Файл: Жиынты баалауа арналан дістемелік сыныстар Физика 7сынып.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 23.11.2023
Просмотров: 138
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
«Жұмыс және қуат» бөлімі бойынша жиынтық бағалау | |||||
Оқу мақсаттары | 7.2.3.1 - механикалық жұмыс деген физикалық ұғымның мағынасын түсіндіру 7.2.3.8 - механикалық жұмыс пен қуаттың формулаларын есептер шығаруда қолдану | ||||
Орындау уақыты | 15 минут | ||||
Тапсырма 1. Төмендегі таблицада, жазықтықта жатқан білеушенің қозғалу бағыты мен оған түсірілген күштің бағыты көрсетілген. Әсер етуші күштің жұмысының таңбасы оң/ теріс немесе нөлге тең болатындығын анықтап, сәйкес бос орынға жазыңыз. [3] 2. Сорғы 5 секундта көлемі 4,5 м3 суды 5 м биіктікке көтереді. Судың тығыздығы 1000 кг/м3.
3. Қуаты 600 Ватт локомотив бірқалыпты қозғалып, 400 м аралықты 30 с-та жүріп өтеді.
Жалпы: [13] | |||||
Бағалау критерийі | Тапсырма № | Дескриптор | Балл | ||
Білім алушы | |||||
Механикалық жұмысты анықтау үшін күш пен орын ауыстыруды байланыстыратын формуланы қолданады | 1 | күш қозғалыс бағытына қарама-қарсы бағытталған жағдайдағы жұмыстың шамасын анықтайды | 1 | ||
| 1 | ||||
| 1 | ||||
Есептерді шешуде қуат және жұмыс формулаларын қолданады | 2 | a) күшті анықтау формуласын қолданады | 1 | ||
суды көтеруге жұмсалған күшті табады | 1 | ||||
b) жұмысты анықтау формуласын қолданады | 1 | ||||
суды көтеруге жұмсалған жұмысты табады | 1 | ||||
c) қуатты анықтау формуласын қолданады | 1 | ||||
сорғы қуатын анықтайды | 1 | ||||
Қуатты анықтау үшін жылдамдық пен күшті байланыстыратын формуланы қолданады | 3 | a) жылдамдықты есептеу формуласын қолданады | 1 | ||
локомотивтің жылдамдығын есептейді | 1 | ||||
b) тарту күшін анықтау формуласын қолданады | 1 | ||||
локомотивтің тарту күшін анықтайды | 1 | ||||
Жалпы балл | 13 |
«Жұмыс және қуат» бөлімі бойынша
жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика
Білім алушының аты-жөні ________________________________
Бағалау критерийі | Оқу жетістігінің деңгейі | ||
Төмен | Орташа | Жоғары | |
Механикалық жұмысты анықтау үшін күш пен орын ауыстыруды байланыстыратын формуланы қолданады | Механикалық жұмысты анықтау үшін күш пен орын ауыстыруды байланыстыратын формуланы қолдану қиындық тудырады | Күш қозғалыс бағытына қарама-қарсы/перпендикуляр/бағыттас болған жағдайдағы жұмыстың шамасын анықтау кезінде қателіктер жібереді | Механикалық жұмысты анықтау үшін күш пен орын ауыстыруды байланыстыратын формуланы дұрыс қолданады |
Есептерді шешуде қуат және жұмыс формулаларын қолданады | Есептерді шешуде қуат және жұмыс формулаларын қолдану қиындық туғызады | Суды көтеруге жұмсалған күшті/жұмысты/сорғы қуатын анықтау кезінде қателіктер жібереді | Есептерді шешуде қуат және жұмыс формулаларын дұрыс қолданады |
Қуатты анықтау үшін жылдамдық пен күшті байланыстыратын формуланы қолданады | Қуатты анықтау үшін жылдамдық пен күшті байланыстыратын формуланы қолдану қиындық туғызады | Жылдамдықты/тарту күшін анықтау кезінде қателіктер жібереді | Қуатты анықтау үшін жылдамдық пен күшті байланыстыратын формуланы дұрыс қолданады |
4-ТОҚСАН
БӨЛІМ БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ ТАПСЫРМАЛАРЫ
«Энергия» бөлімі бойынша жиынтық бағалау | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Оқу мақсаттары | 7.2.3.2 - механикалық энергияның екі түрін ажырату 7.2.3.3 - кинетикалық энергия формуласын есептер шығаруда қолдану 7.2.3.4 - жоғары көтерілген дене үшін потенциалдық энергиясының және серпімді дененің формуласын қолдану 7.2.3.6 - механикалық энергияның сақталу заңын есептер шығаруда қолдану | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
| | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Бағалау критерийі | Білім алушы
| |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Ойлау дағдыларының деңгейлері | Білу және түсіну Қолдану Жоғары деңгей дағдылары | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Орындау уақыты | 15 минут | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Тапсырма
[6]
А) А, В нүктелеріндегі тастың энергиясын анықтап, кестені толтырыңыз.
[6] b) Кестедегі мәліметтерді пайдаланып энергияның бір түрден екінші түрге өтуін сипаттаңыз. [3] Жалпы: [15] |
Бағалау критерийі | Тапсырма № | Дескриптор | Балл | |
Білім алушы | ||||
Кинетикалық және потенциалдық энергияларды анықтайды | 1 | сығылған серіппенің энергиясын анықтайды | 1 | |
жерде домалап бара жатқан доптың энергиясын белгілейді | 1 | |||
ауада ұшып жүрген дисктің энергиясын белгілейді | 1 | |||
жел әсерінен иіліп тұрған ағаш бұтағының энергиясын белгілейді | 1 | |||
гүлге қонып тұрған көбелектің энергиясын белгілейді | 1 | |||
аспанда ұшып жүрген тырнаның энергиясын белгілейді | 1 | |||
Кинетикалық энергия формуласын қолданады | 2 a | А нүктесіндегі тастың кинетикалық энергиясын есептейді | 1 | |
А нүктесіндегі тастың потенциалдық энергиясын есептейді | 1 | |||
А нүктесіндегі тастың толық энергиясын есептейді | 1 | |||
Потенциалдық энергия формуласын қолданады | В нүктесіндегі тастың кинетикалық энергиясын есептейді | 1 | ||
В нүктесіндегі тастың потенциалдық энергиясын есептейді | 1 | |||
В нүктесіндегі тастың толық энергиясын есептейді | 1 | |||
Энергияның бір түрден екінші түрге өтуін сипаттайды | 2 b | кинетикалық энергияның түрленуін сипаттайды | 1 | |
потенциалдық энергияның түрленуін сипаттайды | 1 | |||
толық энергияның өзгермейтінін сипаттайды | 1 | |||
Жалпы балл | 15 |