Добавлен: 04.02.2019

Просмотров: 18574

Скачиваний: 9

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

16-17 ғғ. Европада антропологиялық идеялардың қарқынды дамуы белгілі географиялық жаңалықтардың ашылуының нәтижесінен этнографиялық мәліметтердің көлемі кенет өсті. Осы кезеңде П. Мортир, М. Монтень, Руссо и Дидро еңбектерінде дамытылған «бақытты тағы адам» концепциясы көпке белгілі болды. 19 ғасырда антропологияның қалыптасуына А. Фергюсон, Кондорс және Тюрго тарихи прогресс идеялары әсер етті. Неміс классикалық философиясының әсіресе Гердердің еңбектерінің, 18 ғасырдың соңы, 19 басындағы европалық фольклористика мен этнографияның компаративистік бағыттағы «мифологиялық мектептің» ықпалы күшті болды.

Тарихи ең алғашқы антропологиялық бағыт деп 19 ғасырдың екінші жартысында АҚШ пен Ұлыбританяда қалыптасқан эволюционизмді айтуға болады. Эволюционизмнің белгілі өкілдері Тайлор мен Морганның ойынша барлық халықтар және жеке мәдениет институттары (дін т.б.) дамудың нақтылы эволюциялық кезеңін өтеді. Адамзат мәдениетінің әртүрлілігі осымен түсіндіріледі. Диффузиони бағытының өкілдері мәдениеттердің дифференциясын эволюционистерден өзгеше қарастырды. Диффузионистік Герман -Австриялық мектебінің өкілдері Ф. Гребнер мен В. Шмидттің ойынша мәдениеттің барлық белгілі элементтері біркүнде бірнеше «мәдени орта» шеңберінде жасалып, кейіннен басқа халықтардың арасына таралды (диффузияланды) . Диффузионистік ағылшын мектебінің өкілдері У. Смит және Э. Пери өркениеттің ерекше элементтерінің пайда болған орталығы Ежелгі Мысыр деп тұжырымдады. ХХ ғасырдың басында эволюционизм мен диффузионозмді қатты сынға алған британдық функционалистер Малиновский мен Радклиф-Браун (Боас) – антропологиялық теорияның негізін салу жолында эмпирикалық материал жинаумен айналысты. Малиновский – мәдениет бұл әрбір элементі адамның қоғамдағы базалық және өндірістік қажетін қамтамасыз ету қызметін атқаратын күрделі, бүтін құбылыс ретінде қарастырса, Радклиф-Браун мәдениеттің жеке элементерін қоғамның әлеуметтік жүйесін ұстап тұратын, әлеуметтік қатынастардың негізгі деп білді. 1920-шы жылы Францияда этнология мәселесіне деген қызығушылықтарымен белгілі болған Э. Дюркгеймның оқушылырының мектебі пайда болды. Олардың көшбасшылары Мосс — этникалық психологияда ерекше (айырбастың дәстүрлі формаларын) зерттеулердің авторы. Дюркгейм мектебіне Леви-Брюльдің алғашқы кезеңдегі дүниетаным мен қазіргі адам дүниетанымы ның өзгешелігі туралы концепциясы жақын болды. 1926 жылғы Францияда құрылған этнология институты Мосс пен Леви-Брюлл есімдерімен байланысты. Соғыстан кейінгі кезеңде Францияда антропологияның алдыңғы қатардағы бағыты Леви-Стросс бастаған структурализм деп есептелді. Леви-Стросс лингвистика мен когнитивтік психология әдістеріне жүгініп, мәдени және әлеуметтік тәртіпті анықтайтын ментальдық жүйе бар деген қорытындыға келеді. Леви-Стросстың концепциясы бойынша адамдарға мәдениет элементтерін топтамалауға және оған деген өз қатынастарын қалыптастыруға мүмкіндік беретін бинарлық оппозицияны базалық модель ретінде ұсынылады. Соғыстан кейінгі кезеңде британдық антропологияда Радклиф-Браунның жолын Эванс-Притчард және Глакман жалғастырды. Глакман қақтығыстар феноменін қоғамның құрамындағы бір элемент ретінде қарастырған зерттеуінің аты шықты. Ал американдық антропологияға реабилитация эволюционизмді ақтау тән болды. Л. Уайт адамзат өркениеті өзі тұтынған қуаттардың көлеміне тәуелді («Уайт заңы») деген концепция ұсынды. Неоэволюционизмнің тағы бір өкілі Д. Стюарт әр мәдениеттің ерекшелігін ескеретін көпсалалы эволюция концепциясын ұсынды. Особый интерес Стюарттың мәдениет пен сыртқы ортаның бір-біріне әсер ету мәселесіне ерекше көңіл бөлуі оны экологиялық антропологияның негізін салушы деп есептеуге негіз береді. Қазіргі американдық антропологияда дәстүрлі мәдениетті зерттеуде К. Герцтің тұлғасы ерекше орында деп айтуға болады. Мәдени антропология зерттеулерінің (этнография) Ресейде , кейіннен Кеңес өкіметінде өз ерекшелігі болды. ХІХғасыр аяғы мен ХХ ғасырдың басында көптеген этнограф-практиктер — Н. Миклухо-Маклай, В. Богораз, Л. Штеренберг, М. Довнар-Запольский интерпретацией идей эволюционизм идеяларына түсіндірме жасаумен айналысты. интерес в М. Ковалевскийдің жұмыстары теориялық қызығушылық тудырды. Ол өз еңбектерінде қауым мен қауымдық жериеленушілікке қоғамдық қатынастардың дамуының жалпы кезеңдік формасы ретінде баға береді. Соғыстан кейінгі кезеңде ежелгі эволюционизмді оның марксистік (нақтырақ айтсақ энгельстік ) тұжырымын бұлжытпай қабылдау көп жылдар бойы теориялық ойдың дамуына үлкен кедергі жасады. Сонымен қоса «буржуазиялық» этнологияның жаңа бағымдарына деген кері қатынас ғылымның дамуына ашық тиым салды. 60-70-ші жылдары этнос теориясы саласында бінеше концепция жарық көрді. Әсіресе Ю. Бромлейдің этнос концепциясын Маркстың қоғамдық-экономикалық формациясы ілімімен біріктіріп, соның негізінде этно-әлеуметтік қауымдастық эволюциясы моделін құруды жоспарлады.


А. Арутюнов пен Н. Чебоксаровтың адамзаттың биологиялық және этноәлеуметтік топтарының тіршілік ету механизімі туралы идеялары көпшілікке танымал бола қоймады. Ал Л. Гумилевтің марксизмнен ашық бас тартып, этностарды өздерінің ерекше заңдылықтарымен дамитын биоәлеуметтік феномен ретінде қарастырған концепциясы ерекшелігімен көзге түсіп, кең таралып кетті.

«Діни антропология» терминін анықтаудағы негізгі көзқарастар. Философиялық, діни-философиялық және құдай туралы ілімнің пәні секілді діни антропология ұғымын анықтауға қатысты таластар жүз жылға жуық уақыт бойына бір толастамады. Бірқатар теологтар адам туралы діни-философиялық және құдайтанулық ілімнің ішкі ұқсастықтар бірдей десе, басқалары құдайтанулық антропологияның философиялық антропологияға, оның ішінде діни тұрғыдан философиялық антропологияның мәні мен мазмұнына қайшы келеді деп санайды.

Теологтардың ХХІ ғасырдың басындағы антропологияға қызығушылығының артқаны сияқты, бұл мәселеге қатысты дау-дамай өткір сипат алып отыр. Батыстық зерттеушілер мәселенің антропологиялық тұрғыдан қойылуы «соңғы әмбебап философиялық жүйе ретінде өз орнын жоғалта бастағандықтан» философиялық мәнге ие болғанын мойындайды. Олар бұл үрдісті адамның «саналы жануар» ретіндегі дәстүрлі анықтамасының күйреуімен түсіндіреді. Танымал дінтанушы Блеекер бұны былай деп түйіндейді: «егер бірінші дүниежүзілік соғыста адам Құдайға деген сенімін жоғалтса, екінші дүниежүзілік соғыста адамға деген сенімін де жоғалтты. Егер ертеректе философтар өздерін адамды тани аламыз деп санап, Құдайды «үлкен белгісіз дүние» деп санаған болса, ал қазір адамның күтпеген жерден беймәлім қырлары ашыла бастады».

Қазіргі уақытта аталған проблема жекелеген ғылыми пәндер немесе адам туралы ғылымдар жүйесі түріндегі бірнеше ғылымның күш-жігерін біріктіріп отыр. Зерттеушілер адам туралы ғылымды жүйелеудің бірнеше түрін ұсынады. «Антропология» ұғымын айқындауда негізгі тезис адам феноменінің күрделі екендігін түсіну болып табылады. Зерттеулердегі вариативтілік пен алуантүрлілік оның мәнінің күрделілігімен түсіндіріледі.Түрлі зерттеу парадигмалар мен адамды зерттеудегі белгілі бір доминанттар – мейлі ол адамның жеке болмысы болсын, мейлі ол адам құрылымындағы бейсаналық немесе оның әлеуметтің жаратушысы ретіндегі ұғымы да осыдан келіп шығады. Белгілі бір тарихи, мәдениәлеуметтік, саяси және т.б. жағдайлардағы жеке тұлғаның болмысына талдау жасау да антропологиялық білімнің бір бөлігін құрайды және түрлі «антропологияның» қалыптасуына белгілі бір деңгейде түсінік береді.

Философиялық антропологиядағы негізгі философиялық проблемалар түйісетін басты сұрақ И.Канттың айтуынша «Адам дегеніміз не?» деген сұрақ болып табылады. Тарихи процесті танудың белгілі бір үлгісі мен антропологияның көптүрлі сипаты осы сұраққа берілетін жауапқа байланысты. ХІХ ғасырдағы антропологияның негіізін салған М.Шелер И.Кантқа сүйене отырып барлық ішкі және сыртқы дүниенің барлық заттық болмысының ең алдымен адаммен арақатынасын белгілеп алу керек. Болмыстың барлық формасы адам болмысына тәуелді. Барлық заттық дүние мен оның болмысы «өзіндік болмыс» емес, ол адамның тәндік және рухани құрылымына шамалас болмыстың бір бөлігі» деп жазды. Адамның мұндай мәндік құрылымын философиялық антропология да зерттейді. Оның міндеті «адам болмысының негізгі құрылымынан адамның өзге: тілі, ар-ұяты, қаруы, дұрыс және дұрыс емес идеялары, мемлекет, басшылық жасау, өнердің сайлау функциясы, миф, дін, ғылым, тарихилық және қоғамдастықтың қалай өніп шығатынын көрсету болып табылады».


Философиялық антропологияның классигі М.Шелер белгілеп кеткен бастапқы позицийға тағы бір айтарымыз бар. Ол адамның әлемде өзін-өзі тарихи тұрғыдан ұғынуы барысында байқалатын адамның өзін-өзі тануының негізгі бес типі бар екенін жеткізу. Олар: 1) адамды Құдайдың жаратқандығы жайындағы иудей-христиандық идея; 2) «homo sapiens» ретіндегі адам идеясы; 3) «homo faber» формуласымен белгіленетін натуралистік идея. Төртінші идея батыс еуропалық философияның вариациясымен үйлеспейтіндігімен ерекшеленеді. Ол адам мәртебесін өмірді, оның негізгі құндылықтарын, заңдарын, оның киелі ғарыштық мәнін орындаудан бас тартушы ретінде көрсетеді. Ол бойынша адам – өмірде тығырыққа тырелуші, өзінің биологиялық әлсіздігі мен дәрменсіздігінен дертті болып жаралған. Рухы дертке ұшыраған жануар. Адамның болмыстың жоғары шыңы ретіндегі «жоғарғы адам» деген тағы бір анықтамасы бар. Бұл қалыптасқан классикалық методология белгілі бір деңгейде түрлі парадигмаларда көрініс тапқан.

«Антропологиялық» ой-пікірлердің негізін салушылары сияқты «философиялық антропологияның» негізін салушы М.Шелер, Х.Плесснер, А.Гелен де ашық иррационализм ұстанымын жақтап, адамды мүлдем танып-білуге болмайтынын, адам мәселесінің бітпейтінін айтып, адамның табиғи мәні ақылға бағынбайтын «осы өмірімен» анықталған деді. Бірінші дүниежүзілік соғыстың алдында пайда болған ХХ ғасырдың антропологиялық ағымдары осы иррационалистік ұстаным тұрғысынан философиялық мәселе қайта қарауға түседі деп болжап, алдыңғы орынға антропологияны шығарды да, ал қалған философиялық проблемаларды осы көзқараспен бағалады. Бұл бағыттың негізін салушылар антроаологияны базалық философиялық пән деп есептеді. Осыған байланысты «діни антропология», «құдайтанулық антропология» және «діни-философиялық антропология» ғылыми әдебиеттерде екіұшты қолданыла бастады. Бірқатар зерттеушілер «антропологияға» адам туралы кез-келген философиялық ілімді қоса салудың дұрыс еместігін мәлімдеді.

Сәйкесінше, «діни антропология» түсінігі философиялық бағыттың діни тармағына жатқызылды. Бірақ көптеген ойшылдар бұндай жіктеуді қолдамайды және адам туралы діни ілімдердің барлығын «діни антропология» деп қарастырады. Бұл соңғы көзқарас «антропология» ұғымына оның әдебиеттердегі кең таралған қолданысына да барынша сай келеді. Алайда, діни-философиялық антропологияның өз алдына дербес бағыт екендігін жоққа шығара алмаймыз. Діни антропология діни дүниетанымның ерекше аспектісін құрайды. Адамға деген діни көзқарас тылсым бастаманы мойындаудан және оның адам туралы ілім турасындағы теориялық түрде келтірілген адаммен ерекше байланыста екендігін танудан тұрады. Демек, діни антропология теориялық діни сананың, құдайтанулық ілімнің құрамдас бөлігі болып табылады. Бұл мағынасында «діни антропология» мен «құдайтанулық антропология» ұғымдары мазмұндық тұрғыдан ұқсас келеді.


Діни антропология адамға діни болмысынан баға береді. Зерттеушілер бұл тұрғыда адам діншілдігінің объективті және субъективті себептерін зерттейді, адамды жаны қысылғанда тылсым күштерге, діни культтерге сенуге итермелейтін әрі оның діни сезімдерінде саналы және бейсаналы түрде байқалатын материалдық факторларды (биологиялық, физиологиялық) табуға тырысады. Ондай зерттеулерді қалыптасқан пікір бойынша М.Шелер, Х.Плесснер және белгілі бір деңгейде Г.Гелен бастап беріп кеткен.

Бұған біржақты жауап ғылыми ортада қызу талқыланып жатқанымен, әзірге түзіле қойған жоқ. Іс жүзінде әңгіме екі мың жылдан артық тарихы бар діни философия жайында өрбіп отыр.

К.Никонов «діни антропологияны» әр алуан діндерді қамтитын адам туралы ерекше гуманитарлық ілім деп қарастырады. Бұл тұста ол «діни антропологияның» «мағынасы жағынан жақын болса да, өз әдіс-тәсілдері мен проблемасы бар» түрлі мағынасында қолдануға назар аударады.

Діни антропология – бұл діни-философиялық білімнің өзіндік бір саласы, себебі философиялық ой-пікірдің жұмбақ және толық қамтылмайтын пәні болып табылады. Бұл мағынасында діни антропология философиялық білімнің дәстүрлі салалары – логика, таным теориясы, эстетика, этика және философия теориясына қарсы тұрады.

Діни антропология – философиялық-діни білімнің белгілі бір бағыты ғана емес, ол сондай-ақ не формалды, не диалектикалық логикаға бағынбайтын ойлаудың нақты бір әдісі болып табылады.

Діни антропологияның объектісі – адам. Ол ешқандай тұтас бола алмайды. Нәтижесінде діни антропология қазіргі заманғы діни модернизмнің бір бағыты болып қалды. Оның шеңберінде діни ойшылдар адамның өз табиғатында екіжақтылығы мәселесін көтерді. Христиандық діни ілімнің негізгі принциптерінен шығара отырып қазіргі замандағы адам болмысы мәселесі мен руханилықтың жоғалуы процесін қарастыра бастады.

ХХ ғасырдың 20-жылдарында антропологияға ғылыми, философиялық топтардың назары ерекше ауып, «антропологиялық бұрылыс» жасап, адамды, оның іс-әрекеті мен ойлауына ерекше назар аудара бастады. Антропологиялық төңкеріс ғылымның қандай саласын алмасақ та, адам тұлғасы жайындағы теориялар қалыптасып қойғандығына негізделген.

Қазіргі заманғы ғылымдар жүйесіндегі діни антропология. ХХ ғасырдың 20-жылдарында антропологияға ғылыми, философиялық топтардың назары ерекше ауып, «антропологиялық бұрылыс» жасап, адамды, оның іс-әрекеті мен ойлауына ерекше назар аудара бастады. Антропологиялық төңкеріс ғылымның қандай саласын алмасақ та, адам тұлғасы жайындағы теориялар қалыптасып қойғандығына негізделген.

1.Жаратылыстанулық және медициналық антропология адамның тірі жандар патшалығындағы орнын анықтап, оның тәндік құрылымын зерттейді. Оған анатомия, физиология, нәсілдер туралы ілім және т.б. жатады.


2. Философиялық антропология тек жекелеген философиялық пән ғана емес (алғаш О.Касман негізін салып кеткен күйінде), сондай-ақ М.Шелердің адам өмір суруінің барлық қыр-сырын қамтитын, адамның қоршаған әлемге қатынасын анықтайтын Макс Шелердің еңбектеріндегі философиялық концепцияны да құрайды. Ницще мен Шелер арқылы одан ары экзистенциализмге қарай дамып, философиялық антропологияның дамуы уақытша аяқталды. Философиялық антропологияға психологияның тұлға ұғымын нақтылауға тырысуының арқасында елеулі үлес қосылды. Өзге де ғылымдардың дамуы себебінен философиялық антропология алға шығарған мәселелерді шешу қажеттілігі антропологияның бірнеше салалары: әлеуметтік, педагогикалық, теологиялық және басқа антропологияның пайда болуына әкелді.

3. Мәдени антропология, кейде әлеуметтік немесе әлеуметтік-мәдени антропология (көбінесе ағылшын тілді елдерде), ал 20-жылдары Франция мен құрлықтық Еуропаның басқа да елдерінде – мәдениет туралы ғылым өзінің барлық формасында және тарихи даму кезеңдерінде. Бұл жерде мәдениет ұғымы кең мағынасында материалдық объекті, идея, құндылықтар, түсініктер мінез-құлық үлгілерін білдіреді. Қазіргі заманғы мәдени антропологияға мәдениетті биоәлеуметтік бейімделу формасы ретінде түсіну, сондай-ақ әрбір мәдениеттің әмбебап құндылықтарын оның даму кезеңдеріне қарамастан постулаттайтын мәдени релятивизмнің метолодиялық принциптері ретінде түсіну тән. Білімдердің жалпылануын білдіретін аралық пән ретінде этнографияны алуға болады. Этнография - қазіргі заманғы нақты бір халықтың мәдениетін сипаттаса, этнология – мәдениеттерге салыстырмалы талдау жасайды. Мәдени антропологияның өзі әмбебап интерэтникалық формада көрінетін адамзат мәдениетінің негізгі институттары жөніндегі жалпылама білім ретінде танылады. Антропологияның бұдан өзге экологиялық антропология, экономикалық антропология, саяси антропология, урбанистік антропология, аграрлық антропология, медициналық антропология, еңбек антропологиясы, білім антропологиясы және т.б. маманданған салалары бар.

Дүниені магиялық-мифтік танудағы адам туралы ұғым.
Тарихқа дейінгі кезеңдегі адам туралы түсінік. Егер тарихқа дейінгі кезең жайындағы білетініміз өте шектеулі болса, ал сол кездегі адам туралы түсінігіміз одан да аз. Питекантроп қазіргі заманғы адамнан өзінің көптеген анатомиялық өзгешеліктерімен ерекшеленсе де, адам болған. Алайда, қазіргі заманғы адаммен тым болмағанда жанұялық жағынан ұқсастығы болған сол кездегі адамқарнын тойғызудан өзге ұрпағын жалғастыруды ойлағаны мойындалған факт екенінде дау жоқ. Ал бұл жайында қай уақытта ойлана бастады және бұдан мыңдаған жылдар бұрын өмір сүрген, миының көлемі кіші және анатомиясы басқа сол кездегі адамдардың ойлау жүйесі қандай болғандығы басқа мәселе болып табылады. Швейцарлық полеоантрополог Карл Нарр: «Дегенмен, діни түсініктердің дамуы үшін адамның миының көлемі мен оның құрамының қандай болуы керектегін ешкім дөп басып айта алмайды» деп дәл айтқан [1].