Файл: Тексерілді Кні 22. 05. 2023 Пні Абайтану Сыныбы 10сынып Cабаты таырыбы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 29.11.2023

Просмотров: 366

Скачиваний: 8

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


«Жарқын жұлдыздар» монографиясында ақын өскен орта, ата-тегі, емір кезеңдері, дүниеге, сөз өнеріне көзқарасы туралы зерттеу жүргізіп, тиянақты тұжырымдар айтты. Жазушы сөзімен айтсақ: «Абайдың ата-тегін де, өз өмірін де, ақындық таланты мен шеберлігін де, оқу-білім де, жалпы адамдық, өз ұлтының пікірлерін де, өміріндегі, шығармаларындағы күшті я әлсіз жақтарын да түгел қамту» көзделген(«Жарқын жұлдыздар»,-А., 1980, 169-б.). Зерттеуші «Абай Құнанбаев» дейтін монографиялық еңбегінде даналық қорытындыларға, қанатты, ғибратты ойларға мейлінше бай қарасөздеріне зейін аударады. Қарасөздеріндегі көркемдік шеберліктің бір сыры ақынның дарынды шешендердің мұрасын жетік һәм терең үйреніп білгендігінен деп түйіндейді. Зерттеуші Абай поэзиясының бейнелілік-суреттілік жүйесіне, ақындық тілімен құрылысына талдау жасайды. Абайдың Шығыстың классикалық әдебиетімен байланысы және А. С. Пушкиннен, М. Ю. Лермонтовтан, И. А. Крыловтан аударылған шығармалары жөнінде ой өрбітеді. Ұлы ақынның табиғат лирикасындағы философиялық ой да, сурет те, сыр да біртұтастықта екендігін көрсетеді. Яғни Абайдың жаратылысты сөйлетіп, құпиясын төгілте суреттеп жеткізіп, ой-сезім мұхитының ағыс-толқындарын тудырып, ғаламат қуаттың көзіне айналатындығын дәлелдейді.

Осы еңбегінде: «Ұлттық тіл – сол ұлттың тіршілігінің айнасы да, құралы да. Әрбір ұлттың тілі – сол ұлттың барлық мүшесіне түсінікті бола білсе ғана тіршілігінің айнасы мен құралы болады», - деп жазады. Шынында да, Абай позиясы – қазақ өмірінің айнасы. Демек, ол ана тілінің сөздік қорын сарқа пайдаланған, соның ну орманына еркін шүйгіген ерен дарын. Мұқанов ұлы ақын туындатқан шендестірулерге, ауыстыруларға, теңеулерге, әсірелеулерге ой сәулесін түсіреді. Олардың қазақ халқының шаруа кәсібімен, тұрмыс-салтымен, аңшылық, малшылық дәстүрлерімен төркіндес, тамырлас екендігін баяндаған, Абайдың қазақ өлеңіне енгізген өзгеріс-жаңалықтарына тоқталған. Фольклорлық поэзияға жыр үлгісі мен қара өлең шумағы тән болса, ал қазақтың поэзиясына Абай жиырмаға жуық түр қосты пайымдайды. Абай жыр үлгісімен «Өзгеге, көңілім тоярсың...», «Болыс болдым мінеки...», «Жаздыгүн шілде болғанда...» сияқты өлеңдерін шығарған. Мұнда «бірқалыпты үйлес жиі қолданылғандығын ескертеді зерттеуші. Ақын енгізген жаңалықтарды анықтау үстінде, оның өлеңдерінің буындық, тармақтық, ұйқастық, шумақтық, ырғақтық құрылысының ерекшеліктерін есепке алады. Абайдың өлеңіне кіргізген ұшан-теңіз өзгерістерін осылайша жіктейді: «Асылы «осы жаңалықтарында қазақ поэзиясына тән заңды (өлеңге төрт буыннан артық буыны бар сөз қоспау, қазақ сөзінінің құрылысын сақтау) бұзбайды, қатты сақтайды. Мұқанов ақынның композиторлық шеберлігіне де назар аударған Ол музыка зерттеушіА. В.Затаевичке Абайдың «Татьянаның Онегинге жазған хатын» өз орындап, нотаға түсірткен. Ақындық Мұқанов жолда ұлы Абай шығармаларын зерттеу үстінде өзі де одан көп ұлағат алды. Мұқановқа «Аққан жұлдыз» романы үшін Абай атындағы Мемлекеттік сыйлық берілген.

Смайылов Есмағамбет Самұратұлы (1911-1966) – әдебеиет зерттеуші, сыншы. Абай тақырыбына 30-жылдардан бастап қалам тартқан. Ол З.Шашкинмен бірлесіп жазған «Абайдың поэтикасы» («Әдебиет майданы», 1934, №11-12), «Абайдың өлең өрнектері» («Соц.Қазақстан», 30 желтоқсан) атты мақалаларында ұлы ақын поэзиясының көркемдік ерекшеліктеріне кеңінен тоқталады. «Абайдың этикалық көзқарасы» («Қазақстан мұғалімі», 1954, 9 қыркүйек) деген зерттеу еңбегінде ұлы ақынның мәңгі өлмес даңқын, оның өнерге қояр талап-талғамын, аудармашылық шеберлігін тілге тиек етеді. «АБАЙ» - ақынның туғанына 95 жыл толуына орай Қазақ мемлекеттік баспасынан 1940 жылы қазақ тілінде жарық көрген әдеби-өмірбаяндық материалдар жинағы. Латын әрпімен басылған. Құрастырғандар - Есмағамбет Ысмайылов пен Қалижан Бекхожин. Кітап 3 бөлімнен тұрады. 1-бөлімде Абайдың өмірбаяны ғылыми түрғыдан баяндалып, өлеңдерінің көркемдік, жаңашылдық ерекшеліктері талданады. 2-бөлімге ақынның әр жылдары жазылған 16 өлеңі топтастырылған. Соңғы бөлімде Абай шығармалары басылымдарының, ақын жайындағы зерттеу еңбектер мен көркем туындылардың көрсеткіш библиографиясы ұсынылған. Жинақ әдебиет зерттеушілеріне, жалпы оқырман қауымға арналған. Көлемі 3 б. т.,10 мың дана болып басылған.

Шашкин З. 1934 жылы Абайдың қайтыс болғанына 30 жыл толғанын атап өту іс-шарасында З.Шашкин т.б. ақындар ұлы ақынның тілге деген көзқарасы мен еңбегін, сөз қолдану шеберлігі мен өлең құрылысын арнайы сөз етеді. З.Шашкин мен Е.Смайыловтың «Абайдың поэтикасы» («Әдебиет майданы», 1934, №11-12) атты проблемалық-зерттеу мақалалары жарияланды.

III. Ойтолғаныс сатысы
Ақын өмірі мен шығармашылығын талдау.

Өмірінен түсінгендерін «Соңғы сөзді мен айтайын» кестесіне толтыру.


Үзінді

Беті

Пікір












Сабақты қорыту.





Үй тапсырмасы: Абай өмірі туралы реферат жазу.

Тексерілді:

Күні:

Пәні: Абайтану

Сыныбы: 10-сынып
Cабақтың тақырыбы:

Ақын қарасөздеріндегі философиялық ойдың ұлттық дүниетаныммен үндесуі. Абайдың отыз екінші қара сөзі

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік: оқушыларға Ақын қарасөздеріндегі философиялық ойдың ұлттық дүниетаныммен үндесуі, Абайдың отыз екінші қара сөзі туралы толық түрде түсінік бере отырып, олардың ой-пікірін қалыптастыру;

2. Дамытушылық: ой-өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту, сөздік қорын молайту, шығармашылық ізденіске баулу;

3. Тәрбиелік:елін, жерін, Отанын қадірлеуге, адамгершілікке, адалдыққа,еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: лекция сабақ.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, суреттеу, салыстыру, сұрақ-жауап, сөздікпен жұмыс, бағалау, бекіту, қорытындылау.
Сабақтың көрнекілігі: көркем әдебиеттер, бейнелі суреттер, рефераттар, бүктемелер.
Сабақтың формалары: жеке баламен, топпен, сынып ұжымымен жұмыс жүргізу..
Сабақтың типтері: ұйымдастыру кезеңі, үй тапсырмасын сұрау, жаңа сабақты түсіндіру, бекіті, бағалау, қорытындылау,
Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі:

1. Оқушылармен амандасу, түгелдеу;

2. Оқу құралдарын, сабаққа дайындығын тексеру;

3. Сыныптың тазалығына көңіл бөлу;

4. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару;

5. Cабақтың мақсатымен таныстыру.
ІІ Үй тапсырмасын пысықтау:

  1. Абай еңбектеріне қатысты зерттеулері, ой-пікірлері (Ғ.Тоғжанов, Н.Төреқұлов, І.Қабылов, С.Мұқанов, Е.Сымайылов, З.Шашкин) туралы түсінік.

  2. Реферат жазу.

Сұрақтар арқылы өткен сабақты пысықтау:

  1. Абайдың әдеби мұрасын жұртшылыққа танытумен ол мұраны зерттеу ісінде 30-жылдары айрықша көзге түскен жазушы?

  2. «Абайға дейінгі қазақ поэзиясы және Абай поэзиясының тілі» деп аталатын докторлық диссертациясын қорғаған ғалым?

  3. Ғ.Тоғжановтың қазақтың мемлекеттік көркем әдебиет баспасынан 1935 жылы жарық көрген зерттеу еңбегін айт.

  4. І.Қабылов қандай мақаласында Абайды бай табынан шыққан ақын ретінде бағалаған?


ІІІ Жаңа сабақты түсіндіру.

Ақын қарасөздеріндегі философиялық ойдың ұлттық дүниетаныммен үндесуі.


Абай ХІХ ғасырдың 90-жылдары өзінің ой-толғаныстарын қарасөздермен жазған. Қарасөздер ақынның соңғы туындылар қатарына жатады.Абайдың қарасөздері көркем әңгіме емес-ғақлиялық даналық сөздер.Онда ғылыми-философиялық толғаныстар кең орын алған.Абай қарасөздерін жазуға зор дайындықпен келген.Ол бұл еңбектерін діни сопылық-теологиялық ғылымды да, жаратылыс заңдарын ашқан Галилей, Коперник, Спенсер, Ньютон, Пифагор, Дарвин еңбектерін де, ертедегі философ ғылымдар Сократ, Аристотель,Платон шығармаларын да,Шығыстың ойшылдары Фирдоуси, Шамси, Қожа Хафиз, Бабыр,Иасауи т.б. еңбектерін де оқып, ақыл-парасаты әбден толықсыған шағында жазуға кірісті.
Қарасөздерінің жалпы саны-қырық бес.Оларды тақырып жағынан бірнеше топқа бөлуге болады.
1.Дүниенің тылсым сырын танып-білу мәселесіне «Жетінші», «Он тоғызыншы», «Отыз бір», «Отыз сегізінші», « Қырық үшінші».
2.Ілім-білімге ұмтылуға бөгет болатын надандық,талапсыздық,жалқаулық мінездерді сынауға арналған. «Алтыншы», «Сегізінші», «Он бірінші»
3.Ар-ұят, адамгешілік мәселелері «Бесінші», «Он бірінші», «Он сегізінші», «Отыз үшінші» сөздерінде әңгіме болады.
4.Ғылым,білім,өнер жайында «Жиырма бесінші» сөзінде әңгіме етеді.

Абайдың отыз екінші қара сөзі

Білім-ғылым үйренбекке талап қылушыларға әуелі білмек керек. Талаптың өзінің біраз шарттары бар. Оларды білмек керек, білмей іздегенмен табылмас.

Әуелі – білім-ғылым табылса, ондай-мұндай іске жаратар едім деп, дүниенің бір қызықты нәрсесіне керек болар еді деп іздемекке керек. Оның үшін білім-ғылымның өзіне ғана құмар, ынтық болып, бір ғана білмектіктің өзін дәулет білсең және әр білмегеніңді білген уақытта көңілде бір рахат хұзур хасил болады. Сол рахат білгеніңді берік ұстап, білмегеніңді тағы да сондай білсем екен деп үміттенген құмар, махаббат пайда болады. Сонда әрбір естігеніңді, көргеніңді көңілің жақсы ұғып, анық өз суретімен ішке жайғастырып алады.

Егер дін көңілің өзге нәрседе болса, білім-ғылымды бір-ақ соған себеп қана қылмақ үшін үйренсең, ондай білімге көңіліңнің мейірімі асырап алған шешеңнің мейірімі секілді болады. Адамның көңілі шын мейірленсе, білім-ғылымның өзі де адамға мейірленіп, тезірек қолға түседі. Шала мейір шала байқайды.

Екінші – ғылымды үйренгенде, ақиқат мақсатпен білмек үшін үйренбек керек. Бахасқа бола үйренбе, азырақ бахас көңіліңді пысықтандырмақ үшін залал да емес, көбірек бахас адамды түземек түгіл, бұзады. Оның себебі әрбір бахасшыл адам хақты шығармақ үшін ғана бахас қылмайды, жеңбек үшін бахас қылады. Ондай бахас хусідшілікті зорайтады, адамшылықты зорайтпайды, бәлкім, азайтады. Және мақсаты ғылымдағы мақсат болмайды,
адам баласын шатастырып, жалған сөзге жеңдірмекші болады. Мұндай қиял өзі де бұзықтарда болады. Жүз тура жолдағыларды шатастырушы кісі бір қисық жолдағы кісіні түзеткен кісіден садаға кетсін! Бахас – өзі де ғылымның бір жолы, бірақ оған хирслану жарамайды. Егер хирсланса, өз сөзімшіл ғурурлық, мақтаншақтық, хусідшілік бойын жеңсе, ондай адам бойына қорлық келтіретұғын өтіріктен де, өсектен де, ұрсып-төбелесуден де қашық болмайды.

Үшінші – әрбір хақиқатқа тырысып ижтиһатыңмен көзің жетсе, соны тұт, өлсең айрылма! Егерде ондай білгендігің өзіңді жеңе алмаса, кімге пұл болады? Өзің құрметтемеген нәрсеге бөтеннен қайтіп құрмет күтесің?

Төртінші – білім-ғылымды көбейтуге екі қару бар адамның ішінде: бірі – мұлахаза қылу, екіншісі – берік мұхафаза қылу. Бұл екі қуатты зорайту жаһатінде болу керек. Бұлар зораймай, ғылым зораймайды.

Бесінші – осы сөздің он тоғызыншы бабында жазылған ақыл кеселі деген төрт нәрсе бар. Содан қашық болу керек. Соның ішінде уайымсыз салғырттық деген бір нәрсе бар, зинһар, жаным, соған бек сақ бол, әсіресе, әуелі – құданың, екінші – халықтың, үшінші – дәулеттің, төртінші – ғибраттың, бесінші – ақылдың, ардың – бәрінің дұшпаны. Ол бар жерде бұлар болмайды.

Алтыншы – ғылымды, ақылды сақтайтұғын мінез деген сауыты болады. Сол мінез бұзылмасын! Көрсеқызарлықпен, жеңілдікпен, я біреудің орынсыз сөзіне, я бір кез келген қызыққа шайқалып қала берсең, мінездің беріктігі бұзылады. Онан соң оқып үйреніп те пайда жоқ. Қоярға орны жоқ болған соң, оларды қайда сақтайсың? Қылам дегенін қыларлық, тұрам дегенінде тұрарлық мінезде азғырылмайтын ақылды, арды сақтарлық беріктігі, қайраты бар болсын! Бұл беріктік бір ақыл, ар үшін болсын!
ІV Сабақты қорытындылау: Сабақ соңында сұрақ қою арқылы жаңа тақырыпты қорытындылаймын.
V Бағалау: оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалаймын.

Үйге тапсырма:

  1. Ақын қарасөздеріндегі философиялық ойдың ұлттық дүниетаныммен үндесуі. Абайдың отыз екінші қара сөзі туралы түсінік.

  2. Талдау.

Тексерілді:

Күні:

Пәні: Абайтану

Сыныбы: 10-сынып
Cабақтың тақырыбы: Абайдың хақиқат, ақыл, бахас ұғымдары жөніндегі танымы
Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік: оқушыларға Абайдың хақиқат, ақыл, бахас ұғымдары жөніндегі танымы туралы толық түрде түсінік бере отырып,