Файл: Мазмны кіріспе І. Тарау.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 23.11.2023

Просмотров: 87

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


- шығармашылық жұмыстар қазақ тілі сабағында оқушының сыни тұрғыдан ойлауын арттырады, өз бетімен білім көзін ашуға ұмтылдырады; ізденімпаздық- зерттеушілік деңгейге жеткізеді; өзін-өзі тануына және жеке тұлға ретінде танылуына жол ашады;

- құрмалас сөйлемдерді шығармашылықпен жұмыс жүргізу әдістемесі арқылы оқытуда аналитикалық, танымдық, ізденімдік жаттығулар мен шығармашылық тапсырмалар жүйесінің, тиімді әдістердің маңыздылығы артады;

- шығармашылықпен жұмыс жүргізу әдістемесінің ерекшеліктері мен ұстанымдарын айқындай отырып, шығармашылық жұмыс түрлерін жүргізу оқушының шығармашыл ойлауы мен сауаттылығын дамытуға жол ашады.


2.2 Құрмалас сөйлемдерді оқытудағы шығармашылық жұмыстардың тәрбиелік ұстанымы.

Мұнда оқыту мен тәрбиенің негізгі қағидалары мен тәрбиелеу жолдарына көңіл бөлінді.Адам болмысын тәрбиелеу үдерісінің маңыздылығы – оның жанын дамыту. Баланың өсіп-жетілуіне орай дамытылып отыратын әдіс-тәсілдерді қолдану, оны түрлендіріп, жаңғыртып пайдалану әрекеттерімен санасады. Шығармашыл жеке тұлға тәрбиелеудің бірден-бір жолы – оның дүние сырын тануға деген құлшынысын қалыптастыру, өз бетімен дүние сырын танып-білуге құштарлығын ояту, дамытушылық іс-әрекеттер мен әдіс-тәсілдер таба білуге үйрету секілді тәрбиелік үдерістер негізі.

Құрмалас сөйлемдерден білім беруде алынған мәтіндер, мысалдар, сөйлемдер тікелей өмірмен, болып жатқан жаңалықтармен, ел экономикасы, өнеркәсіп саласындағы қол жеткен табыстар мен өнегелі адамдардың өмірімен таныстыра түсіндіру бағытында жинақталды. Оқушылардың түрлі мәтіндердің көмегімен еліміздің егемендік алуы, тіл мәртебесінің жоғарылауы, тарихи тұлғалар туралы танымы артады. Қазақстанның тұңғыш президенті, Қабанбай, Бөгенбай, Райымбек т.б. туралы мәтіндер құрмалас сөйлемдерді меңгерту барысында теориялық біліммен қабат ірі тарихи мәліметтермен ақпараттандырылады. Еліміздің ізгі мұрасын, ізгілік қасиеттерді сіңіру, салт-дәстүр үлгілерін көрсетіп, бойына сіңіру жолдары басты назарға алды:

  • мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту;

  • мемлекеттік тілдің қолданбалы саласын жетілдіру;

  • мемлекеттік қызметшілерге мемлекеттік тілді үйрету үдерісінде әдістемелік шеберлігі шыңдалған оқытушылардың тәжірибесін кең насихаттау, тарату;

  • мемлекеттік қызметшілерге қазақ тілін жаңа оқыту технологияларын пайдалану негізінде үйретудің сапалы әрі тиімді жүйелерін анықтау;

  • қазақ тілінің кумулятивтік аспектісін кең пайдаланатын ұлттық педагогика ұстанымдары негізіндегі этнолингво мәдени тұрғыдан оқыту әдістерін жүйелеу;

  • мемлекеттік қызметшілердің акмеологиялық тұрғыдан кәсіби шеберлігін қалыптастыруда тәжірибеде сыналған “Қазақ кәсіби шешендігіне баулу” әдістемелерін анықтау;


қазақ тілін мемлекеттік басқару саласы мен жекелеген салаларға тікелей байланысты оқу-әдістемелік кешендер жасауға негіз болу;

2.3 Дидактикалық ғылыми ұстанымы және оның түрлері

Шығарма жұмысын орындауда әрбір оқушының шығармашылық қабілеттерін дамытуға айрықша көңіл бөлінеді. Шығарма жазуда шығармашылық әрекетке қажетті психологиялық құрылым пайда болады, яғни танымдық үрдістердің (зейін, түйсіну, қабылдау, ес, ойлау, қиял) барлық түрлері қатысады. Жазбаша сөйлеу тілін дамытуда оқушылардың байқау қабілеті де маңызды. Байқағыштық оқушыларды өздері бақылаған құбылыстар мен заттардың ерекшеліктерін түсініп, бір-бірінен ажырату үшін байқағыштыққа үйретеді.

Бірінші бөлімнің үшінші тармағы қазақ тілі сабағында оқушылардың жазбаша сөйлеу тілін дамытудың педагогикалық негізіне арналды. Оқушыларының жазбаша сөйлеу тілін дамытудың әдістемесін анықтауда Ы.Алтынсарин, М.Жұмабаев, Ж.Қоянбаев, Р.Қоянбаев, С.Қалиев, Ж.А.Қараев, М.М.Жанпейісова, Я.А.Коменский, К.Д.Ушинский, Ю.К.Бабанский, Ш.А.Амонашвили, В.П.Беспалько, А.М.Аббасов, В.В.Арахин сияқты белгілі педагог ғалымдардың еңбектері негізге алынды.

Қазақ тілін меңгертуде оқушылардың жазбаша сөйлеу тілін дамыту жұмыстары дидактикалық жалпы ұстанымдар мен арнайы жазбаша тілін дамыту ұстанымдарына негізделетіндігі айтылып, жұмыста талдау жасалды.

Дидактиканың ғылымилық ұстанымы бойынша оқушылардың жазбаша сөйлеу тілін дамытуда жүргізілетін жазба жұмыстары тілдік минимумды дағдылы қолдана білуіне байланысты. Қазақ тіл білімінің теориялары оқушылардың жазбаша сөйлеу тілін дамытуға негіз болады. Жазба жұмыстарын орындауда қалыптасатын орфографиялық дағды тіл білімінің орфография саласымен бірлікте қарастырылады. Оқушылардың жазбаша тілін дамытуда тіл білімінің заңдылықтары мен тілдік ұғымдарды қатесіз меңгертуді және тілдік минимумдарды практикалық жазба жұмыстарында қолдана білуге дағдылануы қажет. Оқытудың ғылымилық ұстанымымен бірлікте іске асырылатын ұстаным саналылық пен белсенділік ұстанымы. Оқушылардың жазбаша тілін дамыту тілдік материалды қаншалықты меңгергендігімен байланысты. Саналылық ұстанымы тілдік ұғымдарды саналы түрде меңгеріп, оны ауызша және жазбаша сөйлеу тілінде қолдана білуге негізделеді. Зерттеу жұмысының нысанасы болып отырған жазылым әрекетін жетілдіруге негізделген оқушылардың жазбаша тілін дамытуды педагогтар мен психологтар саналы, ерікті әрекет ретінде қарастырады. Саналылық ұстанымы білімді меңгерту барысында өзін-өзі бақылау қабілеттілігін қамтиды. Оқушылардың өзін-өзі бақылау қабілеттілігі заттар мен құбылыстар арасындағы байланыс пен өзара қатынастарын ашуға, орындалып отырған жазба жұмысының тақырыбы бойынша ой қорытуын қамтамасыз етеді. Саналы түрде жазба жұмыстарын орындауда оқушылардың қазақ тіліне деген қызығушылығы оянып, жазылым әрекетін іске асыру белсенділігі дамитындығы байқалды.



Жүйелілік ұстанымы. Оқушылардың жазылым әрекетін дамыту –үздіксіз, жүйелі түрде жүргізілетін жұмыстың нәтижесі. Бастауыш сыныптан орталау мектепке келген оқушылардың тілдік білім деңгейі анықталып, жүргізілетін жазба жүмыстарының жүйесі жасалынады. Оқушылардың бірлесіп орындайтын немесе жеке, өз бетімен орындайтын жазба жұмыстары белгілі жүйемен күрделендіріп отырса, жұмыс нәтижелі болады. Оқушылардың жазбаша тілін дамытуда мәтінмен жұмыс істеу жүйесі төмендегідей сатылардан тұрады: а) жазылатын шығарма жұмыстарының тақырыптарын сұрыптау; б) тақырып мазмұнына қатысты сөздер мен сөйлемдерді таңдап, сұрыптау арқылы мәтін құрастыру; в) жазылған мәтінді тексеріп, одан әрі жетілдіру сияқты жүйесі орындалады. Жүйелілік ұстанымы грамматикалық материалды сұрыптау ұстанымымен байланысты болғандықтан, оқушылардың қазақ тілінде жазбаша сөйлеу тілін дамытуда негізгі ұстанымдардың бірі ретінде қарастырылды.

Грамматикалық материалды сұрыптау ұстанымы мәселелері А.Н.Ким, Н.З.Бакеева, А.П.Васильченко, Т.Н.Казесалу, В.И.Баранников т.б. еңбектерінде зерттеліп, аталған ғалымдар орыс тілін өзге ұлт өкілдеріне үйрету әдістемесінің негізін жасады. Грамматикалық материалды сұрыптауда сөйлеу модельдерінің қолдану жүйелілігіне, бір типтілігіне, қажеттілігіне көңіл бөлінеді. Диктант мәтіндері оқу бағдарламасындағы модуль тақырыптарына сәйкестендіріле сұрыпталуы тиіс. Бұл ұстаным негізінде сұрыпталған диктант мәтіндері өтілген грамматикалық материалмен байланысты болады. Оқу бағдарламасында грамматикалық тақырыптар жеңілден қиынға, белгіліден белгісізге ұстанымын ұстанса, жазба жұмыстардың мәтінін сұрыптауда да негізге алынды. Бұл ұстаным бойынша әр сынып оқушыларының жас ерекшеліктері мен білім дәрежесі есепке алынады. Орыстілді бесінші сыныпта қазақ тілінің 9 төл дыбысы мен әріптері өтілген соң әріп диктанты, олардан құралған буындарды меңгерту мақсатында буын диктанты, бірте-бірте сатылай қиындатып, сөз, сөйлем, графикалық диктанттары жүргізіледі. Оқушыларға жоғарыда аталған диктант түрлері меңгертілген соң, диктанттарының күрделі (терме, көру, шығармашылық, ескерту т.б.) түрлері орындатылады.

Сапалылық ұстанымы. Оқушылардың жазбаша тілін дамытуда тілдік материалдарды меңгертуде негізге алынатын ұстанымның түрі – сапалылық ұстанымы. Сапалы түрде жазу дегенде, оқушының ойы, оны жеткізу сапасы екі түрлі болуы мүмкін. Біріншісі, оқушы жазу үстінде өзінің ойын басқа біреуге түсінікті болу үшін тиісті дыбыстар, буындар, сөз бен сөйлемдер таңдап, қолдануға тырысады. Оқушылар жазба жұмыстарын орындауда емле мәселелеріне мән бере бермейді. Мәтін тақырыбына байланысты жазба жұмыстарын орындауда сөздер мен сөз тіркестерін дұрыс жазғанымен, айтылатын ой анық, дәл, мазмұнды деңгейде болмайды. Жүйелі, үзіліссіз жүргізілген диктанттың нәтижесінде оқушылар орфографиялық, пунктуациялық ережелерге сай дұрыс жазуға дағдыланады. Орфографиялық, пунктуациялық дағдылардың сапалы меңгертілгенде ғана мазмұндама, шығарма жұмыстарын орындай бастайды.


Кешенді ұстаным. Орыстілді мектеп оқушыларының жазбаша сөйлеу тілін дамытуда жүргізілетін жазба жұмыстары кешенді түрде ұйымдастырылғанда нәтижелі жүргізіледі. Эксперимент топтарында жазба жұмыстарының нәтижелері сарапқа салынып, көрсеткіштері беріліп отырды. 5-6-сынып оқушыларына жазбаша сөйлеу тілін дамытуда қолданылатын жазба жұмыстарының кешенді жүйесі: жаттығу жұмыстарының жүйесі, диктант және оның түрлері, мазмұндама, шығарма жұмыстары сараланды.

Жоғарыда аталған ұстанымдардың жүйесі жазбаша сөйлеу тілін дамытуда тілдік қатынастың қатысымдық ұстанымын ең негізгі, маңызды ұстаным ретінде негізге алынды. Өзгетілді тіл үйренушілерге мемлекеттік тілді меңгертуде Ф.Ш.Оразбаева, Қ.Қадашева, К.Жақсылықова, Ә.Әлметова, Ш.Құрманбаева, Г.Бейсенбекова, Г.Тұрсынова т.б. ғалымдар қатысым ұстанымының маңыздылығын дәлелдеп берді. Жазбаша сөйлеу тілін дамытуға бағытталған жазба жұмыстарының түрлері қатысымдық бағытты ұстанады. Қатысым оқушылардың тікелей қарым-қатынасына, пікірлесуіне, сөйлесуіне негізделеді. Оқушылардың жазбаша сөйлеу тілін дамытуда сөйлеу әрекетінің түрлері (оқылым, жазылым, тыңдалым, айтылым, тілдесім) кезектесіп, әрі жүйелі түрде жүргізіледі. Сөйлеу әрекетінің тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым түрлерін саналы меңгерген оқушы жоғары деңгейдегі тілдесімде сөздік қоры толығып, жазбаша тілі дамитындығы анықталды.

Жазбаша сөйлеу тілін дамытуда педагогикалық жаңа технологияларды пайдалану, оның қазақ тілін меңгертудегі тиімді жақтары қарастырылды. Дамыта оқыту идеясын ұсынушылар Л.В.Занков, В.В.Давыдов, Д.Б.Эльконин; проблемалық оқыту теориясын жасаушылар А.М.Матюшкин, Т.В.Кудрявцев, И.Я.Лернер, М.И.Махмутов проблемалық оқытудың мақсаты ғылыми таным нәтижелері мен білім жүйесін меңгеріп қана қоймай, сонымен бірге оқушының танымдық дербестігін қалыптастырып, оның шығармашылық қабілеттерін дамыту екендігін көрсетеді. Олай болса, проблемалық дамыта оқытуды оқушылардың жазбаша сөйлеу тілін дамытып, жазба жұмыстары арқылы шығармашылыққа баулудың шарты ретінде тұжырымдауымызға негіз болды.

Қорытынды

Отанымыз, өз еліміз – аяулы, қасиетті Қазақстан мекені. Сондықтан әр деміміз, қуанышымыз бен ренішіміз, болашағымыз да барлығы еліміздің өсіп, өнуіне байланысты. Бүгінгі таңда нарықтық қатынасқа сай, жаңа қоғамның қазіргі жағдайында білімді, өзіндік ұстанымы бар, таным көзқарасы жоғары..


Қорыта келе, жалпы дидактикалық ұстанымдардың барлығы қазақша кәсіби тілді модуль арқылы оқыту ұстанымдарымен өзара тығыз байланысқан. Қазақ тілін модуль арқылы оқыту - жаңа іргелі әдістемелік жүйе. Қазақша кәсіби тілді модуль арқылы оқыту ұстанымдарының ерекшелігі, олар жалпы дидактикалық ұстанымдардың жүзеге асу жолдарын нақтылайды.

Оқушылардың сөйлеу тілін дамытуда диалогтың да берері мол. Диалог – сөйлесудің ең негізгі түрі болып саналады. Адамдар арасындағы қарым-қатынас амандасудан басталады. Мұғалім сабаққа кіргеннен оқушылармен диалогта болады. Оқушыларға белгілі бір тақырыпта тапсырмалар беру арқылы сұхбаттар құрылады. Диалогтік сойлесуді естіптыңдаумен біртұтас та, жекелей де пайдалануға болады. Мақсатты ұйымдастырылған жағдаяттар арқылы ауызекі сөйлесуге үйрету оқушыларды қызықтырады. Диалогтік сөйлеу коммуникативтік оқытудың негізгі ұстанымына сәйкес келеді. Коммуникативтіліктің жауап алынған жағдайда ғана жүзеге асуы оның ұстанымы болып есептеледі. Ал ауызекі сөйлесу – жауаптасу арқылы жүзеге асады. Коммуникативтік сөйлеу әрекетінің қай түрі болса да лексикалық – грамматикалық дайындақ деңгейіне сүйенеді. Белсенді сөйлеу әрекетін ұйымдастыруға жағдаяттың ауызекі жауаптасу мен мәтін бойынша жұмыс негізгі құрал болып табылады.Сонымен қатар, ақпараттық оқу құралдары ( компьютер, аудио-визуалды құралдар) бойынша да оқушылар белсенді коммуникацияға түсе алады. Ауызекі сөйлеу тілін қалыптастыруда сөздер мен сөз тіркестерінің қолданылуын, сөйлем құрастыруды, тұрақты сөз тіркестерін қолдануды, сұрақ қоюдың барлық түрлерін үйрену тиімді.Оқушылардың сөйлеу дағдылары ауызекі сөйлеу жүйесінен, сұраққа қысқа да толық жауап қарастыра алуынан, оқығандарын ауызша да, жазбаша да мазмұндап, беретіндей дағды – машықтарынан, шығарма, хат жазу дағдыларынан құралады. Қазақ тілін оқытуда ең алдымен тәжірибелік мақсат қойылады, оған оқушылардың сөздік қорларын байыту, қазақша ауызекі сөйлесуге, сауатты жазуға үйрету, сөйлесуге, көргендерін, естігендерін әңгімелеп және де ұстанымға үйрету қажет.


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

  1. Оралбаева Н., Жақсылықова К. «Орыс тіліндегі мектептерде қазақ тілін

оқыту әдістемесі». Алматы, 1996, /1, 24 бет/

  1. Жақсылықова К. «Қазақ тілін модульмен оқытудың ғылыми-теориялық

негіздері». Докт.дисс, Алматы, 2001, /1, 24 бет/.

  1. В.И. Андреев. Диалектика воспитания и самовоспитания творческой