Файл: Жиынты баалауа арналан дістемелік сыныстар Физика 7сынып.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 23.11.2023

Просмотров: 136

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

«Денелердің өзара әрекеттесуі» бөлімі бойынша жиынтық бағалау






Оқу мақсаттары


7.2.2.1 - инерция құбылысын түсіндіру және мысалдар келтіру

7.2.2.10 - масса, салмақ және ауырлық күші ұғымдарын ажырату

7.2.2.3 - пластикалық және серпімді деформацияларды ажырату, мысалдар келтіру

7.2.2.5 - Гук заңының формуласы бойынша серпімділік күшін есептеу

7.2.2.6 - тыныштық, домалау және сырғанау үйкелістерін сипаттау

7.2.2.9 - денеге бір түзудің бойымен әрекет ететін күштердің тең әрекетті күшінің модулі мен бағытын анықтау




Орындау уақыты

20 минут





Тапсырма


  1. Автобус солға бұрылды. Автобус ішіндегі жолаушылар оң жаққа шалқаяды. Бұл қандай құбылыс әсерінен болады? [1]




  1. Массасы 3 кг керосиннің салмағы қандай? [1]




  1. Ғарыш кемесіндегі ғарышкерге гравитация әсерінен ауырлық күші әсер етеді. Бұл күш Жер бетіндегіге қарағанда аз. Орбитаға шыққан кезде ғарышкер салмағы мен массасы Жер бетіндегімен салыстырғанда қалай өзгереді?


Орбитадағы массасы__________________________ [1]

Орбитадағы салмағы__________________________ [1]



  1. Суретте қандай деформация түрлері берілген? Кестеге толтырыңыз.




1 сурет




3 сурет




2 сурет




4 сурет




[4]

  1. Суретте серіппенің созылуға дейін және созылған түрі көрсетілген. Серіппенің қатаңдығы 200 Н/м.



a) Серіппенің созылуы дегеніміз не? [1]

b) Серіппенің бастапқы ұзындығын есептеңіз.

[3]

  1. С уретте көрсетілген үйкелістің түрлерін анықтаңыз.

________________________ ______________________ ________________________

[3]



  1. Денеге бір түзудің бойымен қарама-қарсы бағытта 800 Н және 100 Н күш әсер етеді. Тең әрекетті күштің модулі мен бағытын анықтаңыз және күштерді график арқылы көрсетіңіз.

[2]

Жалпы: [17]





Бағалау критерийі

Тапсырма №

Дескриптор

Балл

Білім алушы

«Инерция» құбылысын анықтай алады

1

инерция құбылысын анықтайды

1

«Масса», «салмақ», «ауырлық күші» ұғымдарын ажыратады


2

салмақты анықтайды

1

3

массаның өзгерісін анықтайды

1

салмақтың өзгерісін анықтайды

1

«Серпімді деформация» түсініктеріне мысалдар келтіреді және оларды ажыратады



4

1-суретте көрсетілген деформация түрін анықтайды

1

2-суретте көрсетілген деформация түрін анықтайды

1

3-суретте көрсетілген деформация түрін анықтайды

1

4-суретте көрсетілген деформация түрін анықтайды

1

Гук заңын пайдаланып есептер шығарады

5

а) серіппенің созылуына анықтама береді

1

b) физикалық шамаларды ХБЖ-не келтіреді

1

серіппеге түсірілген күшті анықтайды

1

Гук заңын қолданып серіппенің бастапқы ұзындығын есептейді

1

Үйкеліс түрлерін сипаттайды

6

тыныштық үйкелісін ажыратады

1

домалау үйкелісін ажыратады

1

сырғанау үйкелісін ажыратады

1

Күштерді график арқылы көрсетіп, тең әрекетті күштің модулі мен бағытын анықтайды

7

тең әрекетті күштің модулін табады

1

тең әрекетті күштің бағытын анықтайды

1

Жалпы балл

17


«Денелердің өзара әрекеттесуі» бөлімі бойынша

жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика
Білім алушының аты-жөні ___________________________________________

Бағалау критерийі

Оқу жетістігінің деңгейі

Төмен

Орташа

Жоғары

«Инерция» құбылысын анықтай алады

Инерция құбылысын анықтау қиындық туғызады

Инерция құбылысына мысалдар келтіруде қателіктер жібереді

Инерция құбылысын дұрыс анықтайды

«Масса», «салмақ», «ауырлық күші» ұғымдарын ажыратады


Салмақты есептеу қиындық туғызады

Салмақты есептеу кезінде қателіктер жібереді

Дененің салмағын дұрыс есептей және анықтай алады

«Серпімді деформация» түсініктеріне мысалдар келтіреді және оларды ажыратады

Деформация түрін анықтау қиындық туғызады



Деформация түрлерін анықтайды, бірақ ажырату кезінде қателіктер жібереді

Деформация түрін дұрыс анықтайды

Гук заңын пайдаланып есептер шығарады

Гук заңын пайдаланып, есептер шығару қиындық туғызады



Серіппенің созылуына анықтама береді, Гук заңын түрлендіреді, серіппенің бастапқы ұзындығын есептеу кезінде қателіктер жібереді


Гук заңын пайдаланып, есептер дұрыс шығарады

Үйкеліс түрлерін сипаттайды

Үйкеліс түрлерін сипаттау қиындық туғызады

Тыныштық/домалау/сырғанау үйкелісін ажырату кезінде қателіктер жібереді


Тыныштық, домалау және сырғанау үйкелісін дұрыс ажыратады

Күштерді график арқылы көрсетіп, тең әрекетті күштің модулі мен бағытын анықтайды

Тең әрекетті күштің модулін анықтау, бағытын анықтау, күштерді график арқылы көрсету қиындық туғызады




Тең әрекетті күштің модулін және бағытын анықтайды, күштерді график арқылы көрсету кезінде қателіктер жібереді

Тең әрекетті күштің модулі мен бағытын дұрыс анықтайды, күштерді график арқылы көрсетеді




3-ТОҚСАН

БӨЛІМ БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ ТАПСЫРМАЛАРЫ

«Қысым» бөлімі бойынша жиынтық бағалау





Оқу мақсаттары

7.3.1.2 - қысымның физикалық мағынасын түсіндіру және өзгерту әдістерін сипаттау

7.3.1.9 - атмосфералық қысымның табиғатын түсіндіру және оны өлшеудің әдістерін ұсыну

7.3.1.11 - кері итеруші күшті анықтау және оның сұйыққа батырылған дененің көлеміне тәуелділігін зерттеу 7.3.1.13 - есептер шығару кезінде Архимед заңын қолдану







Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Қысымның физикалық мағынасын түсіне отырып, өзгерту әдістерін анықтайды

  • Атмосфералық қысымның табиғатын түсіндіреді

  • Кері итеруші күш пен сұйыққа батырылған дененің көлемі арасындағы байланысты анықтай алады

  • Есептер шығару кезінде Архимед заңын қолданады




Ойлау дағдыларының

деңгейлері

Білу және түсіну

Қолдану

Жоғары деңгей дағдылары


Орындау уақыты

15 минут


Тапсырма
1. Сұрақтарға жауап беріңіз.

a) Қысым деген не? (Қатты дене үшін) [1]
b) Қатты дене үшін қысым қалай анықталады? Қысымды қалай азайтуға болады? [2]
c) Берілген суреттерді салыстырып, қай жағдайда баланың жерге ең көп қысым түсіргенін анықтаңыз. Жауабыңызды түсіндіріңіз.



[1]

2. Суретте сынапты барометрдің қарапайым түрі көрсетілген.


Атмосфералық қысым артқан кезде Х және Ү деңгейлері қалай өзгереді?

a) Х деңгейі ___________________________ [1]

b) Ү деңгейі ___________________________ [1]

c) Себебін түсіндіріңіз. [1]
3. Ардақ алқаның күмістен жасалғанын тексеру үшін оның салмағын ауада және суда өлшеді. Өлшеу нәтижелері:

рауа = 16,4 Н;

рсу = 14,6 Н;

а) Неліктен ауадағы алқаның салмағы судағы салмағына қарағанда аз? [1]
b) Алқаның күмістен жасалғанын тексеру үшін келесі шамаларды анықтау керек.

1) алқаның массасы __________________________________________________ [1]
2) алқаға әсер ететін кері итеруші күш __________________________________ [1]

3) алқаның көлемі ___________________________________________________ [1]
4) алқаның тығыздығы ______________________________________________ [1]
5) Кесте бойынша ρкүміс = 10500 кг/м3. Ардақ қандай нәтижеге келді? [1]
Жалпы: [13]





Бағалау критерийі

Тапсырма №

Дескриптор

Балл

Білім алушы

Қысымның физикалық мағынасын түсіне отырып, өзгерту әдістерін анықтайды


1

a) қысымға анықтама береді

1

b) қысымды анықтау формуласын көрсетеді

1

қысымды азайту жолын ұсынады

1

c) қысым жоғары болу жағдайын түсіндіреді

1

Атмосфералық қысымның табиғатын түсіндіреді

2

Х деңгейінің өзгерісін анықтайды

1

Ү деңгейінің өзгерісін анықтайды

1

сынап деңгейінің өзгерісін түсіндіреді

1

Кері итеруші күш пен сұйыққа батырылған дененің көлемі арасындағы байланысты анықтай алады


3

a) судағы алқаның салмағының жеңіл болуын түсіндіреді

1

b) 1) алқаның массасын анықтайды

1

2) алқаға әсер ететін кері итеруші күшті анықтайды

1

3) алқаның көлемін есептейді

1

Есептер шығаруда Архимед заңын қолданады

3

4) алқаның тығыздығын есептейді және

1

5) кестедегі мәнімен салыстырып, нәтижесін жазады

1

Жалпы балл

13


«Қысым» бөлімі бойынша

жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика
Білім алушының аты-жөні ___________________________________________


Бағалау критерийі

Оқу жетістігінің деңгейі

Төмен

Орташа

Жоғары

Қысымның физикалық мағынасын түсіне отырып, өзгерту әдістерін анықтайды


Қысымға анықтама беру, қысымды анықтау формуласын көрсету кезінде қателіктер жібереді, қысымды азайту жолын ұсыну, қысым жоғары болу жағдайын түсіндіру қиындық туғызады.


Қысымға анықтама береді, қысымды анықтау формуласын дұрыс көрсетеді, қысымды азайту жолын ұсыну/ қысым жоғары болу жағдайын түсіндіру кезінде қателіктер жібереді

Қысымға анықтама береді, қысымды анықтау формуласын жазады, қысымды азайту жолын ұсынады, қысым жоғары болу жағдайын түсіндіреді

Атмосфералық қысымның табиғатын түсіндіреді

Атмосфералық қысымның табиғатын түсіндіру қиындық туғызады





Барометрдегі сұйықтың деңгейлерінің өзгерісін анықтау/сынап деңгейінің өзгерісін сипаттау кезінде қателіктер жібереді

Атмосфералық қысымның табиғатын дұрыс түсіндіреді

Кері итеруші күш пен сұйыққа батырылған дененің көлемі арасындағы байланысты анықтай алады


Кері итеруші күштің физикалық мағынасын анықтау қиындық туғызады



Кері итеруші күш пен сұйыққа батырылған дененің көлемі арасындағы байланысты анықтауда қателіктер жібереді


Кері итеруші күш пен сұйыққа батырылған дененің көлемі арасындағы байланысты анықтай алады


Есептер шығаруда Архимед заңын қолданады

Есептер шығаруда Архимед заңын қолдану қиындық туғызады


Судағы алқаның салмағының жеңіл болу себебін түсіндіреді, алқаның массасын /алқаға әсер ететін кері итеруші күшті / алқаның көлемі мен тығыздығын анықтау кезінде қателіктер жібереді


Есептер шығаруда Архимед заңын дұрыс қолданады