Добавлен: 29.11.2023
Просмотров: 446
Скачиваний: 3
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Жоңғарлардың рухы төмен түсіп кетті. Осы жекпе-жек шайқастан кейін Сабалақ Абылай атанып кетті. Аңырақай шайкасында қазақтар жоңғарларға естерінен тандыра күшті соққы берді. Шайқас даласында жоңғарлардың есеңгіреген, жеңіліске ұшырап, аңырап қалған жері Аңырақай деп аталып кеткен кәрінеді.
Үш жүздің хандары мен сұлтандары бұрынғы алтыбақан алауыздықты қойып, күш біріктірудің арқасында қаһарлы жауға жұмыла күресіп, тамаша жеңіске жетті. Бұл жеңіс үш жүздің күш-жігер біріктіруінің әбден қисынды әрі заңды нәтижесі болды. Жүз жылдан астам уақытқа созылған қазақ-жоңғар соғысында түбірлі өзгеріс жасалды, енді біржола түбегейлі жеңіске жететін күн де жақын қалды. Жоңғарлар қазақтардан тартып алған жерлерін алды-артына қарай алмай, тастай қашты. Олар бұдан былай қазақ жеріне шапқыншылық жасамауға ант ішті.
Қазақ жасақтарының кезекті тамаша жеңіске жеткеніне қарамай, жау жағы әлі де күшті, әлі де қауіпті еді. Сондықтан да бүкіл қазақ халқының ұзақ уақыт бойы жоңғарларға қарсы жанқиярлықпен күрес жүргізе беруіне тура келді.
Бұланты және Аңырақай шайқастары қазақ сарбаздарының жауынгерлік рухын күшейтіп, аспандата биікке көтерді. Ол шайқастардағы жеңіс халық болып топтасқанда кез келген күшті жауды жеңіп шығуға болатынын айқын көрсетіп берді. Оның үстіне, қазақ сарбаздары жоңғар әскерлерінің жеңіліс атаулыны білмейтіні жөніндеп жалған аңыздың күлін көкке ұшырды.
Бұл соғыста қазақ халқының туыскан қарақалпақ және кырғыз халықтарымен жауынгерлік одағын құрудың негізі қаланды. Соны-мен қатар бұл кезде, XVIII ғасырдың 30-жылдарының бас кезінде, билік жолындағы тақ таласы қазақтардың күшін ыдыратуға тағы да алып барып соқты, олар ақыр аяғында елдің тәуелсіздігінен айырылып тынды.
Жоңғарларға не болды?
Жоңғарлар 1758 жылы толық талқандалды. Халқының 10/4 бөлігі аурудан өлді. 2 бөлігі Ресейге қарай қашты. 3 бөлігі соғыста өлді. Сол қалған 1 бөлік Еділ бойындағы қалмақтарға кетті.
53.Сейітқұл Қойдағұлов пен Құтлумбет Қоштаев басқарған Әбілқайыр хан елшілігі.
Қазақ халқының Ресей империясының қол астына кіру үрдісін алдымен Кіші жүз бастады. 1730- немесе 31жылы Петерборға Әбілқайыр хан Сейтқұл батыр Қойдағұлұлы мен Құтлымбет би Қоштайұлы бастаған елшілік жібереді.
Қараша айында елшілік Петерборға жетіп, Әбілқайырдың хатын Ресей патшайымы Анна Иоановнаға* тапсырады. Хатта Кіші жүзді Ресейдің қол астына алуы туралы өтініш жазылған еді. Бұл уақытқа дейін Ресей империясының құра-мына Еділ қалмақтары, Кабардин князьдығы, Грузия толық қосылған болатын. Әбілхайыр елшілігі жоғары дәрежедегі сый-құрметпен қабылданады.
1731 жылы 19 ақпанда Анна Иоановна «Әбілқайыр ханды және бүкіл қазақ халқына оларды Ресей империясының қол астына алуы туралы» грамотаға қол қояды. Онда Әбілқайыр хан мен оның қол астындағы халқы Ресей бодан-дығына мынандай шарттар негізінде қабылданатыны туралы баяндалады:
Біріншіден, жоғары мәртебелі императорымызға адал қызмет етуге және бізге башқұрттар қызмет еткені сияқты жасақ төлеуге ант бересіздер.
Екіншіден, Ресейдің қол астындағы халықтардан ешқандайда тонаушылық пен өкпеге жол берілмейді.
Үшіншіден, егер сендерге, қайсақтарға басқа біреулер басқыншылық жа-саса, Ресей императоры тарапынан қорғаласыздар және сіздер Ресейдің қол астындағы ел болып табыласыздар.
Төртіншіден, башқұрттар мен Ресейдің құрамындағы басқа да халықтар сіздердің тұтқындарыңызды босатады, ал сіздер ресейлік тұтқындарды бо-сатуға, башқұрттармен және қалмақтармен бейбіт жағдайда тұруға уәде етесіңдер» .
Әбілқайыр хан мен басқа да ел билеушілерінен тиісті ант қабылдау ұшін Ресейдің сыртқы істер коллегиясының тілмашы А. Тевкелев бастаған елші-лер жіберіледі. (Оның татар есімінің баламалары Мамет, Мамет мырза, Кут-лумбет мырза, Құтлу-Мұхаммет.)
Сөйтіп біз 260 жыл бойы 10.10.1731-16.12.1991 жылдар бойы Ресей құрамында болдық.
Бұл 2 кезеңнен тұрады:
-Патша үкіметі 1731-1717
-Кеңес үкіметі 1717 25 қазаны мен 1991
54.Орынбор экспедициясының ұйымдастырылуы мен қызметі.
Кіші жүз қазақтарының шекара аймағындағы жерінде патша үкіметінің жағдайын нығайтып, бекіте түсу үшін 1734 жылы Қырғыз-қайсақ экспедициясы құрылды. Оны I Петрдің сыбайлас жақын серіктерінің бірі И.К. Кириллов басқарды. Ал оның көмекшісі қазақтардың дәстүрлі әдет-ғұрыптары мен заңдарын жақсы білетін тілмаш А. Тевкелев болды. Кейінірек қырғыз-қайсақ экспедициясы Орынбор экспедициясы деп аталды. Оның құрамындағы 2700 адамның 2500-і әскери қызметшілер еді.
Міндеті: қазақ даласының жер жағдайын зерттеу және жер бедерін картаға түсіру еді. Аталмыш экспедиция отарлау стратегиясын жүргізудің қызметін атқарды.
Нәтижесінде, Кириллов «Қырғыз-қайсақ ордалары туралы түсіндірулер» атты еңбек жазды.
Осы экспедиция басшысы Кирилловқа қатын патша өз тарапынан тікелей 18 мамыр күні былай деп тапсырма берген:
• Ордада болып жатқан оқиғалар жайлы хабар алып келу;
• Қазақтардың жоңғармен соғысы жайлы толық мәлімет білу;
• Қазақтардың Ресейге көзқарасы қандай?
• Жоғарыдағы мәселелерді толыққанды атқару үшін башқұрт пен қазақтардың арасынан сенімді адамдарды іріктеп, сол өңірге жіберіп (тыңшылық мақсатында) олар әкелген мәліметті Сібір губернаторына хабарлау
1735 жылы Әбілқайыр ханның өтініші бойынша Орынбор қаласының негізі қаланды. Қазақ ханы дала төсінде әлдебір бүліншілік оқиғалары бола қалса, сол бекініс-қамалда бой тасалауды көздеген болатын. Қамал Ор өзенінің Жайыққа қүяр жерінде салынды.
Кейін ол Ор бекінісі деп аталды. Орынбор бекінісі Ресей аумағының ішкі жағына ауыстырылды. Орынбор Батыс Қазақстан аумағын отарлаудың стратегиялық орталықтарының біріне айналды. Ол Ресейдің еуропалық бөлігі мен қазақ даласынын, Орта Азияның аралығындағы ірі сауда орталығы қызметін де атқарды.
Кириллов қайтыс болғаннан кейін Орынбор экспедициясының бастығы болып В.И. Татищев тағайындалды.
55.1739-1741 жж. жоңғар-қазақ соғысы. Абылай сұлтанның дипломатиялық өнері.
XVIII ғасырдың ортасында қазақтарға Жоңғария қауіп төндірді. Бұл жағдайды Қытай бақылап, Жоңғарияға да, Қазақ хандығына да көз салды. Ресей қазақтарға қатысты отаршылдық саясатын жалғастырды. Ал оңтүстікте кейбір қалалар Қоқан хандығының ықпалында болды. Міне, Абылай хан осындай ауыр алапат заманда дүниеге келді.
Абылай ханның беделі күн өткен сайын арта түсті. Ол кезде Орта және Ұлы жүздің ханы Әбілмәмбет болса да, көптеген мәселені Абылай ханның өзі шешкен. Бұл жағдайдың өзі оның билігінің қаншалықты екенін көрсетеді. 1741 жылы Абылай хан жоңғар қолына тұтқынға түседі. Оны босату үшін қазақтар барлық жүзден өз күштерін жинайды. Кіші жүздің ханы Әбілқайыр, ұлы жүзден Төле би мен Орта жүздің ханы Әбілмәмбет Абылай ханды босатуға тырысты. 1743 жылдың соңында Абылай хан босатылады. Осы уақыт ішінде ол Жоңғария билеушісі Қалдан Серенмен ортақ тіл тауып, тіпті онымен дос бола бастайды. Осылайша қазақтар мен жоңғарлар арасындағы соғыс аяқталатын сияқты көрінуі мүмкін, бірақ 1745 жылы Қалдан Серен күтпеген жерден қайтыс болады. Жоңғарияның ішінде азаматтық соғыс басталады. Жоңғарияның билігіне Лама Доржы келеді, ал оның қарсыластары Даваци мен Әмірсана, Лама Доржыны тақтан құлату үшін Абылай ханнан көмек сұрайды. Абылай хан Давациді қолдап, Лама Доржының орнына Давацидің таққа отыруына көмектеседі. Бірақ Даваци таққа отыра алмады және оның орнына Әмірсана келді.
Осылайша, жоңғарлардың ішкі қақтығыстарына араласып, біресе біреуін, біресе екіншісін қолдап, ол өзінің мәңгілік жауларын жеткілікті түрде басып тастайды. Бірақ Жоңғарияның артында Қытай тұрды. Қытайдың да көздегені Жоңғарияны жаулап алу еді. Жоңғардың жаңа билеушісі Әмірсана қытайларға қарсы тұру үшін қазақтардан көмек сұрайды. Абылай Хан, егер Қытай Жоңғарияны жойса, онда келесі мақсат Қазақ хандығы болатынын түсінгендіктен, Жоңғарияға көмектесуге келіседі. Бірақ Қытай қайткенмен де өз мақсатына жетіп, әлемдік картадан Жоңғарияны жойып тастайды. Нәтижесінде қазақтар, қытайлар және қырғыздар көз тіккен үлкен территория бос қалады. 1756 жылдың көктемі Қытай үлкен әскерімен қазақ жеріне екі аймақтан басып кіреді. Қытай әскері қазақ армиясынан көп болды. Сондықтан қазақтар қытайларға қарсы партизандық соғыс жүргізіп, қарсыластарына күтпеген соққы жасайды.
Абылай ханның жоспары мынадай еді. Ұрыс қимылдары әлсін әрі жиі емес және қыс соңына дейін шыдау. Сонда Қытай әскері әлсіреп, оларда азық таусылып, кері қайтуға мәжбүр болады. Барлығы Абылай ойластырғандай орын алды. Бұл шайқастағы жеңіс болды, әдеттегідей соғыс емес.
Абылай хан егер бәрі осылай жалғаса берсе, оларды Жоңғарияның тағдыры күтіп тұрғанын түсінеді. Сондықтан ол Қытаймен келіссөздер жүргізе бастады. Өзінің жеңілгенін мойындайды, Әмірсананы айыптап, жоңғарды қолдағаны үшін кешірім сұрайды. Сондай-ақ, егер жоңғарлар кенеттен қайта құрылса, ол қытайлардың жағында болуға уәде береді.
Қытай Абылай ханға сеніп, Қазақстанның шығысын қазақтарға қалдырады. Осымен Қытай мен қазақтар арасында бейбітшілік орнауы керек еді.
Бірақ, Қытай 1762-65 жылдары қазақ жеріне жорықтар жасады. Келісім-шартқа қарамастан, «біз бұл жерлерді жаулап алдық, сондықтан олар біздікі» дегендей қарсы шығуын тоқтатпады. Ал қазақтар бұған қарамастан Қазақстанның шығысында көшіп-қонуды жалғастырды және Қытай да жорықтарын тоқтатпады. Бұл жағдай мәңгілікке жалғаса алмады және 1767 жылы қазақтар мен қытайлар бітімге келеді. Шарт бойынша қазақтар көшіп-қонуды жалғастырды, бірақ енді олар жер үшін салық төледі.
Осылайша, қандай жағдай орын алса да тарихи жерлер қазақтарда қалды. Абылай хан алдымен соғыстағы айласымен, содан кейін дипломатиялық жолмен қытайлардан қазақтың киелі жерін қорғап қалды.
56. 1846 жылы Жетісу сұлтандарының Ресей бодандығын қабылдауы.
1846 жылы Кенесары хан қолын Жетісудан ығыстыруды көздеген орыс әскерінің экспедициясы Қапал бекінісінің негізін қалайды. Бұл іс жүзінде орыстардың Жетісуда жасаған алғашқы қадамы болатын. Англияның Шығыс Түркістандағы ықпалының арта түскендігінен қорыққан патша үкіметі тездетіп Жетісуда бекіністерін салуды, Ұлы жүз қазақтарын өз кұрамына қосып алуды, сондай-ақ Қытай үкіметімен Жетісу арқылы жүретін сауда қатынасы жөнінде тез арада келісімшарт жасасуды көздеді.
Жетісу жеріне орыс билігінің аяқ басқанын жеке мүддесіне пайдаланып қалуды көздеген Ұлы жүздің бір топ сұлтандары мен билері 1846 жылы жаңа билікті мойындайтындығын мәлімдеп, ант береді. 1850 жылдан бастап орыс қолдары Жетісудағы Қоқан қамалдарын жоюға көшеді. Орыс әскеріне елеулі карсылық көрсеткен Қаскелең өзені бойындағы Таушыбек қамалы еді. 1851 жылы жазда орыс қолдары бұл бекіністі алып, жойып жіберді.
Орыс билігі қазақ басқарушы тобына қатысты өзінің осы уақытқа дейін ұстанған әдісін Жетісу жерінде де жүргізді. Қытай және Қоқан сияқты карсыластарымен егесте, сондай-ақ Кенесары хан көтерілісін басып-жаншу ісінде Ресей жағында болған қазақ пен қырғыздың билеушілері мен ықпалды адамдарына түрлі сыйлықтар, әскери шеншекпен үлестіру арқылы оларды өзіне тартып, өз мүддесіне қызмет істетуге тырысты.
1853 жылы Ресейдің сыртқы істер министрі Батыс Сібір генерал губернаторлығы Гасфорпқа Жетісуда Ресей ұстанымын нығайтуды қамтамасыз етерліктей нақты шараларды іске асыруды тапсырады. Осы міндетті орындау мақсатында, сондай-ақ Ресейдің Ташкент, Құлжа және Қырғыз бағытындағы сауда және басқа қатынастарына жол ашатын жаңа ірі бекініс салу жөнінде шешім қабылданды.
Ұлы жүз приставы болып жаңадан бекітілген майор Перемышльский бұл бекіністі орналастыру үшін Алатаудың етегіндегі Кіші Алматы өзені бойындағы Алматы елді мекенін таңдап алады. Құрылысы 1854 жылдың көктемінде басталып кеткен бұл бекініс Верный аталады. Оның жанынан, Алматы өзенінің оң жағасында қазақ әскерінің станицасы салынады.
Бір-екі жылдың ішінде мұнда Сібір қазақ-әскерінің 132 отбасы және 200 орыс шаруалары келіп орналасты. Содан кейін-ақ Алматыға Сібір қазақ-әскерінің оныншы полкын енгізу жөніндегі патша Жарлығы жарық көреді. Көп ұзамай Жетісу әскери губернаторы Колпаковский Семейден егінші татарларды және Воронежден (Ресей) орыс шаруаларын шақыртады. Осылайша Ресейдің Орталық Азияға енуіне жол ашуға тиіс болған Верный бекінісі біртіндеп осы өңірдегі әкімшілік орталығына және қалаға айнала бастайды.
Бұл кезде Қырым соғысында жеңіліс тапқан Ресей 1856 жылы енді негізгі назарын Түркістанға аударып, сонда орнығуға күш салады. Ал мұндағы Хиуа, Бүхар және Қоқан хандықтары арасындағы өзара тынымсыз қақтығыстар Ресейдің бұл мақсатына қолайлы жағдай туғызып, 1864 жылғы көктемде ол екі бағытта әскери қимылдарға көшті. Олардың бірі Сырдария бекіністер тізбегі тарапынан, яғни Перовскіден (Ақмешіт), ал екіншісі Жетісу жақтан, Верныйдан басталды.
Осы жылдың жазында бұл екі әскер қолдарының бірі Түркістанды ал екіншісі Әулиеатаны алды. Бұдан кейін екі қол бірігіп, Шымкентке бет түзейді. Орыс әскеріне бұл бекіністі алу жеңілге түспеді, оны қоқандықтардың жаяу және атты әскері, артиллериясы қарсы алады. Бір ескерерлік жағдай — екі жақтың да әскер күштерінің қатарында қазақ қолдары болды. Мәселен, Қоқан әскері құрамындағы қазақ колын Кенесары ханның ұлы Садық сұлтан, ал орыс әскері құрамындағы қазақ жігіттерін Сұраншы батыр басқарған еді.