ВУЗ: Казахский национальный медицинский университет им. С.Д. Асфендиярова
Категория: Методичка
Дисциплина: Медицина
Добавлен: 04.02.2019
Просмотров: 11401
Скачиваний: 139
Лауазымды қызметкерлердің міндеті. Әскер Қарулы Күштердің ішкі қызметкерлеріне арналған Жарлықта барлық дәрежедегі командирлер өз қарамағындағылардың денсаулығын сақтау, шынықтыру, материалдық тұрмыстық жағдайын қаматамасыз етуін міндеттейді. Бригада командирінің саяси бөлімі жөніндегі орынбасары сардарлар мен сарбаздардың тамақтануына қамқорлық жасауына міндетті. Бригада командирінің тыл орынбасарына азық-түлікпен қамтитын қызметкерлер бағынады, жеке құрамды сапалы тамақпен қамтылуын ұйымдастырады және әр әскери қызметкерлерге жететіндей азық-түлікпен, азық түрлерін тиісті етіп қамтиды. Азық-түлікпен қамтамасыз ететін әскери бөлім бастығының тікелей жұмысы - асхана,аспаз, азық-түлік қоймасы, наубайхана, мұздатқыш, көмекші және асханалық шаруашылықтар. Сонымен бірге,ол азық-түліктің дұрыс сақталуын, алынып келуін ұйымдастырады, ыстық тамақтардың дұрыс дайындалуын, сарбаздар мен сержанттарға және сардарлар сыбағасының тиісті нормаларын қамтамасыз етуге; бригаданың медицина қызметкерелерінің бастықтары азықтың дұрыс бөлінуін, айына бір рет аспазшылармен бақылау-көрсеткіштігін, тамақтың пісірілуін және қоймадағы тамақ сапасын тексеріп тұрады.
Бригаданың медицина қызметкерлерінің бастығы тамақтану режимін құрады,әрдайым жүйелі түрде азықтың сапалы түріне медициналық бақылауы, оны ұйымдастыруы, шаруашылық қызметкерлермен санитарлық жағдайы туралы, сардарлар, сержант және сарбаздардың диеталық тамақтануға тиісті қорытындысын жасап бригада командиріне жеткізуге міндетті.
Бөлімнің медициналық қызметкерлері, тамақтанудың күнделікті санитарлық қадағалау мәселелерінде, жалпы және арнаулы шектеуші құжаттарды басшылыққа ала отырып, ағымдағы жұмыстарды іске асырады. Медициналық қызметтегі шектеуші құжаттардан басқа ,әскери дәрігер тағы да басқа барлық құжаттарды білуімен бірге, тамақтық үлес нормасын, санитарлық бөлінуін анықтайды. Олардың алынуы,тамақтың бөлінуі,олардың алмасу ретін, түрлі тамақтану қызметіндегі және арналған техникалық жабдықтарды білуі керек. Әскери дәрігер, тамақтануды ұйымдастыратындардың атқаруға тиісті жауаптылардың міндетін нақтылы білуі керек.
Азықтандыру объектісіндегі тамақтандырудағы кемшіліктің жіберілуі сол салада істейтін адамдамдардың біліктілігінің төмендігін көрсетеді.Сондықтан дәрігер, тамақтандыру қызметіндегі бастықтың тек талап етуі ғана емес,жеке адамдардың жұмыстағы біліктілігін де арттырады - аспаздық аспазшылары мен сабақ өткізу, білікті тәжірибелерімен өзара алмасу және әскери қызметкерлері мен тамақтану гигиенасы туралы,тамақтандыру қызметкерлерімен сабақ өткізу, гигиеналық талаптардың орындалуын түсіндіру,тамақтың улануы болатындығына және тағамды дайындауда ескертулер жасалады.
Дәрігер нұсқауларына менсінбейтін адамдарға әкімшілік ықпал жасап немесе қоғамдық талқыға салу керек, оған тек шара қолдануы мүмкін, мысалы, аспаздық қосымша айлық ақысын қысқарту, алып тастау, ал дәрігердің жазбаша көрсетуімен жақсы жасалған сапалық тағамның бағасын арнаулы кітапшаға жазады. Әскердің бөлімше дәрігері аспазшылар біліктілігінің кәсіптік разрядқа ұсынылуы, атақ берілуі, еңбек етуінің айлық ақысына байланысты болады.
Дәрігерге көмекке қоғамдық ұйымдарда қатынасып, ықпал етуі керек. Саяси бөлімнің қызметкерелері істелген шараға ынталы кірісіп, тамақтанудың жақсаруына,физиологиялық қанағаттануын түсінікпен қарауда өте көп назар аударып, қызметкерлердің көңілін көтеріп, сарбаздардың адамдық қасиетін қорғауы керек.
Тамақтануда, бақылауды күшейте отырып, әрине дәрігер, соңында командирдің абыройына сүйенеді. Сондықтан, бөлім командирі саяси және тыл жөніндегі орынбасарларымен жүйелі түрде өз ой-өрісін кеңейтуі керек. Бұл, өте ыңғайлы жағдайда тамақтану туралы баяндау барысында айтылады.
Тамақтануда гигиеналық қамтудағы медициналық шаралар
Міндеттері мен мазмұны. Әскери бөлімнің жеке құрамы азық-түлікпен қамтамасыз етудегі гигиеналық медициналық іс-шаралардың негізгі мақсаты, медициналық қызметкерлер күшімен және жабдықталуымен, қызмет атқарушылардың өзара түсіністік байланысы, әскери қызметкерлердің тамақтануда еңбек және тұрмыстық жағдайына толық сайма -сай болуы, жауынгерлік дайындық мәселелерін,жауынгерлік міндеттерді шешуге қабілетті.
Өз сипатын қарай,тамақтандырудағы гигиеналық бағалау, еңбек пен демалыс кезіндегі тамақтануды анықтаумен бара бар. Осы соңғы тамақтанудағы сайма-сайлық, жеке құрам бөлімін немесе бөлімшелерде және жалпы аурушаңдықты зерттеу құрылымында медициналық тексерудің құрамына кіреді (3-ші сұлба) Тамақтанудағы медициналық қамтылу және эпидемиологиялық бақылау жинақтары, гигиеналық тәрбие мен медициналық жабдықталумен сәйкес келеді. Гигиеналық және эпидемиологиялық бақылау азық-түлік объектілеріне таралғаны: ас үй, асхана, қойма, арнаулы көлік, көкөніс сақтау қоймасы, ашытқы жасау пункті, далалық мал сою алаңы, қосымша асханалық шаруашылықтар және бас сауда басқармасының объектісі (военторг), әскери бөлім ауласындағы (азық-түлік дүкені,сарбаздар шәйханасы, буфет) жұмысында, сонымен бірге арнайы қызметшілер ( персональды) қызмет атқарады.
Әскер әрекетінің нақтылы жағдайына байланысты әскери бөлімдегі тамақтанудың гигиеналық бақылауына тамақтану режимін қолдану ыңғайлы етіп, өңдеу жұмыстарына және оны орындаудағы байқауына дәрігер қатынасады; азықтың дұрыс бөлінуі және бір азықтың екіншісімен аламастыруына (алмастыру кестесі бойынша) қатынасады, азықтық тамақтың сақталу ережелері санитарлық байқау мен тасылмалдануына; объектілерді санитарлық бақылауы азық-түлік қызметі мен азық-түлік мекемесіне (военторг); азық-түліктің сапасын және дайын тағамды бақылау жүргізу, сонымен бірге аспазшы шеберлігіндегі үрдісті байқау; тамақтану жағдайына гигиеналық талдау (баға беру); тамақтың толық құндылығын арттыру шараларын ұйымдастыруда азық-түлік қызметіне кеңестік көмек және ең алдымен дәрумен құрамының қысқарып қалмауы; азық-түлік объектісінің санитарлық-техникалық қолайлы өңдеу іс-шараларына қатынасу; азық-түлік объектілерін сапалы,жеткілікті етіп қамтылуын байқау.
Эпидемиологиялық бақылау, табиғи бактериалды тамақтық улану болмауын ескертуге арналған. Осы мақсатта медициналық бақылау азық-түлікпен қамтамасыз ететін қызметкерлер денсаулығын, азық-түлік қоймасы, асхана, аспаздық және сумен қамтамасыз ету жүйесіндегілердің денсаулығына, күнделікті аспаз бен асханада істейтіндердің киімдеріне бақылау жасау; азық-түлікті өңдеу, сақтау және тамақты жеткізу жағдайына сонымен қоса, қалған азықтардың сақталу жағдайына да бақылау жасалады.
Тамақтың жұғымды болуы дайындалған соң және жылытылған азықты өңдеусіз берілуінен болады. Жұқпалы азықпен дайын жұқпалы емес азықтың өзінің органолептикалық көрсеткішінде бір бірінен айырмасы болмайды, сондықтан оны ескеру керек. Ыстық пешке 80°С тан төмен емес температурада азықты қысқа мерзімде сақтау -1½ сағат . Дайын асты мұздатқышта сақталуы 4 сағаттан артық емес. Осы уақытта келмеген адамдарға, асханада ас бөлек қайта дайындалады. Сақтаудағы жылытылған ас сол мерзімінде берілу керек, сақтауға болмайды. Асхана нарядын медициналық бақылауда нашарлатуға болмайды, ол көбінде азықтың бұзылуына әкеледі,оған белгілі санитарлық ережеде үзілді-кесілді тиым салынады.
Төтенше қауіпсіз жіті жұқпалы ішек ауруымен ауыратындарға, емдеу мекемесінен шығып келгендерге, клиникалық-лабораториядан және аспаптық зерттеуден шыққандарға ас үйден тамақ ішуге 3 айдан кейінгі уақытта, тамақ тағайындалды.
Азықтық уланумен жіті ішек инфекциясын ескерту мақсатында, барлық іс-шаралардың тиімділігі сонда, егер тамақпен қамту қызметі санитарлық жағдайы толық талапқа сай болғанда.
Жоспар бойынша өткізілетін гигиеналық тәрбие жұмысы, тамақ объектісі мен әскери бөлімдегі жеке құраммен, жеке бас гигиенасы туралы, жеке адмдарға да тамақтан әртүрлі залалдануы және дайын тамақтың ішектік жұқпалы ауру қоздырғыштары, сонымен бірге улану мүмкіндігі бар екенін, аспаздық үрдісте химиялық элементтердің де маңызы жоғары сапалы азықты сақтауда және т.б мәселелерде санитарлық ағарту жұмысын өткізуде ескеріледі.
Әскердің жеке құрамын тамақпен гигиеналық қамтылуына медициналық
қызметкерлер қатынасады, қажет болса тамақ құрамындағы дәрумендік қоспаның дайындалуын, тіпті бөлек өсетін шөптерден де алып қосылуын ұйымдастырады; тамақ объектілерінде дезинфекциялық және дератизациялық іс шараларына, керекті жабдықтардың берілуіне рұқсат етіледі.
-
Ә скери бөлімдегі тамақтанудың гигиеналық бағалануы
|
Ж еке құрамды мед. тексеру |
|
|
|
|
|
|
|
||
|
|
|
|
|
Е ңбек пен демалыс түріне қарай тамақтанудың бейімділігін анықтау |
|
||||
А нтропометриялық көрсеткіштерді анықтау және баға беру |
|
|
|
|
|
|
||||
|
|
|
|
|
|
Э нергия мен тағамдық заттарға байланысты қажеттілікті анықтау, ол: |
|
|||
А лиментарлық ауралардың симптомын шығару |
|
|
|
|
|
|
|
|
||
|
|
|
|
|
|
Антропометриялық көрсеткіш |
|
Еңбек қарқынының сипаты |
Ж алпы аурушаңдықты зерттеу |
Демалу жағдайы |
Тамақ сапасына қарай аурушаңдықтың деңгейін анықтау |
Н ақтылы энергияның түсуін анықтау және тағамдық заттардың нәтижелігіне байланысты |
Бөлек ауру топтарына тамақтанудың әсері |
|
|
|
|
|
|
Дайын тағамның шығуы. (нақты есептеу) |
|
Тағам қалдықтарының орташа өлшемінің үстелде қалуы |
-
Лабораториялық анализ
3-сұлба. Әскери бөлімдегі тағамның гигиеналық бағасы және бағыты.
Азықтың таратылуына гигиеналық баға беру. Барлық жағдайда қазандық үлес әскери қызметкерлерге тамақ дайындауда азық дұрыс таратылуы керек. Азықтың дұрыс таратылуы тамақтың өте дұрыс және рационды бөлініп берілуі. Бір адамға бір тәулікте берілетін өзіне тән нормалық үлеспен жеке табақшамен тамақты дайындар алдында береді. Тамақтың бөлініп берілуі ережеге сай, нормамен әр сыбаға, бір аптаға есептеліп құрастырылады, бөлім командирі тамақтың бөлініп берілуін бекітеді.
Азық-түліктің бөлініп таратылуының гигиеналық бағасы мынандай жолмен: қабылданған тамақ режимі әуелде негізделіп бекітіледі, онан соң күнделікті және аптасына табақтағы бірдей рецептурамен,ащылығы өткір және бейтарап тағамдар белгілі жиілікпен ,дайындалатын және суық ассортиментті (таңдама түрлері) дәмдердің қайталанып берілуі анықталады; одан әрі тамақ калориялығы бағаланады және жеке күндерде бөлініп берілуі тәуліктік норма үлесі астың қабылдануына (калориялық сыбаға қосындысы пайызбен есептеледі) қарай, құрамында белок,май және көмірсулары (рационның калориялық пайызы,жануар,өсімдік майлары есебінен жабылады) және белок,май, көмірсуларының ара қатынасы артады. Ас үй алды шаруашылығындағы (бөлініп берілетін график бойынша) қосымша азық түлікті пайдалану және басқа азық түлікпен айырбасталуының дұрыстығы тексеріледі, азық-түлік алмастыруында ай сайынғы орта есептегі шығыны болмас үшін белгілі есеппен бекітілген нормада өткізіледі. Алмастырылған азық-түлік,бөлімше дәрігерінің бақылауында болуы қажет,өйткені көрсетілген норма калориялық есеппен құрастырылады.
Ас үй, асхана сонымен қатар аспаздық үрдіс тағамдағы С дәруменінің құрамының санитарлық жағдайы бригаданың күнделікті бақылауында, БМР мүлікін пайдаланады, тіпті кішігірім лабораторияның болуы артық емес.
Мемлекеттік стандарт талабына сәйкес азық-түліктің сапалы бағасы, санитарлық эпидемияға қарсы взводтың (СПЭВ) лабораториясында,жеке медициналық отрядта т.б санитарлық-эпидемиологиялық мекемелерде өткізіледі. Ол үшін СПЭВ, ЛГ-1 төсенішімен, гарнизон мен округ лабораториясында - ЛГ-2 гигиеналық төсенішімен жабдықталады.
Дала жағдайында тамақтану
Стационарлық жағдайға қарағанда дала жағдайында мынадай ерекшеліктер бар: ротаға (ас үйдің бір далалық ас үй бөлімшелері үшін беріледі); әскери адамдардың тобының жеке бөліктеріне тағамдар дайындалады, кейде өздері жасауға тура келеді.Дала жағдайында көбінесе консервілер, концентраттар пайдаланылады. Әскери жағдайға байланысты күрделі және тез дайындалу тамақтану режимінің және тамақ өнімдерінің бұзылуына әкеледі. Тамақтарды зиянды заттардан, бүлінуден, бұзылудан сақтауда, азық-түлік сақтайтын ыдыстардың неден жасалғаны, тазалығы,олардың қалыңдығы және өте тығыз және ыдыстардың беттерінің жабылуы қарастырылады. Ондай ыдыстарды уланатын заттар (УЗ), радиациялық заттар (РЗ) және бактериалды заттардан (БЗ) қорғалуы керек. Буып түю, оралатын заттар ыдысты қаптауға болатын полимерлік пленка қорғаныштығы берік болуы керек, ол уланудан радиоактивті заттардан қорғанатын металды фольга болуы керек. Кейбір жәшіктегі азық-түліктердің үстін шатырларлар,топырақ, қамыс, сабанды заттармен қорғалуы мүмкін, кейде қолдағы бар заттармен де жауып сақтайды.
Соғыс жағдайының күрделілігі және жылдам өтуі, жүйелі түрде тамақтану; таңертеңгілік, түстік,кешкілік үйренген мезгілінде, тамақтың қабылдану ережесінің бұзылуына әкеледі,азық-түлікті сақтаудың өзіндік қиындықтарын туғызады.
Азық-түліктер және тамақтану нормасы. Соғыс уақытында әрекеттегі әскердің жеке құрамын азық-түлікпен қамтамасыз ету,далалық жағдайдағы нормалық үлес құрамына; нан,кепкен нан, ет,немесе ет консервілері, жарма және көкөніс, брикеттелеген (тығыздалған,престелген) концентраттар( бірінші, екінші тамақ ), май қант, шәй енеді.
Тамақтың дәмін, сапасын жақсарту, калориялығын арттыруда қолданылатын сорпалық паста негізінен белок гидролизаттарынан тұрады. Сорпалық пасталарды азықтық концентраттардан дайындайды. Нанды пісіру қиындығы болғандықтан, консервленген нан, қатқан нандарды кепкен нандармен ауыстырады.Кепкен нан (сухари) тамақ пісірер алдында өз қалпына келуі үшін жауынгерлер қазандығының сухари сыбағасы кепкен нан қорынан бөлек-бөлек салып, су құйып, 10-15 секунд қайнатады, содан соң суын төгіп, қазанның бетін жауып, 5минуттай отқа қойып қыздырады. Осындай өңдеуден өткен соң кепкен нан, нан дәрежесіне келеді. Қатқан, кепкен нанның дайындалуы мынандай; қатты қағаз(картон) қорабына құмықты сеуіп, оның бетін сүргілі қағазбен жауып, оған ылғалданған нанды салып қорапты жауып қояды. Қораптың жиегін тілік қағазбен желімдеп тастайды. Қорапты қатар-қатар етіп жинап, өзіндік 4-6 сағат стерилизациялайды (ішкі температурасы жоғары болуы керек) .ұстайды.
19-сурет.Автоасүй (автокухня) ПАК-170.
Ет, өсімдік аралас етті, консервілерді, қазандық тамақ, ол жекелей және топтық тамақ ретінде де қолданады.
Дала жағдайында, кең көлемде құрғақ - НЗ ( НЗ-қол сұқпайтын алып жүруге арналған қор) сыбағалар қолданылады. Құрғақ НЗ сыбаға, жеке құрам жаяу әскерлерді тамақпен қамтылатын асы, ал кейбір жеке контингенттерге (адам құрамына) ерекше соғыс жағдайында ыстық тамақ пісіре алмайтын уақытта ғана беріледі.
2 0-сурет.Өздерімен алып жүретін асүй.
а)автотіркеме КП-125 б) КП-2-49, қамысты шатыр.
НЗ сыбаға ретінде нанды концентраттар қолданылады, оның жоғары құнарлы аралас қоспа, нанды сухари әр түрлі тағамдардан алдын ала дайындалады (ет, сүтті белок, бал, какао, қант, кофе, жемісті экстракт және т.б). тәуліктік рационды құрғақ сыбаға құрамына әр қайсысы 200 гр.нан брикетті концентрат кіреді. Оның сақтау мерзімі 12 айдан кем емес.
Етті, сүтті немесе белокты нанды концентратты брикеттерді ыстық сұйық (суп) тамақ ретінде дайындайды. Ол үшін брикеттіркүні бұрын майдалайды, қазанға ыстық сумен бірге салып (0,4 литр) қайнатады. Нанды концентратты, ешқандай ыстықпен өңдеусіз, шаймен немесе ыстық сумен ішеді.
2 1-сурет.Далалық асүй.
1-асхана; 2-тамбур; 3-тіркеме асүй; 4-көмекші цех.
Рационды құрғақ сыбаға тамақты қабылдау былай: таңертең, кешкі асқа тәтті брикет (престелген), түске – етті, сүтті немесе белокты брикет. Шай және қант теңдей бөлінетіндей етіп, үш мезгілдік тамақ береді. Құрғақ сыбағалар шамамен 3-5 тәуліктен артық болмауы керек. Бөлінген уақыт ішінде жеке құрамның жауынгерлік қабілеттілігін, калориялығын сақтауға сүйемелдеуге жеткілікті.