Файл: Лекциялар кешені 1 Арнайы педагогика тарихы жне арнайы білім беру жйесі.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 23.11.2023

Просмотров: 186

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Мүмкіндіктері шектеулі балалардың оқу материалын саналы меңгеруі арнайы ұйымдастырылған түрінде өтеді. Оның негізгі түрі – балалар өзінің танымдық жинақтауын жүзеге асыра алатын жағдайда ойлау процесін түзету. Түзету жұмысының маңызды кезеңі – нақтылыдан абстрактіліге, жекеден жалпыға, көрнекілікті әрекеттен ойлау әрекетіне көшуді, балаға жеңілдететің арнайы құралдар пайдалану болып табылады.

Арнайы оқытуда көрнекі құралдар мен практикалық икемділіктерді кешенді пайдалану тиімді жолдын бірі.

Бекіту – меңгерілген білім мен икемділіктерді мақсатты түрде пайдалану. Білм мен икемділікті біртіндеп және тиянақты бекіту мүмкіндіктері шектеулі балаларды оқытуда ерекше орынға ие, аса маңызды әрекет. Жас баланың дағдылары мен әдеттері үлкендердің қылығына еліктеу негізінде қалыптасады. Еліктеу арқылы бала түрлі тұрмыстық дағдыларға (бетті, қолды жуу, мезгілімен ұйықтау, ояну, тамағын ішу, ойнау т.б.) машықтанады.

Бекіту есте сақтау негізінде жүреді. Бала меңгергенің есте сақтай алмаса, қабылдағаның сезіне алмайды. Дамуында кемістігі бар балалардың қайта жаңғыртуында бұрын меңгерген білімі сақталмауы мүмкін. Бұл жартыкештікке, жүйелісіздікке, жеткіліксіз түйсіну, механикалық меңгеруге әкеліп соғады. Бала бойындағы психофизиологиялық ерекшеліктерін ескере отырып бекітуге берілген материал дұрыс толық талқыланып, құрам бөліктерге жіктеленген болуы тиіс.

Арнайы мектептегі мұғалім жүйедегі бірде бір білім бөлігінің түсінілмей қалмауын және барлық жүйеден бөлінбеуін мұқият қадағалауы тиіс.

Қайталау процесінде түзету, бекіту және толықтыру қате меңгерілген білімді жәнен әрекет тәсілдерін қатйта құру жүзеге асырылады.

Білім, икемділікті қолданудағы ерекшелік олар арасындағы бірлестіктін қалыптаспауы. Дағды, білім және икемділік бір-бірімен тығыз байланысты. Алғашқыда саналы орындауды қажет ететін іс-әрекет бөліктерінің қайталап жаттығудың нәтижесінде машықтануын дағды деп атайды. Дағдылануда іс-әрекеттің тұтас өзі емес, жеке компоненттері ( құрамдары ) ғана машықтанады. Ал арнайы мектепте білім, икемділік меңгерумен дағдыларды қалыптастырудағы қиындық көптеген жағдайда балалар дамуындағы кемістіктерге тәуелді. Бұл жерде арнайы шараларды қолдану қажет, білімді меңгеру мен тәжірибеде қолданудың бірлігін сақтау (негізінде практикалық тапсырмалар арқылы жүзеге асады), оқытудың өмірмен, тәжірибелік іс әрекетпен байланысын қамтамасыз ету, меңгерген білімді іс тәжірибеде пайдалану үшін әрекет маңызды. Осыған байланысты, арнайы мектептерде білімді қайта жаңғыртуға және білім мен практикалық әрекет арасындағы байланысты анықтауға бағытталған түзету құралдары мен тәсілдерін пайдаланылады.


Сонымен арнайы мектептегі оқыту процесі жалпы мектептегі сияқты заңдылықтар негізінде өтеді. Бірақ та, оқушылардың дамуындағы кемістіктер оқытудың ерекше сипатын білдіреді.

Біріншіден оқытудың барлық кезендерінде затты-көрнекі бағытында әрекет жасау;

Екіншіден танымдық әрекетке арнайы педагог тарапынан басшылық етуін талап ету, өйткені балалар мұғалімнің көмегін үнемі қажет етеді. Бірақ балалар өз танымдық әрекетін ұйымдастырып үйренген соң, мұғалімнің тікелей көмегін біртіндеп көлемін азайтып қажетсінеді. Мұғалім көмегі жалпылама түрде ғана көрсетіліп тұрады. Оқушылар берілген нұсқаулар бойынша тапсырмаларды өз бетінше мұғалімнің басшылығымен орындауға үйренеді.

Үшіншіден, оқытудың репродуктивті, қайта жаңғырту түрі басым болған жағдайда арнайы мектеп оқушылары оқу материалын жақсы меңгере алады. Арнайы мектепте оқу материалын дұрыс, саналы қабылдап, меңгеру үшін оқытылған материалды бірнеше рет қайталау тәсілі жиі пайдаланылады.

Төртіншіден, оқу үрдісіне оқушыларды белсенді қатысуға ынталандыру қажет. Бұл үшін оқу процесін белсендіретін түрлі әдіс-тәсілдерді пайдалану қажет, көрнекі құралдар, арнайы техникалық оқыту құралдар т.б.

Бесіншіден, оқытудың терең жеке дараланған сипаты. Бұ л ерекшелік оқушыдардың таным мүкіндігінің қалыпсыз дамуынан туындаған.Ал ол болса арнайы мектептің негізгі бағытын жүзеге асыруды талап етеді – ол оқушыларды түзете-дамыту.

Оқушылардың білімін тексеру

Арнайы мектепте оқушылардың білімін тексеру мен бағалау таным процестерін дамытады, түзету-дамыту амал- тәсілдерімен таныстырады.

Оқу материалын оқушылардың игеруін тексерудің түрлі тәсілдері мен формалары танымдық құштарлықты дамытуға көмектеседі, материалды нәтижелірек игеруге жетелейді. Оқушылар мұғалімге қалай жауап беру, тапсырманы қалай дұрыс орындауға ойланады.

Дәстүрлі білімді тексерудің төмендегідей түрлері қалыптасқан.

Күнделікті тексеру. Әр сабақта мұғалім оқушылардың жаңа білімдерді игеруге даярлығын тексереді, бүкіл сабақ барысында оқу материалының мазмұнын балалардың игеруін бақылайды.

Қорытынды тексеру. Оқушылардың білімдерді игеруін мұғалім бірнеше апта, тоқсан, жарты немесе толық оқу жылы бойынша сегіз жылдық немесе орта мектеп көлемінде тексереді.

Тақырыптық тексеру. Мұның мақсаты жеке сабақтар мен тапсырмалар емес, оқушының бүкіл тақырыпты түсінуін тексеру. Бұл тексеріс тақырып бойынша білімдерді жүйеге келтіру және жинақтауға көмектеседі.



Тексерудің бұл көрсетілген түрлері ауызша немесе жазбаша болуы мүмкін. Барлық тексерулерді өткізуде арнайы мектеп мұғалімдері
9 Сөйлеу тілінде бұзылысы бар тұлғаларды арнайы оқыту

Логопедия - бұл сөйлеудің бұзылуы және оны арнаулы оқыту мен тәрбиелеу нәтижесінде анықтау, түзету және алдын алу әдістері туралы ғылым.

Логопедия неврология, невропсихология, нейролингвистика, психология, педагогика және т.б. ғылымдар негізінде жұмыс атқарады. Бұл ғылыми пәндер логопедияға сөйлеудің бұзылуының механизмдері мен кұрылымдарын ғылыми түрде негіздеуге, сөйлеуді дамыту, түзету мен қайта қалпына келтірудің ғылыми әдістерін қолдануға мүмкіндік береді.

Логопедиялық жұмыстың мақсаты мен мазмұны баланың сөйлеу тілінің бұзылуының себептерін анықтап, сонымен қатар сақталған функцияларын орнына келтіру, дамыту мүмкіншіліктеріне негізделеді.

Сөйлеу патологиясын зерттеу және түзету жұмыстары XIX ғасырдың орта шенінен бастап жүргізіле бастады. Мұның өзі сол кездерде сөйлеу қызметін қамтамасыз ететін негізгі анатомиялық, физиологиялық механизмдер жүйесінің зерттелуімен және айқындалуымен түсіндіріледі. Логопедияның ғылым ретінде қалыптасуы Ф.А. Рау, М.Е. Хватцев, О.П. Правдина, Р.Е. Левинаяның есімдерімен тығыз байланысты.

Сөйлеудің дұрыс қалыптасуы үшін мидың бүкіл құрылымдарының сақталып, мүлтіксіз қызмет атқаруы қажет. Сөйлеудегі ең маңызды элементтер - есту, көру, моторика жүйесі. Ауызекі сөйлеу перифериялық сөйлеу аппаратының негізгі үш бөлімінің - дем алу, дауыс және артикуляция, бұлшық еттерінің үйлесімді жұмыс атқаруы нәтижесінде іске асырылады.

Сөйлеу қызметінде негізгі рөлді мидың доминантты жарты шарында (оңақайларда сол жақ, солақайларда оң жақ жарты шар) орналасқан сөйлеу - есту және сөйлеу - қимыл зоналары атқарады. Сөйлеу баланың психофизикалық жалпы дамуы процесінде қалыптасады.

 Баламен бір тілде ғана, ана тілінде сөйлесу керек. Бірде қазақша, бірде орысша сөйлеген сәби еркін сөйлеу қабілетінен айырылады. Әрі тілі мүкістенеді. Соның кесірінен, дыбысталуы ұқсас әріптерді ажырата алмайды. Мұндайда сәбиге жаңылтпаштар айтқызған дұрыс.

Тілдің мүкістігі дыбыс шығарудағы сөйлеу мүшелері: тілдің, еріннің, төменгі жақ сүйектерінің нашар қимылдауларынан, тістің құрылысынан да болуы мүмкін. Тілдің қалыпты деңгейден нашар қимылдауы себебінен өте қысқа тіл асты желбезегі оның жоғары көтерілуіне мүмкіндік бермейді. Тілдің өте үлкендігінен, жөнді бұрыла алмауынан да, сөйлеу тілі бұзылады. Сонымен қатар тістердің арасының алшақтығынан және ретсіздігінен сөйлегенде тілдің ұшы сыртқа шығып кетіп, сөздің анықтығы бұзылады. Стоматолог-дәрігерлер арнайы құрал қою арқылы тістерді және жақ сүйектерін реттейді. Сүйегі әлі қатаймаған 5-6 жасар балаға қойылған шинаның ықпалы өте күшті болады. Еріннің қалыңдығы, астыңғы еріннің салпиып тұруы ерін және ерінтісті дыбыстарының анық айтылуына кедергі келтіреді.


Психикалық, физикалық жарақаттану. Отбасындағы қолайсыз жағдайлар да баланың сөйлеуіне кері әсерін тигізбей қоймайды.

Сөйлеу тілінде кемістігі бар балалармен дер кезінде мамандар түзету жұмыстарын жүргізуі қажет.

Баланың сөйлеу тілін жетілдіруде саусақтарды жаттықтыра отырып бас миының жұмыс істеу қабілетіне күшті ықпал етеміз. Сондай-ақ қолдың жазуға икемділігін  арттырамыз. Балалардың дыбысты дұрыс айтуын түзету жұмыстарына кіріспес бұрын, оның жеке тұлғалық белгілерін міндетті түрде білу қажет. Кейбір балалардың сөйлеу тілінің бұзылуымен қатар, нервті-психология саласында да психологиялық ауытқушылықтар болатына да назар аудару қажет. Сол себепті де балалармен күнделікті жұмыста әр баланың жеке қабілетін ескере отырып, жалпы және арнайы моторикасын дамыту үшін ойындар мен тапсырмалар беріп отыру қажет.

Логопедтің алдына қойған мақсатына байланысты логопедиялық сабақта да олардың  аралығында да әр түрлі ойындар қолданылады. Бірінші жағдайда ойын дұрыс сөйлеу туралы білім алуға, оларға қажетті дағдылар мен білімдерді тәрбиелеуде ұжымға деген дұрыс қарым-қатынас  қалыптастыруда көмектессе. Екінші жағдайда баланы іс-әрекеттің бірінші түрінен екінші түріне  ауыстыруға, сондай-ақ демалуына, сабақ барысында алған білімін еш мәжбүрсіз бекітуге мүмкіндік береді.

 Қазіргі заманғы логопедия бойынша әдістемелерді мектепке дейінгі жастағы балалармен  жұмыстарда ойынды қолдану ұсынылған. Авторлар ойынды сөйлеу тілін дамыту және түзету  мақсатында қолдануды ұсынған.

Мектепке дейінгі тәрбие бойынша әдебиеттерде ойынның түрлерін бөлген:

-          Дидактикалық;

-            Қимылды;

-           Шығармашылық құрастыру;

-           Драматизм-ойындары;

-          Рөлдік-мағыналық.

Дидактикалық ойындар. Бұл ойынды белгілі ережесі мен мазмұны бойынша үлкендер  ұйымдастырады. Дидактикалық ойындардың міндеті - балалардың бағытталған және ортақ іс- әрекетін ұйымдастыру. Бұл ойын барысында бала еш мәжбүрсіз, байқамай қажетті білімдерді алады. Балалар ойын тапсырмаларына қызыға көңіл бөледі. Табу, айту, атау, ойын тапсырмасын  сапалы шешуге көңіл бөледі: сұлбаны әдемі құрастыру, суретті дұрыс таңдау.

5 жастаға бала дидактикалық ойын барысында заттардың саны мен сапасын оның атауларды, оларды сыртқы бейнесі бойынша салыстырып
, есте сақтауды үйренеді. 6 жастағы бала ойын тапсырмасын сапалы шешуге қызығушылығы арта түседі. Ал 7 жасқа таман бұрынғысынша ойын әрекеті қызықтырады, бірақ көбіне ойынның нәтижесі қызықтау болады. Бұл кезде өзіндік ұйымдастыратын, бағалау, өзін-өзі бақылау сияқты қасиеттерін дамытуға ықпал ететін ойындар қолданылады. Бұл жастағы балалар үшін аспапты таны, дыбыстарды қайтала, өзің сүйетін әуенді орында деген сияқты музыкалық дидактикалық ойындар қолданылады.

Логопедиялық сабатардағы дидактикалық ойын барысында балаларды асықпай сөйлеуге тәрбиелейді; дыбыс айтуы шыңдалады, сөздік қоры молаяды. Есту зейіні мен фонематикалық естуін дамыту үшін музыкалық дидактикалық ойындардың да маңызы зор.

Қимылды ойындар.Сөйлеу тілінде кемшілігі бар балаларда қимыл бұзылысы жиі кездеседі: қимылдың епсіздігі жинақылық емес ебедейсіз, әр түрлі қимыл икемсіздігі. Сол үшін қимылды ойындардың алатын орны ерекше. Балалар қажет қимылды шыңдайды, ұжымдық ойындар ойнауды үйренді. Олар үшін дыбысталған қимылды ойындардың маңызы зор, логопедияда бұл ойындар логопедиялық ритмика деген атаумен таныс. Бұл ойындар алада дұрыс тыныс өлең мен дыбыстауды, қимылды сөзбен ұштастыруды тәрбиелеуге әсер етеді.

Шығармашылық ойындар. Бұл ойында балалар өз ойын қиялын, қоршаған әлемнен алған әсерін өз білімі мен тәжірибесін көрсете алады. Шығармашылық ойынның бір түрі құрылыс заттарымен ойнау. Бұл ойынға баланың кеңістікте бағдарлануына көлем мен сан, сапа туралы түсінігін дамытуға әсер етеді.

Құрылыс ойындарында кубиктер, қораптар, баулар, құм, сазбалшық, т.б. қолданылуы мүмкін және де құрылыс ойындарын сондай-ақ түзету мақсатында да қолданады: баланың байсалды мінезіне, сабаққа өзгерту енгізу үшін. Құрылыс ойындарын бірінші логопедиялық сабақтарда ғана қолдануға болады. Бұл баланың сөйлеуімен байланысты. Жеке заттарды атайды, сұрақтарға жауап береді.

Драммалық ойындары өте қызықты өтеді. Бұл кезде балалар сүйікті ертегілерін айтады, ертегі кейіпкерлерін салады, диалог жүргізеді. Егер қажетті киімдер мен бетперделер дайындалса ойын одан әрі қызығырақ болады. Драммалық ойыны бала бақша қуыршақтары мен де жүргізіледі. Бұл ойын бала дұрыс сөйлеуге үйренгеннен кейін ғана ойнатылады. Ойынды өткізу үшін жақсы дайындалу керек. Алдымен балаларға ертегіні оқиды, сұрақтар қояды, қимылдарды бейнелейді. Осыдан кейін ғана барып ойынға кірісуге болады.

Мағыналық-рөлдік ойындарда баланың өмір туралы түсінігі кеңейеді. Мағыналық - рөлдік ойындардың тақырыбы әртүрлі әрі балаға жақын болуы керек. Логикалық сабақтарда рөлдік ойындар бала еркін сұрақтарға жауап бере алғанда ғана ойнатылады.