ВУЗ: Казахский национальный медицинский университет им. С.Д. Асфендиярова
Категория: Методичка
Дисциплина: Медицина
Добавлен: 04.02.2019
Просмотров: 11399
Скачиваний: 139
Герметизацияланған ыдыстардағы азық-түлікті тамақтар, дегазациядан ыдыстары өткен соң майдалауға болады. Фосфорорганикалық УЗ-мен уланғандар дегазациялық ыдыстарды 3-5% сілтілі натрий ерітіндісімен шайылады немесе сөндірілген известі ерітіндісімен мұқият тазартады. Ыдысты дегазациялауда натрий немесе люизит залалданғанда хлорлы известің сулы ерітіндісі, қою хлорлы известі ботқалы, 5 -10% хлорамин судағы ерітіндісін пайдаланады. Дегазацияланған ыдыстарды өңдеуден соң жақсылап шаяды.
Залалданған азық-түлік УЗ буымен залалданғанын желдетіп дегазациялайды. Желденген дегазация сол тамақ бар ыдыста жүргізіледі. Мезгіл-мезгіл араластырып және сусымалы азықты қыздырады, өзіндік дегизациялауды тездетеді.
Тамшылы сұйық тұрақсыз УЗ-мен залалданған сусымалы азықты желдетіп дегазациялайды, ет, колбаса сияқты өнімдерді және балықты тереңдігі 1-1,5 см етіп залалданған бөліктерін бірнеше қайтара жуады. Залалданған жаңа жемістер мен көкөністерді азықтың залалданған бөліктерін алып тастайды, және мұқият сумен жуады. Қатты майлардың дегазацияланған жерінің залалды қабықтары 1-2 см тереңдікте алынып тасталады.
Тамшылы сұйық УЗ-мен залалданған азық-түліктің тұнбаларын дегазациямен жоғарғы қабатын тереңдігі 2-3 см-лікте сылып тастайды. Азықтың тамақтың залалданған шеткі бөліктерін жояды. Осыған байланысты, тағамның басқа УЗ-ң буымен залалданған бөліктерін желдетіп дегазациялайды (сусымалы азықтарды) сумен жуып шаяды(ет,балық, көкөніс) барлық дегазацияланған азықтар аспаздық өңдеуден өткен соң және дәрігер қарауынан кейін пайаланылады.
Азықтық тағамдардың дегазацияға жатпайтындарын өртеп жояды немесе жерге көміп тастайды, үстіне керосин, бензин, мұнай заттарын құйып өртейді. Азықтық тағамдарды өртеу кезінде УЗ-ң жоғарғы концентрациялы буы ауаға шығады. Осыған байланысты өртеу әрекетіне қатынасқан әр адамда қорғаныс киімдері және противогаз болуы керек.
Ас үйдің (кухня) ыдыстары, ұсақ құрал-саймандары дегазацияланғанда 1-2 сағат ішінде қайнатылады.
Азық-түлік д е з а к т и в а ц и я с ы н д а радиоактивті заттар негізінен механикалық жолмен жойылады.
Егер азық-түлік герметизацияланған ыдыстарда сақталса және радиоактивтілікке шалдықпаса, онда дезактивациядан соң ыдыстың пайдаланылуы және дозиметрлік бақылануы жүргізіледі. Металл және шыны ыдыстарды дезактивациялауда кәдімгідей сумен жуады немесе суланған ыдыстарды желдетіп кептіреді.
Герметизациялы ыдыстағы сақталған азықтық тағам, дезактивацияланғанда залалсызданған ыдыстан, таза ыдысқа ауыстырылады, тамақтың залалданған бөлігін алып тастайды, сумен шайып жуады. Дезактивация кезінде залалданған ыдыстан, таза ыдысқа ауыстырылуын пайдаланғанда сусымалы азықтарды да зарарсыздандырады. Егер олар қапшықта болса, әр түрлі тәсілдермен азықтың залалданған қабаттарын, ішкі қабаттардан ажыратады, ең қарапайы әдісі, қапшықты сумен ылғалдайды. Одан соң қапшықты сөгіп, жоғарағы жағын дөңгелетіп және таза қалақпен қапшыққа төгеді
Азық-түлікті дезактивациялауда, қатты ыдыстарда (бөшке, жәшік) сақталғандарын өңдеуді шапшыма су ағынымен жуып немесе 2-3 рет жұмсақ ылғалды шүберекпен сүртеді. Одан соң дозиметриялық бақылау жасайды. Егер қайталанған дезактивацияда залалы төмендеп жойылмаса, оны таза ыдысқа аударады. Қатты ыдыстағы сусымалы азықтық тағамдарды былай дезактивациялайды: алдымен азық бетіндегі жоғарғы қабаттарын алып тастайды, одан соң ыдыстың орта тұсындағы азықты таңдап алып, жаңа ыдысқа салады, сол кезде алып тасталған қабаттағы таза ыдыстағыларын араластырып салып, ыдыстың қабырғаларындағыларды алып тастайды.
Жаңадан алынған ет, колбасылық заттар,балық, картоп, сәбіз, қант қызылшасы, жаңа алынған капуста т.б. тамақтық тағамдарды өте мол етіп сумен жуады. Алдын ала, азықтық залалданған бөлігін алып тастайды. Картофельді дезактивация жасағанда, жуу кезінде нәтиже бермесе, картофель тазалағышпен тазалау жүргізіледі.
Қолдануға белгілі жіберілетін азықтық тағам дезактивацияда залалдану дәрежесі төмендемесе, тез бұзылатын тағамдарды жерге көміп, жояды. Тамақтық азықтың ұзақ сақталуға жіберілетіндерін әдейі арнаулы қоймада белгілі уақытқа дейін, қажетті табиғи радиациялы активті ыдырау жүргенінше, залалдануы төмендегенше сақтайды. Ыдыстармен аспаздық құрал-саймандарды дезактивациялағанда сабынды ыстық сумен шаю қажет. Одан соң таза сумен шайып, кептіреді. Арнаулы өңдеуден соң азықтық тағамдармен суды медициналық қызмет бастығының рұқсатымен қолдануға болады.
Дала жағдайындағы тағамның гигиеналық ерекшелігі және медициналық бақылануы. Гигиеналық көзқарас бойынша, әскери қызметкерлердің дала жағдайында медициналық бақылау гигиенасының азық- түлікпен қамтамасыз етуде 4 түрлі ерекшеліктері бар: УЗ, РЗ және бактериалды заттардан уланып қалмау үшін, мүмкіндігінше олжалық тамақтар мен тамақтың жергілікті жерде дайындалуда, кейбір жағдай төменгі сапада тамақтағы дәруменнің болуы.
Тамақтанудың гигиеналық қамтамасыз етілуінде медициналық іс-шаралар орындалады, тамақтануды толық қамту, медицина қызметіндегі әскерилердің негізгі міндетін атқарушылар орындайды. Арнаулы тамақпен қамтитын жауапкершілігі барлар, тамақтандыру қызметінде: аспаздар, асхана, қойма, арнаулы көліктер, дала жағдайында мал соятын орындар ( қасапхана), ас үйлерге қажетті құрал-саймандар, қамтамасыз ететін бас сауда басқармалары, азық-түлік дүкендер, жеке тұлғалық қызмет атқаратындар орындайды, дайындайды.
Әскери бөлімдерде гигиеналық бақылау дәрігерлеріне:
1.Режимді тамақтануды қамтуға дәрігердің қатысуы;
2. Тағамдарды бөліп берілуіне, ережелерді дұрыс сақтауға;
3. Азық-түліктің сақтауына, тағамдардың әкелінуіне де санитарлық бақылау;
4. Азықты қамту қызметінде санитарлық жай-күйін бақылау;
5. Дайындалған тағамның сапасын бақылау;
6. Аспаздық анализ жасау, тағамның физиологиялық құндылығының жоғары болуын қамтамасыз етуде көмек көрсету;
7. Қызметкерлерге кеңес беру, тамақ құндылығын төмендетпеу, дәрумендік сапасын сақтау;
8.Азық-түлік объектілерінің санитарлық-техникалық қолайлылығына іс-шараларлы өткізуге қатысу;
9. Азық-түлікпен қамтуда судың қажетті мөлшерде болуын, қауіпсіздігін,сақтауды қадағалау.
Ал эпидемиологиялық бақылауда тағамдық уланудың болмауы керек, сол мақсатта асхана, аспазхана, азық сақталу орындарында, азық-түліктің дұрыс өңделуін күнделікті бақылау енеді.
Кейбір уақытта тамақтан уланудың салыстырмалы түрде жоғары болуы, мына себептерден: жоғарыда көрсетілгендей дала жағдайында дайындалған тамақ бір ғана емес, құрал-жабдықтары аз көптеген ас үйлерде болуы мүмкін. Ол санитарлыққа сай болмағандықтан өңдеу жағдайында бұзылыстың мүмкіндігі көп болады. Соғыс жағдайының өзгеруі, көбінде бөлімшелерге тамақты дайындау мерзімі мен оның тасымалдануы тамақтану режимінің бұзылуына әкеледі.Тез бұзылатын тағамдарды ПДП-інде сақтау қиын. Оның дұрыс бұзылмаған және нашар сақталудан піскен ет, аралық тамақтануға берілгенде азықтық улануға бірден бір себепкер; жауынгерлер, су тапшылығынан, өздері пайдаланған ыдыстың толық жуылмауы; азықтық уланудың өзі жеуге жарамайтын өсімдік, жануар тектес тамақтың қолданылуынан болады; соңында , ұрыстық жағдай, медициналық бақылаудың жүйелі жүргізілмеуінен және тағаммен қамтамасыз ету қызметі жұмыскерлерінің бактериялогиялық зерттеулердің қиындығынан да болады.
Көп қолданылатын консервілер және концентраттық тағамдар, д ә р у м е н н і ң тамақ құрамында төмен болуы, сонымен қатар, өзімен алып жүретін ас үйден алдымен тамақ қазандығынан, тасымалданатын, бөлінетін пунктке, сонан соң бөлімшелерге термоспен алып жүретін, жоғарғы температураның ұзақ уақыт әсері болады.
Дала жағдайында әскери қызметкерлерге көрсетілген азықтың ерекшелігі медициналық бақылау міндеттерімен сай келуінің анықталуынан. Оның міндеттері: тамақтан уланудың профилактикасы, тағамның тиімді қорғануын бақылау және қарсыластың қолданылатын ЖҚЖҚ – дың азықтық қызметі техникасы және гиповитаминоз профилактикасы. Тамақты гигиеналық қамтамасыз ету мазмұндамасында, азықтық улану профилактикасы жоғарыда көрсетілгендей.
Азықтық э к с п е р т и з а н ы ң (сараптама) жүргізілуі тамақтың улану себебін зерттеген соң, азықтың бүліну белгілері білінген соң, жергілікті азық-түлікті, олжалық азықтық тамақ және олардың ЖҚЖҚ-дан залалданған соң жүргізіледі. Бірінші жағдайдағы экспертиза санитарлық сипатта болады. Оның мақсаты азықтың сапалығына баға, оның берілген нормаға сәйкестілігі. Егер тамақ қоры экспертизаға жатса, ол нақты белгісі залалданғандығы (УЗ мен РЗ), онда бөлімше дәрігері санитарлық экспертизаны, қолданатын жеке бөлімді тамақпен қамтылуда пайдаланатын тамаққа қолдануға болатыны жөніндегі бағасына қарайды.
Олжалық азық-түлікпен тамақ экспертизасы ЖҚЖҚ қолданудағы залалдануының күмәндануына өткізеді, ондай ережеге сай арнайы әскери, майданның санитарлық-эпидемиологиялық мекемелері және гигиеналық экспертизаны атайды. Оның мақсаты, міндеті келесі тарауларда қаралады.
Г и п о в и т а м и н о з профилактикасы, дала жағдайында тамақтанудың гигеналық бөлімінің маңызды бөлімі және оның іске асырылуы синтетикалық дәрумендік препараттардан беру немесе дәрумені бар өсімдіктерді қолдану. Оған жататындар шөптесін өсімдіктер – қымыздық, қышқылдық, қалақай, ал ағаш тектес өсімдіктер – үйеңкі, қайың, жөке. итмұрын, бүрген, бетіқышық құрамында С дәрумені және каротин болады. Дәруменге мол құрамындағылар – бұршақ , бидай, сұлы немес қара бидай, олардың ботқа, салат, бірінші тағамға қосылатын түздық қолданылады.
С дәрумені өте көп мөлшерде қылқан жапырақты ағаштарда болады. Олардан тұнба жасау тәсілдері мынандай: жақсылап жуылған қылқанды қайнаған суға 2-3мин салып қайнатады, ұсақтайды, үш есе қайтара қайнаған су құйып, 1-2 сағат тұндырады. Тұндырылған тұнбаны сүзгілеп қойып жарты тәулік тұндырады. Мөлдір тұнған сұйықты дәрумендік ішетін етіп дайындайды, ащы дәмі болса, оған қоспа ретінде азықтық қышқыл, шырын, қант немесе нан квасын қосады. Осындай ішімдік 5 күн 15-17 °С де сақталады.
С дәруменінің жетіспеушілігін тәтті, дәмді тағамдармен, оған препараттар қосып тәтті етіп толықтыруға болады.
Өзіндік бақылау және сабақты талқылау сұрақтары
-
Әскердегі жеке құрамның тамақтандырылуы қалай ұйымдастырылады?
-
* Әскери қызметкерлердің «рационды тамақтануы» деген түсінік нені береді? Оның ұйымдастырылу принциптерін және сипатын атаңыз.
-
* Тамақтанудың гигиеналық қамтылуындағы медициналық іс шаралар.
-
*Азық-түліктің бөлініп берілуіндегі гигиеналық бағаның мазмұны қалай?
-
Далалық жағдайда жеке құраманың тамақтануы қалай ұйымдастырылады?
-
Әскердегі жауынгерлер мен офицерлердің тамақтанудың Ұйымдастыр-ылуын, гигиеналық норма бағасы.
-
Әскери бөлім қызметкерлерінің азық-түліктегі қандай құрал-саймандары қолданылады?
-
Батальонның азық-түлік пункті деген не,ол қалай орналасқан?
-
Жаппай қырып жоятын қаруды қолданудағы тамақтануды ұйымдастыру жағдайы.
-
* Дала жағдайындағы тамақтандырудың қандай гигиеналық ерекшеліктері бар?
Ескерту. *-мен белгіленген сұрақтар студенттің реферат рәсімдеуде нұсқау ретінде қолдануға болады.
5 – т а р а у
Дала жағдайында судың және тамақтандырудың гигиеналық сараптамасы
УЗ мен БЗ-ң су көздерін залалдандырылуы қарсыластың шашыранды ретінде арнаулы авиациялық құралдарды қолданады: УЗ мен БЗ бар бомба мен снарядтардың су қоймаларына, жақын жерлерде жарылуы; жаңбыр, ағын сулардың залалданған аумақта ағуы,сонымен қатар шегінуден соң залалданбаған және залалданбаған ағынды су бар пункттерді арнаулы өңдеуден өткен, санитарлық өткізу орындары, оның ішінде ерекше инфекциялық госпиталді әдейі қаскөйлікпен залалдандыруы.
Су қоймалары мен кішігірім су қоры, одан басқа әдейі қастандық жолымен эпидемиялық ауру қоздырғыштары мен (оба, тырысқақ, іш сүзегі, туляремия, бруцеллез, су безгегі т.б.) залалдандыру, токсиндік, токсиндік емес заттармен, органолептикалық белгілері байқалмайтын (алколоид, ауыр металдар тұзы, кейбір фосфорорганикалық УЗ т.б.) залалдандырылуы мүмкін.
Ашық су қоймалардағы судың залалдану дәрежесі мен сипаты әр түрлі факторларға байланысты: су көздерінің көлемі мен ағу жылдамдығының өзінде үлкен мағына бар, сыртқы ортадағы (қоздырғыштардың беріктігі және УЗ-ның гидролиздік дәрежесі) тұрақты агенттер және оның дозасы, УЗ-ның агрегаттық жағдайы.
Көптеген әдебиеттік мағұлматтарда тіпті аз мөлшердегі УЗ-ның бу күйінде токсикалық концентрациясы, тамшылы – сұйық, аэрозольдары ашық қоймаларының залалдануы куәгер делінеді. Тұрақсыз УЗ сұйық күйінде уақытша залалдануы мүмкін. Бірақ сұйық синильді қышқыл баяулап залалдандырады; оның көптеген бөліктері суда тұзды қалыпқа көшеді, ал осы қышқылдың суы гидролизге төзімді. Осыған байланысты цианидтермен залалданылуы күдік тудырады, адамдардың суды экпертиза жасамай ішуіне болмайды.
Судың ұзақ уақыт залалдануы, зоман, иприт, мышьяк тәріздес заттарды тудырады.
Су көздерінің радиоактивті заттармен залалдануы: жер асты ядролық жарылыстар немесе су қоймалары жақын жерлерде ядролық сынақтың өтуінен болуы мүмкін; ядролық жарылыс өнімдердің түсуі (радиоактивті шам, ядролық атмосфералық тұнба) болады; су қоймалары пунктері арнаулы өңдеуден соң дезактивациялық емес су ағымдарынан; санитарлық рұқсат берілу пункті және ядролық энергетикалық қондырғылардан түсуі; залалданған жерлердің аумағынан жаңбыр және еріген сулардан түсуі мүмкін. Көптеген мөлшерде УЗ, РЗ, БЗ- мен шахтылы құдық, тоспа, көл, ашық су қоймалары, кішігірім өзен залалдануға душар болады.
ҚЖҚЖ – қолдануда азық-түліктің залалдануы: УЗ-ның шашырауы, авиациялық арнаулы шашырататын құралдардан; УЗ мен БЗ-ның жыртылып айырлуынан бомба мен снарядтармен жарылуына; радиоактивті бұлттан ядролық жарылыс кезінде азық-түлікке түседі; залалданған су, құрал саймандардан азық - түлікті пайдаланып өңдеу кезінде залалдануы мүмкін. ҚЖҚЖ – қолдануда азық – түлікке қойма, тасымалдау, өңдеу, жауынгерлер қапшықтарының сақталуы кезінде, астық өнімдерін жинау кезінде түсуі мүмкін.
Қастандық жолмен, аумақтың ауданында жинау жұмыстармен шұғылдану кезінде жоққа шығаруға болмайды. Ең соңғысы, кезіндегі бактериялық рецептура, УЗ мен жоғарғы токсинді заттарды, алколоидтар, ауыр.
І-саты
Тұрған
орындағы зерттеулер
Ақпарат
жинау
Жергілікті
және объекті қарау
Индикациялау Үлестік
рұқсат
Қорытынды
жасау
Жойылатындар
Соңғы
Алдын-ала
Арнаулы
тексеруге баратын
Лабораториялы
тексеруге баратын