабатты болып жоспарланған қабаттардың биіктігі 3,50м және 3,0м (екінші қабатқа)

Екінші және үшінші бөліктің(А-Б’)/(3-4) және (Г-В)/(3-4) остерінің аралығында жер асты бөлігі (подвал) қарастырылған. Олардың жоспардағы өлшемдері екінші блок үшін 6,0x9,0м ал үшінші блок үшін 6,0x9,0метрді құрайды. Подвалдың бөліктік биіктігі 2,70м болып жобаланған. Ғимараттың жоспардағы ішкі қабарғалары жұқа бөлмеаралық перегородкалар, ал қалың қабырғаларды құймалы темірбетонды рамалармен алмастыру жобаланған. Ішкі ендік және бойылық рамалардың колонналарының адымы 5,6 және 6,0, 3,0м аралығында қабылданған. Ғимарат бөлмелерінің интерерлерінің әсерлі болып шығуы үшін ішкі рамаларның қырлары тегіс төбеден шығыңқы етіп жобаланған.

Жалпы алғанда ғимарат қабаттарның жоспарлық шешімдері төмендегіше жоспарланған.

Бірінші бөлікте (Б-В) және (3-6) осьтерінің аралығында көрермендер залы оналасқан сыйымдылығы 400 орын өлшемі 15х18м. Ал осыған жапсарлас бөлікте (Б-В)/(6-7) осьтерінің аралығында эстрада (сахна) орналасқан өлшемі 15х9,0м. Көрермендер залының едені артқы қабырғаға қарай еңістікпен көтерілген, сондықтан оның аяқ жағында еден астында гардероб және тазалағыш жабдықтар қоймасы орналасқан. Залға кіре беріс вестибюльден және (В-Б) осьтерінің аралығында орналасқан.



Осылармен қатар ғимарат ішінде қауіпсіздік және өртке қарсы талаптарға сәйкес екі саты клеткасы қарастырылған. Саты клеткалары (3-3’)/(Г-В’) және (4-5)/(А-Б) остерінің аралығында орналасқан өлшемдері 3,0x6,0м және 6,0х6,0м.

Екінші блокта яғни (3-7)/ (Г-В) аралығы екі қабатты бірінші қабатта декорацияларқоймасы, жылу пункты, саты клеткасы, әкімшілік бөлмелері, шыға беріс тамбур орналасқан.

Екінші қабатта саты клеткасы, санитарлық түйіндер, үйірмелерге арналған бөлмелер орналасқан. Үшінші бөлік екі қабатты және (А-Б’)/(3-7) осьтерінің аралығында орналасқан. Өлшемі 6х27,0м. Бірінші қабатта әртістер бөлмесі, суретші бөлмесі, саты клеткасы, әкімшілік бөлмесі және буфеттің қосалқы бөлмесі орналастырылған. Екінші қабатта кітапхананың оқу залы, қызметкерлер бөлмесі, кітап қоры, саты клеткасы үйірмелік бөлмелер орналастырылған. Бірінші қабаттың биіктігі 3,20м, ал екінші қабаттың биіктігі 3,0м.

Екінші және үшінші бөліктің жерасты бөлігінде (3-4)/(А-Б) және (3-4)/(Г-В) осьтерінің аралығы, клуб ғимаратының техникалық және қоймалық бөлмелері орналастырылған.

Төртінші бөлік (1-2) және (А-Г) осьтерінің аралығында орналасқан, формасы төртбұрышты өлшемі 6,0х27,0м, екі қабатты. Бірінші қабаттың биіктігі 3,20м, ал екінші қабаттың биіктігі 3,0м. Бұл бөліктің бірінші қабатында вестибюль-фойе, буфет-кафе, сырт киім гардеробы орналасқан, көрермендер залына кіре беріс осы бөліктен қарастырылған.

Екінші қабатта, киноаппараттар бөлмесі, би залы, костюмдер бөлмесі және т.б. бөлмелері қарастырылған. Барлық қажетті бөлмелер мен бөлімдердің аудандары және өлшемдері қолданыстағы мөлшерлеу құжаттарының (ҚНжЕ) талаптарына сәйкес тағайындалып қабылданған. Ғимараттың жоспарларының сызбалары графикалық бөлімде келтірілген және бөлмелер эксплоикациясының толық тізімі төмендегі 1.3. кестесінде келтірілген.

Кесте 1.3. Бөлмелер экспликациясы



Бөлмелердің аты

Ауданы,м2










1-қабат (0,00 белгісі)






Вестибюль фойе

117,60



Сырт киім гардеробы

31,5



Көрермендер залы

257,60



Эстрада (сахна)

126,0



Буфет-кафе

36,0



Буфеттің қосалқы бөлмесі

18,0



Саты клеткасы

14,56



Директордың бөлмесі

21,84



Саты клеткасы

31,36



Суретші бөлмесі

12,0



Әртістер бөлмесі

17,55



Әртістер бөлмесі

17,55



Техникалық қызметкерлер бөлмесі

18,0



Оркестр үйірмесі бөлмесі

31,36



Декорациялар қоймасы

15,68



Музыкалық құралдар бөлмесі

15,68




2- ші қабат(3,50 белгісі)






Кітапхананың оқу залы

48,83



Кітап қоры, қызметкерлер бөлмесі

10,53



Коридор

4,50



Драманың үйірме бөлмесі

33,54



Бильярд бөлмесі

66,84



Киноаппараттар бөлмесі

20,16



Би залы

66,84



Саты клеткасы

14,56



Саты клеткасы

31,36



Лекция залы

61,6



Үйірмелер

2х23,40


Көлемдік жоспарлау шешімдерін дайындау барысында мәдени-сауық орталығы ғимараты бойынша төмендегідей техника-экономикалық көрсеткіштер алынды.

Кесте 1.4. Жоспарлау шешімдері бойынша ТЭК



Көрсеткіштің аты

Өлшем бірлігі

Саны



Құрылыс көлемі

м3

8464,5



Құрылыс ауданы

м2

890,0



Жалпы ауданы

м2

1203,24



Пайдалы ауданы

м2

1109,44



Есептік ауданы

м2

1109,44

2. КОНСТРУКЦИЯЛЫҚ БӨЛІМ

2.1. Үйлердің конструкциялық схемалары

Үйлер мен ғимараттың конструкциялық негізін ең маңызды қолданысы сол үйлерге әсер ететін жүктерді қабылдау және ғимараттың бүкіл қызмет ету мерзімінде оған беріктік сапасын қамтамасыз ету болып табылады.

Үйлер мен ғимараттарға әсер ететін жүктерді екі топқа бөлуге болады:

  • тұрақты жүктер;

  • уақытша жүктер.

Тұрақты жүктердің қатарына ғимараттардың барлық конструкциялық элементтерінің өзіндік салмақтары жатады.

Уақытша жүктердің қатарына: - пайдалы жүктер, яғни, ғимаратта адамдардан, құрал-жабдықтардан кезең кезеңімен пайда болатын функционалды жүктер, құрылыс ауданының табиғи факторларына байланысты (қар жүгі, желдің әсері, сейсмикалық әсерлер, температуралық әсерлер) және тағы басқа жүктер жатады. Уақытша жүктер әсер ету мерзіміне байланысты ұзақ мерзімді, қысқа мерзімді және ерекше болып үш түрге бөлінеді. Конструкциялық элементтерді есептеу кезінде бұл жүктердің әсерлерін әртүрлі үйлесімде ескеріп отырады. Әсер ету сипаты бойынша ғимарат элементтеріне әсер етуші жүктер статикалық (мысалы: элементтің өз салмағы) және динамикалық (жел, тербеліс және т.б.) түрлерге бөлінеді. Әсер ету аймағына байланысты қадалған және бірқалыпты бөлінген жүктер болып екі түрге бөлінеді.

Әсер ету бағыты бойынша жүктер көлденең және тік бағытта әсер ететін күштер болып екі түрге бөлінеді. Бұл жүктердің әсерін тек қана есептеу кезінде емес және жобалаудың барлық кезеңдерінде қабылданатын шешімдердің сандық критерийларын бағалау үшін қолданады. Конструкциялық элементтердің қолданылатын орнына байланысты оған әсер ететін жүктердің мөлшерлік шамаларының арасында үлкен айырмашылықтар болады. Мысалы: тұрғын үйлердің қабатаралық жамылғыларына түсетін бірқалыпты бөлінген пайдалы жүктің мәні өндірістік үйлердің осы аттас элементтеріне түсетін жүктерінен айырмашылығы 10-20 есеге дейін болады. Қар жүгінің мөлшерлік мәні құрылыс ауданының орнына байланысты бес есеге дейінгі айырмашылықты құрайды (0,5-2,5кг/м
2). Сондықтан да қар көп түсетін аудандарда шатырлардың формасы күрделі болып келеді және қар суыру кезінде пайда болатын қар жиылымдарын тазалау жұмыстарын жеңілдету үшін, соған сәйкес формаларға ие болуы тиіс. Құрылыс ауданына байланысты желдің әсері, әсіресе таулы аймақтарда, теңіз жағалауларында басқа қауіпті аудандарға қарағанда әлдеқайда үлкен болып келеді. Сондықтан да жобаланатын ғимараттардың, үйлердің қабаттары санының және биіктіктерінің ұлғаюы бұл ғимараттарды инженерлік тұрғыдан күрделендіре түседі.

Көтергіш қаңқа түрлері. Үйлер мен ғимараттардың көлденең орналасқан көтергіш элементтері (қабатаралық және жабын жамылғылары) негізінен тік бағытта әсер ететін әртүрлі жүктердің әсер қабылдау үшін қолданылады және де осы әсер етуші жүктерді бірқалыпта бөліп, тірек реакциясы ретінде төменгі тік бағытта орналасқан конструкцияларға (қабырғалар, колонналар) береді. Сонымен қатар бұл жамылғылар көтергіш қаңқаны көлденең қатаңдық диафрагмасының ролін атқарады және өзінің жазықтығында асырғыш және итергіш жүктердің әсерін қабылдайды және үйлердің әртүрлі көлденең деңгейіндегі геометриялық орнықтылығын қамтамасыз етеді. Сонымен қатар тік бағытта орналасқан конструкциялармен үйлесе жұмыс жасайды және жүктердің өзара әйтпесе конструкция аралық бөлісуіне мүмкіндік береді.

Тік бағытта орналасқан көтергіш конструкциялар үйді пайдалану кезінде пайда болатын әсерлер мен жүктердің барлық түрлерін қабылдайды және үйдің іргетасы арқылы табанға (топыраққа) жеткізеді. Тік бағыттағы тіректер үйлер мен ғимараттардың көтергіш қаңқасын классификациялауда негізгі анықтағыш белгі болып табылады. Тік бағыттағы тіректердің екі түрі болады:

  • шыбық тәріздес (колонналар немесе қаңқаның бағаналары);

  • жазық тіректер (қабырғалар).

Сонымен қатар тірек түрлерінің қатарына көлемді архитектуралық элементтерді (пилондар, карниздер, парапеттер) жатқызуға болады. Дегенмен, мұндай түрек түрлері жобалау ісінде өте аз қолданылады.

Тік бағыттағы қабырғалар оларды құратын материалдарына байланыссыз (ағаш, металл, кірпіш, темірбетон) барлық жағдайда бір өлшемі (қалыңдығы) басқа негізгі өлшемдеріне қарағанда анағұрлым кіші жазық элемент ретінде қарастырылады. Осы анықтама негізінде үйлер мен ғимараттардың көтергіш қаңқасын төмендегідей түрлерге бөлуге болады:

  1. Қаңқалы (құрастырмалы немесе біртұтас құймалы темірбетон, металл және ағаш);

  2. Қаңқасыз, яғни қабырғалары (әртүрлі табиғи және жасанды тастардан немесе құрастырмалы және біртұтас құймалы темірбетонды қабырғалар);

  3. Аралас, яғни әртүрлі шыбық тәріздес және жазық тік элементтерден (колонналар және қабырғалар) үйлескен жүйе.