Файл: азастан республикасы ылым жне жоары білім.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Дипломная работа

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 29.11.2023

Просмотров: 148

Скачиваний: 3

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


2) Аналитикалық тәсіл арқылы жасалған жаңа қолданыстар.

Аналитикалық сөзжасамдық тәсіл – тілімізде көне замандардан келе жатқан, тілімізді көптеген күрделі сөздермен толықтырған өнімді тәсіл.

Аналитикалық тәсіл деп екі я одан да көп сөзден бір лексикалық мағыналы сөздің жасалуы аталады. Аналитикалық тәсіл арқылы жасалған туынды сөздер күрделі сөздер деп аталады. Күрделі сөздер толық мағыналы сөздерден жасалады.

Қазақ тілінде аналитикалық тәсіл жиі қолданылатын, өнімді тәсіл болумен бірге, оның іштей бірнеше түрі бар: 1) сөзқосым, 2) қосарлау, 3) тіркестіру, 4) қысқарту сияқты аналитикалық тәсілдің төрт түрі бар. Аналитикалық тәсілдің осы ішкі төрт түрі күрделі сөздің төрт түрін жасайды. Олар: біріккен (кіріккен) сөздер, қос сөздер, тіркескен күрделі сөздер, қысқарған сөздер.

Сонымен, түрлі сөзжасам тәсілдері бойынша жасалып, әртүрлі деңгейде орнығып үлгерген, қоғам өмірінің барлық саласында пайдаланылып жүрген жаңа қолданыстарға газет беттерінен жиналған мысалдарды былайша топтастыруға болады.

1) Қысқарту тәсілімен жасалған жаңа қолданыстар. Қысқарту тәсілі тілдің сөзжасам жүйесінен онша көп орын алмайды. Қысқарту тәсілі тілімізде орыс тіліндегі сөз қысқарту үлгісінде пайда болды.

а) Бас әріптері бойынша қысқартылып алынған ұйым, мекеме, партия, т.б. атаулары: ШЫҰ – Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы; БСҰ – Бүкіләлемдік немесе дүниежүзілік сауда ұйымы; БЭК – Біртұтас Экономикалық Кеңістік; ММСЖ – міндетті медициналық сақтандыру жүйесі, ЕЭҚ – Еуразиялық экономикалық қоғамдастық, ДДСҰ – Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы, ҚХА – Қазақстан халқы Ассамблеясы, ҰҚК – Ұжымдық қауіпсіздік кеңесі, ҰҚШҰ – Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы, ЖШС – Жауапкершілігі Шектеулі Серіктестік, ҚазМұнайГаз (Қазақ мұнай және газ компаниясы), т.б.

ә) Алғашқы буындары бойынша біріктірілген атау: Мемтерминком – мемлекеттік терминологиялық комиссия.

б) тірек сөздер арқылы жасалған: телеарна, автокөлік, медбике, Қазақтелеком т.б.

в) Ағылшын тілінен тіке алынған қысқарған сөздер: IT, HR, SMM (контент менеджер), MMA, PhD, CD, SMS, т.б.

2) Сөзқосым тәсілімен жасалған жаңа қолданыстар. Біріккен сөз деп сыңарлары мағына жағынан да, тұлға жағынан да бірігіп біртұтас мағынаны білдіретін, біртұтас дыбыстық құрамдағы, бір екпінмен айтылып, сөйлемнің бір мүшесі қызметін атқаратын сөздерді айтамыз. Қазіргі қазақ тіліндегі жаңа қолданыстарда біріккен сөздер саны баршылық.


а) Бір сыңары кірме сөзден, екінші сыңары төл сөзден (немесе керісінше) сөздер: Инфрақұрылым, трансұлттық, смсхат,

Ағылшын тілінен енген сөздер құрылысына қарағанда екі сөздің тіркесуі немесе бірігуі арқылы жасалған күрделі аталым түрінде де кездеседі: фишбургер, чикенбургер, чизбургер, т.б.

ә) Екі сыңара да қазақтың төл сөздерінен жасалған біріккен сөздер (бұл жаңа қолданыстардың денін құрайтын аса өнімді де тиімді тәсіл): өнертабыс (изобретение),айқұлақ, тосынсый, төсбелгі, мерейтой, жансақтау

«ақы» сыңары арқылы жасалған сөздер: жәрдемақы (пособие), зейнетақы (пенсия), төлемақы (платеж), шәкіртақы (степендия), қаламақы (гонорар), т.б.

«хат» сыңары арқылы жасалған сөздер: жеделхат (телеграмма), ұсынымхат,

«бақ» сыңары арқылы жасалған сөздер: мұхитбақ (океонариум), саябақ (парк);

«жай» сыңары арқылы жасалған сөздер: мұражай (музей), саяжай (дача), шипажай (санаторий), жағажай, мекенжай

«тану» сыңары арқылы: тәнтану, дүниетану, т.б.

3) Қосарлану тәсілі арқылы жасалған жаңа қолданыстар. Тіл

байлығын, оның дамуын көрсететін тағы бір арна – қосарлы күрделі сөздер

болып табылады. Сөзжасамның аналитикалық тәсілмен қалыптасқан

қосарлы күрделі сөздер жасалу әдісіне қарай екіге бөлінеді: 1) қосарлы қос

сөздер, 2) қайталама қос сөздер [24, 127 б.].

Кейінгі жылдары қолданып жүрген көші-қон, хат-хабар, мінездеме-

ұсыныс, келісім-шарт, қуғын-сүргін, іс-шара, онлайн-сауда т.б. сөздердің баспасөз беттерінде жиі көрінуі қайталама қос сөздерден гөрі қосарлама қос сөздердің жаңа қолданыс, жаңа сөздерді жасауда мүмкіндігінің жоғары екеніндігін көрсетеді.

Ағылшын тілінен тіке алынған қос сөздер: секонд-хэнд, видео-салон, прайс-лист, сендвич-гамбургер, хот-дог, тик-ток, веб-сайт т.б.

4) Тіркесу тәсілі арқылы жасалған жаңа қолданыстар. Сөз тіркесі –

мағыналық жақтан да, грамматикалық жақтан да өзара байланыста, бірлікте

болатын, толық мағыналы кемінде екі сөздің тіркесі [25,183 б.]. Қазіргі таңда

қолданысқа түскен жаңа сөздердің көпшілігі тіркескен күрделі сөздер болып

келеді. Тіркескен күрделі жаңа сөздерді үш топқа жіктедік:

а) қабысу тәсілі бойынша жасалған сөздер: сары жолақ, бас жүлде, мақтау қағаз, кері байланыс, Егемен ел, Жаңа Қазақстан, мәдени мұра, Ұлы дала т.б.

ә) матасу тәсілі бойынша жасалған сөздер: заң жобасы, бауырдың қабынуы, іссапар куәлігі, Қаңтар оқиғасы, Болашақ бағдарламасы, білім беру бағдарламасы,

дабыл қондырғысы т.б.

б) негізгі түбірі сақталып, шет тілдерден енген, қазақ тілінің қосымшалары (жалғау-жұрнақтары) жалғанған сөздер. Бұлар көбінесе салалық күрделі ұғымдардың атауы болып келеді. Біздіңше, тілімізде мұндай ұғымдардың мәнін толық ашып көрсететін сөздер, атаулар болмаған жағдайда, оларды өз тіліміздің дыбыстық заңдылықтары бойынша, емле ережелеріне сәйкестендіріп, өзгертіп, өзімізге бейімдеп (қазақыландырып) алуға тырысу керек. Мысалы: индустриялық-инновациялық даму стратегиясы, сертификациялық орган, сапа менеджменті, Парламент палаталары, жол картасы, Президент әкімшілігі, Қазақстан халқы Ассамблеясы, авторлық куәлік, пилоттық жоба, интербелсенді оқыту, цифрлық сауаттылық т.б.
2.2 Жаңа сөздердің тілдік қолданысындағы қайшылықты мәселелер
Қазақ тілінің тазалығы үшін күрес бүгінгі күні ғана емес, өткен заманда да болды. Тіл тазалығына көңіл аударып, болашағына бағыт-бағдар беріп, қазақ тілінің деңгейін көтеру үшін тіліміздегі жаңа сөздің дұрыс жасалуы мен тұрақты мағынада қолданылуының маңызы өте зор.

Бүгінгі күні тілімізде оңы мен терісін ежелеп, айыру қиынға түсетін күрделі үрдістің жүріп жатқанына баршамыз куәміз. Өмірімізге енген соны идеялар, жаңа ұғымдар, тың түсініктермен бірге оларды бейнелейтін жаңа сөздер мен кірігіп жатыр. Бұл сөздердің көпшілігі баспасөз беттерінен көрініп немесе электрондық ақпарат құралдарының лебізі арқылы жұртшылықтың санасына сіңіп, сол арқылы ресми құжат тілінің қорына көшетін кездерін жиі ұшыратамыз. Әсіресе, экономикамыздың қарқынды дамуы осы жаңа сөздердің пайда болып, қолданысқа енуіне жол ашады.

Қоғамның саяси-мәдени өміріндегі, тұрмыс тіршілігіндегі ірі өзгерістердің, көптеген терминдердің қазақша баламасының берілуі, басқа алуан нұсқалылық түзілуіне әсер етеді. Қоғамның саяси-мәдени өміріндегі ірі өзгерістерге және көптеген терминдердің қазақша баламасымен берілуіне байланысты кейбір сөздер жарыспалы түрде әртүрлі нұсқалармен қолданыла бастады. Мысалы: шегерім/жеңілдік – скидка; үрдім/үдеріс – процесс; нәруыз/ақуыз – белок; қой ауру/мешел – рахит; шағынаудан/мөлтекаудан/шағын мөлтекаудан – микрорайон; қызан/қызанақ – помидор; түйін/түйіндеме – резюме; бұрыштама/рұқсатнама – виза; шағым/арыз – аппеляция; әкімші, әкімгер – администратор; әкімдік, әкімият – акимат; қалтателефон, ұялы телефон - мобильный (сотовый) телефон; қалтафон; әлемтор, ғаламтор –
интернет; – әуесерік, аспансерік - стюардесса; ғаламдану, жаһандану – глобализация; кептелек, кептеліс, тығын, тығырық – транспортная пробка; отбасы, жанұя – семья; публицистика – көсемсөз, қоғамсөз, замансөз, мәндісөз; кресло – орынтақ, күрсі; медсестра – медбике, мейірбике; наушник – тыңдауыш, құлақкигіш, құлақілдірік; микрорайон – мөлтекаудан, ықшамаудан, шағынаудан; петиция – арыз-тілек, құзырхат; ремень безопасности – қауіпсіздік белдігі, қорғаныш белбеу; прорывные проекты – серпінді жобалар, шепбұзар жобалар; фонтан – субұрқақ, бұрқақ; казино – ойынхана, құмархана; патриотизм – отаншылдық, отансүйгіштік, елжандылық; огнестрельное оружие – атыс қаруы, отты қару т.б. Осыған іргелес «Арай» шағынауданына электр желілер тартылды («Маңғыстау» газеті, 7 ақпан, 2006 жыл, 6-бет); Шағын мөлтекаудандаорын алған бұл жағдайдың зардабын жергілікті халық күні бүгінге дейін тартып келеді. («Айқын» газеті, 13 қаңтар, 2006 жыл).

Баспасөз беттерінде кейбір жекелеген атаулардың аудармасы әрқилы беріліп тұр. Бұдан мұның қайсысына нормаға сай және мемтерминком бекіткен нақты ережелерге сәйкес келе ме деген сұрақтар туындайтыны даусыз. Мысалы, баспасөз беттерінде стажды – өтіл, дипломатты – мәмлегер, обогревательді – жылытқыш, меценатты – мәдеткер, хирургты – оташы, операцияны – ота, парникті – көшетхана, ассортиді – жиынтүр, замшты – күдері, развлекательный центр – шатхана т.б. деп аударып жүр. Оны қазақ тілді баспасөз беттерінен айқын аңғаруға болады. Мәселен, «Алтын-Орда» республикалық басылымының 2004 жылы шыққан сандарының біріне жарияланған мақалада: «...орналасқан жеріне қызыққан бір кәсіпкер саябақты сыпырып тастап, бұл тұсқа шағын қонақ үй мен шатхана салуға бел буыпты» делінсе, «...Әңгіме үстінде ұққанымыз Шалқар Әбішұлы Тәуелсіздік туғызған жазушы мәдеткер...» деген жолдар «Айқын» газетінің 2003 жылғы 2 мамырында жарық көрген нөмірде келтірілген. «Алтын Орда» басылымының аталмыш санында «Дәрігерлер оның өміріне ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ деп сендіреді, дегенмен де жедел отаның қажет екені белгілі», «Қазақстан әйелдері» журналынында кездесетін «...Көшетхананың ішіндегі өсімдікті күзгі суықтан сақтауға әрі кеш жинауға болады» деген сөйлемдерді де мысалға келтіруге болады. «Коммуналдық шаруашылық бөлімінің бас маманы – жалақы мөлшері еңбек өтіліне байланысты» («Ана тілі» 5 наурыз, 2002 жыл), «Осыдан бір ай шамасы бұрын аталмыш газеттің интернет-сайтында өзін бұрынғы мәмілегер деп аталған әлдекімнің хаты жарияланған» («Жас Алаш» 26 сәуір, 2003 жыл) және осылар секілді қазіргі уақыттағы публицистикада мұндай құбылыстың көрініс беруі заңды десек те, жалпы тілдік қолданыста қырыққабат деп аталып жүрген капуста сөзін «Қазақстан әйелдерінің» қаудан деп қосымша атау бергенін қалай түсінуге болады? Әлде мұны қырыққабаттың тағы да бір баламасы деп ұғуымыз керек пе?


Бұл келтірілген мысалдардың арасында ресми бекітілгені де, біраздан бері қолданылып жүргенімен бекітуге ұсынылмағандары да, сондай-ақ жұртшылыққа аса таныс емес әлі сараптан өте қоймаған жаңа қолданыстар да бар. Бұлардың арасындағы Мемлекеттік терминология комиссиясы тарапынан ресми бекітілгендері мыналар: әкімші, әкімдік, жаһандану, отбасы, ықшамаудан. Соған қарамастан, осы бекітілген атаулардың әкімгер, әкімият, ғаламдану, жаһандану, ауқымдану, жанұя, мөлтекаудан, шағынаудан нұсқалары баспасөз беттерінде жарыса қолданылып келеді.

Мемтерминком 2000 жылы 25 қаңтарда «коррупцияны – «құнпарлық», «вымогательствоны – құнерездік» деп бекіткен екен. Бірақ баспасөз беттерінде «коррупция» сөзі «құнпарлық» деп те, «құнерездік» деп те қолданылмай, «сыбайлас жемқорлық» деп екі сөздің тіркесуі арқылы қолданылып жүр: «Сыбайлас жемқорлық жойылады, оған мен кепілдік бере аламын» дейді Қазақстан Республикасының ішкі істер министрі... («Егемен Қазақстан», 17.08.2001).

Баспасөз беттерінде кейде қазақ тілінің дыбыстық жүйесіне бейімдеп жазу барысында әркелкілік, бір атауды түрліше жазу да кездесіп жатады. Мысалы, жұрнал – жорнал, станса – стансы, т.б.

Соңғы жиырма жылдай уақытта тілімізге көптеген кірме сөздер еніп, мерзімді баспасөз бен арнаулы салаларда кеңінен қолданыла бастады. Мысалы, автобан, блог, брэнд, гастербайтер, модератор, портал, сайт сынды кірме атауларды сондай сөздер қатарына жатқызуға болады. Сондай-ақ бұрын арнаулы сала тілінде ғана кездесіп, жалпы әдеби тілде өте сирек, қолданылып келген бірқатар кірме терминдер қазіргі уақытта белсенді қолданысқа көшті. Мәселен, инфляция, кластер, тендер, т.б.

Қазіргі қолданыстағы кірме сөздердің жазылуына қатысты әлі де көптеген деректер келтіруге болады. Олар жоғарыдағы біз келтірген мысалдармен ғана шектелмейді. Сондықтан алдағы уақытта тілшілер қауымы кірме сөздердің қабылдануы мен оларды ұлт тілінде жазудың біркелкі жүйесін, ғылыми негізделген жалпыға ортақ ережелерін қалыптастыруы тиіс деп ойлаймыз.