Добавлен: 29.11.2023
Просмотров: 443
Скачиваний: 3
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
, ойымен жасалған рухани құндылық.
17-18 ғасырдың басында қазақ халқының тарихи мәдениеті басты орын алған кезең болды. Осы кезеңде халықтың ауызша шығармашылығы мен жазба әдбиеттермен ауызша жырлар музыкалық өнерде дамыды. Қазақ халқының ғасырлар бойы жасаған рухани мәдениетінің маңызды бір саласы-қазақ шежіресі. Ру, тайпа жүздің шежіресін таратып, айта алатындарды шежірешілер деп атады. Ерте заманда шежіре ауызша түрде таралса, 18-19 ғасырларда шежірелік жинақтар: Жәңгір хан шежіресі, Ұлы Жүздің шежіресі деген секілді жинақтық түрде жинақталған.
18 ғасырды ақындар поэзиясы ғасыры деп атады. Қазақ мәдениеті мен әдебиетінің ең құнды мұралары ақын-жыраулардың өлең-жырларында халықтың өмір тіршілігі, көңіл-күйі, салт санасы тұрмысы сол дәуірдің рухы бейнеленеді.
ХVІІІ ғасырда танымал болған Ақтамберді, Тәттіқара, Үмбетей, Бұқар, Шал, Көтеш секілді жыраулар өз өмірінде ұшан-теңіз жыр шығарды. Қазақ әдебиеті тарихында көрнекті орын алатын ХVІІІ ғасырдағы атақты жырау Бұқар Қалқаманұлының Тәуке хан қасында жүрген (1668-1781) бірнеше шығармалары сақталған. Қазақ ханы Абылайды қолдап, әр түрлі даулар мен таластарды шешкен. Жырау қазақтың барлық үш жүзін біріктіріп, бір орталыққа қараған күшті мемлекет болуын армандады.
Үмбетейдің Бөгенбай батырдың қайтыс болуына арналған естірту жыры - жоқтауы белгілі. Үмбетей жоқтауында Бөгенбай - халық қорғаушысының мінсіз бейнесі.
Біздің тағы бір рухани мәдениетіміздің бірі салт дәстүрлеріміз бен әдет-ғұрыптарымыз.
І.2. Моңғол жаулап алуларынан кейінгі құрылған мемлекеттердегі мәдениет.
Бұл кезеңнің рухани мәдениеті Дешті Қыпшақ аумағында ежелгі түрік,
Фольклор. Ауызекі халықтық-поэтикалық шығармашылық Алтын Орда халқының рухани мәдениетінің ол кезеңдегі фольклордың ең ертедегі үлгілері ғарыштық, тотемдік, этиологиялық құл иеленушілік мемлекеттерде алғашқы қауымдық мифтер циклдерге айналдырылып қана фольклор жанрлардың арасында әдет-ғұрыптық өлеңдер, ертегілер батырлық жырлар, мақалдар әдет-ғұрып өлеңдерінен айырмашылығы ертегілер тәрбиелік, көңіл көтеру мақсатында айтылды, халық арасында жалпы Шығыс ертегілері мен ғибратты-новелла сипаттағы мысал. Бұл кезенде Алпамыс, Қобыланды, Сайын, Қозы Көрпеш туралы ертеден , Қобыланды батыр туралы эпостың көне негіздері де VІІІ-ІХ ғасырларда,«Ер Сайын» эпосы да нақ осылайша қалыптасқан.
50. Ауызша тарих айту дәстүрі және оның ерекшеліктері мен маңызы. Мұхаммед Хайдар Дулатидың, Қадырғали Қасымұлы Жалайыридің аса көрнекті еңбектерінің маңызы.
Ауызша тарих айту дәстүріне жатқызылып жүрген туындылардың бірі-тарихи әңгіме. Тарихи әңгімелердегі мәліметтер белгілі бір формаға енгізілмей, еркін түрінде бізге жеткен. Бұл әңгімелерді — аңыз деп те атайды. Олардың көлемі қысқа, нақты бір оқиға туралы немесе жеке бір адамның іс-әрекеті туралы айтылады. Көбіне диалог түрінде де беріледі. Осы жерде мына жағдады ескрткіміз келеді. Белгілі бір оқиға туралы, сол уақытта пайда болған әртүрлі әңгіме, мәлметтер сол күйінде ауызша айту дәстүріне жатпайды. Себебі, бұл дәл осы уақытта болған оқиға туралы ең соңғы хабар ғана. Мұндай хабарлар қоғамда үлкен күйзеліс туғызған оқиғалар кезінде пайда болады. Осы хабарлар арнайы айтушылар арқылы бір адамнан екінші адамға тарап, келесі ұрпақа жеткізілгенде ғана ауызша айту дәстүрі туралы сөз етуге болады.
Ауызша тарих айту келес саласы — халық ауыз әдебиеті. Бұл салаға ХҮ-ХІХ ғ.қазақтың жыраулық поэзиясы жатады. Мұнда жекелеген авторлардың шығармалар ауызша айтылып,бізге дейін жеткен.Қазақ ауыз әдебиетінің өкілдеріне: Асан-Қайғы, Қазтуған, Доспамбет, Шалгиіз, Жиембет, Марқасқа, Бұқар, Ақтамберді ж.т.б. жырауларды жатқызамыз.
Дулати Мұхаммед Хайдар (1499-1551) - әйгілі тарихшы, әдебиетші, Моғолстан мен оған іргелес елдердің тарихы жөнінде аса құнды деректер беретін «Тарихи Рашиди» кітабы мен «Жаханнама» дастанының авторы, Жетісу жеріндегі ежелгі Дулат тайпасы әмірлерінің ұрпағы. Оның толық аты-жөні – Дулат Мұхаммед Хұсайынұлы Мырза Мұхаммед Хайдар. Мұндағы «Мұхаммед Хайдар» - өз аты, «Мұхаммед Хұсайын» - әкесінің аты, «мырза» - текті әулеттің тұқымы екенін білдіретін атау (хан балаларының ханзада, сұлтан аталатыны секілді), «дулат» - шыққан тайпасының аты. "Тарихи Рашиди" атты еңбекте қазақ хандығының қалыптасуы туралы, мұнан кейінгі Жетісу мен Шығыс Дешті— Қыпшақта болған оқиғалар, Моғолстанның құлауы, феодалдық соғыстар, қазақтар, қырғыздар және өзбектердің сыртқы жауға қарсы күресте өзара одақтасуы туралы көптеген мәліметтер бар.
Қадырғали Жалаири (Қадыр Әлі Қосымұлы би, арғы тегі Жалайыр) деп аталған бұл кісі ХVI-ғасырдың ортасы мен ХVII-ғасырдың басында өмір сүріп (1530-1605 жылдары), қазақ халқының тарихында өшпес із қалдырған. Ресейдің атақты патшасы Борис Годуновтың қол астында жүріп, 1602 жылы "Жылнамалар жинағын" жазып бітірген. Бұл — қазақ тілінде жазылған тұңғыш ғылыми еңбек. "Жинақтың" тілдік құрылымын, жазу мәнерін зерттеп, көрнекті ғалым Р.Сыздықова арнайы кітап жазған ("Язык", "Жамиат-тауарих", "Жалаири", Алматы, 1989 жыл).
Қадырғалидың ата-бабалары Қарахандар әулеті билігінен бері үздіксіз хан сарайында қызмет етіп, ханның ақылшы-кеңесшісі, қол бастар батырлары болған. Оның өз атасы Темшік Шығай ханның батыры болса, әкесі Қосым бек лауазымын иеленген. "Жылнамалар жинағының" жалғыз көшірме данасын Қазан Университеті кітапханасына татар галымы И.Халфин тапсырған екен. Сол көшірмені шығыс қолжазбалар жинағына бастырғанда профессор И.Н.Березин былай деп алғы сөз жазыпты: "Біз шығармаға қандай ат берілгенін білмейміз, бірақ кітаптың негізгі бөлігі Рашид ад-Диннің әйгілі туындысының қысқаша аудармасынан тұрғандықтан, біз оның атын да қолжазбамызға бере аламыз". Сөйтіп, ол Қадыр Әлі еңбегін оның нағыз аты анықталатын көшірмесі табылғанша "Джами ат-Таварих" — "Жылнамалар жинағы" деп атауды ұсынған. М.Қойгелдиев былай дейді: "Өкінішке орай, қолжазбаның кейінірек Петербургтен табылган екінші көшірмесінде де еңбектің автор берген аты жоқ болып шықты да, ол сол "Джами ат-Таварих" — "Жылнамалар жинағы" атанған күйінде қала берді. Бұл жағдай тарихшы ғалымдар арасында Қадыр Әлі би еңбегінің дербес деректік мәнін тура бағалауға едәуір кедергі жасады, басқаша айтқанда, оны Рашид ад-Дин жұмысының түрікше нұсқасы ретінде ғана қарауға негіз болды".
51. Жоңғар хандығының күшеюі: «Ақтабан шұбырынды», «Алқакөл сұлама» жылдары.
1723-26 ға дейінгі жылдар Ақтабан шұбырынды алқакол сұлама кезеңі болып саналады.
1723 жылы көктемде Цебан Рабдан өзінің қалын қолын қазақ жеріне аттандырды. Жоңғар басқыншылары 7 бақытта шабуылдады. Жаудың алғашқы соққысына Жетісу жері мен Ертіс бойындағы қазақтар еді. Жоңғар шапқыншылары соққы беріп, үйлерді өртеп, халықты қырғынға ұшыратты. Бұл 1723-1723 жыл тарихта Ақтабан шұбырынды алқакол сұлама атымен қалды.
Қазақ жерінің, қазақ елінің ең сұрапыл қасіреті — Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама оқиғасы. 1723жылдың көктемінде қазақ елінің қас жауы жоңғарлардың жеті түмен әскерімен басып кірген еді. Бейбіт өмір сүріп жатқан халықты талан-таражға салып, азық-түлік, мал-мүлкін тартып алуды көздеді. Қысты әрең қыстап шыққан қазақтар шетінен қырғынға ұшырады. Барлық қазақ жан-жақа тарап, кейбірі Самарқандқа, кейбір тайпа-рулар Қызылқұмға, Қарақұмға өтеді. Сөйтіп бұл оқиға «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» оқиғасы деген атауға ие болады.Осы кездегі бар қалған қазақтың қасіретін «Елім-ай» әні баяндап дүниеге келеді. Өз күшіне бірте-бірте енген қазақтар мың жеті жүз жиырма алтыншы жылы үш жүз батырлары, қолбасшылары бірігіп, құрылтай өткізеті. Осы құрылтайда әр рудың басшылары жауға қарсы аттануға бел буып, шешім қабылдайды. Сол кезден бастап жоңғарларды бірте-бірте қазақ жерінен қуа бастайды.Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама оқиғасының басталуы мен аяқталуы туралы деректерді жинақтай келе Абылай ханның даналығының арқасында жоңғарлардың қазақ жеріне шабуылы біржола тоқтағанын көреміз. Жоңғар елінің ішкі алауыздығын тудыру арқылы, сыртқы қорғаныстарын әлсіретіп жаулап алған қазақ жерлерін қайтарып алды.
Жоңғар шеріктерінің негізгі күштері Цинь империясымен болған шайқастарда шыңдалды. «Жоңғар хандығының тарихы» атты еңбектің авторы И.Я. Зпаткиннің айтуынша, XVIII 20-жалдарына дейін жоңғарлар Шығыс Түркістан халықтарын, қырғыз, тува, алтайлықтарды өзіне бағындырды. 30-жылдарға қарай Жоңғария Еуразиядағы күшті көшпелі державалардың біріне айналды. Бұл кезеңдерде Жоңғар мемлекеті бір мезгілде Қытай, Қазақ хандығы және Орта Азия билеушілерімен соғыстар жүргізіп, Ресейдің солтүстік шекараларына қауіп төндірді. Олардың Сібір мен Алтайдағы бекіністеріне жиі шабуылдап отырды. Жойылып кетушілік қауіпі қазақ халқын біріктірді. Қазақ қоғамында ерекше бірігу рухы пайда болды. 1723-1724 жылдардағы ірі жеңілістерден соң асығыс түрде жер-жерде жасақтар құрыла бастады, оларды халық арасынан шыққан мықты батырлар басқарды. Осындай қиын кезеңде Абылай, Әбілқайыр хандардың, Төле, Қазыбек, Әйтеке билердің, талантты қолбасшылар — Бөгенбай, Қабанбай, Райымбек, Наурызбай, Малайсары және Жәнібек батырлардың даңқы шықты
Райымбек ойрат және қалмақ тайпаларын Қазақстанның оңтүстік-шығысынан түgкілікті қуып шығуда үлкен рөл атқарды. Оның белсенді араласуымен Теrtc және Қарқара езендері бойында шекара анықталды. Ол тұрғызған улкен «Қызыл оба» кейіннен Нарынқолда қазақ-қытай шекарасын анықтауда ескерткіш белгі болып қалды, Сол кезеңде қазіргі Алматының айналасындағы үлкен аумақ қалмақ билеушілері Ағанас пен Арысханның иелігінде болатын — Ұлы жүз қазақтарының әскери кеңесінде, Қалмақтар күшпен басып алған жерлерді жаудан азат ету жөнінде шешім қабылданды. Ағанастың шабуыл жасауға дайындалып жатқанын сенімді адамдары арқылы білген Райымбек дереу іске кірісіп, күтпеген соққы арқылы жауды кері қайтаруға шешім қабылдады. Өзі бастап сарбаздарымен жаудың қосына басып кіріп, оларды қашуға мәжбур етті. ¥рыс басында Райымбек Ағанасты өлтірді. Келесі алған қамалы Ағанастың ордасы болды. Бұл үзіліс қазақтарға да өте қажет еді.
52. Қазақ халқының жоңғар басқыншыларына қарсы ұлт-азаттық күресі. Бұланты шайқасындағы жеңістің маңызы. Аңырақай шайқасы.
Жауға соққы беруді ұйымдастыру жөнінде бастама көтерген Кіші жүздің ханы Әбілқайыр болды.
Жоңғар хандығына қарсы ұзаққа созылған күресте 1728 жылы Ұлытаудағы Бұланты өзенінің бойында, Қарасиыр деген жерде қазақ жасақтары тұңғыш рет ірі жеңіске жетті.
Бұланты шайқасы 1728
Тарихи маңызы
-қазақ халқының әскердің моральдық рухы көтерілді
-халық 3 жүз біріккенде ғана күш болатынын түсінді
-Солт.Батыс жері азат етілді.
Жоңғар хандығына қарсы ұзаққа созылған күресте 1728 жылы Ұлытаудағы Бұланты өзенінің бойында, Қарасиыр деген жерде қазақ жасақтары тұңғыш рет ірі жеңіске жетті. Бұл шайқасқа қазақтар мен қырғыздар да белсене қатысты. Біріккен күштердің құрамындағы жауынгерлердің жалпы саны 60 мың адамға жеткен еді. Қанды шайқас болған жердің аты «Қалмаққырылған» деген атаумен де қазақ халқының есінде тарихи атау ретінде мәңгі сақталып қалды. Сол шайқаста жоңғарлардың он мыңға жуық жауынгері қаза тапты. Бұланты өзенінің бойындағы жеңістің баға жетпес зор маңызы болды. Ол Қазақ жауынгерлерінің моральдық рухын әлдеқайда күшейтті. Жоңғарлардың жер қайысқан қалың қолы жеңілістің не екенін білмейді деген жалған аңыздың күлін көкке үшырды. Оның есесіне қазақ жауынгерлерін жігерлендіре түсті. Бұланты шайқасындағы жеңіс жалпы халықтың жүрекжарды қуанышына ұласты, қаһарлы жауға қарсы күресте бүкіл халықтың күш-жігерін өлі де біріктіре түсіп, нығайта беруге деген ұмтылысына тың серпін берді.Қазақ жауынгерлерінің Бұланты өзені бойындағы жеңісінің стратегиялық маңызы да зор болды. Ол алдағы Аңырақай шайқасында жауға есінен тандыра, ойсырата соққы берудің сенімді кепіліне айналды.
Аңырақай шайқасы 1729
1729 жылы Аңырақай шайқасы болды. Қазақ ұлы жеңіске жетті. Қазақтар жоңғарларды жеңді. Бас қолбасшы кіші жүздің Әбілқайыры болды. Жасы кіші болсада сайланады себебі таланты дарыны бар.
Нәтижесі:
-жоңғарлар іле өзенінен кетті
-кіші жүз бен орта жүздің жерлері азат етілді.
-3 жүзге бірігу айқындалды.
Аңырақай шайқасы 1730 жылғы көктемде Балқаш көлінің оңтүстік-батыс жағындағы Итішпес Алакөл деген жерде болды. Шайқасқа Кіші жүздің ханы Әбілқайыр тікелей басшылық етті. Оған қазақтың үш жүзінің жасақтары қатысты.
Аңырақай шайқасы дәстүрлі жекпе-жек ұрысқа шығудан басталды. Оған жоңғар жағынан әскербасы Шарыш, қазақ жағынан жас батыр Сабалақ (болашақ Абылай хан атанған Әбілмансұрдың жасырын аты) шықты. Сабалақ қарсыласына «Абылай! Абылай!» деген жауынгерлік ұранмен атой сала ұмтылды. Жекпе-жекте қазақ батыры жеңіп шықты. Мұның өзі қазақ жауынгерлерін арқаландырып, олардың жігеріне жігер қосты. Жау жағының берекесі қашып, қатты абыржыды.