Добавлен: 04.02.2019

Просмотров: 18575

Скачиваний: 9

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Бастапқы христиандық қауымның құрамы негізінен қоғамның төменгі таптары – құлдар, ерік алғандар, қайыршылар және т.б. тұрды Алайда, II-III ғғ. соңына қарай, қауымдарда сенаторлық және әскери атағы бар адамдардың саны артты.

Христиандық қозғалысқа ақсүйектер мен білімді адамдардың тартылуы оның әлеуметтік мазмұнын өзгертті. Жоғарғы тап өкілдері қауымда жетекші орындарға ие болды, мүлік жұмсау мен діни рәсімдерді атқаруға басшылық етті. Сол себепті олар теңсіздікті жою, қалыптасқан тәртіпке қарсы шығу идеяларын христиандықтан ығыстыруға талпынды.

Римде императорға адалдық культі кең таралған еді. Император мүсінінің алдында құрбандық шалудан бас тарту саяси күмәнділіктің белгісі саналатын. Христиандар бұл рәсімді жасаудан бас тартқандықтан императорлар Траян (53-117), Марк Аврелий (121-180), Семтимия Север (146-221), Валериан (193-260 жж. шам.), Диоклетиан (245-316) және т.б. кезінде қатты қуғынға ұшырады. Азап шеккендер культі христианшылдықтың таралуына және христиандардың бірігуіне ықпал етті. Көптеген христиандар қуғынан шөл далаларға қашты. Бұл осы уақыттарда христиан монахтығының пайда болуына ықпал етті.

Қауымның әлеуметтік құрамының өзгеруі олардың әлеуметтік эволюциясын да анықтады. Бұрынғы демократиялық тенденциялардан бас тарту күшейе түсті. Шіркеу мен қауым басшылары императорлық билікпен жақындасуға талпынды, ал императорлық билік өз тарапынан империяны бір дін аясында топтастыруға, мүдделі еді (ұлттық діндердің біртіндеп, атап айтқанда рим дінін әлемдік дінге айналдыру сәтсіз аяқталды. Империя халқының бәріне түсінікті ортақ нәрсе қажет болды. (332-363)). Император Константин 312 жылы христиан дінінің мемлекеттік дінге айналуына бастау болған Милан шешімін қабылдады. Ал 325 жылы толыққанды билікке қол жеткізген Константин Рим империясының аумағында христиандықтың шектеусіз таралуын және оның басқа діндермен теңдігін қамтамасыз етті.

Христиан ілімі Қасиетті жазу Библия мен Қасиетті Аңызға – шіркеу әкейлерінің айтқандарына, соборлардың шешімдеріне негізделеді. Алайда, ерте христиандықта бұл негіздер болған жоқ. Христианшылдық ұзақ уақыт бойы ауызша дәстүрге негізделген уағыздар айту, аңыз - әңгімелер «игі хабарлар» арқылы таралды.

Алғашқы ғасырларда әртүрлі қауымдарда әртүрлі евангелиялар, жеке адамдардың істері туралы жазбалар пайда болды. Сол уақыттарда белгілі болған жазулар: Петр, Андрей, Варфоломей, Лука, Иоанн евангелиялары, аталған Матвейден келген евангелиялардың әртүрлі нұсқалары еді. Сонымен қатар топтардың атауымен аталып, сол топтарда қадір тұтылған евангелиялар да, мысалы назорейлер, эбиониттер, еврейлер евангелиялары да пайда болды. Бұдан басқа Петр Апокалипсисі, Павелдің лаодикейліктерге, александриялықтарға арнаған хабарлары, оның Сенекамен алысқан хаттары, Петр уағыздары, 12 апостолдар ілімі («Дидахе»), Герма «Пастрі» сияқты аян алу жанрына жататын кітаптарда кездеседі.


Христиандар арасындағы кикілжіңнің себебін түсінгісі келген император Константин епископтардан қасиетті кітаптар тізімін жасауды талап етті, сөйтіп канонды жасақтау ісін тездетті. Константиннің мақсаты бір орталықтан басқарылатын империяға сәйкес келетін бір орталықтан басқарылатын ортақ ілім негізінде шіркеулерді біріктіру болды. Константин қайтыс болғаннан кейін 363 жылы өткен Лаодикей соборы канондалған христиандық шығармалардың тізімін белгіледі. Алайда, жаңа өсиет құрамына енген кітаптар тізімі 429 жылы Карфаган сборында бекітілді. Жаңа өсиет құрамына 4 інжіл, апостолдардың 21 өсиеті және Иоанның Апокалипсисі кірді. Бұлардың барлығы христиандар үшін киелі кітаптар болып саналады. Ал қалғандарын шіркеулік дәстүр апокрифтік (жалған) шығармалар қатарына жатқызады.

Христиандық догматтардың бірде – біреуі аяқталған күйде пайда болған жоқ, негізгі догматтар канондалғаннан соң даолардың төңірегіндегі пікір - таластар толастамады. Соборлар мен олардан тыс жерлерде әртүрлі топтар арасында христологиялық пікір – таластар жүріп жатты. Бұл пікір – таластар құдайдың үштік бірлігі, құдайға айналу (боговоплощение) және күнәдан арылу қағидаларының төңірегінде топтасты.

Б.з. 325 жылы Константин талабы бойынша шақырылған және оның төрағалығымен өткен христиан шіркеулерінің Никей соборы құдай-әке мен құдай-бала бір мәнді емес деп тұжырымдаған александриялық епископ Арийдің және оның ізбасарларының ілімін айыптап, Афанасий Александрский ілімін қолдап, осы қағиданың түпкілікті түсінігін жасады. Құдай үш бірліктің тұтастығы және құдай-бала мен құдай-әке бір мәнді деп танылды.

IV ғ. 60 ж. бастап бір – бірімен келіспейтін көптеген теологиялық бағыттарды тудырған Қасиетті Рух статусы туралы мәселе қойылды. Мысалы духоборлар (македонияндар) Рухтың Құдайылығын Әке мен Балаға теңестірмеді.

Алайда, шіркеулік пікір-таластар толастамады. Христиан мәселелерін талқылау барысында теологтар күннен – күнге көбейген ілім элементтерін анықтау қажеттілігіне тап келді.

Құдайдың үштік бірлігі идеясымен қатар Иса пайғамбардың бойында адамилық пен құдайылық қалай ұштасады деген мәселе де күн тәртібінен түспеді. Б.з. V ғ. адамға құдайылықтың қонуы туралы қағида төңірегінде қызу пікір – таластар орын алды. Константинополь патриархы Несторий Христос бойындағы адами және құдайылық бастаулардың ара жігін толық ажырату идеясын алға тартты. Алайда б.з. 431 ж. Ефес соборы «Христос бірлікте болады» деген шешімге тоқталды. Монофизиттер болса Христостың тек құдайылық табиғаты бар деп тұжырымдады. Монофизиттікті император Феодосий II (401-450) мен 449 ж. Эффестік «қарақшылар» соборы қолдады. Феодосий II қайтыс болғаннан кейін император - әйел Пульхерия мен оның қостаушысы Маркиан Диаскор қарсыластарына қолдау жасады. Халкидон соборы Христос әрі Құдай әрі адам. Құдайылықтан мәңгі туыла отырып, ол Дева Мариядан адам болып туды, Құдайылық пен адамилық онда араласпайды, өзгермейді (монофизиттерге қарсы), ажырамайды (несториандарға қарсы) деген құдайға айналу догматын қабылдады. Император Маркиан бұл догматтарды мойындаудан бас тартқандарды қатал жазалау туралы заң шығарды. VI ғасырдың ортасына қарай Иисус Христосты қалай бейнелеу керек деген пікірталас та шешілді. Бесінші Констонтинопольдық II (553 жыл) Әлемдік Собордың 82-ережесі Құдай Ұлын агнец бейнесінде емес, адами келбетте бейнелеуге міндеттеді. Жаңа бейнедегі Христос образы діндарларға мойынсұну мен бағынуды, жан ашу мен аман алып қалатын құрбандықтың қасиеттілігін жеткізуі керек болды.


Христиандық культтің орнығуы да талас - тартысқа толы болды. Алғашқы ғасырларда шіркеу әулиелерді бейнелеуге қатаң тиым салды. Эльвирдегі шіркеулік Собор қабырғаларда табынатын ешнәрсе болмау керек деген ережені бекітті. IV ғ. соңында шіркеу жазушыларының бірі - Евсевий (260-265; 338-339) діни ғұрыптарда иконаларды қолдануды пұтқа табынушылық деп санады. VIII ғ. несториандар мен монофизиттер де иконаға табынуға қарсы шықты. Осы кездерде иконаға табынуға тиым салған үкімет қаулылары да шықты. Бұл пікір - талас тек жетінші – II Никейлік (787) Әлемдік соборда шешілді. Собор әулилер мен қасиетті оқиғаларды бейнелеп, оларға табынудың қажеттілігі туралы ережені белгіледі. Ал христиандық құпиялардың және оларға тікелей қатысты рәсімдердің қалыптасуы тіптен ұзаққа созылды. V ғ. соңында шоқыну құпиясы, ал кейін – евхаристия қабылданды. Бірнеше ғасырлар бойы христианшылдық біртіндеп шоқыну, хош иісті май жағу (миропомазание), шырша майымен тазару (елеоосвящение), неке, жалбарыну, тәубеге келу, қасиеттілік құпияларын енгізді.

Христианшылдық біртұтас діни ағым бола алмады. Рим империясының көптеген провинцияларына таралу барысында ол әр елдің жағдайына, қалыптасқан әлеуметтік қатынастарға, жергілікті дәстүрлерге бейімделді.

Христиан дініндегі ең ірі жіктелудің бірі негізгі екі бағыттың – православие мен католицизмнің пайда болуы болды. Бұл жіктелу бірнеше ғасырлар бойы пісіп жетілді. Ол Рим империясының батыс пен шығыс бөлігіндегі феодалдық қатынастардың даму екершеліктеріне және олардың арасындағы бәсекелестікке байланысты болды.

Христиандықтың несториандық бағыты III-IV ғасырлардан бастап Орта Азия аймағына кіре бастады. Ортодоксальдық Христиандықтан айырмашылығы сол, несториандар Иисус Христосты Құдай Ұлы емес, қатардағы адам деп санайды. Тарихи деректер несториандықты Орта Азия және Қазақстанда әсіресе патриарх Тимофейдің (780-820 жж.) тұсында кеңінен таралғанын айтады. Қазіргі таңда Қазақстанда Христиандықтың үш бағыты да (католицизм, православия, протестанттық) көрініс тапқан. Сонымен қатар 1994 жылдан бастап Алматы қаласында Армяндық шіркеуге жататын армяндардың “Сурб Хач” (Қасиетті Шармық) атты діни жамағаты тіркеуден өтіп қызмет етуде.

Әдебиеттер:

1. Ауни Д. Новый Завет и его литературное окружение. – СПб., 2000.

2. Свенцицкая И.С. Раннее Христианство: Страницы истории. – М., 1988.

3. Хосроев А.Л. Александрийское христианство. – М., 1991.


ХРИСТИАНДЫҚТЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ

Діни ілімнің біртұтастығына қарамастан христиандықта литургиялық және діни ілім дәстүрлерінің көптеген түрлері қалыптасты. Бұған Рим империясы халқының мәдени көптүрлілігі әсер етті. Әр түрлі аймақтарды мекен еткен христиандардың құлшылығын әр түрлі тілде жасаған: мысалы, Палестина мен Сирияда грек пен армян тілі, Египетте грек пен копт, Кіші Азия мен Балканда грек тілі, ал христиан Батысының тарихи аудандарында латын тілі болды.


Көне шіркеулердің үстем құрған уақытында көне христиан әлемінің тарихи аудандары бір-бірімен байланысты болды. Уақыт өте келе христиан шіркеулерінің арасында тілдік және шығыс пен батыс арасындағы діни оқытуларда айырмалар пайда болды. Бұның нәтижесінде 1054 ж. христиандық екі шіркеу пайда болды. Олар: православтық және католиктік.

Тарихи православтықтың негізгі орталығы Шығыс Рим империясы (Византия) болды, ол Балкан мен Кіші Азияда негіз алды. 11 ғ кейін Византияны және христиандықты византиялық миссионерлерден қабылдаған шекаралас елдерді (соның ішінде Русьті), сондай-ақ жеті Вселендік соборларда бекітілген діни ілімді сақтайтын барлық шіркеулерді Православ әлемі деп атай бастады. Көне Русь Константинопольдық патриархаттан шоқынуды ресми түрде 988 ж. қабылдады. Орыс халқында православие біздің уақытымызға дейін сақталды. Христиандық дін әуел бастан Христостың уағыздарымен бірге өзін аскеттік дін ретінде айқындады: «Кімде-кім менің артымнан ергісі келсе, өзінен бұрылып, өз крестін алып, менің артымнан жүрсін» (Мф.16,24). «Еру» сөзінің мағынасы оған ұқсауды білдіреді. Мұнда апостол болып күнәлардан арылған, Құдайды сүйген, жақындармен жақсы қатынаста болған және еш жыныстық қатынас жасамағандар болды.

Қиыншылық көру көне христиандардың күнделікті өмір әдетіне айналды. Бірақ тиым салынғандардың алдыңғы сатысында өмірінде ешбір жыныстық қатынас жасамау болды. Апостол Павелдың негіздеген уағыздарына Августин Философ, Тертулиан, Киприан Карфагенский, Климент Александырлық, Ориен және Лактанций өз еңбектерін арнаған. Монахтықтың басынан бастап-ақ руханилық (оқыту, басқару) секілді маңызды принциптер құрылды. 4-ші ғасыр көптеген басшылардың аттарын берді: Аммун Нитрийский, Макари Египетский, Макарий Александрийский, Пимен және т.б. Скиттік шөлдің негіздеушісі Ұлы Пахомий болды. Яғни 4-ші ғасыр монахтығы тақуалық, жартылай тақуалық (келиоттық, скит) және жалпы тұрғындық өзіндік формаларын қалыптастырды. Православтық монахтық ерекше рухани дәстүрді қалыптастырды. Ережелерді қалыптастыра отырып монахтардың өмірі туралы жарғылар жазылды. Монахтық әкелер күнәмен күресудің аскеттік жүйесін жасады. Әсіресе монахтық, жалпы православтық мәдениетті қалыптастырды.

Христиандық әдет-ғұрыптың мазмұны болып адамның мінез-құлқы табылады. Христиандық ахлақ (мінез-құлық) Тәңірлік ахиқатқа негізделеді. Ол адамды құдайлық қасиеттерге бейімдейді. Адам өз еркіндігімен киеліліктің жоғарғы сатысына шыға алады, бірақ сонымен қатар күнә мен жамандықтың түбіне түсе алады. Оның алдында екі жол бар: өмір жолы және өлім жолы. Тура жолды табуда ахлақ заңдары, ахлақ сезімі және санасы маңызды рөл атқарады. Ахлақ заңы-бұл адам рухындағы ұят деп аталатын құдайдың дауысы. Ұяттық сезім адамзат ахлағының негізі болып табылады. Бірақ бұл ұяттық сезімнің өзі жеткілікті емес, сыртқы бір жол көрсетушіге мұхтаждық бар. Мұндай жол көрсету заңы адамзатқа екі түрде берілді. Олар: дайындық түріндегі-Мұсалық заң, 2-шісі толық-Евангелдік заң.


Христиандық махаббат – бұл, адамды Құдайға жақындататын сезім. Иса пайғамбар мынадай өсиет қалдырған: «Мен сендерді қалай сүйсем, сендер де бір-біріңді солай сүйіңдер». Бұл өсиет тек достарды ғана емес, дұшпандарды да сүйюді уағыздайды. Жақынға деген махаббат адамның өз-өзін сүюден басталады, ал ол адамның тәңірге деген сүйіспеншілігінен бастау алады. Христианның Құдайға деген махаббаты тек ахлақтық жағынан шыңға жетуді емес, сонымен қатар оның рухани болмысының негізі болып табылады.

Құдай бізге шіркеулік өмірде ашылады. Құбыжық әлем мен адамның өзі де құдайдың бір жаратылысы. Құдай баласының қалауы бойынша Құдайды тану дарынды болуы мүмкін. Көне өсиетте Құдайдың көрінуі туралы Иаков былай дейді: «Мен құдайды бетпе-бет көрдім, содан менің рухым сақталды» (Болмыс.32,24-30). «Бетпе-бет» Құдай Мұсамен сөйлескен (Исх.33,11; Втор.34,10). Жаңа өсиетте Құдай адамдармен өзінің баласы арқылы сөйлеседі. Евангелде былай делінеді: кімнің жүрегі таза болса ол Құдайды көреді (Мф.б,8). Құдайдың қасиеттері: Даналық, Мейірімділік, Күштілік және т.б. адам ақылына сиымды болып келеді. Құдайға деген сенім адамға тек ақылмен ғана емес, жүрекпен де Құдайды қабылдауды негіздейді. Жаңа өсиеттің барлық кітабында Құдай қасиеттері туралы айтылған. Жаңа өсиетті оқи отырып адам ақыл және жүрекпен Құдайдың қасиеттерін таниды. Христиан үшін құдайды көру тек шіркеуде ғана болады. Шіркеу заңдылықтарымен өмір сүрген христиан, өзін құтқаруға жеткілікті түрде Құдайды таниды.

Адам Құдайдың жаратылысы бола тұра, Құдаймен қарым-қатынасқа түсу арқылы және өз тағдырына бағынышты құдайдың жоспарын жүзеге асырады. Адам Құдаймен қарым – қатынасқа бейім. Құдайдың адамға деген махаббаты онтологиялық бейболмыстық қатынаста болуға мүмкіндігі бар. Құдаймен қатынастың бір формасы құлшылық болып табылады. Діндар адам құдаймен қатынасында шынайы құлшылық кезінде естиді деп сенеді. Адамның ақыл ойы жаратылған нәрсені ғана қамти алады. Сол себептен рационалды түрде құлшылықты түсініп болмайды.

Христианның бүкіл өмірі құлшылықпен өтуімен қатар шіркеудің барлық құпиялары лайықты құлшылыққа байланысты. Құлшылықсыз рухани өмір бос. Адам құлшылық арқылы тек қана Құдайға жақындаспайды, сондай-ақ өзінің туыстарының арғы дүниесінің тағдырына да әсер етеді. Сол себептен құлшылық өлі мен тіріні Құдаймен құпия қарым-қатынаста ұстайды. Мұнымен қатар христиандықта бұл әлемді киелі де әулие адамдардың құлшылықтары сақтап тұр деген түйін бар.

Католицизм сөзі грек тілінен шығып «жалпы, жалпыға ортақ» деген мағынаны білдіреді. Римдік шіркеуден шығып өзіне тән доктрина мен литургияны (шіркеу құлшылықтарын) қамтиды. Бірақ та католиктердің басқалардан өзгешелігі Киелі Рух, Әке Құдай мен Бала Құдайдан шығады деуде. Православтардан айырмашылығы адам жер бетінде мұхтаждық көріп Құдайдың өсиеттерін орындай білсе, о дүниеде үлкен бақытқа жетеді деген сенімдері бар. Бұған керісінше батыс христиандары бұл дүниемен ол дүниелік жазаның үйлесімділігін көреді. Орта ғасырда католикшілдік қатаң тәртіптегі шіркеу ұйымын құрды. Онда сенім бостандығы мүлдем жоқ етіліп адамзатты ритуализм, клерикализм және қажымас қайсар шіркеу иерархиясының үстемдігі басым болды. Католикшілдік бірте-бірте ақсүйектік мемлекетке ұқсай бастады. Католикшілдіктің ішкі монархиялық құрылымы шіркеудің өзін нақты адамға бағытталған бюрократиялық механизмге айналдырылды.