Добавлен: 04.02.2019

Просмотров: 18587

Скачиваний: 9

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Бүкіл шииттер Алидің Мұхаммед Пайғамбар тарапынан халифа етіп тағайындалғанын және оның ең ұлы сахаба екендігін бір ауыздан қабылдап, мойындайды. Алидің шииттер тарапынан осыншалықты дәріптелуі сол кездегі әлеуметтік-саяси ахуалға тікелей қатысты нәрсе. Өйткені Мұхаммед Пайғамбар өзінен кейін орнына кімнің «имам» (басшы) болатындығын айтпай кеткен болатын. Бұл жерде «имамдық» немесе халифалық мәселесінде екі түрлі көзқарас ортаға шықты:

- Халифаның кім болатындығы айтылмаған;

- Халифаның қай жанұядан болатындығы айтылған.

Бірінші көзқарас ансар (Меккеден Мединеге қоныс аударғандарға көмектескендер) мен көптеген мухажирлерге (Меккеден Мединеге қоныс аударғандар), ал екінші көзқарас кейбір хашимиттерге, кейіннен шииттерге тән көзқарас болып табылады.

Мұхаммед Пайғамбар дүниеден өткен соң сахабалар мұсылман қауымын басқаратын біреуді шұғыл түрде іздестіруге кіріседі. Шииттік әдебиеттер мемлекет басшылығының (имамат) құран және сүннет, сондай-ақ өсиет етумен болатындығын алға тартып, Имамның тікелей Мұхаммед пайғамбар тарапынан тағайындалғанын, жалпы халықтың еркіндегі мәселе еместігін баяндайды. Оған өздерінің дәлелдерін ұсынады. Мысалы, алғашқы имамның Али екендігін айтатын шииттер «Өсиетнама» немесе «Қалам-қағаз» оқиғаларын дәлел келтіреді. Тіпті кейбір Құран аяттарын да көрсетеді.

Шииттіктің шығуына байланысты бұдан басқа көптеген себептер көрсетіледі. Үшінші халиф Османның тұсындағы ішкі саяси оқиғалар бұл ағымның ерекше қалыптасып, таралуына себеп болды. Ислам әдебиеттерінде Абдуллаh ибн Саба деп көрсетілетін адам Османның кейбір іс-әрекеттерінің дінге қайшы екендігін айтып, халықты оған қарсы көтеріліске шақырумен болады. Ислам тарихынан белгілі болғандай нәтижесі қанды оқиғалармен аяқталады.

Алидің халифалығы тұсында шииттердің мынадай бағыттары болғаны айтылады:

- Муфаддила (Парасат иелері): Алиді сахабалардың ең жоғарысы және халифа болуға бірден-бір лайықты адам екендігіне сенетіндер. Бұлар барлық сахабаларды құрметтейді. Исламға қарсы ешбір әрекеттері жоқ. Муфаддилалар уақыт өте келе сунниттермен қосылып кетеді. Түйе және Сыффин соғыстарында Алиді қолдап жақтағандар осылар.

- Сабба (Абдуллаһ ибн Саба жақтастары) : Алидің сахабалардың ең ұлысы, әрі халифалыққа ең лайықты екендігіне сенбейтін бүкіл басқа сахабаларды лағынеттеп, балағаттайтын шииттік топ. Бұлар алғашқы үш халифаны өздеріне тиісті емес орынды әділетсіз түрде алған адамдар деп есептейді. Имамия және Иснаашария осы Саббаның жалғасы болып табылады.

- Ғалия (Шектен шыққандар): Алидің Тәңір екендігін алға тартатын Абдуллаһ ибн Сабаның жақтастары. Ибн Саба алғашқы рет «өсиет» және «рижъат» (қайта оралу) доктриналарын, яғни Мұхаммед Пайғамбар Алиді бір өсиетпен халифа еткенін және Мұхаммедтің өлмегенін, халифалықты Алиге беру үшін қайта келетінін сенім түрінде насихаттайды. Бұлар Алиге «сен құдайсың» деп сәжде еткен уақытта бір бөлігін өртетіп, бір бөлігін жер аудартып жібертеді. Али ислам сенім жүйесіне зиян келмесін деген мақсатпен Ибн Сабаны дарға астырады.


Шииттік өз алдына біріккен біртұтас жүйе болып табылмайды. Ол – көптеген секталар мен бағыттарға бөлініп кеткен өте бытыраңқы бағыт. Шииттердің жіктелуі діни-саяси көшбасшылық мәселесіне байланысты қақтығысулар, алауыздықтар нәтижесінде жүріп отырды. VІІ ғ.-дың өзінде-ақ шииттер ішінде екі бағыт – байыпты және радикал (шектен шыққан) шииттер қалыптасқан болатын. Олар біраз уақыт өткен соң түбегейлі өзгеріске ұшырады. Бастапқыда шииттер діни сипаттағы жаңа жүйе бола қоймаған еді, олар тек біраз уақыттан соң ғана догматикалық рәсімдеуді басынан өткізді.

Кейіннен, уақыт өте келе өзге ұлттардың діни сенім-нанымдары еніп және Ислам дінін құлату, мұсылмандар арасында бүлік шығару үшін шииттік атын жамылып, негізгі мақсаттарына жетуді көздеген саясаткерлер көптеп кездесті. Өйткені, мұсылман халық Хз. Пайғамбардың ұрпақтарын жақсы көріп, оларға құрмет ететін. Бұл әулетке: «Әһли бәйт» дейді. Осы әһли бәйттің өшін аламыз деп халықты үнемі халифаға айдап салушылар әһли бәйт жайында жалған хадистер шығарып, жан дүниесі таза халықты басқаша сенімге жетеледі. Нәтижесінде, осылай болу керек, бұлай болмаса болмайды деген үлкен саяси күш туды. Бұларға да «шиит» деп ат берілді.

Шииттердің діни доктринасының негізін қалаған жоғарыда айтқанымыздай Абдуллаһ ибн Саба деп есептеледі. Ол шеткі шииттердің көшбасшысы болған (VІІ ғасырдың орта шені). Оның есімімен әрбір пайғамбардың, соның арасында Мұхаммедтің де «рухани өсиетхатын қабылдаушысы» (васи) болатындығы туралы идея байланыстырылады. Алиді васи деп жариялау оның тегінің таңдаулы екендігіне баса назар аударатын. Алидің көзі тірісінің өзінде-ақ, оның айналасындағылардың ішінде оны құдайдай көріп, пір тұтқан адамдар кездескен. Шииттердің діни ілімінің рәсімделу кезеңі аббасидтер әулетінің орнығу уақытымен, яғни VІІ ғ. соңынан VІІІ ғ. ортасына дейінгі дәуірмен анықталады. Оған қастандық жасалғаннан кейін жараланып өлген Алидің қасіретінің культі және Кербалада 680 жылы өлтірілген оның баласы - Хусейннің тартқан азабы - шииттердің діни ағымға айналуына әкелген факторлардан саналады.

Шииттер де барлық ислам жолын ұстанушыларға ортақ бастау – Құранға иек артты. Рухани билікті Алидің мұрагерлігіне беру туралы жалпы принцип – имамдық о бастан берілген, бекітілген дүние болмайды. Нәтижесінде заңды талапкерді анықтау барысында өте күрделі, кейде, тіпті шешілместей мәселелер туындап отыратын. Әрбір шииттік имам қайтыс болғаннан кейін оның орнын кім басатындығы туралы алауыздық басталып кететін, сөйтіп Алидің үрім-бұтақтарының әрқайсысы өз тарапынан билікке келетін адамның мүддесін қорғайтын. Билікті берудің принципіне қатысты көп түрлі түсініктер болғанымен де, шииттік ортада Алидің әулетінің мұсылман қауымында билік етуге елден асқан құқы барлығын бұлжымайтын қағида деп танитын.


Шииттер, сунниттер сияқты, Суннаны мұсылман дін ілімінің екінші көзі, бастауы деп есептейді. Бірақ олардың суниттерден бір ерекшелігі мынада: олар бірінші топтағы аса абыройлы тұлғалар деп төртінші «тақуа халиф» Алиді, оның жақын әріптестерін, сонымен бірге, Али әулетінен шыққан имамдарды таниды. Өздерінің аңыздарын шииттер әдетте ахбар (ар. «хабар, мәлімет») деп атайды. Олар Мұхаммед Пайғамбардың замандастарының - Алидің қарсыластарының қалдырған аңыздарын жалған деп мойындамайды. Шииттік ахбарлар сунниттік ахбарлармен салыстырғанда кейініректегі ахбарлар болып табылады. Олардың өзіндік канонизациялану процессі Х-ХІ ғғ. тиесілі. Мұсылмандардың қасиетті аңыздарын жинаушы шииттік діндарлар арасынан Мұхаммед әл-Қумми (903 ж. өлген), әл-Кулайни (939 ж. өлген), Мухаммед ат-Тусидің (1067/8 ж. өлген) аттары әйгілі.

Шииттерде, суниттерге қарағанда қасірет шеккенді, азап тартқан жанды пір тұту кең тараған. Дін жолында азаптану идеясына, Али мен оның баласы Хусейннен басталған біраз шииттік имамдардың қайғылы тағдырларына шииттер басты назар аударады. Аңыз бойынша Алидің сүйегі жерленген Неджеф қаласы, «ұлы азап тартушы» Хусейннің көмілген жері деп есептелетін тұста орналасқан Кербаладағы (Ирак) мешіт - шииттердің киелі орындары болып есептеледі, сонда олар қажылық жасайды. Шииттер табынатын тағы бір жерлер - Ирандағы Қум мен Мешхед қалалары. Қазіргі таңда шииттік діни ілімді Иран Ислам Республикасының түгеліне жуығы, Ирак халқының жартысына жуығы, Ливан, Йемен және Бахрейннің басым бөлігі ұстанады. Әр түрлі шииттік секталар ислам елдерінің барлық аймақтарында аз не көп мөлшерде бар.

Кең тараған исламдық жіктемелердің біреуіне сай, шииттікте бес үлкен секта бар. Олар өз алдына одан да кішірек тармақтарға бөлініп кеткен. Оларға: қайсаниттер, зейдиттер, имамиттер, «шеткі» шииттер және исмаилиттер жатады.

Шииттер арасында Алидің ұлдары Хасан мен Хусейннің ажалынан кейін қайсаниттер бірінші болып бөлініп шықты. Олар Мұхаммед ибн әл-Ханафияны (700 ж. шамасында өлген) имам деп жариялады. Ол – Алидің ханиф тайпасынан шыққан күңнен туған баласы болатын. Шииттердің көп бөлігі бұл сайлаудан бас тартты. Өйткені Мұхаммед ибн әл-Ханафия Пайғамбардың қызының баласы емес еді. Қайсаниттер шеткі шииттерге жатады. Олар өздерінің мойнына «жазықсыз өлтірілген» Хусейін үшін кек қайтаруды жүктеген. Қайсаниттер Мұхаммед ибн әл-Ханафияны Мұхамедтің Пайғамбарлығының отын Али арқылы қабылдаушы және киелі білімге иегер деп жариялады. Мұхаммед ибн әл-Ханафияның өлімінен соң оның ізбасарлары бірнеше секталарға және бағыттарға бөлініп кетті. Қайсаниттер қауымдары ІХ ғ. ортасына дейін тіршілік етті. Одан кейін басым бөлігі имамиттерге, бір бөлігі зейдиттерге және шектен шыққан шииттік ағымдарға (ғулат) қосылып, дербес секта ретінде қызмет етуін тоқтатты.


Мұхаммед ибн әл-Ханафияның кандидатурасын итеріп тастағандар төртінші имам ретінде Хусейннің «Кіші Али» деп атап кеткен (713/14 ж. өлген) ұлын мойындаған. Оның мирасқоры ретінде ұлы - Мұхаммед әл-Бақыр тағайындалды. Оны шииттердің көбі мойындағанмен де, Мұхаммед әл-Бақырдың саяси енжарлығына көңілі толмаған бөлігі, оның оған қарағанда белсендірек ағасы - Зейд ибн Алидің маңына топтасты. Ол Куфадағы Омейядтарға қарсы көтерілісті басқарды, сөйтіп, шайқас үстінде (740 ж.) қайтыс болды. Оның жақтастары зейдиттік деген атау алған жеке сектаға бірігіп, бөлініп кетті. Зейдиттердің негізгі мақсаты - Али әулетінен тараған имам басқаратын теократиялық мемлекет құру болды. Зейд – Алидің шөбересі, бесінші имам деп танылды. Доктриналдық ерекешеліктеріне сай шииттердің ішіндегі сунниттерге ең жақыны.

Зейдиттердің жоғары билік туралы іліміне сай, имамдыққа келуге тек қана Пайғамбар әулетінің ғана құқы бар, яғни имамдық тек Фатимадан және оның ұрпақтарынан бастау алуы тиіс делінеді. Өйткені оның үлкен ұлы – Хасанның болсын, кіші ұлы – Хусейннің болсын ұрпақтарының билікке бірдей құқы бар. Басқа шииттермен салыстырғанда, зейдиттер алғашқы үш халифті билікті бір уысқа ұстаған қанаушылар деп есептемейді. Олар Алиді Мұхаммедтің өзінің мирасқоры ретінде ең алдымен Алидің жеке тұлғалық, қадір-қасиетіне қарап таңдағанына сенімді. Зейдтің өлімінен соң имамат, зейдиттер ілімі бойынша, өзінің мирасқорлық қасиетін жоғалтып, сайланбалы болып шықты. Өздерінің имамдарын Мұхаммед Пайғамбардан кейінгі абыройлы азаматтар деп білетін зейдиттер олардың қарапайым пенде екендіктерін мойындайды, сөйтіп, оларға тәңірлік қасиеттерді телімейді, оларды еш күнәсіз пәк жандар деп тым әсірешілдікке салынбайды. Зейдиттер ислам мемлекетінің имамсыз уақытша тіршілік етуіне болатындығын мойындайды және түрлі қауым мен түрлі елдерде - егер олардың арасындағы қарым-қатынас қиындаған болса - бір мезгілде бірнешеме имамдар шығуына болатындығын қабыл алады. Зейдиттер Иранда, Иракта, Хижазда, сол сияқты Йеменде де орналасқан. Йеменнің ресми мазһабы болып табылады.

Шииттердің ең саны жағынан көп әрі байыпты қатарын имамиттер қалыптастырады. Олар Али әулетінен шықан 12 имамды мойындайды. ХІ ғ. аты әлемге танымал ислам теологы және мазһабтар тарихшысы аш-Шахристанидің анықтамасы бойынша, «Имамиттер – Алидің имамдығын нақты тағайындау оның бойындағы бар қандай да бір қасиетке ишара жасау арқылы емес, оның өзін жеке көрсету арқылы анық нұсқау деп қабылдайды». Яғни имамдық Пайғамбардың өз аузынан айтылу арқылы немесе алдыңғы имамның ауызынан шығу арқылы қолдан қолға беріледі. Он бірінші шииттік имам Хасан әл-Аскаридің өлімінен кейін (873/4 ж.) жаңа имам ретінде оның жасөспірім ұлы Мұхаммед тағайындалды. Бірақ ол тез арада «жоғалып кетті», «ғайып» болып қалды. ІХ ғ. соңында байыпты бағыт ұстанған шииттер ұйымдасқан түрде 12 имам туралы ілім төңірегінде бас біріктірді. Осыдан имамиттердің басқа атауы – иснаашариттер деген атауы шыққан. Иснаашариттер – 12 имам жолын жақтаушылар. Имамиттердің имамдар “баспалдағы” келесі адамдардан тұрады:


1. Али ибн Әбу Талиб (Куфада 661 ж. өлтірілген);

2. Хасан ибн Али (Мәдинада 669ж. өлген);

3. Хусейн ибн Али (Кербалада 680 ж. өлтірілген);

4. Али Зәйн әл-Абидин (713 әлде 714 ж. өлген);

5. Мұхаммед әл-Бақыр (Меккеде 732 ж. өлген);

6. Джафар ас-Садық (Мединеде 765 ж. өлген);

7. Муса әл-Казым (Бағдатта түрмеде 799ж. өлген);

8. Али әр-Риза (Тусада 818 ж. қайтыс болған әлде у беріп өлтірілген);

9. Мұхаммед әт-Тақи (Бағдатта 835 ж. өлген);

10. Али ән-Нақи (Самаррда 868 ж. өлген әлде өлтірілген);

11. Хасан әл-Аскари (873/4 ж. самарда өлді);

12 Мұхаммед әл-Махди (873/4 ж. жоғалып кетті).

Мойындалатын имамдар әулетінен шыққан адамдар таусылған соң Мұхаммед әл-Махди «жасырын» имам болып жарияланды, сөйтіп «кіші жасырыну» деп аталатын кезең басталды. «Жасырын» имам туралы идея VІІ ғ. соңында пайда болған еді. Ол идея имамиттерде өте өзекті болып шықты әрі бүге-шігесіне дейін тәптіштеліп даярланды. Имамның жасырын тіршілік етуі - имамның қауымнан құдайдың қалауымен алып кетілуі деп түсіндіріледі. Имамның көзге көрінбес ғайып болмысы деп ұғылады. Имам өз қауымының тағдырын сырттай жіті бақылап отырады, бірақ көрер көзге көрінбей жетекшілік етеді деп айтылады. «Кіші жасырынудың» 69 жылға созылған (941 ж. дейін) уақытында «жасырын» имам мен оның жамағаты «елшілер (сафирлер)» арқылы байланыс ұстаған. Төртінші сафир өлер алдында өзінен кейін келетін ізбасарды қалдырмаған көрінеді. Сондықтан да «үлкен жасыру» басталып кетті. Ол имамиттердің түсінігі бойынша, әлі күнге дейін жалғасып келе жатса керек. Шииттік қауымды басқару ісін рухани абыройлы азаматтар жүзеге асырады. «Жасырын имамға» деген сенім - имамиттік сарындағы шииттердің негізгі догматикалық ұстанымдарының негізгілерінің бірі. Ол ұстаным имамның күндердің күнінде міндетті түрде қайтып оралатындығына деген сеніммен, яғни махдиға (мессияға) деген сеніммен қатар жүреді. Махди жер бетінде әділеттілік орнатып, Құранның және жалғыз Құдайға табынушылықтың таза мағынасын ашады. Сөйтіп билікті уысына ұстаған қанаушыларды жоқ қылады деп түсіндіріледі.

Қазіргі кезде Имамия мемлекеттік дін түрі ретінде Иранда қабылданған, Ирактың тұрғындарының жартысына дейінгі саны - шииттер-имамиттер, олардың қауымдастықтары Ливанда, Кувейтта, Бахрейнде, Сауд Аравиясында, Иорданияда, Ауғанстанда және де басқа Ислам тараған елдерде бар. Сунниттік дінбасылар имамиттерді олардың догматикалық ұстанымдарының байыптылығына сай, өздеріне жақын тартады. Олардың екі арасындағы келіспеушілік имамдықтың мәнін түсінуге келгенде басталады. Бұқаралық қарабайыр сана деңгейінде олардың бір бірлерін жақтырмауы тарихи контекстіге және саяси мәселелерге көп байланысты.

Шииттік исламдағы шеткері бағытты ғулат (шектен шыққан көзқарастарды ұстанушылар) деген атау алған көптеген секталар мен тарамдалған тармақтар танытады. Олардың «шектен шығып кетулерін» Алиді және оның ұрпақтарын құдайдай көруден байқауға болады. Исламдағы мазһабтар тарихына қатысты еңбектердің бірінде олар туралы былай деп жазылған: «Олар өздерінің имамдарына келгенде жүгенсіздік танытқаны соншалық оларды табиғи қасиеттердің шегінен шығарып, олар туралы құдайи ұғымдар шеңберінде ойланады. Олар біресе - имамдардың қайсыбірін Құдаймен салыстырады, біресе – адамдардың өздерін Құдаймен салыстырады, сөйтіп екі жағынан да асыра сілтеушілік танытады – (адамды) асыра мақтайды және (Құдайды) жеткізбей тастайды».