Файл: Лекциялар кешені 1 Арнайы педагогика тарихы жне арнайы білім беру жйесі.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 23.11.2023
Просмотров: 187
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Мүмкіндіктері шектеулі баланың белсенді әлеуметтенуі үшін кемістіктерді түзету, нақты екеншілік реттегі кемістіктің алдың алу және білім беру арқылы кемістіктің орнын толықтыру. Бұл жағдай психикалық немесе дене кемістікке байланысты бала бойында туындаған білім алудағы ерекше қажеттіліктерін толық қанағаттандыруды білдіреді.
Шектеулі даму мүмкіндіктердің (есту, көру, қозғалыс, т.б) сапалы сипатта екенің ескерген дұрыс. Бұл жерде тұлғалық қалыптасу толығымен өзгереді және даму үшін, білім алу үшін ерекше жағдайларды қажетсінеді. Ең біріншіден білім беру бағдарламалын меңгеруімен тоқтамай, жеке өмір сүру дағдыларын қалыптастыру қажет. Өмір сүру біліктері қоршаған ортада кеңістікті немесе уақытты бағдарлау болсын, түрлі қарым-қатынас жасау, әлеуметтік бейімделу, өз мінез-құлқысын саналы түрде тәртіпке келтіру және болашақ өмірге деген позитивті көз қарасын қалыптастырады.
Арнайы оқыту мен тәрбиелеу бір бірмен тығыз байланыста болғандықтан арнайы білім беру жағдайларын қамтамасыз етуді қажет етеді. Арнайы білім беру жағдайлары:
-
арнайы білім беру бағдарламаларымен қамтамасыз ету, сонын ішншде жалпы білім беру оқу бағдарламалары және түзету-дамыту бағдарламалары; -
әр баланың дамуындағы ерекшеліктерін ескеру, арнайы түзету құралдар мен (техникалық) тәсілдерді пайдалану арқылы түзетушілік-педагогикалық процесті өзгеше ұйымдастыру; -
толыққанды өмір сүру үшін барабар жағдайларды қамтамасыз ету; -
түзетушілік - педагогикалық процесті арнайы педагогтардың өткізуін талап ету, яғни тифлопедагог, сурдопедагог, олигофренопедагог, логопед және арнайы психологтардың психологиялық қолдау көрсетуі; -
психологиялық, медициналық, әлеуметтік қызмет көрсетуді ұйымдастыру.
Балалар кемістіктің деңгейі мен таным мүмкіндіктеріне сәйкес және білім алу үшін арнайы жағдайлардың сапасына тәуелді, білімнің түрлі деңгейлерін меңгере алады. Біздің елімізде білім беру жүйесі білім беретін оқу бағдарламаларының үздіксіздігі және сабақтастығы принципі негізінде келесі білім беру деңгейлерін қамтиды:
-
мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту; -
бастауыш білім беру; -
негізгі орта білім беру; -
орта білім беру (жалпы орта білім беру, техникалық және кәсіптік білім беру); -
орта білімнен кейінгі білім беру; -
жоғары білім беру; -
жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру.
Ал мүмкіндіктері шектеулі түлғалар уақытымен түзеу арқылы қолдау көрсетілген жағдайда білім берудің өз дамуына сәйкес деңгейлерін меңгере алады. Кейбір естімейтін, нашар естийтің, көрмейтін, нашар көретін және тірек-қимыл қозғалысында, эмоция-ерік дамуына, сөйлеу тілінде ауытқуы бар тұлғалар жалпы орта білім беру деңгейін меңгеруге қабілетті және жоғары оқу орнында оқи алады.
Сонымен арнайы білім берудің мазмұны тек даму кемістіктеріне ғана емес сонымен қатар білім алушының жас ерекшеліктерін ескеру қажет.
Арнайы білім беру мазмұны
Арнайы мектептегі білімнің мазмұнына келесі талаптар қойлады:
-
оқытудың түзету-дамыту бағыты; -
оқытудың нәтижелігі, яғни мазмұны білім жүйесі қалыптастыруы тиіс, -
оқытудың қол жетерлігі, оқушылардың жас және танымдық ерекшеліктерін ескеру; -
оқытудың ғылымилығы; -
оқу материалының білім беретің оқу бағдарламаларында шоғырланып орналасуы; -
білім мазмұны өмір, тәжірибемен тығыз байланыста болуы, -
оқытудың тиімділігін арттыру үшін пәнаралық байланысты қамтамасыз ету;
білім беру оқу бағдарламаларын қазіргі талаптарға сәйкес әзірлеу, көптүрлі нұсқаларың ұсыну ( мысалы: зиятында ауытқушылықтары бар балалар үшін шамалы ауытқуы бар балаларға бөлек, жеңіл ауытқуы бар балаларға бөлек).
Оқушылардың дене және психикалық ерекшеліктері мен дамуындағы кемістіктерді ескере отыратын бекітілген білім беру ережелері бар. Ол деңсаулығында кемістігі бар балаларға жалпы білім берудің мемлекеттік стандарты немесе арнайы білім беру стандарты деп аталады. Стандартта білімділіктің мемлекеттік деңгейінің негізгі көрсеткіштер жүйесі бекітілген. Ол көрсеткіштер келесідей, қоғамның аталмыш тұлғаларға қажетті білім деңгейі туралы көз қарасы және екіншіден жеке тұлғаның шынай сол білім деңгейін меңгеру мүмкіндіктерін ескереді.
Ең негізгі ерекшелік арнайы білім мазмұнына өзгеше оқу пәндердің еңгізілуі. Бұл жағдай арнайы мектептін жалпы мектептен айырмашылығын нақты көрсетеді. Көрмейтін оқушылар оқитын мектепте кеңістікті бағдарлау сабақтары, естімейтін оқушылар үшін қалдық естуін дамыту мен ауызша сөйлеуін қалыптастыру және заттық-тәжірибелік оқыту сияқты сабақтарды арнайы педагогтар өткізеді.
Оқу жоспары білім беру органдары, мектеп әкімшілігі мен мұғалімдердің міндетті түрде орындайтын, білім беру министрлігі оқыту деңгейіне сәйкес оқу пәндрінің тізімін, көлемін, оларды оқу ретін және бақылау жолын бекітетін мемлекеттік құжат.
Оқу жоспары жалпы орта білім беру құрылымына сәйкес келеді және әр сыныпта оқылатын пәндердің санын анықтайды. Оқу жоспарында пәндер оқу жылдарына байланысты орналасады.
Пәндерді оқу реті оқушылардың танымдық мүмкіндігін, ұласымдылықты сақтауды, оқу пәндерінің өзара байланысын есепке алып
, оқу пәндерінің мазмұнын жүйелі меңгеруді қамтамасыз етеді.
Оқу жоспары әрбір оқу пәнін оқудың жалпы сағат санын, аптада оқу пәнін оқуға бөлінген уақытты, сонымен қатар әр апталық оқу сағатының мөлшерін аңықтайды.
Арнайы мектеп мұғалімі орта және жоғары сыныптарда пәндердін оқылу ретін білуі керек, себебі, жалпы орта білім алудағы бастауш оқытудың орнын аңықтап түсінуі қажет. Оқу пәні оқушыларға ғылымның бастапқы негізгі қағидалардың игеруге мүмкіндік беретін алғашқы білім, практикалық икемділік пен дағдылар жүйесі, немесе оқушы жасына қарай тану мүмкіндіктерін және даму деңгейіне сәйкес келентін мәдениеттің, еңбек және өндірістің нақты жақтары.
Арнайы педагогикада оқу пәні ғылым негізі ретінде анықталады, оны мәні оқу пәнінің мазмұны келешекте қазіргі ғылыми меңгеруге мүмкіндік беретіндігінде оқу пәндерін бөлудің негізі – оларды адамзат тәжірибисінің белгілі жақтары болып табылуы.
Оқу пәні адамзат тәжірибесінің бөлігін бейнелейді және соған сәйкес білім, икемділік, дағдыларды калыптастарады. Оқу пәндерінің жиынтығы мектептегі оқу барысында оқушының адамзат тәжірибсінен игерілуге тиістінің бәрін анықтайды, болашақта тәуелсіз өмір сүруіне ықпал етеді..
Оқу пәндерінің жиыны, білім беретің оқу бағдарламасында көрсетілген мазмұны оқушыға берілетін білім деңгейін анықтайды. Оқытудың білім беру қызметін жүзеге асыру оқу пәндері мен бағдарламалар алар мазмұнының шартын білдіреді.
Арнайы мектепте оқушының білім алуы, тәрбиеленуі және түзету мен дамуы үздіксіз байланысты. Бірін екіншісінен артық не кем деп қарауға болмайды. Білім беру, тәрбие, дамыту міндеттерінің бірлігі оқушының қоғамдық мәнінің жан – жақты, үйлесімді қалыптасуының негізгі шарты болып табылады және қоғамға әлеуметтік бейімделуіне әсер ететің негізгі қүрал.
Оқу бағдарламасы – әрбір оқу пәні бойынша меңгеруге тиісті білімнің шеберлік пен дағдылардың, мазмұны мен көлемін айқындататын құжат. Қазіргі уақытта отандық арнайы білім беруде оқу бағдарламаларын әзірлеу өзекті мәселенің бірі. Арнайы мектептердгі оқу бағдарламалар сынақтан өтуде, ерекше қиындық білім мазмұның қазақ тіліне аудару, дайындау.
Арнайы оқытуда оқулық қажетті түйін болып табылады. Оқулықтың оқыту, дамыту және тәрбиелік мәні зор. Оқушылардың жас мүмкіндіктеріне қарай, бағдарлама негізінде ол оқу материалының мазмұнын анықтайды.
Арнайы білім беруде әрқайсысы өз функциясын орындайтын: оқулықтар, оқу бағдарламары, оқу жоспары, оқу құралдары, әдістемелік нұсқаулар, жұмыс дәптерлері, бақылау күнделіктері, оқу жабдықтары, көрнекі құралдар, техникалық оқыту құралдары, оқу кинофильмдері, компьютерлік технологиялар – бәрі оқу әдістемелік кешенді құрайды. Мұнда кешен мұғалім еңбегін ұйымдастырады және тәртіптендіреді, іс-әрекетін тиімді жоспарлауға және оның нәтижесін алдын ала көру мүмкіндік беріп, жаңа ізденістің, жасампаздықтың негізін қалайды.
8 Зияты зақымдалған тұлғаларды арнайы оқыту
Оқыту процесі туралы түсінік
Арнайы педагогиканың дидактикасы – мүмкіндіктері шектеулі балаларға білім беру мен оқыту, оның заңдылықтары, принциптері, әдістері мен оқу процесін ұйымдастыру формаларын зерттеумен айналысады және оқытудың динамикасын көрсете, барлық өзгерістерін ашып, білім берудің мазмұның қамтиды.
Дидактика нысаны – тұлғаның білім алуда, жаң-жақты дамуын қамтамасыз етуге бағытталған оқытушы мен оқушылар арасындағы байланыс әрекеттер жүйесі. Ал дидактика пәні оқыту мен оқу процестерін зерттейді.
Оқыту процесінде арнайы мектеп оқушылары арнайы білім беру мазмұның меңгереді. Түзетушілік жұмыс ұйымдастыру арқылы оқушы бойында еңбекке баулу, ең бастысы қоғамдық өндіріске қатысуға мүмкіндік беретін икеммен дағдылар, көзқарас пен сенімдер қалыптасады, қоғамға бейімделуге жағдайлар қамтамасыз етіледі..
Арнайы педагогикада оқыту, білім беру, оқу, білім алу арнайы мектеп оқушыларының қоғамдық мәнін міндеттерін шешуге бағытталған өзара байланысты педагогикалық процес тұрғысында сипатталады.
Арнайы мектептегі оқыту үш міндет атқарады, олар: білім беру, тәрбиелеу, түзету-дамыту.
Арнайы білім беру мен оқытудың бойында мүмкіндіктері шектеулі оқушыларды жан – жақты дамыту мен кемістікті түзетуге қуатты жағдайы бар. Осы жағдайларды ашу және жүзеге асыру – арнайы білім беру мен оқыту теориясының маңызды міндеті. Педагогика ұлы орыс физиологтары И.М.Сеченов пен И.П.Павлов жасаған жоғарғы жоғарғы жүйке жүйесінің іс-әрекеті жөніндегі алдыңғы қатарлы материалистік ілімге сүйенеді. Жүйке жүйесінің қызметінің шартты рефлекторық теориясы оқушылардың таным процесінің және олардың қоғамдық негізінің дамуын тереңірек түсінуге мүмкіндік береді.
Ал, оқыту процесі – оқушының қоршаған әлемді тану процесі. Оқыту процесінің бұл белгісі оның адамның таным іс-әрекетінің басқа түрлері мен формалары ұқсастығын білдіреді. Оқыту – арнайы ұйымдастырылған танымдық іс-әрекет. Оқыту құрылымының ойын, көркем- бейнелеу, еңбек және басқа да іс-әрекеттерден мәндік айырмашылығы болады.
Арнайы мектептегі оқыту процесінің ерекшіліктері
Дамуында кемістігі бар балаларды оқыту мәселесі көптеген ғалымдарды қызықтырған (А.Г. Басова, Т.А. Власова, В.В. Воронкова, А.П. Гозова, И.С. Грошенков, А.И. Дьячков, И.Г. Еременко, А.П. Ермаков, С.А. Зыков, Т.С. Зыкова, В.Г. Петрова, Т.В. Розанова, И.М. Соловьев, Ж.И. Шиф и др.)
Қазіргі арнайы педагогика оқытуды адамның танымдық іс-әрекетінің түрі ретінде сипаттайды. Арнайы мектеп оқушысы әрбір сабақта, адамзаттың қоғамдық – тарихи тәжірбиесімен танысады, зерттейтді, қоршаған әлемді таниды. Арнайы оқытудың екі ерекшелігі бар. Бірінші, құрылымы адамның психикалық және қоғамдық даму заңдылықтарының нәтижесінде пайда болған танымдық іс-әрекеттердің түрлері мен формаларында. Екіншісі, адамның қалыптасқан іс-әркеттердің түрін, құрылымын, механизмін өзгертуінде. Арнайы ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттің өзіндік мақсаты, міндеті, мазмұны, принципі, әдістері мен ұйымдастыру формалары болады.
Оқыту арнайы ұйымдастырылған іс-әрекеті ретінде биологиялық, психологиялық, әлеуметтік және басқа да заңдылықтардың негізінде қалыптасқан және дамудың қарқынын үдетеді.
Оқыту процесінің құрылымы таным процесінің негізгі кезендеріне сәйкес келеді:
-
сезіммен қабылдау, -
абстрактілі ойлау, -
тәжірибе.
Оқытуда келесі құрылымдылық бөлімдерді ажыратуға болады: оқу материалын қабылдау, саналы меңгеру, бекіту, тәжірибеде қолдану, меңгерілген білімді тексеру бағалау, әр қайсысы бір бірімен тығыз байланысты.
Арнайы мектеп оқушыларына жаңа материалын баяндау процесінде оқу материал қабылдау мен саналы меңгеру ерекшеліктерін ескеру қажет. Қабылдау біріншіден, танымдық әрекеттің бастапқы сәті болып табылады, екіншіден қабылдау алдынғы меңгерілген білімге негізделеді. Соңымен, қабылдау бір мезетте нақтылы танымдық процестің бастамасы және таным арқылы меңгергенің қорытындысы.
Мүмкіндіктері шектеулі балаларға тән қабылдаудың ерекшеліктері: баялулығы, аз көлемі, шартыкештігі, шынайлықтан шеттеу немесе бұрмалап қабылдауы. Мұндай ерекшеліктері шынайы қабылдаудың толықтығын, нақтылығын және барабарлығын қамтамасыздандыруға бағытталған, арнайы құралдар мен тәсілдерді пайдаланудың қажеттілігін аңықтайды, нақты:
-
күрделі оқу материалы бөлемдерге жіктеледі; -
оқыту үрдісі баяу өтеді; -
оқушының әрбір әрекетіне басшылық жасалады; -
оқушыны өзінің қабылдау нәтижесін талдауға, үлгімен салыстыру арқылы үйретеді; -
сақталған, сау анализаторларға сүйену қажеттелігі.
Оқу материалын саналы меңгеру – бұл күрделі процес, заттар, құбылыстармен олардың бейнесінің маңызына немесе сөзбен бейнелеуіне ойы мен санасын еңгізуді білдіреді. Мысалы, зиятында ауытқушылығы бар балалардың танымдық әрекеті анық айқылданған репродуктивті, яғни қайта жаңғырту сипатына ие. Саналы түсінуге ((талдау, жинақтау, қорытындылау) қажетті ойлау операциялары толық жетілмеген. Сонымен қатар, заттар туралы ұғым түсініктері,сол заттарды тікелей қабылдау барысында немесе олармен әрекет жасауда туындайды. Сондықан да, аталмыш балаларды оқытуда білім, икемділік және дағдының жинақталуы маңызды орын алады.