Добавлен: 29.11.2023
Просмотров: 438
Скачиваний: 3
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
1211 жылы Жетісуда Шыңғыс-ханның қолбасшыларының бірі Құбылай бастаған отрядтары пайда болды. Қарлұқ әміршісі Арслан-хан, орталығы Алмалықта болған тәуелсіз иелік құрған Бұзар-хан да өзін Шыңғыс-ханның вассалдарымыз деп таныды.
Моңғолдардың батысқа қарай жылжуы 1218 жылы қайта басталды. Өз басының жеке жауы найманның ханы Күшлікті талқандап, бай қалалары бар Жетісуды өзіне қарату үшін оған Жебе ноян бастаған әскер тобын жіберді.
Жетісуды Шыңғыс-хан аса көп қарсылықсыз – ақ басып алды. Моңғолдарға қарсы тұруға жарамай қашып кеткен Күшлік-ханның жігерсіздігіне, оның діни құдалауларына, салықпен зар илеткен зорлық – зомбылығына ыза болған найманның феодалдары Шыңғыс-ханға мойынұсынатынын білдіріп, өз әскерлерімен оның қызметіне кірді, ал Күшілікті моңғолдар Бадахшанда Шығыс түркістандағы Сарыкөлде қуып жетіп, басы алынды.
Шығыс Түркістан мен Жетісуды басып алғаннан кейін моңғолдарға Оңтүстік Қазақстан мен Орта Азияға жол ашылды. Қазақстанға басып кіруге «Отырар опаты» деп аталатын жағдай себеп болды
29. Алтын Орданың Еуразия империясы ретінде құрылуы.
1227 ж. Шыңғысхан қайтыс болды. Ол өлгеннен кейін 1235 ж. Қарақорымда өткен монғол ақсүйектерінің құрылтай жиналысы Шығыс Еуропаға жаңа жорық жасауға шешім қабылдады. Монғол әскерлерін Шыңғысханның мұрагер немересі, Жошының екінші ұлы Бату басқаратын болды. Батудың жеті жылдық соғыс нәтижесінде (1236-1242 ж.ж.) монғолдар кең байтақ жерге ие болды. Оның шегі батыста - Днестрге, шығыста - Ертіске, Солтүстікте - Батыс Сібір ойпатына, Оңтүстікте - Солтүстік Кавказға дейін жетті. Осындай аса зор мемлекет шығыс деректемелерінде Көк Орда, ал орыс жылнамаларында Алтын Орда деп аталды.
Астанасы алғашында Еділ бойындағы Сарай Батуда болса, Кейін Сарай Беркеге көшірілді. Алғашында Алтын Орда деген ұғым болмаған. Бұл атау орыс деректерінде тек XVI ғ. аяғында пайда болған. Өтеміс қажының «Шыңғыснама» шежіресінде бұл туралы аңыз бар.
Территориялық аймағы – Шығыс Дешті Қыпшақ яғни Обь пен Ертістің жоғарғы жағынан, Еділ мен Амударияның төменгі бойларына дейінгі жері, Хорезм Бату -1243-1255 жж., Берке -1257-1266 жж., Мөңке-Темір -1266-1280 жж., Төле Мөңке- 1280-1287 жж., Төле-Бұқа -1287-1291 жж., Тоқа-Темір -1291-1312 жж., Өзбек 1312-1342 жж., Жәнібек- 1342-1357 жж., тұсында қуатты кемеліне келіп, билігі мейлінше күшейе түсті. Егер Жошы мен Бату Монғолиядағы ұлы ханға белгілі бір дәрежеде бағынышты болса, Беркеден бастап Алтын Орда хандары өздерін тәуелсізбіз деп есептеді.
Алтын Орда Батыс Еуропамен, Мысырмен, Кіші Азиямен, Үндістанмен, Қытаймен сауда-саттық жүргізді, әр түрлі кәсіпшілікпен айналысып, қолөнерді дамытты. Беркенің кезінде Алтын Орда мен Египет сұлтаны Бейбарыс арасында байланыс күшейе түсті. 1262 ж. Бейбарыс Алтын Орда ханы Беркемен өзара достық қарым қатынас орнату үшін өз елшісін жіберді. Мұнан кейін екі ел арасында әскери, сауда, діни, мәдени байланыстар орнады. Берке хан тұсында Алтын Ордаға ене бастаған ислам діні кейін Өзбек хан тұсында үстем дінге айналды. 1312ж. Өзбек хан исламды Алтын Орданың мемлекеттік діні деп жариялады.
Алтын Орданың гүлденген мезгілі осы Өзбек хан (1312-1342жж.) мен оның баласы Жәнібек ханның (1342-1357жж.) билік еткен тұстары болды. Өзбек хан қалаларда медресе салдырып, мұсылмен дінінің таралуына септігін тигізді .
Көшпелілер негізінен түркі халықтары – ең көбі қыпшақтар, сондай-ақ қаңлылар, наймандар және т.б. болды. Отырықшылардан бұлғарлар, орыстар, черкастар, хорезмдіктер, т.б кірді. Мұнда моңғолдар саны аз болды. ХІІІ ғ. аяғы мен ХІV ғ. моңғолдар толығымен түркіленіп, Алтын Орданың халқы «татарлар» деген атау алды
Темір әулетінің негізін қалаушысы Әмір Темір 1389,1391және1395 жылдары Алтын Ордаға аса ірі жорықтар жасайды. 1395 жылы Тоқтамыс пен Темір арасындағы соғыс Солтүстік Кавказ өңірінде,басталды. Тоқтамыс ханның әскерін жеңген Әмір Темір Алтын Орданың астанасы Сарай-Беркені басып алды. Осылайшв Алтын Орда тоқтаусыз соққылардан әлсіреп, соңында құлады.
30. Ақ Орда мемлекеті. (XIII ғ. соңы – XVғ. басы).
Ақ Орда-Алтын Орданың шығысындағы протоқазақтық ұлыс, кейіннен тәуелсіз мемлекет
XIV-XV ғасырларда Орта Азия мен Қазақстан моңғол шапқыншылығы зардабынан арыла бастады. Әлеуметтік-экономикалық жағдайлар түзеле, көптеген ұлыстар мен елдер тәуелсіз бола бастады. Осындай тәуелсіздікке ие болған мемлекеттердің бірі - Ақ Орда. Оның шекарасы Жайық өзенінен Ертіске, Батыс Сібір ойпатынан Сырдың орта шеніне дейін созылып жатты. Ақ Орданың астанасы - Сырдария өзенінің орта ағысы бойында орналасқан Сығанақ қаласы.
Ақ Орданың халқы - қыпшақтар, Алтайдан осында қоныс аударған наймандар, қоңыраттар, керейттер, үйсіндер, қарлұқтар. Ресми тілі-қыпшақ. Ақ Орданың отырықшы аудандарында жерді шартты түрде иелену мен жеке меншіктің түрлері қалыптасты. Мал шаруашылығы да дамыды. Ақ Орданың еңбекші халқы хандар мен ақсүйектер пайдасына күпшір, зекет, тағар тәрізді салықтар төлеп тұрды.
Орда хандары - Орда-Ежен, Сартақ, Баян, Сасы Бұқа хан, Ерзен, Мүбәрәк Қожа хан, Шымтай хан, Ұрыс хан, Құйыршық хан, Барақ, Керей, Жәнібек және т.б.
Ақ Орданың күшейген кезі XIV ғ. II жартысы. 1361 жылы Ақ Орданың билеушісі болған Ұрыс хан өз кезінде біраз күшейтіп, енді Алтын Орда тағын иемденуге күш салды. Сөйтіп, 1374-1375 жылдары Еділ бойымен жорыққа шыққан ол Сарайды өзіне қаратып, Хажы-Тарханды (Астраханды) қоршауға алды. Кама бұлғарларының жерін бағындырды. Бірақ Ұрыс ханның үстемдігі ұзаққа созылмай, келесі жылы ол Еділ бойынан кетіп, Алтын Ордадағы билікті Мамайға беруге мәжбүр болды. 1377 жылы Ұрыс хан қайтыс болды.
Ақ Орда иелігі енді Ұрыс ханның баласы Темір Мәлікке көшті. Бірақ осы кезде Маңғыстау үстіртінің билеушісі - Тоқтамыс Орта Азия әміршісі Ақсақ Темірге сүйеніп, Темір Мәліктің әскерін талқандайды. Өзін 1379 жылы Ақ Орда ханы етіп жариялайды. Ақ Орда әмірлерінің қолдауына ие болған ол, 1380 жылы Сарайды, Қажытарханды, Қырымды және Мамай Ордасын басып алды. Тоқтамыстың бұл табысы орыс жеріне басып кірген Алтын Орда ханы Мамайдың 1380 жылы Куликово даласында орыс әскерлерінен жеңілуі себебінен мүмкін болды. Кейіннен, Тоқтамыс Ақсақ Темірдің қамқорынан босануға тырысады. Бірақ, 1380, 1391, 1395-жылдары Ақсақ Темірдің Тоқтамысқа қарсы жасаған аса үлкен үш жорығынан кейін Алтын Орда тас-талқан болып қирайды. Темірдің басқыншылық соғыстарының нәтижесінде және ішкі талас-тартыстан XIV ғ. соңы мен XV ғ. бас кезінде Ақ Орда да әлсіреп қалады
1423-1424 жылдары Ұрыс ханның немересі Барақ өзінің бақталастарын жеңіп шығып, Ақ Орда да хандықты өз қолына алды. Алайда, Ақ Орданың басты қаласы Сығанақ, Сырдың орта ағысындағы аудандар Темір әулетінің қолында еді. 1425-1426 жылдары Барақ Ақсақ Темірдің немересі Ұлықбекке қарсы жорыққа аттанып, Сығанақты және Сыр бойындағы басқа да қалаларды босатты. Жорықта жүріп Барақ қаза тапқаннан кейін Шығыс Дешті Қыпшақтың билігі Шайбани әулетіне көшті. Барақ өлген соң олар Ақ Орданың елеулі бөлігін жаулап алды. Сөйтіп, 1227 жылы Жошы өліп, оның ұлысы екіге жіктелгенде пайда болған Ақ Орда екі ғасыр өмір сүрді.
44.Шығай хан. Тәуекел хан, оның саясаты.
Шығай хан — қазақ хандығының 9-шы ханы (1580—1582 жж.) билік құрған.
Хақназар хан қаза болған соң оның орнына Жәдік сұлтанның баласы, Жәнібек ханның немересі Шығай 1580-1582 жылдары хан болды. Ол бұл кезде сексен жаста болғанымен, қазақтардың ішінде беделді хан болды. Оның өміріне қатысты мәліметтер тарихта аз сақталған. Шығай хан қазақ хандығының сыртқы саясатындағы Хақназар хан ұстаған бағытты жалғастырды. Ол Шайбани мұрагерлерінің арасындағы қақтығыстарды қазақ мемлекетін нығайту мақсатында ұтымды пайдаланды.
1582 жылы Бұхара ханы Абдолла, қазақ ханы Шығай және оның баласы Тәуекел сұлтанмен күш біріктіріп, Ташкент билеушісі Баба сұлтанға қарсы Ұлытау жорығын ұйымдастырды. Баба сұлтан жеңіліп, Дешті-Қыпшақ даласына қашады, өзбек, қазақ әскерлері Баба сұлтанды Сарысуға, Ұлытауға дейін қуады. Шығай хан сол жорықта қайтыс болды. Түркістанға қайтып келе жатқан Баба сұлтанды Тәуекел сұлтан өлтіріп, басын Абдоллаға әкеледі. Қас жауын жойғанға риза болған Абдолла хан Тәуекелге Самарқан өлкесіндегі Африкент уәлаятын тарту етеді.
1582 жылы Шығай хан қайтыс болғаннан кейін таққа оның ұлы Тәуекел (1582-1598 жж.) отырады.
Тәуекел хан — 1582-1598 жылдары билік құрған Қазақ хандығының билеушісі. Шығай ханның ұлы. 1582-1594 жылдар аралығында ол өзге сұлтандармен хан тағына таласып, біраз уақытын соған жұмсады. Ақыры хандыққа қол жеткізді. Өзбек ханына қарсы күресте әскери одақтас ету үшін ол Мәскеумен қарым-қатынасын жолға қойды. Сөйтіп, 1598 жылы Орта Азияға жаңа жорық жасады. Сырдария бойындағы қалаларды қайтарып алар жолда ұрыстар жүргізілген кезде Тәуекел хан ауыр жараланып, Ташкентте қайтыс болды.
XVI ғасырдың 90-жылдарынан XVII ғасырдың басына дейінгі Қазақ хандығының тарихы Шығайдың Абдаллахқа өтіп кетуі, Тәуекелдің одан қалуы, қазақ сұлтандары қатысқан 1588 жылғы Ташкент көтерілісі, 1594-1595 жылдардағы Тәуекел Түркістанды, Ташкентті, Ферғананы, Самарқандты басып алған кездегі соғыс оқиғалары сияқты деректермен белгілі. Бұл аймақтардың Қазақ хандығы құрамына қосылуының тарихи маңызы зор болды, бір тарихи кезеңнің екіншісімен алмасуын көрсетті. Бұл оқиғалар тек Қазақ хандығына ғана емес, шайбанилік мемлекеттерге де елеулі ықпал жасады, өйткені Орта Азиядағы әулеттер ауысуының солармен тікелей байланысы болды. 1582 жылы Шығай хан өлгеннен кейін Тәуекел хан болды. Абдаллахқа вассалдық тәуелділік оның кезінде де сақталып қалды. Бірақ 1582 жылдың бас кезінде-ақ «Әндіжан мен Ферғанаға жорықтан қайтып келе жатқанда Тәуекел өзіне ханның теріс ниетінен күдіктеніп, оны тастап, өзінің Дешті Қыпшағына кетіп қалды» делінген дерек те бар.Тәуекелді осындай қадам жасауға итермелеген себептер деректемелерде түсіндірілгенімен бірсыпыра пікір айтуға болады.
45. XVII ғ. және XVIII ғ. басындағы Қазақ хандығы.
ХVІ-ХVІІ ғасырларда Қазақ Ордасы нығая түсті, оның шекарасы қазақтардың этностық аймағының негізгі бөлігін қамтыды. Күмән келтірмейтін деректерге қарағанда 1695 жылы Қазақ Ордасына 32 қала кірген.
XVI ғасырда қазақ хандығы нығайып, территориялық жағынан ұлғая түсті. Қасым ханның тұсында қазақ хандығында ішкі қайшылықтар жойылып, саяси және экономикалық жағынан күшейіп, шекара ұлғая бастады. Алғашқы қазақ заңы – «Қасым ханның қасқа жолы» жасалды. XVI ғасырдың екінші жартысында әлсірей бастаған хандықты біріктіруде Ақназар ханның үлесі зор болды. Тәуекел ханның тұсында қазақ хандығы мен Ресей арасында дипломатиялық қарым-қатынастар нығайып, Орта Азияның сауда орталықтарына шыға бастады.
XVII ғасырда Есім хан орталықтандырылған мемлекет құруға әрекет ете бастады. Есім ханның тұсында қазақ хандығының Оңтүстік шекаралары кеңейе бастады. «Есім ханның ескі жолы » деп аталатын заң пайда болды. XVII ғасырдың екінші жартысында Тәуке хан билік құрған кезеңде (1680-1717 жж.) халықтың бірлігі, ынтымағы арта түсті. Қазақ мемлекетінің әлеуметтік, экономикалық және ішкі жағдайды реттеуге бағытталған реформалары жазылды. Қазақ халқының тарихына ірі құқықтық өзгерістер жасаған «Жеті жарғы» заңы жасалды.
XVIIІ ғасырдың алғашқы жартысында Жоңғар хандығының құрылғаны белгілі.
Әз Тәуке ханның өлімінен кейін (1718 ж.) елдің бірлігі бұзылды. «ХVІІІ ғасырдың бас кезі,-деп атап көрсетті академик Бартольд,- Азия мұсылмандары үшін саяси-экономикалық, мәдениет салаларында құлдырау жылдары болып табылады». ХVІІІ ғ. басында Ш.Уәлиханов айтқандай, «қазақ халқының басына күн туды». Әсіресе, жоңғарлардың қаһарлы жүзі қазақ елінің шымбайына батты. Абылай ханның айтуынша, «ХVІІІ ғ. басындағы 40 жыл ішінде халықтың үштен екідейі қырылды».
Осы кезеңді пайдаланып қалмақтар қазақ жеріне шапқыншылық жорықтарын жүргізе бастады. 1710-1711 жж., 1717 ж., 1723-1725 жж., 1740-1742 жж. қазақ жеріне жоңғарлар бірнеше дүркін шабуыл жасады. Қалмақтарға күйрете соққы берген қазақ батырлары Жоңғар мемлекетін құлатты. Қазақ хандығының мемлекеттілігін, тәуелсіздігін сақтап қалуда Абылайдың батырлығы, ұйымдастыру қабілеті, дипломатиялық шеберлігі зор болды.
Қазақ қоғамының экономикалық-саяси өркендеуі ұсақ рулық дәрежеден аса алмады. Қазақ елін түгел қамтыған үлкен бір тұтас хандық мемлекет құрылуына мүмкіндік болмады. Қазақтың үш жүзі бір-бірімен өзара байланыссыз оқшау өмір сүруге тырысып бақты. Көрші елдер осы хандықтардың наразылықтарын пайдаланып, оларды біртіндеп бағындыруды көздеді.
Сыртқы жаулардың ішінде Қазақстанның ең қауіпті дұшпаны жоңғарлықтар еді. Жоңғарлар шабуылы қазақ хандығының тарихында ауыр кезең болды. Бұл - ел есінде «ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама» немесе «қайың сауған, ақ тышқан» жылы деп сақталған жұт жылы еді.