Добавлен: 04.02.2019

Просмотров: 18580

Скачиваний: 9

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Католиктер Құдай мен адам қатынасын юридизм тарапынан қарастырады; христиан жазадан құтылу үшін жақсы амалдар жасау керек. Адам өзінің күнәсінің тазалануынан гөрі одан құтылу жолының құралын ойлайды. Бұған қоса жердегі өмірде жүзеге асырылып тазартылмаған және аяқталмаған күнәлардың ақысы өтеліп, уақытша азап орны ретіндегі күнәдан арылу жайлы ойдан шығарылған, догматикалық дәрежедегі тәлімнің өзгешелігі айтарлықтай. Католиктік доктринаға сай Құдайға тән нәрселердің бәрін өзіне қайтару керек. Католикшілдікте күнәдан арылу идеясынан индулгенция ілімі-күнәдан және дүниелік азаптан құтылу, крест жорығына қатысу, белгілі уақыттарда құрбандық шалу, құлшылықтар, қасиетті жерлерді зиярат жасау формасында болады. Индульгенция рәсімі папаның бекітуімен іске асады. Бұл процесте күнәдан арылу мен азап шегу белгілі мерзімде (40 күн) созылады. Оның ең жоғарғы мерзімі 150 жылды қамтиды.

Римдік христиандық шіркеу - бұл римдік епископ папаның басқаруында болған күрделі иерархиялы институт. Оның негізгі жиналысы конклавта – рухани бай болған 150-ге жуық кардиналдарды сайлайды. Папа күнделікті жиналысында Римдік құпияға сүйенеді. Сондай-ақ өзінің көмекші институттары шіркеулік өмірде барлық жағынан басқаратын діни қызметкер ат салысады. Олардың әрбірі өзіне тән іспен айналысады. Католиктік шіркеу православтық шіркеумен құрылым жағынан бір-біріне ұқсас келеді. Онда: митрополиттер, архиепископ және епископтар, қасиеттілік жүйесі монахтық өмір т.б. Монахтар ортақтаса отырып басшыға бағынып ең ескі бенедиктік орден, біраз аты белгілі августиндік, францизкандық және доминикандық, сондай-ақ жақсы мақсат құралды растайды деген ұранмен әлеуметтік саяси қатынастар әсерлі болған иезуит орденін айтуға болады. Римдік топпен папаның негізгі қасиеттерін білу католиктік доктринаның негізгі өзегі. Мұндай көзқарастың қалыптасуына папаның мистикалық билігін қабылдау ықпал еткен. Олар шіркеудың қасиеттілігімен Құдайдың белгісі болып табылады. Папа евхаристия құпиялығына теңелуі мылқау әдіспен евхаристияда нан мен шарап түрінде міндетті түрде Христос қатысатыны сияқты адамдар арасында өзінің қоғамдық қызметін адам мүшесі арқылы жалғастыра отырып папаның болмысының астында жасырын түрде болады. Иисус пен папаның өзара қатынасы шіркеудің шынайы болмысының мәнін католиктік позицияда айқындай түседі. Демек шіркеу үздіксіз үнемі папаның жасауымен сол жерде және сол арқылы рухын жаңартады.

Жоғарыда айтылған папа жайлы ілім шіркеудің табиғатына сай келеді. Рухани құпиялық және адамдық мәнде қарастырылуы мен қатар заңды тұрғыда әспеттеуде. 1965 жылға дейін католиктік шіркеудің құрылысының қалыптасуы тек христиандық сенімнің туының астында біріккен. Ватикан соборында (1962-1965) шіркеу ілімі Құдайды түсіндіру бағытында болып жалпы жердегі түсінікті Құдай мен бауырластық қоғамы деген ұғымда болды. Яғни мұны Құдай адамдары негізін қалаған еді. (М.Ж.Гийу).


Ескі дәуірде батыс діндарлары мен схоласттары түйіндеген римдік – католиктік шіркеуінің ресми көзқарасы бойынша аян және сенім басты ілімге айналды. Бұл істі дамытып қорытындаған ортағасырлық әулие Фома Аквинский болды (1225-1274). Ф.Аквинскийдің аян жайындағы ілімі 1-ші ватикан соборында католиктік шіркеуді ресми түрде қабылдады. Бұл жайлы догматикалық конституцияда былай делінеді: «Құдай аяны туралы», құдай жаратушы, өз сөзін қорғаушы, адамдарға жаратылған әлемде өзіне әрдайым куәлік беруде, бұдан бөлек құтылу жолдарын ашу, құдай барлық нәрсенің бастауы мен аяғы, адам санасына жаратылған заттар арқылы сәулене алады.

Сондай-ақ Ф.Аквинский былай дейді: жаратылыста аян адам ақыл ойына сай келетін құдайдың өзі Исамен оның сөздерінде көрінеді. Мұны сенім ретінде қабылдау және орындау адам баласына берілген сый деп таниды. Католиктік шікеуде 2-ші ватикан соборынан соң (1962-1965) өзгерістер ене бастады. Бұл собор ескі римдік тілден ұлттық тілге ауысуымен ерекшеленеді. Католикшілдіктің адамгершілік негіздері батыста топтық сипатқа ие болған христиандыққа қарама-қарсы келетін әрекеттермен құндылықтарды сынауға мүмкіндік тудырады. Оларға: неке бұзу, соғыстар, аборт жасату, клондау, сексуалды революция және т.б. Бұл мәселеде папа Иоанн Павелдің (2005ж-сәуір) орны ерекше. Оның негізгі ойы жамандық саясатта бейбітшілік процесін жандандыру болып табылады.

Қазіргі католиктік православты шіркеуге қатынасын қайта атап өткен жөн, оның догматикалық дұрыстығын, литургиялық өмірінің толықтығын, апостолдық және қасиетті әкелікке берілуін мойындайды. 1996ж Папа Иоанн 2-ші циркулярға(бұйрық) қол қойғаны маңызды, соған сәйкес триадология, Қасиетті рух туралы оқумен қатар көне шығыс әкелердің ілімдеріне сәйкес түсідірілуі керек. Христиандықта екінші ірі бөліну 16-шы ғасырда болды, ол М.Лютердің атымен байланысты. Протестантизмнің басы - өткен христиандық дәстүрді мойындамау, мирасқорлық және католиктік шіркеудің теріс сипаты, сонымен қатар барлық Шіркеулік өсиеттен, үздіксіз шіркеулік тарихи болмыстан бас тарту. Шіркеу 1-ші ғасырда пайда болған, енді ол апостолдық білімнің діни оқуының тазалығына қайтып келуі арқылы қайта дамуы міндетті. Әсіресе Киелі Жазбаның тікелей және терең мағынасына назар аударуы. Шіркеу – тек діндарлардың жиылысы, оның іші көз жеткісіз және құпия, ал көз көрерлігі тек көз жеткісіздің нышанын көрсетеді. Протестантизмде Шіркеудің көзге көрінетіні мен көрінбейтіні арасындағы шынайы байланысты түсіндіру. Құдаймен Жеке сұхбаттасу – сенімнің жалғыз негізі болады. Шіркеудің көмегісіз сенімнің негізін табу. Протестантизм салтсыз құбылыс, сондықтан Киелі Жазбадағы “жеке-ақыл-парасат” жылдам көбейеді. 19-20ғғ протестантизмнің шеңберінде көптеген секталар пайда болды. Олардың ішінде «Исаның шәкірттері», «7-і күннің адвентистері», «Иегова куәгерлері», «Христиандық ғылым» және т.б.


Аталған секталарда ең бастысы – Мессияның келуіне сенім, ақырзаманды болжау, ал кейбіреуінде Құдай туралы тіпті христиандық емес түсініктің қалыптасуы, Исаны адам ретінде қабылдауы. Қазіргі көптеген секталар коммерциялық сипатқа ие.

Қазақстандағы христиандықтың жағдайына келер болсақ, православтық сенушілердің саны екінші орында. Бүгінде республикамыздың территориясында 222 приходтар мен 8 шіркеу бар деп есептелінеді. Қазақстанда алғашқы католиктер 1246 ж. пайда болды. Олар римдік алғашқы шіркеу қызметшілерінің тапсырмасымен Ұлы хандарға католиктік миссионерлердің келуімен байланысты. Қазақ жерінде алғашқы католиктік және протестанттық қоғамдық бірлестіктердің пайда болуына поляктардың Сібірге айдалуы және неміс-католиктер мен Ресейдің европалық бөлігінен жер аударылуы септігін тигізді. Католикшілдікке қайта құрушылыққа байланысты қиын жағдай туды. Оған көптеген немістердің республикамыздан кетуі себеп болды. Қазіргі таңда Қазақстанда католиктік шіркеулер жаңаруда, әсіресе республикамыздың солтүстік облыстарында айқын байқалады, сенушілердің саны 150 мыңға жуық. Республикамызда протестантизм әртүрлі бағытта таралған.

Әдебиеттер:

1. Карташев А.В. Очерки по истории Русской церкви. – М.: Наука, 1991. – Т. 1,2.

2. Шмеман А. Истоический путь православия. – М., 1993.

3. Рожков В. Очерки по истории Римско-католической церкви. – М., 1998.

4. Вебер М. Протестантская этика и дух капитализма // Вебер М. Избранные произведения. – М., 1990.


ИСЛАМ

Кемелденген монотеистік дін – Ислам. Ислам араб тілінде берілу, мойынсұну, бейбітшілік, деген мағыналарды білдіреді. Ислам дініне сенген, бой ұсынып көңіл бергендерді мұсылман, муслим деп атайды. Ислам әлемінің ғалымдары Ислам діні тек бір қауымға, бір ұлтқа ғана тән жаңа дін деп санамайды. Ислам бүкіл адамзатқа берілген ең соңғы, кемел, білім мен бейбітшілік және адам баласының өмірлік ұстанымының пайымдауынша Адам Атадан Мұхаммед (с.а.у.) пайғамбарымызға дейінгі пайғамбарлар уағыздаған діндер – ислам діні болатын. Ислам діні исламға дейінгі діндерге адамдар тарапынан еңгізілген бұрмалаушылық және жаңсақтықтарды түзеткен.

Исламның қасиетті кітабы – Құран – Кәрім. Құран –Кәрім-әз-Мұхаммедке (с.а.у) Хира тауының үңгірінде Жебірейл періште арқылы аян етілген. Құран-Кәрімнің аяттары жиырма үш жылда пайғамбарымызға жіберілген. Құран-Кәрім 114 сүреден (сура-қатар, дәреже) тұрады. Сүрелер аяттардан тұрады. Құран-Кәрімді зерттеуші-ғалымдар аяттар саны 6204-6236 арасында есептейді.

Ислам діні бойынша Таурат (Мұса ғ.с.), Забур (Дәуіт ғ.с.), Інжіл (Иса ғ.с.) кітаптары хақ деп саналады. Аталған кітап иелерін мұсылмандар құрметтейді. Құран-Кәрімдегі барлық нәбилер (25 пайғамбар есімі аталған) мен оларға түскен кітаптарға (адамдар тарапынан жаңсақтық еңгізілген) иман етіледі.

Аллаһ Тағаланың пайғамбарларына, уахи жолымен жіберілген кітаптар адамзатқа дүниеде және ақіретте бақыт пен шаттыққа жетуі үшін жүретін жолды және жаратушыға құлшылық ететін міндеттерді түсіндіреді.


Құран-Кәрім аяттары түскен уақыттарына қарай Меккелік және мединалық болып бөлінеді. Құран-Кәрім пайғамбарымыздың тірі кезінде ауызша тараған. 634 жылы бірінші Халиф әбу-Бәкір Зайд ибн Сәбитке Құран-Кәрімді жинастыруды табыс еткен. Бұл жұмыс Осман ибн Аффан Халиф болған уақытта аяқталды. Аяттарды толық Құран етіп құрыстырудың аяқталуы – Ислам үшін аса маңызды болды. Осман Құран-Кәрімді жинап құрастырумен айналысатын кеңес құрды. 651 жылы Зайд ибн Сабит Құран-Кәрімді 4 дана етіп жазып шықты. Зайдтың жазу үлгісі және құрайштың тілі негізінде алынды. Құранның көшірмелері Басра, Куфа, Шам, Меккеге, Иеменге жіберілді және бір данасы Мәдина қаласында қалдырылды. Бұл кітаптарға қайшы келетін басқа кітаптарды өртеп жіберуге тапсырма берілді.

Алла елшісі әз-Мұхаммед миләди бойынша 569 жылы сәуір айының 20 жұлдызында Мекке қаласында дүниеге келген. Алланың елшісінің әкесі Абдулла, анасы Әмина болатын. Меккеліктерде сәбилерін сүт аналарына беріп бақтыру салты болатын. Хазірет пайғамбар сүт анасы Халиманың қолында бес жасына дейін тұрып, анасының жанына оралды. Дүниеге көзін ашпай әкесінен айырылған әз-Мұхаммед 6 жасынан анадан да жетім қалған соң атасы Абді-Мұталіптің тәрбиесінде болды. Хазірет Мұхаммед 8 жасында кіші атасы Абуталиптің қолына келді. Мұхаммед (с.а.у.) Құраиш тайпасынан болатын. Әшім және оның баласы Абдумуталип Қағбаның шырақшылары беделді, абыройлы адамдар еді. Әз-Мұхаммед (с.а.у) 25 жасында Құраиш тайпасындағы мәртебелі, бай әйел Хадиша мен үйленді.

Хазірет Мұхаммедке пайғамбарлық 40 жасында келген деген пікірлер діни деректерде жазылған. Күллі Меккеліктердің құрметімен сүйіспеншілігіне бөленген әз-Мұхаммедті Мұхаммед әлиен (екінші Мұхаммед) деп атайтын.

Жаңа эраның 610 жылы қасиетті рамазан айының қыдыр күнінде Құран-Кәрімнің алғашқы аяттары Жәбрейіл тарапынан уахи етіліпі, пайғамбарлық жолы ашылды. Бұл ислам өркениетімен мәдениетінің бастауы ретінде адамзат тарихының ең маңызды белесі болатын.

622 жылы мұсылмандар Меккеден Ясрибке (“Мәдинәт ун-Нәби - пайғамбар қаласы”) көшіп барады. Мәдина қаласының Ауыс және Хизреж рулары (ансарлар-көмекшілер) Мухажирлерді (көшіпкелушілер) құшақ жайып қарсы алды. Хижра мұсылман күнтізбесінің бастауы әлемнің мұсылмани елдерінде осы Хижра күнтізбесі қолданылады.

Әз-Мұхаммед 632 жылы 63 жасында қайтыс болды. Пайғамбарлардың мөрі Алла елшілісінің өсиеттерін, сөздерін, сахабалар (пайғамбарымызбен серіктес болған мұсылмандар) табиғиндер (сахабаларды көргендер) болашақ ұрпақтарға жеткізді.

Мұхаммед (с.а.у) қайтыс болғаннан кейін мұсылман қауымы алдында Халифатты басқару ісін шешу мәселесі туындады. Күллі мұсылман әлеміне әділетті халифтар (мұрагер) пайғамбарымыздың (с.а.у) ең жақын адал серіктері мұсылмандардың әміршілері болған. Ислам дінін өркендетуге зор еңбек сіңірген әділетті 4 халиф: Әбу-Бәкір әс-Сыдық, Омар ибн әл-Хаттаб, Осман ибн Аффан, Әли ибн абу Тәлиб. Ислам сенімінің негізі бір Алла Тағалаға ғана құлшылық ету және бір Алладан ғана көмек сұрау, тілеу.


Ислам діні бес негізгі тұғырдан тұрады:

1. Алланың барлығына, бірлігіне, хазірет Мұхаммед (с.а.у) Алланың құлы және елшілісі болғандығына көңілмен сеніп тілімен мыналарды айту керек: “Алладан басқа тәңір жоқ, Мұхаммед оның елшісі”. Араб тілінде “Ла илаһа иллалаһ Мұхаммедур Расулуллаһ”

2. Діннің діңгегі намаз. Күнде 5 уақыт намаз оқы;

3. Белгілі байлық мөлшеріне ие болған мұсылманның байлығының бір бөлігін жылына бір рет Алла Тағаланың ризалығы үшін зекетін беру;

4. Рамазан айында бір ай ораза ұстау;

5. Денсаулығы жақсы және жетерлік мал-мүлкі болса қажылық ғибадатын орындау.

Иман шарттары: ислам дінінің атын Алла Тағала қойған. Таухид – исламның негізі және оның қуатының қайнар көзі. Ислам дінінің заңдары Таухидке негізделген. Таухид Алладан басқа тәңір жоқтығын және тек Аллаға ғана құлшылық ету керектігін баяндайды. Таухид концепциясы Құран-Кәрімнің Ыхылас сүресінде тұжырымдалған. Таухид негізгі екі тұжырымнан тұрады:

1. Алладан басқа құлшылық етуге лайық тәңір жоқ;

2. Мұхаммед (с.а.у) Алланың елшісі

Алланың періштелеріне Алланың кітаптарына Алланың бүкіл пайғамбарларына өлгеннен кейін қайта тірілетіне (аһірет күніне), жақсылық жамандықтың Алланың алғысымен және жаратуымен болатындығына сену. Ислам тарихында белгілі ұстаз ғалым тұлғалардың ең көрнектілері Абу Ханифа Нұғман ибн Сабит (699-767) Ханафи мазһабы, Абу Абдуллаһ Малид ибн Анас ибн Малид ибн Абу Амир әл Исфахани (715-785) Малики мазһабы, Абу Абдуллаһ Мұхаммед ибн Идрис ибн әл-Аббас ибн Усман ибн Шафии (767-821) Шафиғи мазһабы, Абу Абдуллаһ Ахмад ибн Мухаммед ибн Ханбал (781-855) Ханбали мазхабы аталған ұлы имамдар исламдағы осы негізгі төрт мазхабтың негізін салушылар. Қазақстанда мекендейтін мұсылмандар ахіли сүнеттің төрт мазхабының бірі Абу Ханифа Имам ағзам қауымына жатады. Мазхаб – жол, бағыт көзқарас деген мағынаны білдіреді. Суннит және Шиит исламның екі бағыты.

Әхл ас-сунна уал-джамаа (сунна адамдары) әлем мұсылмандарының 90% құрайды. Шииттер (аш-шиа – жақтаушылар “партия”) шииттер Әли ибн Абу Талиппен оның мұрагерін Мұхаммедтің (с.а.у) бірден бір заңды мұрагерлері деп санайды. Шиға бағыты 7 ғасырдың 2-ші жартысының басында билік үшін күрес барысында билікті пайғамбарымыздың немере інісі және күйеу баласы хазірет Алиге беруді жақтаушылардың діни саяси тобы. Ислам діни ғұрыптар мен мұсылмандардың адамгершілік мұраттарын және дүниелік мәселелерді шариғат (тура, дұрыс жол) жолмен реттейді. Шариғат Құран-Кәрім және сунналар арқылы жүйеленген нұсқаулар жиынтығы.

Сунна (ғұрып, үлгі) Мұхаммед (с.а.у) өмірінен алынған мысалдар. Пайғамбарымыздың іс-әрекеттерінен, айтқандарынан құралған. Ислам елдерінде жұма қасиетті күн әрі демалыс күні болып саналады. Ид-әл-фитр ораза мейрамы. Оразадан соң шәуәл айының бірінші жұлдызында аталады. Ид-әл-адха құрбан мейрамы. Зулхиджа айының оныншы жұлдызынан басталады. Әрбір мұсылман құрбандық шалу керек. Маулид мейрамы рабби-әл-әуәл айында аталады. Бұл пайғамбарымыздың туылған күні. Миғраж раджаб айының жиырма жетінші жұлдызына сәйкес келеді. Бұл әз-Мұхамммедтің миғражға көтерілу мейрамы. Ашура муххарам айының алғашқы 10 күндігі шииттердің Алидің ұлы Хусейнге арналған азалы күндері ретінде аталады.