Добавлен: 29.11.2023
Просмотров: 451
Скачиваний: 3
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
• 1007 жыл. - наймандар мен керейлер несториандық бағыттағы христиан дінін қабылдады.
• 1204 жыл - Шыңғыс хан наймандарды бағындырды. Найман ханы Күшлік өз адамдарымен Алтайға, Қара Ертіс алабына көшіп, сол жердегі найман, керей топтарына қосылды.
• 1211 жыл - наймандар Жетісудағы билікті қарақытайлардан тартып алды.
• 1218 жылы Жебе ноян шабуылынан Найман хандығы құлады.
Керейлердің саяси тарихы (Х-ХІІ ғасырлар).
Керейлер туралы алғашқы жазба дерекгер Xғасырда кездеседі. Керейлер батысында-наймандармен, солтүстігінде-меркіттермен, шығысында-татарлармен, оңтүстігінде- мәңгүрттермен көрші тұрды. Керей хандарының екі астанасы болды:
• Сотүстікте- Орхон өзені бойындаҚатынбалық қаласы.
• Оңтүстікте- Хуанхэ өзені бойында.
XII ғасырдың екінші жартысындағы территориясы: Селенга-Хуанхэ өзендері, Хангайтауы-Халқын көлі аралығы. Керейлер билеушісі Тұғрыл хан (Еуропада Иоганн король атанған) ордасында болашақ, билеуішілер мен көсемдер саяси және елшілік істерге тәрбиеленген (Темучин, Жамүқа т.б.).
1203 жылы моңғолдар шапқыншылығынан Керей мемлекеті құлады. Халқы бірнеше аймаққа тарады:
• Моңғол мемлекетінің құрамына енді.
• Солтүстік Қазақстан мен Жетісуға көшті.
• Батыс Сібірге жылжып, Ертіс, Есіл, Тобыл өзендері бойында мемлекеттік бірлестік құрды.
Бұл мемлекеттік бірлестіктің негізін талушы - Тайбұға хан. Астанасы- Чимга — Тура (Тюмень маңы). Моңғол шапқыншылығнан кейін керейлер Жошы ұлысының қүрамына кіріп, қазақтардың Орта жүзінің тармағына енді.
25 Түркілер өркениеті және Ұлы жібек жолы.
Түркі өркениеті
Түркі өркениеті тарихта жеке-жеке емес, бір жүйе, бір процесс түрінде пайда болған. Ол әртүрлі өркениеттердің Еуразия бойынша ұрпақ өзгерістерінің генераторы (қуат көзі) қызметінде осы өзгерістерден нәр алған, жаңадан пайда болған өркениеттерге тың серпін берген. Осы орайда, түркі өркениеті тек өзін ғана тудырған бір жүйе емес, сонымен қатар әлем өркениетін құраушы басты детерминаттардың (айқындауыштардың) бірі екенін айтып өту керек. Түркі өркениетін жоққа шығарушылардың пікірінше, түркілердің тек мәдениеті ғана қалыптасқан, ал өркениет тудыру деңгейіне жете алмаған. Бұл толықтай жаңсақ көзқарас. Себебі мәдениет ішінде мәдениеттердің болу фактісін растау, жалпы алғанда, мүмкін емес. Түркі өркениеті де тарихи даму заңдылығына сәйкес бір-бірімен генетикалық байланысы бар әртүрлі мәдениеттер тудырған. Бұл ұлттық мәдениеттер (түрк, әзербайжан, қазақ, қырғыз, өзбек, түрікмен, ұйғыр, башқұрт,татар және т.б.) ғасырлар бойы өзіне тән ерекшеліктер алуына қарамастан, ұқсас сипаттарын да жоғалтпаған. Сонымен қатар, олар түркі өркениетінің ішінде әмбебап құндылықтарға ие мәдениеттер секілді тармақтала түскен.
Әлемдік өркениетте ерекше орны бар Ұлы Жібек жолының тарихы сонау ерте заманнан басталады. Сонау ерте замандағы сақтар, үйсiндер және қаңлылар кезiнде сауда жолымен Қазақстанға Римнiң шынысы мен теңгелерi, айнасы мен жылтыр кесесi, Еуропаның қапсырмалары және Иранның тас мөрлерi келiп жеттi.
.
Ұлы жібек жолының түрік бөлігінің мәдениеті
Жiбек жолының түрiк бөлiгi халықаралық саудада ерекше рөл атқарды. Сауданың дамуы Ұлы Жiбек жолы көптеген қалалардың пайда болуына, олардың өркендеуіне жол ашты. Бұл жол бөлігі мемлекеттердiң қалыптасуында, әлемдiк өркениеттің дамуында үлкен рөл атқарып, Шығыс пен Батыс мәдениеттерi арасындағы байланыстырушы көпiр болды.
Жол бағыттары бойындағы қалалар мен тұрақтар – сауда орталықтары ғана емес, ғылым мен мәдениет орталықтары да болды. Мәселен, Отырар – ұлы ғалым әл-Фарабидің Отаны, одан кейін ғылымға келген Шығыстың барлық ұлы ғалымдары – Авиценна, әл-Бируни, Махмуд Қашқари, Жүсіп Баласағұни, Ұлықбек және басқалары өздерін оның шәкірттері деп санады.
Жібек жолы бойымен діни идеялар, тауарлар және олардың өндірісі туралы ақпарат атап айтқанда, жібекті, түрлі-түсті шыныны, қағазды, кітап басуды, оқ-дәрі мен зеңбіректі дайындау тәсілдері таралды
26 Қазақстанның түркі дәуіріндегі ортағасырлық сәулет ескерткіштері.
Талас өзені аңғарынан табылған ескерткіштер «Талас ескерткіштері» деп аталып жүр. Талас өзенінің бойынан, Қырғызстан жерінен барлығы 13 ескерткіш табылған. Таластан табылған ескерткіштер көлемі әзірше өте шағын және сан жағынан да аз.
Талас алқабынан 1932 жылы табылған руна жазуы бар асатаяқ та қызықтырары сөзсіз. Оның төрт қырына да көне түркі алфавитімен жазылған жазулар бар. Бұл асатаяқ шыршадан жасалған, оның құндылығы да осында. Асатаяқ қазір Санкт-Петербургтегі Мемлекеттік Эрмитажда сақтаулы.
Орхон-Енисей ескерткіштері тектес таңба-жазулы, тастар, Талдықорған өңірінен, Сарыарқадан жене Алматы маңынан табылған. Сонымен, ежелгі түркі елі белгілі бір аумақта өмір сүріп, өзіне лайық жазуын, тілін, мәдениетін дамытқан. Ежелгі түркі мәдениетінің орталықтары Енисей, Орхон, Селенгі, Талас өзендерінің бойы, Минсуеивск ойпаты, Алтай тауы, қазіргі Тува, Краснояр, Жетісу аймақтары болды. Оған Шығысы Хангай, Сарыөзеннен, Батысы – Карпат тауларына
, Оңтүстігі – Қытайдың Аққорғанынан, Теріскей – Ленаға дейінгі аралықтағы байтақ аймақты мекендеген түрік халықтарының жазу-сызу дәстүрінен қaлған барлық мұралар енеді. Fылым әлемінде түрік жұрттарының жәдігері ретінде танылған жазулар 2500 жылдан бері бар деп есептеледі. Әзірге мәлім болған есеп бойынша, көне түpік жазуымен тас бетіне 240-тай, қағаз бен тeрігe 310 беттей мәтін түсіпті. Манихей әрпімен 554 бетке жуық мұралар, ұйғыр әрпімен 1000-ға тарта мәтіндер, 10-ға жуық кітаптар жасалыпты. Араб әрпімен жазылған ортағасырлық дүниелер қаншама. Жалпы түрік халықтары ХVI ғасырға дейін оннан астам жазу үлгісін қолданып, пайдаланған кездерінде қыруар мұралар қалдырған.
Ұрпаққа өнеге болар атақты Күлтегiн, Тоныкөк, Бiлге, Бумын қағандар әрі тарихи, әрі әдеби дастан жырлардың кейiпкерлерiне, сомды тұлғаларына айналды. Ардақты есiмдердi ел жадында сақтау үшiн сол заманның данагөй бiлiмдарлары өркениеттiң белгici болып табылатын түркiлiк сына жазумен тас бетiне тусiрдi.
Tүpкi тайпаларынан қaлған бұл ескерткiштeр көне дәyiрдің қоғамдық-мәдени, әpi адеби тұрмыс-салт өмiрлерiнен хабар беретiн жәдiгерлер қазына ретiнде бугiнгi күнi барлық түркi тектес халықтарға ортақ мұpaғa айналды. Tүpкi даласының iшкi сырын бойына сiңiрген таңбалы тастар қас батырдың ерлiгiндей сан ғасырларды аттап, өз заманының шындығы мен қайғы-қасiретiн, амал-әрекетiн бейнелеп, еш өзгерместен күнi бүгiнге жетiп отыр.
27 Түркі мәдениетіндегі ауызша дәстүр. Әл-Фараби, Жүсіп Баласағұн, Махмуд Қашқари, Ахмет Яссауи шығармаларының әлемдік маңызы.
Көне түркі жазуы, түркі руникалық жазба ескерткіштері – 7–9 ғасырлардағы көне түркі ойма жазулары мен қолжазбалары, көне түркі әліпбиіндегі әр алуан мәтіндер. Көне түркі жазба ескерткіштері арқылы қазіргі түрік халықтарының көне тілін, тарихын, этногенезін, географиясын, рухани мәдениетін, жазба дәстүрін, әдет-ғұрыптары мен дүниетанымын білуге болады.
Әл-Фараби – көрнекті ойшыл, өзінің замандастарының арасындағы ең ірі ғалым, философ және шығыс аристотелизмінің ең ірі өкілі. Өзінің білімділігі мен сауаттылығының арқасында "Екінші Ұстаз" атауына ие болды. Әл-Фарабидің шығармашылық мұрасы орасан зор (150-ге жуық философиялық және ғылыми трактаттар), ал оның айналысқан ғылыми салалары ол – философия мен логика, саясат пен этика, музыка мен астрономия. Ғылыми еңбектерінің ең әйгілісі "Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары жайлы трактат" деп аталады. Оның атақты “Музыка туралы үлкен трактат” деген шығармасы әлемнің көптеген тілдеріне аударылған.
Әбу Насыр әл-Фараби
Өмірі туралы мәліметтер аз сақталған. философиа, математика, медицина, астрономия, астрология, өнертану, әдебиеттану, тіл білімі, тағы басқа ғылым салаларының дамуына зор үлес қосқан.
Жүсіп Баласағұнидің есімі әлемдік әдебиет пен мәдениет тарихында "Құтадғу білік" ("Құтты білік") дастаны арқылы қалды. Жүсіп Баласағұни бұл дастанын хижра есебімен 462 жылы, қазірғі жыл санау бойынша 1070 жылда жазып бітірген. Дастанды "хандардың ханы" - Қарахандар әулеті мемлекетінің (942 - 1210) негізін салушы Сүлеймен Арслан ханға (908 - 955) тарту етеді.
Махмұд Қашқари
Туған жері, ежелгі үйсіндер құрған, әртүрлі аталған мемлекетінің, қазіргі Қырғызстанжеріндегі Ыстықкөл жағасындағы (кей деректе Шу бойындағы) Барсхан қаласы. Ыстықкөл маңындағы болған Барысхан қаласында әскерилер отбасында дүниеге келген. Қарахан әулетінен.
Қашқарда, Бағдатта білім алған. Византия, Түркия, Қытай және басқа елдерді аралаған. Түркі тілімен қатар, араб және парсы тілдерінде де еңбектер жазған. «Диуани лұғат ат-түрік» - Қ. ең ұлы шығармасы.
Қожа Ахмет ясауи
Қожа Ахмет Ясауи – 1093 жылы туылған түркістандық ғұлама, әулие. Қожа Ахмет Ясауидің арғы тегі қожалар әулеті. Әкесі – Исфиджабта даңққа бөленген әулие, Әзірет Әлінің ұрпағы Шейх Ибраһим. Анасы – Мұса шейхтың қызы Айша (Қарашаш ана). Мұса шейх те Исфиджабта әулиелігімен танылған. Кейбір деректерде Қожа Ахмет Ясауидың Ибраһим атты ұлы мен Гауhар Хошназ (Жауhар Шахназ) атты қызының болғандығы айтылады. Қожа Ахмет Ясауидың ұрпағы негізінен осы қызынан тарайды.
28 Шыңғысханның Шығыс Түркістан мен Жетісуды басып алуы
Дешті Қыпшақ, Қыпшақ даласы –XI-XIV ғасырларда қолданылған тарихи-географиялық ұғым. Одан бұрын Оғыз даласы аталған. Оғыздардан тараған Қыпшақ ұлысының қимақ саяси-әлеуметтік қауымын құрып, байтақ мәдени із қалдырған өлке. XV ғасырдың екінші жартысынан бастап қыпшақтардың негізгі мұрагері және ұрпағы болған қазақ халқының байтақ мекені – Дешті Қыпшақ даласы. Ол кейін «Қазақ даласы», «Қазақ сахарасы» деген атпен белгілі болды. Дешті Қыпшақ Оғыздар даласы алып жатқан жерден де кең аумақты қамталды. Сонымен қатар Ертісті мекендеген қимақ мемлекетінің жері де қыпшақтардың еншісіне тиді. XI ғасырдың ортасында қыпшақтар Еділдің оң жақ бнтіне өтіп, орыс жылнамаларында половцы деген атпен белгілі бола бастады. Ал Батыс Еуропа мен Византия шежірелерінде «куман» немесе коман деп аталды. Орыс жылнамаларында «Қыпшақ даласы» деп шығыста Еділге, ал батыста Днепрге дейін созылып жатқан жерлерді атаған. Ал іс жүзінде қыпшақтар қонысы Карпат тауларының орманды бөктерлеріне дейін жеткені тарихи деректерден мәлім. XI ғасырдың аяғында қыпшақтар Визатияның Дунайдағы шептеріне ілігіп, XII ғасырдың орта шенінде олар Дунайдан әрі батыстағы жерлерді қоныстанған. Сонымен қатар қыпшақтар Қырымның далалық бөлігін, одан әрі шығыста Еділдің құяр сағасы мен Саксин төңірегін де мекендеген. Олардың «саксин тобы» деп аталған ерекше тобы орыс далаларын қоныстанған. Дешті Қыпшақ қиырсыз кең жеріндегі саяси билік қыпшақтардың қолында болып, оларға көптеген этностық топтар бағынған. Қыпшақтардың осылай өз жерін ұлғайтуын олардың тек қана батысқа қарай жаппай қоныс аударуыдеп түсінуге болмайды. Қыпшақтар осы кең алқапты тегіс мекендеген. Плано Карпини (1246) мен Рубрук (1253-1255) саяхатынан кейін қыпшақ жерінің шын мәнісінде ұшықиырсыз екені белгілі бола бастады. Армян патшасы Гетум қыпшақтардың қонысы шығыста Хорезм патшалығы, одан әрі Ертіске дейін созылатынын айтып, таңдана жазған (1307).
Шынғыс-хан қолының негізгі жорықтарының бірі қыпшақ даласы мен Орта Азия жеріне жасаған жорығы болды, бұл жорық оларға Шығыс Европа мен алдыңғы Азияға жол ашты. Осыған дәлел ретінде: Сирия ғалымы Йақұттың (13ғ.) “Муджам әл-бұлдан” (“Елдердің тізімі”) атты географиялық анықтамасында моңғол басқыншылығы, моңғол әскерлерінің қыпшақ, алан, бұлғар және Саксин жерін басып өткендігі жайлы айтылады. Шыңғыс-хан Қазақстан мен Орта Азияға жасаған жорығына зор мән беріп, оған ұзақ әрі мұқият әзірленді.