Файл: Магистрлікдиссертация.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Диссертация

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 23.11.2023

Просмотров: 478

Скачиваний: 7

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

1.2 Қазіргі кездегі технологиялар және әдістемелер

Сырт көзге оқу үрдісіндегі әдістемелік және технологиялық әдіс-тәсілдерде қарама-қайшылық жоқ. Себебі, «оқытудың әдістемесі» ұғымы «білім беру технологиясы» ұғымынан әлдеқайда кең.

Әдетте, әдістеменің пәні – білім берудің мақсатын, мазмұнын, оқу үрдісін ұйымдастырудың әдістерін, түрлерін, құралдары мен тәсілдерін қамтитын әдістемелік жүйе деп саналады. Дәлірек айтсақ, әдістеме негізгі үш сұраққа жауап беруге тырысады: не үшін, неге және қалай оқыту керек? Ал, технолог болса, мақсат белгілі болып, оған жетудің нақты іс-әрекетін, жолдарын анықтауға келген кезде ғана іске кіріседі. Сондықтан, технология, негізінен, триаданың үшінші сұрағына ғана жауап береді (Сызба нұсқа 1.)
Сызба нұсқа 1.



Әдістемелік жүйе







Ә

Д

І

С

Т

Е

М

Е



Мақсаттар




Т

Е

Х

Н

О

Л

О

Г

И

Я



Мазмұн


Әдістер





Формалар



Құралдар




Тәсілдер




Бір қарағанда, технологиялық әдіс жеке әдістемелер ішінде де дами алар еді деген ой туады. Бірақ, әдістемелік және технологиялық амалдардың мақсаттық ұстанымдары әртүрлі [8].

Әдістемелік жүйенің объектісі «орташа» оқушы болып жүйе құру үшін ешқандай роль атқармайды. Технологиялық жүйенің іске асуы үшін шикізаттың бастапқы жай-күйі туралы жан-жақты мәлімет қажет.

Әдістеме мен технологияда қолданылатын оқу процесін сипаттайтын тілдік құрал (терминология) да әр түрлі. Нәтижеде, көптеген тамаша әдістемелік жүйелер (В.Ф.Шаталов, В.К.Дьяченко т.б.) іске асырылар деңгейге келген кезде қиындықтарға жолықты. Себебі, жаңа жағдайға жүйені жұмыс жасатуда алынған сипаттамалар жеткіліксіз болып отырды.

А.Кушнир: «Технология әдістемеден өзінің нәтижелерінің тұрақтылығымен, тез қайта қалпына келетіндігімен ерекшеленеді. Әдістеменің тәжірибені қорытындылаудың білімді үйренудің жаңа әдістері ойлап табылғанда ғана дүниеге келетіні үйреншікті жағдай. Технология болса, ықтимал нәтиже емес, берілген бастапқы нақтылы жағдайларға байланысты жобаланады [12].


Деңгейлеп оқыту педагогикалық технологиясы

Деңгейлеп оқыту педагогикалық технологиясын оқу процесіне енгізуді пән бойынша күнтізбе жоспарын жаңаша құруды бастайды. Ол үшін дәстүрлі оқытудағы екі бақылау жұмысының арасында өтетін оқу материалын Модуль деп қарастырып (ол тарау болуы мүмкін) оның құрылымы анықталады:

1 – сабақ: §1

2 – сабақ: §2

...

...

n – сабақ: §n

(n+1) – сабақ: (§1 - § n) бойынша 3 деңгейлік қорытынды өзіндік жұмыс

(n+2) – сабақ: Өзіндік жұмыстан шыққан қателерді түзету сабағы

(n+1) – сабақ: Модуль бойынша Бақылау жұмысы

Модульдің дәстүрлі оқытудағы тараудан негізгі айырмашылығы әр бақылау жұмысының алдында оған дайындық екі сабақ өтіледі. Бірінші (n+1) – сабақта оқушылардың модуль бойынша түсінбей қалған кемшіліктерін анықтап, оларды екінші (n+2) – сабақта жою мақсаты көзделген. Әр тоқсанның да алдында осындай екі дайындық сабақтары өтеді. Бұл жағдайда: модульдік бақылау жұмыстарынан – тоқсандық, төрт тоқсандық бақылау жұмыстарынан жылдық бақылау жұмыстары құрылады. «Қосымша» сағаттарды ұқсас материалдарды блокқа біріктіріп оқыту арқылы үнемдеуге болады. (n+1), (n+2) – сабақтарын біріктіріп бір 45 минутта өзкізсе де болады.

Әр параграфтың мазмұнын (45 минут немесе 90 минутқа арналуы мүмкін) технологияның талабы бойынша меңгертуді ұйымдастыру үшін оның үш кезеңі анықталған.

Жаңаша оқытудың негізгі түрлері болып, оқытудың дербес және топтық түрлері табылады. Оқытудың бұл түрлеріндегі ең бастысы – оқушыға деген сенім, оның өз ісіне жауап беру мүмкіндігіне сүйене отырып, өз беделі мен қадір – қасиет сезімін дамыту [13].

Жаңа технологияның жаңа мақсаты бойынша «оқытуды ізгілендіру» қажет деп отырмыз ғой. Ол – оқыту құралдарына деген көзқарасты да өзгертуді талап етеді. Бұл өзгерістер бойынша оқу құралдары оқушылардың өздігімен танымдық іс-әрекетін жүргізе алатындай құралдар болуы керек. Бұрынғы дәстүрлі оқулықтар мұндай талапты қанағаттандыра алмайды, сондықтан оқушылардың өз бетімен білім алуына аса бейімделген жаңа типтегі оқулықтар қажет. Ол оқулықтардың қандай болу керек екендігі төменде айтылады. Осы жерде компьютерлік техниканың да функционалдық мүмкіндіктерінің мол екендігі төменде айтылады. Осы жерде компьютерлік техниканың да функционалдық мүмкіндіктерінің мол екендігін ескере кету қажет, себебі компьютерлік техника – оқушыға, ол ізденіс және зерттеу жұмыстарын жүргізе алатындай, оқытушы орта құруына мүмкіндік береді. Бұл оқу мазмұны мен жаңа мақсат талап ететін жаңа оқулықтарда – оқу материалдарының мазмұны жаңаша баяндалуы қажет [14].



Оқытудың басты мақсаты өздігімен білім алып дами алатын жеке тұлғаны қалыптастыру болғандықтан, оқулықтағы теориялық материалдардың берілу жолы осы мақсатты қанағаттандыра алатындай болып, оқушылардың өз бетімен білім ала алуына бейімделіп құрылуы керек. Ол бойынша өнер тапқыштық пен жаңалықтар ашуға жетелейтін баланың жаңа қасиеттерін ашуға болады екен. Технологияның тағы бір психологиялық негізі болып табылатын теория – Л.С. Выготскийдің «оқыту процесінде оқытушының ақыл-ойының дамуы «актуальды дамуы» аймағынан «жақын арадағы даму» аймағын ауысу» туралы теориясы. Бұл ауысу – тапсырмаларды қайталап орындауға ғана арналған бірінші деңгейден өнімді іс-әрекет арқылы жүзеге асады. Осындай төрт іс-әрекет деңгейлердің тапсырмаларын басынан бастап бірінен соң бірін орындау арқылы оқушы оқу материалының әр түрлі деңгейіне көтеріледі.

Ресей ғалымы В.П.Беспалько бұл деңгейлерді:

Бірінші деңгей – «міндетті, оқушылық»,

Екінші – алгоритмдік,

Үшінші – эвристикалық және

Төртінші – шығармашылық деңгейлердегі қабылдау деп атайды.

Сондықтан да, оқушылардың білім, білік, дағдыларын жетілдіру үшін, деңгейлеп оқытудың жаңа технологиясы бойынша, дифференциалды және дербес деңгейлік принциптернің талаптарына сәйкес өткізілетін әртүрлі сабақ түрлеріне арналған жаңа тұрпаттағы оқулықтар мен оқу құралдары қажет. Бұлар: әңгімелесуші – оқулықтар және оларға қосымша төрт деңгейдегі тапсырмалары берлген жұмыс дәптерлері.

Әңгімелесуші – оқулық бойынша (сабақтың 1,2 - кезеңдерінде): оқушылар а) жаңа тақырыпты өз бетімен меңгеріп: анықтама, ережелерін өзі шығарады. Мұндағы тапсырмалар «сұрақ-жауап» диалогы түрінде келтіріледі; б) жаңа меңгерген теориялық білімін үлгі ретінде қарапайым жаттығу-мысалдармен бекітеді. Бұл тапсырмалар оқушылардың өздігімен танымдық іс-әрекетін дамытуға бағытталады.

Жұмыс дәптерлеріндегі (3-кезеңде): төрт деңгейлік тапсырмалар оқушылардың жаңа тақырып бойынша алған теориялық білімдерін дамытып, тереңдетуге арналады. Оларды барлық оқушы бірдей бірінші деңгейден бастап орындауға көшеді де, әркім орындап үлгерген тапсырмаларына сәйкес ұпайларына жинайды [15].

Аталған екі оқу құралының да мазмұндары кейінгі кезде технология бойынша әр пәннен құрастырылып жүрген оқушылардың арнайы оқу құралдарында, әзірге біртұтас беріліп жүр. Деңгейлік тапсырмаларға. Мысалы арнайы пәннен, төмендегідей талаптар қойылады:

Бірінші деңгейдегі тапсырмаларға:

  1. Жаттап алуға лайықталған болуы керек.

  2. Алдыңғы сабақта жаңадан меңгерілген білімнің өзін өзгертпей қайталап, пысықтауына мүмкіндік беруі тиіс.

  3. Тапсырмалар жаңа жаңа тақырып үшін типті және өмірмен байланысты болуы керек [15].


Жалпы техникалық пәндерде мұндай талаптар жаңа тақырыпты игеру соңында шығарған есептерге ұқсас тапсырмалар құру арқылы орындалады және олар оқушының өзі шығарған ереже, анықтама, заңдарын бекітуге арналады. Мұндай тапсырмаларды құрастырған кезде олардың танымдылығы мен қызықтылық жақтарына ерекше көңіл аударған жөн.

Екінші деңгейдегі тапсырмаларға:

Өтіп кеткен материалдарды реттеуге және жүйелеуге берілген тапсырмалар. Бұлар өзгертілген жағдайлардағы тапсырмалар, яғни бұрынғы тапсырмаларға ұқсас, бірақ оларды орындау үшін алғашқы алған білімдерін түрлендіріп пайдалану қажет болады [16].

Мұндай іс-әрекетке келтірілетін тапсырмалар: мәтінмен берілген кері есептер; кері байланыс функциясы атқаратын тексеру тапсырмалары, т.с.с.

  1. Оқушылардың ойлау қабілетін жетілдіруге берілетін тапсырмалар.

Оларда біз ұлттық ерекшелігіміз ескеріліп, танымдық және үйретімділік маңызы болуы қажет болады. Бұлар: логикалық есептер, ребустар мен сөзжұмбақтар.

Үшінші эвристикалық деңгейдегі тапсырмалар түрлері мыналар:

  • Танымдық іздену (эвристикалық) түрдегі тапсырмаларды орындау барысында оқушылар жаңа тақырып бойынша меңгерген алғашқы қарапайым білімдерін (заңдылықтар шығару, анықтамалар, формулалар жаттау, т.с.с.) жетілдіріп, тереңдетумен қатар, ол тағы да білімді меңгеріп, өзі үшін жаңалық ашуы тиіс. Эврика! Мұндай жұмыс – анализ бен синтез және салыстыру арқылы негізін анықтау, қорытындылау сияқты ой жұмыстарын қажет етеді. Мұндай есептерді шешу барысында оқушылар жаңа есептерге тап болады да, проблемалық жағдай туындайды. Оны шешу үшін оқушы жаңа әдістер іздеуі керек.

  • Әртүрлі әдіс, тәсілдермен шешілетін есептер құрастыру және өздігімен шығару, өмірден алынған мәліметтер негізінде диаграмма, графиктер салу, жергілікті жағдайда өлшеу жұмыстарын жүргізу, көрнекі құралдар дайындауға берілетін тапсырмалар. Ой қорытуға арналған, дағды қалыптастыратын тапсырмалар.

Төртінші шығармашылық деңгей тапсырмалары:

Оқушылардың жинаған өмірлік тәжірибесі мен қалыптастырған ұғым, түсініктерінің, қиялы мен белсенді ой еңбегінің нәтижесінде жаңаша, бұған дейін болмаған, белгілі бір дәрежеде олардың жеке басының икемділігін байқататын дүние жасап шығуына негізделген (теорема дәлелдеу, заңдылықтарды оқулыққа сүйенбей мұғалімнің көмегінсіз қорытып шығару).

Сонымен, қорытып айтатын болсақ, бұлар үш кезеңнің бірінші деңгейі үшін – 1,2 кезеңдерде игерілген теориялық материалдарды пысықтау мен қайталауға, ережелер мен анықтамаларды, формулаларды жаттауға арналған тапсырмалар және олар сынақ арқылы бағаланады.


Жоғары деңгейлер үшін – алған білімдерін өз бетімен қорыту мен жүйелеуге, оларды тереңдетіп дамытуға және тәжірибеде қолдануға арналған тапсырмалар.

Сондықтан да, жаңа технология бойынша сабақ беруші мұғалімдер, үзіліс кезінде де оқушылардың сабақтан бас алмайтындығын байқаған. Оларға өзара бәсекелесе отырып жұмбақ, сөзжұмбақ, ребус, математикалық басқатырғыштар сияқты әр деңгейдегі тапсырмаларды шешіп, өтіп жатқан тақырыптан барынша көп ұпай алуға тырысқан, себебі, ертең жаңа тақырып басталады. Нәтижесінде «екіліктер» жойылумен қатар, «үштік» алып жүрудің өзі де ұят саналатын болған.

Осы жерде, «үлгерімі кейіндеп қалып, өз құрбыларын, белгілі бір себептермен, қуып жете алмайтын оқушылармен қалай жұмыс істеуіміз қажет?» - деген сұрақ туады. Бұл мәселенің шешуі қарастырылған.

Мұндай жағдайда, барлық тапсырмаларды мезгілінде орындаған оқушылар үлгермеушілерге көмектеседі;

Сыныптың басқа оқушылары өздігімен жұмыс істеп жатқан кезде мұғалімнің де үлгерімі төмен оқушыларға дербес көмек көрсетуіне уақыты табылады. Ол сынып оқушыларының өзіндік жұмыс әрекеттерін тек ұйымдастырп, басқару, жалпы бақылау жасау және балалардың өз-зін бағалауын бақылау функциясын атқарады [17].

В.М.Монаховтың технологиясы.

Мақсаты:1оқытудың тұтас технологиясын жобалау; алға қойған мақсатқа жетуді көздейтін педагогикалық үрдіс түзу; мұғалімге нәтижені талдап, түсіндіріп бере алатындай жүйені таңдау және құру; 2. оқушылармен жүргізілетін қиындықтың алдын алу және түзету жұмысының жүйесін жасау, жалпы педагогикалық біліктіліктің технологиялық сенімді даму динамикасын жасау; жобаланған технологияны іске асыратын жаңа тәсіл қалыптастыру.

Тұжырымының ерекшелігі:

Технология мұғалімнің бүкіл оқу жылында пайдаланатын әдістемелерді жоспарлауына көмектеседі. Технология жобасындағы негізгі обьект–оқу тақырыптары, дидактикалық модуль, әр пакеттің өзінше қамтитын нақты мәселелері болады.

Мазмұны мен әдістерінің ерекшелігі:

Әдістемелік технология (В.М.Монахов бойынша) оқу үрдісінің методикалық мазмұнын басқару технолдогиясы, оқу үрдісін неғұрлым мақсатты жобалап құру жүйесі. Бұл технология мынадай кезеңдер арқылы жүзеге асады: 1-кезең. “Оқытудың жаңа технологиясының теориялық негіздемесі” пакетін түзу. 2-кезең. “Берілген дидактикалық модуль шеңберіндегі технологиялық жұмыстар” пакетін түзу. 3-кезең. “Берілген дидактикалық модульды жүзеге асырудағы мұғалімнің әдістемелік құралдары” пакетін түзу. 4-кезең. “Берілген дидактикалық модульды жүзеге асыруда технологиялық ойлардың жүзеге асуының нәтижесін өлшейтін өлшемдер (критерий) мен әдістер” пакетін түзу. 5-кезең. “Оқытудың жаңа технологиясын меңгеру мәдениеті” пакетін түзу [18].