ВУЗ: Казахский национальный медицинский университет им. С.Д. Асфендиярова
Категория: Методичка
Дисциплина: Медицина
Добавлен: 04.02.2019
Просмотров: 11398
Скачиваний: 139
Құрғақ сыбағалар, НЗ сыбағалар, құрамы картонды-металл банкілерге немесе полиэтиленді пакеттерге салынады. Сыбағаларды сарбаздар қапшықтарында сақтайды. Танк, басқа да тасымалдауға есептелген көліктерге, бронетанктерге және артиллериялық өз бетімен жүретін қондырғыларға, НЗ сыбағалардың аузы жақсы бекітілген (гермитичность), қақпағы бар металл жәшіктерге төселіп салынады.
Далалық азық-түліктің техникалық жабдықталу қызметі. Барлық азық - түліктің техникалық жабдықтау қызметін, дала жағдайында тамақты дайындайтын, алып жүретін, сақтайтын, пайдалануына карай 3 топқа бөлуге болады: тамақ дайындалатын, ыстық тамақ дайындалатын, азық – түлікті алып жүретін және сақтайтын жабдықтар, далалық нанды таситындар және далалық жылжымалы заводтар, шағын диірмен және қасапхана.
Әскери бөлім жабдықтайтын автоас үй, ПАК-170 және алып жүретін КП-125, қамысты шатыр және КП-2-49 болуы керек. Ең ыңғайлысы автоас үй ПАК-170. Мұнда тамақ дайындалады, ол жақсы жабдықталған автомобильдің үйі, ол жаңбырлы күндерде жарамды. Бөлімшелерге тамақты жеткізуде термостар, онда температура – 150С болса да, тағам бірнеше уақыт ыстық күйінде болады.
Ірі тылды құрамға (штаб, госпиталь) тамақты ұйымдастыруды далалық асхана – ас үйлерде орналастырады.
Ыстық суды ысытылатын қазандарда дайындайды, ол барлық алынып жүретін ас үйлер, қайнатқыш ПНК-2 қолданылады.
Тез бұзылатын, сақтауға келмейтін азық-түліктерді суытқыш камералар және авторефрижаторларда сақтайды. Қалған азықтарыды, жинастырылатын кафт-қағаздардан жасалған қапшықтарда, полиэтиленді картон қораптарға салып, тағы да басқа сәйкестенген тараларда (ыдыстарда) сақтайтын алып жүретін азық-түлікті машиналармен, аз көлемділерін арнаулы контейнерлермен алып жүреді.
Дала жағдайында әскери бөлімшелерде өзбетінше нан пісіреді немесе далалық дивизион аралық нан заводтарда дайындайды.
Далалық жылжымалы заводтар, диірмен, қасапхана және т.б. жабдықтар, өздеріне сай құрал – жабдықтарды әскердің тыл, майдан құрамын ұн, жарма, макарондық заттар, ет дайындайтын қызмет жабдықтайды.
Суды тасымалдау, сақтау үшін автомобильдік цистерна АВЦ-28, АВЦ-15, цистерна ЦВ-2 басқа да жабдықтаушы арнаулы жабдықтар пайдаланылады. Су қорына арналған көлемді ыдыстар, далалық ас үйлерде де болады.
Тамақтандыруды ұйымдастыру. Әскерді тамақпен қамтуды дала жағдайында ұйымдастыру тамақтандыратын далалық пунктте (ТДП). Оның негізі батальондық далалық пунктте (БДП), ол негізі батальонды жабдықтайтын шаруашылық взвод бөлімінің күшімен жабдықтарымен жасалады. Дайын тамақтар, нан, қант ротаның тамақ бөлетін пунктінде, одан ары алып барушылар көмегімен әскери тәртіпте жеткізіледі.
22-сурет.Батольондық азық-түлік пункті.
23-сурет.Жергілікті жерге ыңғайланған азық-түлік пункті.1 - КП-125 асүй; 2-қамысты шатыр; 3-арқандық қорғаныс;4-ыстық тамақ тарататын орын; 5-картоп, көкөніс тазалайтын орын; 6-асүйді тасымалдайтын автомобиль (тағамды сақтауды және тасымалдауға жабдықталған құрал-саймандар ББП); 7-сарбаздар құрамы үшін жасалған кіші шатыр; 8-жеке құрамаға тамақ қабылдайтын шатыр; 10-шығарылымдық шұңқыр; 11-далалық әжетхана; 12-автоцистернадан суды бөлектейтін орын.
Тамақты дайындауда кішігірім ас үйлік құралдар мен бұйымдары пайдаланылады. Тамақты дайын концентраттармен, консервілерден дайындайды. Әр түрлі себептерге байланысты тамақ дайындау жүйелі түрде болмауы мүмкін, бірақ ыстық тағам тәулігіне 2 рет дайындалуы керек. Барлық БДП-ға азықтың бөлімін берілуі бәріне біртұтас немесе әр түрлі вариантта бірнеше бөлікпен алдын ала дайындалады, ол бөлімшелердегі ұрыс әрекетінің сипатына байланысты.
Дала жағдайында тамақтану өз қазандарымен жеке (индивидуальды топтық) және аралас түрде жүреді.
Қ а з а н д ы қ , далалық жағдайда тамақтануды ұйымдастыру, принципі әскерді тұрақты қоныстандырудағы бейбіт уақыттағыдай қазандық тамақтанудан айырмасы жоқ. Кәдімгі азық-түлікпен жаңа өнімдерді пайдаланып, күніне 3 рет ыстық тамақ ұйымдастырлады.
Шайды 2 рет – ерте, кеште қайнатады. Таңертең және кешке 1 рет тамақ беріледі. Түске суық дәм (жағдайы келіп жатса), бірінші және екінші дәм де беріледі. Егер тәтті тағам беру мүмкіндігі болмаса, орнына қант беріледі.
Әскери қызметкерлерді өзіндік немесе индивидуальды, топтық жағдайларға байланысты тамақтандыруды немесе ыстық тағам дайындау аздаған топтық топтарға - экипажға, жауынгерлік есепте немесе кішігірім бөлімшелерге - кішігірім асүй (кухня) кіші литражды, МК-10, МВК-50 кіші көлемді газды және ошақтар пайдаланылады. Ал жеке тамақтануда (барлаушылар, реттегіштер, кейбір жағдайдар бөлімшенің жеке құрамы)- сарбаздар, онда екі адам болып тамақты өз қазандығында пісіреді немесе ыстық өндеусіз рационды тамақты шай немесе сумен іше салады.
А р а л а с тамақтануда – ыстық тамақ тәулігіне 2 рет - таңертең және кешке оның арасында сарбаздар бұрыннан дайындалған а р а л ы қ тамақты ішеді: нан немесе сухари, пісірілген ет немесе өсімдік- етті консерві, шошқа еті пайдаланылады.
М а р ш т а ( әскердің сапта жүру түрі ) қазандық тамақ ұйымдастырылады. Жеке құрамға марш кезінде НЗ құрғақ сыбаға, ол тек командирдің рұқсатымен ғана беріледі. Ыстық тамақтың берілуі әскердің дамылдау кезінде ұсақ бөлімшелер мен жеке топтарға (барлаушылар, реттегіштерге) тамақтану жеке, кейбір жағдайда термоспен шай берреді.
Сардарлар мен сарбаздардың тамақтануы шабуылды ұрыста ұйымдастырылуы мынандай: топтанған аудандардың жеке құрамның БДП-не ыстық тамақ не термос арқылы бөлімшелерге жеткізіледі; қазандағы тағамды БДП-де тек жақын аралықта жүргендер үшін беріледі
Әрекет етуші жеке құрамның бөлімшелердің шабуылдау кезінде 1-ші эшалонға ыстық тамақ тәулігіне ыстық шай 2 рет, таңертең және кешке, онда да кешкі асты 2 рет, тағам(блюдо) және аралық тамақтандырады. 2-эшалонды әрекет етушілер бөлімшелерге тәулігіне 3 рет ыстық тамақ береді.
Ұрыста қорғанушылар БДП-тен алысырақ қорғанышы бар жерде , қамысты жасырынатын шатырда немесе инженерлік әскери ғимаратта, ал егер тұрғындық пункте болса - азаматтық обьектіде орналастырылады.
Алып жүруші ас үйлерде бүкіл жеке құрам, тамақты өз қазандықтарымен алады. Кейде тамақ ротаның бөліміне беретін пункттерге әкеледі, одан термоспен алып баратындар жеткізеді. Ыстық тамақ 3 немесе 2 рет дайындалуы мүмкін. Соңғы жағдайда аралық тамақтану да ұйымдастырылады.
Демалыс кезінде тамақ 3 рет дайындалады. Көпшілік жағдайда кеңінен жаңадан пісіріледі. Оның режимі қатаң шектеулі, көбінде жеке құрамға БДП-і, тамақты өзімен бірге болатын қазанды алады.
Далалық жағдайда бөлімшелер үлесіндегілері – батальон немесе рота. Сондықтан даладық жағдайда рационды тамақтандыру жауапкершілік бөлімше қызметкерлеріне, одан басқа бөлімше жеке адамдары, бөлім командирі, взводтың шаруашылық командиріне (взвод жабдықтаушыларына) және медициналық жұмысшыларына жүктеледі.
Медициналық жұмысшыларына таңдап тамақтану режимі - қатысады, бөлімшелердегі тамақтың сақталуы, сапасына, тамақтың таратылуына, аспаздар құрамына, медициналық байқау жасайды.
Бөлімше командирлері жергілікті БДП өрістетуге нұсқау береді. Тамақтану режиміне шешім шығарады және жеке құрамның оң нормалық үлесін жеткізуге, оның жеке құрамға бар нәрсесін жеткізуге және тамақ қорының жағдайын, ал керек болса оның жұмсалуына рұқсат беріледі.
Б а т а л ь о н н ы ң а з ы қ – т ү л і к п у н к т і ж ә н е т а м а қ т ы д а й- ы н д а у. БДП-і үш дала ас үйімен толықтырылады: қамысты шатырға, 3 азық-түлікті машина, біреуі қайнатқыш суға арналған, біреуі автоцистернамен, біреуі ротаны қамтитын бір алып жүретін асүймен қамтылады.
БДП-нің жергілікті жерге орналасуы санитарлық талапты қанағаттандыру керек, БДП кәдімгі жер телімінің көлемі 100 х 80 асүй және автомобильдер бір жерде тосу керек. Картоп, көкөністер тазалайтын, аршитын жер асүйде 15 метр, ал қоқыс тастайтын шұңқыр беті жабылған қақпақты қолдан бар материалдан жасалған - 50 метр қашықтықта болу керек.
Қамысты шатырда да алып жүретін асүй өзіне тән аспаздық пышақ таңбаланған аспаздық құралдар, бөлшектеп жиналатын үстел, аспаздық тақтай болады. Әрбір шатырдың алдында қолжуғыштар орналасады.
Ыдыс-аяқ, мүліктерді жуатын, мүмкіндігінше су ағып тұратын арнаулы орын. БДП-де жеке құрамда жеке тамақ қабылдайтын орындары, қазандарын жуып - шаятын орындарымен жабдықталуы керек.
Кейбір аспаздық өңдедің мынандай ерекшелігі болады: мұздатқыштағы ет, жібітілмей - ақ қайнатуға, барлық жағдайда ет белгілі бір бөлшекпен (үлеспен) беріледі, одан соң бөлшектенген ет алдын ала ысытылып беріледі. Кейбір жағдайда ғана мүмкіндік жоқ болғанда, ет бірінші сорпамен қосып береді. Жылыту алдындағы етті қалбыр мен балық консервілерін ашылар алдында мұқият қаралып, сыртқы майлы қабаты тазартылады, ол банкілерді ашық төгіліп қалмайтындай тесіліп қалғандары болмауы керек. Онда консервілер қазанға салып қайнатылады. Қалған ашылған банкілерді сақтауға болмайды.
Қайнап тұрған сорпа және суға консервіленген көкөніс беті жабық күйінде 10-15 минут қайнатады. Дайын тамақты суып қалған қазанда тұруға мүлдем рұқсат етілмейді. Термостың өзінде де тамақтың сақталуы 2 сағаттан артық болмайды.
Аз құрамды команда және жеке сарбаздар далалық жағдайда бөлектеніп үлестік шаруашылық пунктен алыстау жерде жұмыспен орындалатын іспен шұғылданатындарға кейбір жағдайда, қазанда ыстық тамақ дайындалады. Тіпті жеке ыстық тамақ дайындау да жоғары құнды етті- өсімдікті консервіден дайындалады.
Етті-өсімдікті бір қалбырдың салмағы 265 грамдық 460 ккал-ы құрайды. Осындай етті- өсімдікті консерві даярлау алдында қыздырылған күйінде беріледі.
Консервілі қалбырды әуелде ыстық суға 10 минуттай салады, одан алып консервіні салады, ондай қалбырды отқа салып та қыздырады.
Далалық жерде жаппай қырып жою қаруын (ЖҚЖҚ) қолданғанда тамақтану
ЖҚЖҚ кең көлемде қолданғанда ,радиоактивті және уланатын заттар (РЗ, УЗ) немесе бактериалды заттар азық-түлікке немесе дайындалған асқа тасымалдануы немесе беріліп жатқан уақыт кезінде түсуі мүмкін. Сондықтан азық-түлікті тасымалдау кезінде ауызы өте жақсы, тығыз жабылатын ыдыстарда алып жүреді. Ондай азық- түлікке таситын көлік, оның жан – жағы бекітілген шанағы (кузов, азық - түлік жәшіктерге салынып, ішіне шаң кірмейтіндей болу керек) бар. Азық- түлік таситын көліктің ішінде тамақ дайындауға арналған сапалы су қоры, кейде ас үйді дезактивация жасауға да керек. Негізінде азық- түлік тасымалы кезінде мүмкіндігінше залалсызданбаған, машиналар аз жүретін, шаңданбаған жерлермен алып жүрген дұрыс.
Марш кезінде қазандық қақпақтары бұрандалы болса, дұрыс бекітіп, алып жүретін ас үйді шаңдардан қорғап ұстау керек. Азық – түлікке арналған ыдыстардың жасалуына байланысты материалы қалың және өте тығыз ештеңе өткізбейтін берік болуы керек (герметично).
Шыны және металдан жасалған ыдыстар өте тығыз, ештеңе өтпейтін болса, ол азықтарды РЗ,УЗ,БЗ заттарының болуынан қорғалуы керек.
Тегіс ағашты және фонерлі жәшік, ағаш бөшкелер немесе азық-түлікті толық залалданудан қорғай алатын, тіпті залалды аз өткізе алатын қабілеті бар болуы керек. Ыдыстар тығыз картон,ештеңе өткізбейтін УЗ-дың тамшысында өте аз, залалдануын кемітетін, РЗ заттардың залалдануынан қорғайтын, радиоактивті шаңнан және БЗ-дан қорғай алатын ыдыстардың өзі, жаңқа, шыбықтардан жасалған болса, залалдану дәрежесін де кеміте алады.
Жұқа қабықты (пленкалы) полимерлі материалмен буып түюде ,ол ештеңе өткізбейтін берік болса, УЗ, бу немесе тұман тәріздес, реактивті шаң және бактериалды заттардан қорғайды, ал металды фольга толық сақтайды және ол УЗ-ң тамшы, сұйықттарды залалдандырудан сақтайды. Қапшық тәріздес жұмсақ немесе мүйізді ыдыстар тығыз, ештеңе өткізбейтіндей болмаса, азық – түлікті, тамақты зарарданудан қорғай алмайды. Бірақ ,кейбір жағдайда әсіресе реактивті шаңдардан залалдануды төмендетеді.
Аса сенімді ыдыстардағы азық- түлік, тамақты сақтағанда олардың бетін брезент, қорғаушы қағаз, шөп, сабан, топырақ, қар, мұз, т.б. қолда бар басып жауып қоятын материалдарды пайдаланылады. Еске сақтайтын нәрсе азық- түлікті, тамақтық заттарды, әдейі өңдеуден өтккізбей-ақ залалдандыратын заттарды оңай әдістермен де қорғайды.
Залалсыздандырған орындарда тамақты дайындауға болады. Залалданған жерлерден өткен соң асүй асханалық саймандардың жеке құрамын радиоактивтік, химиялық, азық- түлікпен судың залалдану дәрежелерін анықтайды. БЗ-дың залалдануын анықтайды, өйткені қарсыластың жаппай қырып жоятын қаруды қолданудағы фактының дезинфекциялануының басқа да қажетті іс-шаралардың өзі де жеткілікті. Одан соң аспазшылар құрамының санитарлық өңдеуден, ал асүйлердің дезактивация, дезинфекция және дегазациядан өтуі керек. РЗ-нің аздаған радиация деңгейі болғанда, жергілікті жерде тамақ дайындауға рұқсат етіледі. Мұндай жағдайда азық- түліктен консерві, азықтық концентраттар қолданылады. Өзге де тамақтан гөрі жаппай зақымданудан қорғанған азық-түліктегі тағам тез дайындалады.
Азық- түлікті тағамдарды арнаулы өңдеуден өткізу қиынырақ. Оны өткізетін адамдар арнаулы дайындықтардан өту үшін қажетті құрал-жабдықтары болуы қажет. Сондықтан әскери бөлімшелерде азық- түлік заттардың өтуіне арнаулы өңдеу жұмыстары сәйкестендіріліп, өте тығыз жабылған ыдыстар керек. Қалған залалданған азық – түліктер арнаулы қоймаларға залалсыздандырылып өткізіледі немесе жойылады.
Дала жағдайында азық- түлікті дезинфекциялау үшін арнайы қайнатады және химиялық өңдеуден өткізеді. Мысалы, металды ыдыстарды 3% сода ерітіндісімен 2 сағат қайнатады. Шыны ыдыстағы консервілерді залалсыздандыру қажет. Оларды 30 минут 5 % монохрораминмен немесе 3 % хлорлы известпен немесе 1 сағат 6% сутегінің асқын тотығына салып қояды. Өңдеу өткен соң банкіны мұқият таза сумен шаяды.
Ағашты немесе қатты герметизациялы баған ыдыстарды шаю 2 % хлорлы известпен немесе монохлораминмен және жұмсақ шүберекпен ерітінділерге малып сүртеді. Азық- түліктік тағамдық ыдыстарды сүртіп болған соң, 2 сағат бойы қайнатады. Жаңа алынған ет және ірі балықтарды көлемі 1 кг етіп, кесіп қояды. Ыдыстар және ас үйдегі 20% сода ерітіндісімен кемінде 2 сағат қайнатып зарарсыздандырады.
Азық-түліктіктік тағамдарды д е г а з а ц и я л а у, желдету жүргізеді, өйткені тағамның сыртындағы залалданған қабатының алынуы үшін, оны сумен жуады, аспаздық өңдеу т.б тәсілдерді қолданылады.
УЗ-ң тамшылы сұйықтықтармен залалданған азық-түлік дегазацияға жатпайды,олар жойылады, бұл көбінде дайын тамақтар, сонымен қатар аспаздық өңдеуге жатпайтын өнімдер,( мысалы, нан).
Майлы тамақтар, сонымен бірге УЗ-ң майда еритіндерімен ұзақ уақыт улы қасиетін жоғалтпайтындар дегазациялауға қиындық тудырады.