Добавлен: 04.02.2019

Просмотров: 18571

Скачиваний: 9

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Бұл шешім Йом-Киппур күні жарияланады.

Ханука - жарық мейрамы (Оттардың 8 күндік мейрамы).

Пурим (ежелгі грек сөзі «пур»- «жеребе») - Эсфири (Есфири) құрметіне мейрам. Бүл күні парсы патшасы Артаксеркс (Б.з.д. ІҮ ғ.) уақытында зүлым Аманның қиянатынан азат болу атап өтіледі.Бүл оқиға жайлы Інжілдік кітап «Есфирьде» әңгіме болады. Вавилондық тұтқындаудан азат болу.

Песах (Песах) - пасха; азаттық мейрамы - Египеттен еврейлердің шығуын еске түсіруге арналған сегіз күндік мейрам.

Йом Га-Шоа - Апат күні немесе Холокосты еске түсіру күні. «Шоа» ивритте «құйын» мағынасын береді. Алғашқыда қаралы күн «холокост» және героизм күні деп аталды. Бүл күнді 1951 жылы Израиль парламенті белгіледі. Варшавалық Гетто көтерілісінің жылдық мерзімін Ниссан айының 27 күні атап өтеді. Бүл күнді зайырлы билік енгізуіне байланысты иудей ультраортодокстары мойындамайды. Көптеген еврейлердің пікірінше, айырықша мемориалды күнді белгілеу дәстүрге қайшы келеді.

Иудаизм-түрлі сыннан өткен дарынды халықтың діні. Еврейлер қуғын-сүргінге ұшыраумен қатар, бірнеше рет геноцидті бастан кешті.

Еврей халқының өміршендігі және өзінің төл ерекшелігін сақтап қалуы иудаизмнің арқасы. Иудаизм кез-келген еврей үшін дін ғана емес, сонымен бірге өмір салты, моралдық сүйеніш және рухани тірек болды.

Қазақстанда иудаизмді алғашқыдан қаған бастаған хазар аристократтарының шектеулі тобы қабылдады. Тарихи дерек бойынша, алғашқы еврей қоныс аударушылары Түркістанға Персиядан келді, бүл ХІҮ ғасырда. ХІХғасырдың соңы мен XX ғасыр басында кейбір елді мекендерде еврей-қолөнершілер өмір сүрді.

Біздің елімізге еврейлердің жаппай келуі сталиндік репрессиямен байланысты. Осы уақытта Украинадан, Ресейдің еуропалық бөлігінен, Балтық жағалауы елдерінен көптеген еврей отбасылары қоныс аударды. Бүгінгі күнде елімізде ортодокстік (негізінен бұл неоортодокстар және хасидтік қозғалыс Хабад ұстанушылары), және реформаторлық және консервативтік ағымдардың өкілдері өмір сүреді.

1998 жылы Алматыда жетінші любовичтік ребе-Менахема Шнеерсон атындағы еврей орталығы ашылды. Орталықтың синагогасы-Леви Ицхак атында. Ол 1939 жылы Қазақстанға жер аударылған.

Қазақстанның бірнеше қалаларында синагогалар салынды. Барлық ірі қалаларда еврей жексенбілік (воскресенье) мектептері бар.

Қазақстанда 10 жуық синагогалар бар. Елімізде 70 мыңға жуық дін ұстанушылар бар. Елімізде Қазақстан еврейлер конгресі қызмет жасауда.

Әдебиеттер:

1. Сират К. История средневековой еврейской философии. – М., 2003.

2. В.А. Иванов. Я.Ф. Трофимов. Религии в Казахстане. – Алматы, 2003.

3. Алов А.А. Владимиров Н.Г. Иудаизм в России. – М., 1997.


БУДДИЗМ

Буддизм атауы осы ілімнің негізін салушы Будда есімімен байланысты. “Будда” санскрит сөзі “будх” (ояну, көзі ашылу) ұйқыдағы сананың оянып, сергек санаға өтуін білдіреді. Бір сөзбен айтқанда “будда” кез-келген белсенді сананың иесі, ал ақыл-ойдың белсенді күйінің не екенін Будда ілімі түсіндіреді. Бұл ілімді ҮІ ғасырда Үндістан жерінде тарихи қайраткер Сиддхартха Гаутама таратты. 29 жасында Сиддхарха бар байлықтан, патшалықтан, жан-ұясынан бас тартып, адамзатты азап жолынан құтқарудың жолын іздеп шығады. 6 жыл әр-түрлі даналармен, діндарлармен әңгімелесіп, тақуалық өмір кешкенде өзін ойландырған сұрақтарға жауап таппайды. Бірде киелі саналатын Бодхи ағашының түбінде ойға шомып отырған Сиддхартхаға кенеттен шындық ашылады. Бұл шындық буддизмнің төрт “ұлы ақиқаттарына” айналады.


Бірінші ақиқат адам өмірі азап шегуден, қайғы-қасіреттен тұрады.

Екінші ақиқат азап шегудің себептері адамдардың тілегі мен құмарлығына байланысты болады.

Үшінші ақиқат – азаптан құтылудың жолдары, адамдардың өздерінің тілек, құмарлық ұмтылыстарына тежеу салу.

Төртінші ақиқат – азаптан толық құтқарылу, Будда көрсеткен жолға түсу. Ол “игілікті сегіз жол” мыналар: дұрыс түсінік (пұтшылдықтан, адасушылықтан бөлек); дұрыс ой (кемелденген даналарға тән); дұрыс сөз (шыншыл ,жылы); дұрыс іс-әрекет (татулықтағы, таза); дұрыс жинақылық (өзін-өзі тәрбиелеу, өзін ұстай білу); дұрыс мінез – құлық (ешкімге жәбірлік көрсетпеу); дұрыс көңіл бөлу (йога); рухани дұрыс шынығу (медитация).

Буддизм жалпы сенушілерге арналған бес, дін басыларына арналған он моральдық заң белгілейді.

  • Жалпы сенушілер мына міндеттерді орындаулары керек;

  • ешбір тірі жанды өлтірмеу;

  • ешқашан ұрлық жасамау;

  • зинақорлық жасамау;

  • өтірік айтпау;

  • басты айналдыратын сусындар ішпеу.

Дін басыларына осыған қоса тағы бес парыз (міндет) жүктеледі:

  1. түстен кейін тамақ ішпеу;

  2. көңіл көтеруге қатыспау;

  3. иіс су жағып, әшекей тақпау;

  4. биік және кең төсекте жатпау;

  5. алтын, күміс жинамау.

Будда жолына түсуші азаптан құтқарылу үшін монахтық қауымға (сангхаға) кіруі керек. Олар пендешіліктің қамын тастап, қайыр-садақамен өмір сүруге көшеді. Олардың өмірі ұсақ-түйекке дейін реттелген. Монахтарға 253 түрлі қылықтарға тиым салынған. Соның ішіндегі ең негізгі талаптар жоғарыдағы айтылатын бесеуі.

Буддизм мен оның қасиетті кітаптарын еуропалық философтар 19 ғасырдың басында зерттей бастады. Біз Ресей шығыстанушылары В.П. Васильев, И.П.Минаев, С.Ф.Ольденбург, Ф.И.Щербатскbй, Ю.Н. Рерих, О.О. Розенберг еңбектері арқылы буддизммен таныспыз. Буддизмнің уағыздары мен қасиетті текстері мына кітаптарда баяндалған: “Лалитавистра” (Будданың өмір баяны), Трипитака (Үш даналық) – космогония, сангха өмірі; Будданың даналық сөздері, “Дхаммапада” – гнjсеология және методология, т.б. ежелгі санскрит және пали тілінде жазылған сутралар.

Буддизмнің дүниетанымдық жүйесін дхарма (болмыс), карма (тағдыр заңы) сансара, (қайта туу) нирвана (азаптан құтқарылу), нидама (себеп-салдар), сангха (қауым) ұғымдары мен категориялары құрайды. Бұл діннің өзіндік ерекшелігі, белгілі бір бейнедегі құдай жоқ. Будда барлық құдайлардан жоғары тұрады. Ол құтқарылу мүмкіндігі бар жеке тылсым күш емес, тек қана адамдардың көзін ашып, оларға ақиқатты танудың, дұрыс жүрудің жолын көрсетеді.

Будда ілімі пайда болғанға дейінгі үнділердің діни санасы мүлде басқаша болатын. Олар үшін Брахман барлық тіршілік иесін жасаушы әлемдік рух, сондықтан барлық тірі жандар оған жетуге талпынады. Ол үшін материялдық өмірден бас тартып, тәннің тілегін жою керек. Тәнді жойып, мәңгілік жан жаңа денеге беріледі, бұл процесс жанның Әлемдік Жанмен қосылғанша қайталана береді. Жанның берілуі туралы ілімнен жазалау заңы туды. Индусты осы өмірде де, о дүниеде де жаза күтіп тұрды. Әрине индустар да өздерін рухани жетілдіру арқылы жоғары каста брахман бола алады, бірақ бұл да олардың келесі өмірдегі кармаларын анықтай алмады. Сондықтан индустардың өмірі сансыз құдайға құлшылықпен, қасиетті жердің бәріне бас июмен, қатал тәртіп, көптеген міндеттерді мойынына алумен өтті.


Осы жағдай да буддизм ілімінің Үндістанда пайда болуына әлеуметтік – рухани алғышарттар жасалғандығын көрсетеді. Кез-келген адамға өзінің қоғамдағы орнына тәуелсіз, және де күрделі діни рәсімдерді атқармай-ақ азаптан құтылуға мүмкіндік беретін ілімінің қолдау табары сөзсіз болды.

Буддизм бойынша барлық тіршілік иелері тең дәрежеде қарастырылады. Касталық жүйе (адамдарды төрт топқа бөлу) жоққа шығарылады. Адамның барлығы да тек тіршілік иесі, сондықтан адамдар басқа тіршілік иесіне зиянкестік жасауға құқығы жоқ.

Барлық діндерге тән буддизмде де материалдық дүние теріске шығарылады. Дүниеде болып жатқан құбылыстар дхармалардың (рухани бөлшектердің) шексіз қозғалысының нәтижесі. Қозғалыстағы дхармалардың тіркестері әр түрлі заттарды, жануарларды, адамдарды құрайды. Дхарма тіркестерінің үзілісі өлімге әкеледі. Алайда дхарма жоғалып кетпей жаңадан бірігіп, қайта туу басталады. Қайта туу карма (тағдыр) заңымен анықталады, яғни тірі жанның тағдыры оның тікелей өзіне ғана емес, оның жанының алдындағы іс-әрекетіне, ниетіне де байланысты. Мұнда шексіз қайта туу процесі сансара (өмірдің доңғалағы) деп аталады. Карма заңына тәуелділіктен, қателесушілік пен адасушылықтан арылған адам нирванаға (абсолютті тіршілікке) жетеді. Нирвананың төменгі күйінде адам қанағатсыздану мен азаптанудан құтылады. Жоғарғы күйде – махапаринирванада адам моральдық кірлеуден арылуын, буддалық ақыл-ойға не болады.

Болмыстың космогониялық суреті буддизмнің трактаттарында пирамида түрінде берілген. Тіршіліктің әр түрлі деңгейлері бар. Төменгі (кама-лока), ортаңғы (рупалока), жоғарғы (арупалока) 4-ші деңгей көрінбейтін таза сананың әлемі. Кейіннен бұл Будданың космостық денесі Ади-Буддамен байланыстырылады.

Буддизм де өзге әлемдік діндер сияқты біртұтас емес. Дүние жүзінде бұл діннің тармақтары өте көп. Хинаяна немесе Тхеравада (оңтүстік буддизм) және Махаяна (солтүстік буддизм) негізгі бағыттары болып табылады.

Хинаяна, “құтылудың тар жолы” ілімі бойынша архат кемелденген адам – нирванаға жеткен соң жерге қайтып келмейді. Бұндағы сенушілер рухтармен, перілермен, қорғаушы құдайлармен тығыз араласады. Оларға арнап діни рәсімдер өткізіп, өздеріне көмек сұрайды. Хинаяна бағыты Үндістан, Шри-Ланка, Бангладеш, Бирма, Тайланд, Лаос, Камбоджа, Малайзияда тараған. Қазір Шри-Ланкада хинаяна ресми мемлекеттік дін. Бұнда буддалық сангха үш үлкен бағыты және 20-дан астам ұсақ монахтық бірлестіктері бар.

Негізгі бағыттардың бірі сиамдық бағыт аралдың орталық аудандарында, ал амарапура мен Раманы бағыттары шеткі жағалауларда таралған. Канди қаласындағы Буддаға арналған Далада Малигава храмы буддистердің қасиетті діни орны болып есептеледі. Осы орталық ауданда буддистердің табынатын қасиетті жерлері шоғырланған. Сиам – никай Канди қауымдастығының монахтары осы жерлерде діни саяхат жасаушыларды қабылдап, діни мейрамдар мен ғұрыптарды өткізеді. Қазіргі кезеңдегі буддизм ілімінің сақтаушылары және ошағы кандилық сангха деп есептеледі. Буддизмнің мемлекеттік мәртебесі Шри Ланканың Конституциясымен бекітілген. Мемлекеттік туларында қылыш ұстаған арыстанмен қоса Буддаға шындық ашылған қасиетті Бодхи ағашының жапырақтары бейнеленген, тудың түсі де сарғыш монахтардың дәстүрлі киімдерінің түсімен боялған.


Қазіргі Шри Ланкада 20 мыңнан астам монахтар өмір сүреді, орта есеппен алғанда әр храмға 3 монахтан, 1300 буддистке бір храмнан келеді. Жалпы елде 8000 буддалық храм мен монастырлар бар. Бұл храмдарды Шри Ланканың тарихи ескерткіштері мен мәдениетінің жиынтық орталықтары десе болады.

Үндіқытай түбегіндегі елдердің 94%-ы буддизмді ұстанады. Тұрғындардың 80%-ы хинаяна бағытында, тек Вьетнамда махаяна бағыты тараған. Буддизм қауымдары бұл елдерде феодалдық қоғам кезеңінен сақталған күрделі иерархиялық жүйе. ХХ ғ. 60-80 жылдарынан бастап буддизмді жаңа ғасыр жағдайына бейімдеу мәселесі көтерілген болатын, әр елде бұл өзгерістер әр қалай жүргізіледі. Тайландта тұрғындардың 93%, Камбодже, Лаоста 90%-ы буддизмді ұстанады. Бұл елдердегі сангханың діни-саяси, әлеуметтік қызметтері жүйелі бағытта дамытылып отырады.

Махаяна (құтылудың кең жолы) Орта Азия елдерінің көбінде тараған. Бұл бағыттағы кемелденген адам (боддхисатва) нирванаға жетіп, жер бетіндегі адамдарға көмек беру үшін қайта оралады. Махаяна бағыты Қытайда б.э. І мың жылдығында пайда болып, ерекше даму жолын тапты. Қытайдың дәстүрлі діндері конфуцийшылдықты, даосизмді ысырып бірнеше рет мемлекеттік дін деңгейіне көтерілгендігі тарихтан белгілі. Буддизм Қытай мәдениетіне елеулі ықпал еткенін қазіргі қытай әдебиетінен, сурет және сәулет өнерінен көреміз.

Үндіқытай елдерінің діни жүйесі синкреттік бағытымен ерекшеленеді. Бұнда тхеравада бағыты мен брахманизм және жергілікті тұрғындардың анимистік сенімдері тығыз байланысып жатады. Сонымен қоса бұл елдердегі дінді ұстанушылар нирванаға жетуді мақсат етпей “өмірлік парызды орындауға” бағытталады. Монастырлардың жергілікті қоғамдық өмірдегі қызметтері әр түрлі. Монахтар діни ұстаз да, адамгершілігімен үлгі болатын тұлға да болады. Монахтардың санының көптігі сонша 200 діндарға 150 монахтан келеді.

Тайландта тхераваданың мемлекеттік дін ретінде бекітілуі тайлық патша Рама Камхенганың (1275-1317) есімімен және Сухогай мемлекетінің құрылуымен байланысты. Ло Тхай (1318-1347) патшалығы тұсында Махатхат храмы мен оның қасына патша сарайы салынды. Бұл тай патшалығының билігі мен буддизм ілімінің бірлігін білдіреді. Ли Тай (1347-1370) басшылығы кезінде көптеген монастырлар салынып, жүзден астам Будданың мүсіндері жасалды. Ол Шри Ланкадағы үлкен Будданың бейнесі мен қасиетті Бодхи ағашының бұтағын Тайландқа әкелдірді. Осы кезеңде сукотай – шриланкалық діни қарым-қатынас қалыптасты. Ли Тхайдың өзі буддалық трактат жазып, Махадкаммарача – “Ұлы Дхарма патшасы” мәртебесін алды.

ХІҮ ғасырда Үндіқытайда будда ілімінің орталығы тай мемлекеті Аютия (Сиам деген атпен белгілі), ХҮ ғасырда Чиангмай болды. Тайландтағы ұлттық идеологияның өсу барысымен қатар буддизмнің діни-этикалық құндылықтарының мәні жоғарылай түсті. ХХ ғасырдың басында сангханың рөлі қоғамдық өмірде біраз төмендеп қалды. Бірақ 70-жылдары буддизм концепциясы елеулі түрде жандандырылып, білім беру саласында, саяси-әлеуметтік сфераларда күшейтілді. 80-90 жж. Тайланд сангхасының ішінде қызметтері қазіргі қала өмірімен байланысты реформатор – монахтар пайда болды. Қалалық тұрмыс жағдайында дәстүрлі буддалық құндылықтарды қолдану алға қойылды, – салттарында реформатор – монахтар жай халықтың күнделікті және қоғамдық өмірінде жетекші орын ала бастады.


Камбоджада тұрғындардың 90%дан астамы буддизмді ұстанады. 1953 ж. Тәуелсіздік алған соң буддизм мемлекеттік дінге айналып, ел дамуының ұлттық «кхмерлік буддалық социализм» бағдарламасын жасады. 70 ж. монахтықтың саяси белсенділігі айтарлықтай артты. Пол Пот (1975-1979) режимінде сангха таратылды, діни культтерге тиым салынды. 1979 ҚХР құрылған соң, сангха қызметімен буддизмді қайта жаңғырту басталды. 1990ж. буддизм қайтадан мемлекеттік дін деп жарияланды. 1993 ж. Камбоджада монархия қалпына келтірілгеннен кейін буддалық сангха қайта өрледі, оның саны өсті, әлеуметтік – мәдени және ағартушылық әрекеті жанданды, буддалық мейрамдар аталып өтетін болды. Конституцияда көрініс тапқан «ұлт-тақ-дін» триадасы басты идеологиялық ұстаным деп жарияланды.

Лаоста халықтың 90 %-на жуығы буддизмді ұстанады. 1975 ж. дейін буддизм мемлекеттік дін, ал патша оның жанашыры деп саналды. 1973 ж. ЛХДР жарияланған соң, Лаос азаматтарының бостандығы, құқы шеңберінде буддалық қауымдарда діни рәсімдерді атқару мүмкіндігі сақталды. 70-80 жж. билік басындағы режим халық арасында Лаос революциясының мақсаттары мен міндеттерін насихаттауға, Лаос халық – революциялық партиясының саясатын түсіндіруге сангханы кеңінен тартты. Сангха өкіметпен және жергілікті билікпен біріге отырып, халықтың әлеуметтік – мәдени даму бағдарларын іске асыруға жұмылдырды. 90 ж. сангханың саяси қызметі бәсеңдеді. Енді ол ағартушылық, денсаулық сақтау, мәдени және бейбітшілік сияқты дәстүрлі қызметтерді атқаруға көп көңіл бөлді.

Мьянмада халықтың 70%-ға жуығы буддизмді ұстанады. Алайда ұлттық мәселенің шешілмеуі мұндағы діни жағдайды ұшықтырып тұр. 50-60жж. тәуелсіздік алған соң Мьянмада «буддалық ренессанс» кезеңі басталды. Ол өкіметтің өз саясатына дүниетанымдық негізін буддизм құраған ұлтшылдықты қолдануға деген талпынысымен байланысты болды. 1961 ж. өкімет басына әскерлер келгенде сангханың қоғам өміріндегі саяси рөлі тым әлсіреп кетті. 80 ж. бастап сангха мен мемлекеттің тығыз байланысқа түскені байқалады.

Қазақстан мен Орта Азия жеріне буддизм Ү-ҮІ ғасырларда тарала бастаған. Бұған Ұлы Жібек жолы ашқан сауда, мәдени, саяси қарым-қатынастар себеп болған деп жазады тарихшылар. ХХ ғасырдың екінші жартысында жүргізілген археологиялық қазбалар буддизмнің Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстарында, Қытаймен шекаралас территорияларында таралғанын дәлелдейді. Бірақ бұл жерлердегі буддизмнің қандай деңгейде болғандығы туралы арнайы зерттеулер жоқ. Қазіргі Қазақстан жерінде буддизмді ұстанушылар өте аз. Оларға елімізде тұратын буряттар, қалмақтар, монғолдар, Алматыда тіркелген буддистердің ашқан қауымдастығы жатады. Бұл кішкене қауымдастық қазіргі еліміздегі діни жағдайға ешқандай ықпал жоқ десе болады. Қауымның басқа елдердегі буддизмнің секталары сияқты немесе елімізде соңғы кезде пайда болған діни бағыттарға ұқсап мемлекеттің қоғамдық өміріндегі белсенділігі туралы мәліметтер кездеспейді. Әйтсе де елімізде тіркелген кейбір ағымдардың буддизм іліміне жүгінетіндігін байқауға болады. Буддизм іліміндегі карма заңы, қайта туу, құдайға жетудің рухани жолы сияқты ұғымдарды өз идеяларында қолдану арқылы жастарды қызықтырып миссионерлік қызметтерін іске асыруда.