ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 23.11.2023
Просмотров: 86
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Ғалымның жоғарыдағы тұжырымына сүйене отырып, ақпараттық технологиялар факультеті студенттеріне қазақша кәсіби тілін модуль арқылы оқытуда төмендегі ұстанымдарды басшылыққа алдым.
1. Модуль арқылы оқыту ұстанымы.
2. Қатысымдық бағыттағы ұстанымы.
3. Оқытушы мен студент әрекетінің кері байланыс ұстанымы.
4. Теңбе-теңдік ұстанымы.
Қазақ тілінің модуль ұстанымдары мен жалпы дидактикалық ұстанымдар тығыз байланысты.
Қазақша кәсіби тілді модуль арқылы оқытудағы маңызды ұстанымдардың бірі – модульмен оқыту ұстанымы. Бұл өзіне ғана тән қазақ тілін модуль арқылы оқытудың негізгі ұстанымы. Модуль арқылы оқыту ұстанымы белгілі әдістемелік ережелер арқылы жүзеге асады.
Оқыту мазмұны құрылымдық бөліктерге, яғни мақсат, оқу материалы, әдістемелік нұсқау, бақылау-тексеру бөліктерінен тұратын, аяқталған бірлікке, модульге бөлінеді.
Модуль - дидактикалық жүйе. Мұнда оқыту мақсаты, мазмұны, әдісі, құралдары, формалары және бақылау жүйесі біртұтас, динамикалық сипатқа ие.
Оқыту мазмұны толығымен дидактикалық мақсатқа жетуді қамтамасыз етеді. Жалпы дидактикалық мақсаттың жемістілігі – модульмен оқыту бағдарламасының мазмұнына, жеке мақсат – модуль мазмұнына, төл мақсат – оқу элементінің мазмұнына сәйкес.
1.2 Қатысымдық бағыттылығы ұстаным ережелері
Модуль – модуль арқылы оқытудың негізгі құралы, бірлігі. Ол мәліметтің аяқталған блогынан тұрады. Оның құрамына дидактикалық мақсатқа жетуді қамтамасыз ететін әдістемелік нұсқау мен әрекеттің мақсатты бағдарламасы кіреді.
Қатысымдық бағыттылығы ұстанымын жүзеге асыруда келесі ережелерді басшылыққа алған жөн:
- Кез-келген сөз, сөз тіркесін, грамматикалық құбылысты ала отырып, олардың тілдесімдегі қызметін, орнын студенттерге ашып көрсететіндей белгілі бір жағдай ұсыну қажет. Себебі студенттер берілген тілдік тұлғалардың тілдесім актінде қолданылуын алғашқы сәттен-ақ көруі тиіс.
Егер тілдік тұлғалар жағдайдан тысқары берілсе және олардың сыртқы формасы мен мағынасына ғана назар аударылса, алғашқы сәттен-ақ студенттер бұлардың не үшін беріліп отырғанын түсінбейді де, қатысымдық ұстаным жүзеге аспайды.
- Материалдың меңгерілуі оның бірнеше рет қайталануына байланысты. Олай болса, ұсынып отырған жағдайға әрдайым жаңалық енгізе отырып, материалдың бірнеше рет қайталануын қамтамасыз ету қажет. Мүмкіндігінше, берілетін жаттығулардың барлығы қатысымдық бағытта болғаны жөн.
- Меңгерілген материал негізінде студенттердің тілдесім жағдайын ұйымдастыра отырып, олар бір-бірімен еркін тілдесіп үйренуге неғұрлым қолайлы жағдай, жағымды психологиялық атмосфера жасалғаны жөн. Сонымен бірге студенттердің өзара жеке қарым-қатынасын да ескеру қажет. Сонда ғана олар қазақша кез-келген материалды бар ынта-жігерімен, ықыласымен тыңдайтын, айтатын, оқитын болады.
- Тілдесім тек ауызша түрде ғана емес, оқылым арқылы да жүзеге асады. Сондықтан студент мәтінді оқыған кезде, оның негізгі назарын мәтіннің мағыналық-мәндік жағына аудару керек. Ол үшін сол мәтін бойынша қатысымдық бағыттағы тапсырмаларды кеңінен қолданған дұрыс.
Қазақша кәсіби тілді модуль арқылы оқытуда оқытушы мен студент әрекетінің кері байланыс ұстанымы. Қазақ тілін модуль арқылы оқыту барысында студент әрқашан бақылауда болады: әр кезекті қадамы артқысының дұрыс екендігін тексергеннен кейін барып жасалады. Тілді меңгеру әрекеті барысы туралы мәлімет – кері байланыс – оқытушыға (сыртқы кері байланыс) және оқушыға (ішкі кері байланыс) түсіп отыруы мүмкін. Кері байланыс қызметі мынадан тұрады:
- Тілді оқытып үйретудегі қолма-қол бақылау мен өзін-өзі бақылау.
Басқару циклында ұйымдастырудың осал жақтары және орындау тәртібінің сапасы байқалады. Соның арқасында осы көрсеткіштерге өз уақытында көмек көрсетіледі. Осыдан келіп тілді оқытып үйрету әрекетін реттеу және түзеу мүмкіншіліктері туады. Сонымен бірге, оқытушы, өзінің оқыту әрекеті әсерлілігінің қаншалықты шынайы екенін түсінеді. Ал оқушы болса, қалай және неге үйренгені туралы, өзінің оқу әрекетінің дұрыстығы туралы хабардар болады. Бұл өте маңызды, себебі студент материалды қаншалықты дұрыс меңгеріп жатқаны туралы мәліметті дер кезінде алып отырса, ол аз қате жібереді, танып-білуде ең ықшамдалған жолмен жүреді, білімі біршама ұғынылған болады.
- Кері байланыс ұстанымы білімді бекіту ролін атқарады. Бұл ұстанымның маңыздылығы да осында.
-
Кері байланыстың уәждендіретін қызметі, студенттің алдағы жетістіктерін алдын ала білуінен және оларға сүйене отырып, ынталануынан, одан әрі жылжуға қызығушылық тууынан тұрады.
Модуль арқылы оқытуда кері байланыс ұстанымын жүзеге асыру үшін келесі ережелерді басшылыққа алған жөн.
- Кері байланыс мазмұнын анықтау.
- Кері байланыс жиілігін айқындау.
ІІ. Тарау Теңбе-теңдік ұстаным модулі
Теңбе-теңдік ұстанымы модуль арқылы оқытуда оқытушы мен студенттің субъект – субъектілік өзара әрекетін талап етеді. Қазіргі кезде оқу үрдісінде студенттің белсенділігіне, өзін-өзі басқаруға көп уақыт, көңіл бөлінуде.
Соңғы жылдары көптеген ғалымдардың пайымдауынша, оқу үрдісінде студент жоғары белсенділік көрсетіп, ал оқытушы тек бағыт-бағдар, кеңес беруші қызметін атқарған жағдайда ғана оқытып үйрету біршама тиімді болады. Бірақ ол үшін студентті оқудың тиімді құралдарымен, мысалы, модульмен қамтамасыз ету керек. Осы тиімді ақпараттық құралды пайдалана отырып, оқушы жаңа материалды меңгеруді өзі ұйымдастыра алады, сөйтіп оқытушы – студент – субъект – субъектілік өзара әрекетке дайын болады.
Сонымен, қазақша кәсіби тілді модуль арқылы оқыту негізінде, модуль арқылы оқыту бағдарламасын (МБ) қосқанда, оқытушы (С1) мен студенттің (С2) субъект-субъектілік тепе-тең өзара әрекеті жүзеге асады.
Модуль арқылы оқытудың тепе-теңдік ұстанымы мынадай әдістемелік ережелерді сақтауды талап етеді:
- модуль арқылы оқыту бағдарламасының ішіндегі модульдер белгілі деңгейге дейін студенттерге білімді өз бетімен меңгеруіне мүмкіндік жасауы керек;
- модуль арқылы оқыту бағдарламасы оқытушыны таза ақпарат беруші қызметінен босатып, оның кеңес, бағыт-бағдар беруші қызметінің анық көрінуі үшін жағдай жасауы керек;
- модуль арқылы оқыту бағдарламасы (модульдер) оқытушы мен студенттің бірлесіп әрекет жасауының ұтымды жолдарын таңдауына жағдай жасауы керек.
Қазіргі қазақ тілі, жалпы тіл білімі, тіл дамыту, қазақ тілін оқыту әдістемесінің жинақталған тәжірибелері негіз болды.
Оқу сөздіктерінде сөзтізбені құрайтын атау сөздерді іріктеу лингвистикалық және лингводидактикалық ұстанымдарды ескеру негізінде жүзеге асырылады. Атап айтқанда, бірінші кезекте коммуникативтік құндылық ұстанымы ескеріледі. Мұнда басты назарда ұғым не түсініктің тілдік жағдаяттардағы қолданылу мүмкіндігі болады. Бұл ұстаным бойыша жалпы сөйлесу үшін және белгілі бір тақырып аясында әңгіме өрбітуге қажетті сөздер сұрыпталып алынады. Лексикалық құрам қарым-қатынас саласы мен тақырыбы бойынша жіктеледі. Сөздердің тіркесім қабілеті сараланады. Мұнда өзара байланысу, тіркесу қабілеті жоғары сөздер іріктеліп алынады. Бұл оқушылардың сөздерді өзара байланыстырып, сөйлем құрап, ойын жеткізе білу дағдысын қалыптастыруға көмектеседі. Екінші кезекте көпмағыналылық ұстанымы ескеріледі. Мұнда полисемиялар басты назарға алынады. Сөз мағынасы көбейген сайын оның қолданылу мүмкіндігі де жиілейді, ол дерексізденіп, басқа мағыналарды қамту, ішіне алу мүмкіндігіне ие бола береді. Сондықтан көпмағыналы сөздерді үйрену арқылы оқушы сөздің қай контексте қандай мағына алып тұрғанын айыра білетін болады. Үшінші кезекте
стилистикалық бейтараптық ұстанымы болады. Ол бойынша, белгілі бір топқа барлық стильде де қолданыла беретін бейтарап сөздер іріктеліп алынады. Сөзжасамдық ұстаным негізінде сөзжасамдық мүмкіндігі мол сөздер, басқа, туынды сөздерге негіз болуға қабілеті мол түбір сөздер іріктеліп алынады. Сөздің жаңа сөз тудыру мүмкіндігі көп болған сайын оның сөздікте берілу ықтималдығы да арта түседі. Қолданым жиілігі ұстанымы негізінде тілдегі лексикалық варианттар арасынан ең жиі қолданылатын атаулар алынады. Идеографиялық оқу сөздіктерінде қамтылуы тиіс сөздердің көлемі туралы ортақ пікір жоқ. П.Н.Денисов орташа сөздік 10-12 мың сөзден тұруы керек, ал үлкен сөздік 25 мыңнан аса сөзді қамтуы қажет деп есептейді [6]. Бұл мәселе негізінде әр тілдегі тақырыптық таралымның ерекшеліктеріне тәуелді болады. Тақырыптық топтардың әр тілдегі көлемі әр түрлі. Ол сол тілдегі тақырып аясының даму ерекшеліктеріне байланысты.
2.1 Құрмалас сөйлемдерді оқытуда шығармашылықпен жұмыс істеуде тірек ететін ұстаным
Құрмалас сөйлемдерді оқытуда шығармашылықпен жұмыс істеу әдістемесінің дидактикалық тұғырын негіздеуде дамыта оқыту технологиясы мен оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасының идеялары басшылыққа алынды.
Д.Б.Эльконин, В.В. Давыдовтың дамыта оқыту технологиясы, Г.К. Селевко, В.П. Беспальконың дамыта оқыту жөніндегі ойлары, Н.Құрманованың дамыта оқыту туралы ойлары, Ч.Темпл, К.Мередит, Д.Стиллдің сын тұрғысынан ойлау бағдарламасы, Б.Тұрғынбаеваның сын тұрғысынан ойлау жөніндегі тұжырымдары, Ә.Исабаев, Ф.Ш. Оразбаева, Н.Құрманованың оқыту туралы ойлары мен тұжырымдары басшылыққа алынды. Құрмалас сөйлемдерді оқытуда шығармашылықпен жұмыс істеуде тірек ететін ұстанымдарымызды анықтау білім мазмұнын, дамыта оқыту мен сын тұрғысынан ойлау технологияларының әдістері мен стратегияларын мақсатқа сай ұйымдастырудың тиімді жолдарын ашуға мүмкіндік берді. Құрмалас сөйлемді оқытуда шығармашылықпен жұмыс істеу барысында оқытудың өмірмен байланыстылығынегізгі ұстанымдардың қатарына жатады. Бұл ұстаным оқушының өміріндегі белсенділігі мен таным әрекеттерінің ашылуына ыңғайлы жағдай туғызуға қызмет етуі керек. Оқытудың өмірмен байланыстылығы ұстанымының негізгі көрсеткіші теориялық ұғымдардың мазмұнын, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын табуында және ол білім көзін өмірдегі ағымдардың қай тұсына іске асыруды нақты тапсырмалар орындау барысында тани білуінде. Тапсырмалар орындауда талдау-жинақтау, топтастыру, салыстыру, эксперимент әдістерін ұтымды пайдалану арқылы өмірмен байланыстыра қолдана алуымен танылады. Оқушының шығармашылық қабілеттерін дамытумен қатар, олардың бойына адами қасиеттерді дамыту; дүниетанымын кеңейту; өмірде болып жатқан құбылыстарды пайымдай білу; алған білімін өмір шындығымен байланыстыра алу секілді қасиеттерді сіңіру әрекеттері сабақтастырыла жүргізілді. Құрмалас сөйлемдерді оқытуда шығармашылықпен жұмыс істеу әдістемесінде
саналылықпен білім алу ұстанымы оқушының оқу-танымдық үдерісінің нәтижесінің жоғары болуын қамтамасыз етеді.Саналы түрде білім алған оқушының іске қызығушылығы мен белсенділігі артатыны дәлелденді. Оқушының саналы әрекетінің негізгі көрсеткіші ретінде өзін-өзі дамытуға, тануға, ой-тұжырымын білдіруге бағытталған әрекеті танылды. Құрмалас сөйлемді оқытуда шығармашылықпен жұмыс істеу әдістемесінде оқушылардың өз бетімен іздене білу ұстанымы маңызды болып келеді. Бұл ұстаным оқушының шығармашылық деңгейін көтеру, шығармашылық әдіс-тәсілдерді меңгеруін міндеттейді. Оқушы іс-әрекетке өз бетімен ізденіп белсенділік танытады. Белсенді әрекет арқылы шешім табуға жол іздейді, талаптанады. Бұл бағытта оның танымдық қабілеті мен ізденімдік деңгейі артады. Құрмалас сөйлемді оқытуда шығармашылықпен жұмыс істеу әдістемесі үшін тағы оқытудыңжүйелілік ұстанымы, ғылымилық ұстаным, оқушының психикалық дара ерекшеліктерін ескеру ұстанымы, жеңілден ауырға қарай ұстанымыіріктелініп алынды. Осы ұстанымдар негізінде құрмалас сөйлемдерді оқытуда шығармашылықпен жұмыс істеу әдістемесінің ғылыми негізі жасалды:
1 - кезеңде (2002 – 2004) – құрмалас сөйлемдерді оқытуда шығармашылық жұмыстардың негізгі ерекшеліктері зерттеліп, тиімді тапсырмалар сұрыпталды. Құрмалас сөйлемдерден алған білімдеріне тексеру жұмыстары жүргізілді. Анкеталық сұрақтар алынып, пікір жаздыртылды; бақылау жұмысы және сынақ өткізілді.
2-кезеңде (2004-2006) – жаңа педагогикалық технологияларды меңгертуге арналған ғылыми-әдістемелік әдебиеттерге, қазақ тілін оқыту барысындағы озық тәжірибелерге сүйене отырып, құрмалас сөйлемдерді оқытатын шығармашылық тапсырмалар сұрыпталды. Тапсырма түрлерінің мазмұны мен жаңалығына, тиімділігі мен танымдылығына назар аударылды. Құрмалас сөйлемдерді оқытудағы шығармашылықпен жұмыс жүргізудің тиімді жолдары анықталып, бұл амал-тәсілдер қазақ тілі сабақтарында іске асырылды. 3-кезеңде (2006-2008) қазақ тілінен құрмалас сөйлемдерді шығармашылық тапсырмалар арқылы оқытуға байланысты тәжірибе материалдары жинақталды, жаттығулар мен тапсырмалардың тиімділігі қорытындыланып, көрсеткіштері айқындалды; олар сараптаудан өткізілді: - құрмалас сөйлемдерді оқытуда шығармашылықпен жұмыс жүргізу оқушылардың білім деңгейін оқушылық деңгейден шығармашылық деңгейге дейін көтерер тиімді жол болып табылады. - қазақ тілі сабағында құрмалас сөйлемдерді оқытуда шығармашылықпен жұмыс істеу оқушылардың сөздік қорын байытады; логикалық ойлау қабілеті мен тілін дамытуға көмектеседі; таным белсенділігін арттырады;