Добавлен: 04.02.2019

Просмотров: 11404

Скачиваний: 139

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Далалық сумен қамту бөлімшелерінде пункттерде ірі құрылысты сумен жабдықтау жүктеледі – ұңғыма бұрғылау, ұңғыманы жөндеу және құдықтар қазу, әскерді сумен қамтуда су құбырларын бейімдеу жұмыстары орындалады.

Бөлімнің медициналық қызметі, су көздерін барлауға, табуға, құралдар мен қаражат бөледі, сумен қамту су қойма пункттерін санитарлық-эпидемио-логиялық жайына баға береді, сонымен қатар, су көздерін арнаулы пунктері-нің суды өңдеу, наубайхана, монша, кір жуатын орындарын ; су сапасын, әс-керге берілетін ішетін-шаруашылыққа қажетті суды бақылайды; бөлімдерді жеке құрал-саймандармен жабдықтайды, су қорларын ережеге сай зарарсыздандырады, нұсқау беріп және әскерді сумен қамтуды бақылайды.

Химиялық қызмет бастығы, су көздерін химиялық және радиациялық барлауға жеткілікті күш пен қаражат бөлуге міндетті және әскер пайдаланатын су сапасына бақылау жасайды.

Су сапасына қойылатын талаптар және су тұтынушылар нормасы

Әскердің суды тұтынуы, әскердің әрекет ету сипаты мен климаттық жағдайына байланысты.Сыртқы нақтылы және климаттық жағдайға байланысты бір адамға бір тәулікте минимальды тұтынылатын су нормасы (9-кесте) көрсетілген. Ерекше жағдайда минимальды тұтынылатын су нормасын ішуге пайдаланылуы, су қоры аз және құрғақшылықты жерде немесе жаппай су көздерінің залалданған кезінде болады. Тұзды аудандардағы тұщы су ішуге, тамақ дайындауға ғана шығындалады.

Санитарлық өңдеуге, бір адамға 45 литр су әскери құрамның шығыны деп беріледі. Судың тәуліктік тұтынуы батальондық медицина пунктінде 0,5 м³та, бригадаға 4 м ³ болады.







Ішетін суды тұтынудың минималды далалық нормасы 9-кесте


Судың қолданылуы

Бір адамға бір тәулікте тұтынылатын суы (л)


Жайлы ауа- райында

Ыстық ауа- райында

Шәй дайындау және флягтағы су қоры

Ас дайындау және ас үй мүліктерін жуу


Жеке ыдыстарды жуу


Жууынуға арналған су

2,5


3,5


1,0


3,0

4,0

3,8

1 ,2

6,0


Барлығы

Тек ішу үшін

10,0

2,5

15,0

4,0



Ескерту.1.жайлы ауа райында тәуліктік суды тұтыну 5л- ге дейін, ал ыстық ауа райында 8л -ге дейін, бірақ 3 тәуліктен кем емес,тұтыну суының кем болуына кейбір жағдайда ғана рұқсат етіледі 2. Ыстық, құрғақ аудандарда шаруашылық ауыз су қажеттілігіне жұмсалатын минимальды тәуліктік судың нормасы 25л.

Әскери бөлімдер қызметінде су тұтыну мен оны ұйымдастыру, бақылау жұмысының жауапкершілігі зор. Басқа бөлімдерге қарағанда, сумен әскерді қамтамасыз ету, су нормасының санына немесе су тұтыну нормасы қандай жағдайда болмасын төмен. Бірақ, бірінші мүмкіндік болса суды тұтынуды ұлғайту жағдайға қарай ,бөлімше дәрігері қарауға міндетті.


Қазіргі уақытта су режимінің лайықты ғылыми пікірдің дәлелденуінен соң, уақытында шөлді басуда, суды аз үлеспен ішу ұсынылады.

Суды тұтыну,тек медицина қызметкерлерінің су сапасын тексеріленуінен соң рұқсат етіледі. Далалық жағдайда су сапасының бағалануы, су көздерін таңдаудан соң және су мен жабдықтау кезіндегі санитарлық бақылау үрдісінен кейін жүргізіледі. Далалық жағдайда ішетін су сапасының болуы соғыс жағдайында уақыт өткен соң анықтау жауынгерлердің ұрысқа қабілеттілігін төмендетпеу үшін керек (10-кесте). Сумен қамтамасыз етуде медициналық қызметкерлерге үлкен жұмыстар жауапкершілікпен жүктеледі. Басқа қызметкерлерден олардың ерекшелігі, су нормасының көлеміне, судың қажетті нормасы, тұтынуларына қарай су нормасын ұлғайту, қажетттілік нормадан төмен болмауы керек. Медициналық қызметкерлердің тексерілуі жүргізілгеннен кейін, суды пайдалануға, тұтынуға ғана рұқсат етіледі. Дала жағдайында суды тұтыну су сапасының таза деңгейде болуы, ол тек санитарлық бақылаудан соң рұқсат етіледі. Ол қанша уақыт мерзіміне қарай әскердің жағдайына байланысты пайдаланады.

Судың бактериологиялық (коли-титр) және санитарлық ингредиенттік көрсеткіші сол ірі пункттегі сумен қамтитын, гигиеналық кешенді сараптама


Дала жағдайында су сапасына қойылатын талаптар 10 кесте

Көрсеткіштер

Судың қолданылуы

Ішуге , шар-уашылыққа

Санитарлық - тұрмыстық

Техникалық

1.Судың токсикологиялық қауіпсіздігі

1.1.токсикалық заттар концентрациясының максимальді жіберілуі

1.2.ядролық жарылыс өнімі, мкКи/л

2.эпидемияға қарсы сенімділік

2.1. микробтар агентінің құрамы


2.2. коли индекс


3.органолептикалық қасиеті

3.1.мөлдірлілігі, см


3.2.түсі, градусы

3.3. дәмі және дәм татуы, балл

3.4. хлор қалдығы, мг/л

3.5. мыс йонының құрамы(2+), мг/л



-



  1. данкөп емес


3 тен кем емес


20 дан кем емес


35 тен көп емес


“ ” 3


0,8-1,2

3,0 ден көп емес



-



-

3 тен кем емес

-


-

-

-

-



-



-




-


-


-

-

-

-

-

¹ ПДК УЗ мен БС қажет құжаттарда көрсетілген . Е с к е р т у. Берілген көрсеткіш шектелмейді. қорытындысында судың радиациялық заттармен залалдануы, улы заттармен, бактериологиялық затттардың тексерілуінен соң ғана, су сапасы туралы баға берілгенде қабылданады.Коли-титрді анықтауда лабораториялық зерттеулер көп уақытты алады, ал ол соғыс уақытында шартты түрде ғана маңызды, үйткені ол, ішек таяқшаларының, патогенді микроорганизмдерімен бірге тұрмыстық ағын суларда түсуіне ғана есептелінеді. Жоғарыда кестедегі, сызықшалардағы көрсеткіштер шектелуді көрсетпейді. Егер су көзіне,бактериологиялық қару қарсыластың қолдануы нәтижесінде микроорганизмдер,ішек таяқшаларыының түсуі, онда коли - титр көлемінің ұлғаюы микробтардың көп болуы ешқандай өзгеріс тудырмайды.Ішек таяқшалары мұндай жағдайда санитарлық көрсеткіштік маңызын жоғалтады.


Қарсы жақтың қырып жоятын қаруларды қолдану кезінде, санитарлық көрсеткіштерде, әсіресе, судың қышқылдануы, аммиак, нитрат, нитриттердің болуын, болдырмау және залалсыздандыруға үлкен көңіл бөлінеді. Егер ондай заттар қарсыластарда қолданылмаса, ұзақ уақыт пайдаланып келген су көздерінде бактериологиялық,санитарлық,жалпы санитарлық көрсеткіштер сақталса, ондай анықтаудан бас тартуға болмайды .

Жеке құрам үшін арналған суды ,санитарлық өңдеуге және іш киімдерді жууға рұхсат етпейді.

Дала жағдайында әруақытта есте сақтайтыны, қарсыластың жаппай қырып жоятын қарудан табиғи жағдайда әртүрлі қалдықтармен, жаңбыр суымен, тасқын судың залалданып қалу мүмкіндігі болады,ластану болатынын ескеру қажет.

Сондықтан әскери гигиенада дала жағдайында су көздерінің ластануы болатынын, ал тұтынылатын судың міндетті түрде заласыздандыру қажеттілігі туындайды, құрамында радиоактивті және улы заттар, патогенді микроорганизмдермен токсикалық заттар белгіленген өлшемнен асса залалсыздандырылады.

Су көздерін барлау және гигиеналық баға беру

Су көздерін табу және анықтау мүмкіндігін пайдалану кезінде б а р л а у жасауды, инженерлік шолғыншылар жүргізеді. Шолғыншылар құрамында медициналық қызмет мамандары болады. Олардың негізгі міндеттеріне: су қойма көзін табу, көлемі, орналасқан жерін және санитарлық жай-жағдайын, ішетін су жарамдылығын анықтау кіреді. Лабораториялық сынама алады, су көздеріне техникалық баға береді, су қорын анықтайды, қажеттілігіне қарай жөндейді, құрал-саймандармен жабдықтауды да ескереді.

Жергілікті жердегі су көзін зерттеу,төңірегін қарап шығу су сынамасы туралы көптеген мәліметтер береді. Тексеріп шыққанда судың уланбаған-дығынын, қосымша белгілерін, иісін байқайды. Қышаның, сарымсақтың, қазотының, ащы бадамдардың иісі және татымылдылығы (ащы,металды, уылдыратын дәм); жағымсыз ,суға тән еместігі; майлы су бетінің қалқымасы, су бетіндегі май тамшысы; су көздерінің бетіндегі өлген балықтардың болуы.

Су көздерін толық мұқият далалық жағдайда зерттеу, ол санитарлық су бағасын берудегі жұмысты жеңілдетеді. Жергілікті жердегі суды зерттеу, су сынамасын лабораториялық сынаманы алумен аяқталады. Су сынамасын су бетінен және су түбінен барометрмен алады. Сынама су көлемі 2 литрден кем болмауы керек.

Әскерді сумен қамтамасыз етуде, шаруашылық және техникалық қажеттілігі үшін суды, су бетінен және жер асты көздерінен алады, атмосфералық су алаңынан, ал солтүстік аудандарда мұз , қар алынады.

Су көздерінің қауіпті радиоактивті немесе улы заттарымен ауру қоздырғыш бактериялармен залалдануы мүмкін. Радиоактивті заттардың су көздерінің бетінде, уақыт өткен сайын азаюы, су қоймаларына залалданбаған табиғи судың түсуінен болуы мүмкін, су түбіне радиоактивті бөлшектердің және радиоизотоптардың сорылуынан су түбінің тұнбаларының түзілуінен болады.


Уландыратын заттардан, суда жақсы еритін жоғарғы токсикалық және химиялық тұнба заттарының түсуі қауіптілік тудырады. Мүмкін суға иприт тұрақты уландырғыш және т.б. уландыратын заттарды түсетінінен де залалданады. Ақпайтын су көздерінде өте қауіпті тұрақты уландырғыш – иприттің артық концентрациясы ,олар бірнеше сағат бойы сақталады, зарин- ол бірнеше тәулікке дейін сақталады.Ағынды су қоймаларындағы қауіпті залалдандырғыштар бір тәуліктен аспайды. Су қоймасы бетіндегі, мұз және атмосфералық тұнбаларда ауру тудыратын бактериялар мен залалдануы мүмкін. Мысалы: холера, маңқа, іш сүзегі, су безгегі, жалған туберкулез, инфекциялы гепатит, туляремия, сонымен бірге күйдіргі және ботулизм спораларымен залалдануы мүмкін. Патогенді микроорганизмдердің кейбір түрлері ұзақ уақыт, жылдап су көздерінде сақталуы мүмкін. Су көздерінің беткі бетінен, қар, жаңбыр суын қолдануында да шаруашылық қажеттілігіне тек өңдеуден және лабораториялық анализден соң ғана,рұқсат етіледі. Өзен , бұлақ, аумақтарында ағып жататын, қарсыластар тұрған жерден соңғы орындарда, әскерді қамтитын суды қолдануға жарамсыз, қолдануға болмайды.

Жерасты судың сапасы оның санитарлық жағдайы жергілікті жердің мекен ортасына байланысты болады. Тұрғын пункттегі жерасты суы таяз жерде болса, одан топтанған әскердің залалдануы мүмкін.Жерасты суы тереңдеу болса, оның жер бетіне шығуы да, беткі топырақпен жанасуы қиындау. Бірақ сумен ластану мүмкіндігі жеткілікті мөлшерде жоғары болады. Сондықтан, жерасты суы терең емес шахталы құдықтан алынған, су ішетін немесе шаруашылық қажеттілігіне алынатын болса, оны тазалауға және залалсыздандыруға тура келеді.

Қарсыластар тастап кеткен аумақтағы құдық, олардың пайдаланған су құбыры ішуге – шаруашылық мақсатта қолдануға, тек лабораториялық тексеру мен соған лайық өңделген соң ғана пайдаланылады. Жерасты суы жер орнының шөгінді қабаты су өткізбеуге сенімді болғандықтан ластанудан сақтайды және қолданысқа тазаламай-ақ жаратуға болады.

Әскерді сумен қамту кезінде іріктеуде артезиандық суды шаймалайды, бұлақ көзі және бұлақты одан соң жер асты суының да су көзін ашады. Жоғарғы су көзінен су алып ішу, шаруашылыққа, керек сумен қамтылуы ең соңғы кезекте болады. Осындай жағдайда пайдаланылатын су көзі өте қатаң бақылануы қажет.

Далалық жағдайда, Ұлы Отан Соғысы кезінде ,1941-1945 жылдарында анық болғандай, елеулі шахталық және түтікті құдықтарды, яғни су асты суларын пайдаланған.


Су жабдықтайтын пункт пен су бөлетін пункттер

С у м е н ж а б д ы қ т а у п у н к т і дегеніміз – суды аластап тазалайтын, сақтайтын, және су беретін орын. Ол суды қар ретінде беруіне арналған орын с у б ө л е т і н п у н к т і деп аталады.(10 ,11, 12 -суреттер)

Суды таратып өрістетін сирек жабдықтау пункттерін орын таңдауда санитарлық эпидемиялық аумақтың жай – күйін , тұрғын – орынға жақын орналасуын, судың бактериялық, радиоактивтік заттармен, су көздеріне санитарлық топографиялық және санитарлық - техникалық мәліметтермен, оның бір мезгілде беретін суы (дебит) залалдану мүмкіндігі ескеріледі.




10-сурет. Су көзінен биіктеу тұрған сумен қамтитын пункттің сұлбасы.

1-өзен; 2-жұмыс алаңы; 3-бос ыдыстар тұратын алаң; 4-көліктерді күтетін алаң; 5-шлагбаум; 6-лаборатория орны; 7-химиялық бақылау орны; 8-блиндаж(қорғаныштық орын).





11-сурет Су бөлетін пункт

1- Мотопомпа М-600 ; 2-Таза су резервуары РДВ-5000; 3- Жеке субөлетін РДВ-1500 резервуар; 4-Жанар май қоймасы ; 5- Су сіңіретін құдық ; 6- Есептегішке арналған жабын;


Сумен жабдықтау пункттері, ережеге сай, су шығаратын суды тазалайтын, суды сақтайтын, су беретін жұмыс алаңдарын жабдықтайды; ыдыстарды жуатын жуу орнын және жеке ыдыстарды дезинфекциялайды:суға келген көлік алаңын жабдықтайды. Сумен қамтамасыз ететін ірі пункті бақылайтын орынға күзет қойылады, ал, радиациялық, химиялық барлау құалдарымен жабдықталады. Сумен жабдықтайтын пункттер 50-100 метр қашықтықта радиуста су көздерін ластанудан, залалданудан сақтайтын күзет болады, қоқыс төгуге, дәреттерден сақтанатын шұңқыр болады. Ыдысты жуатын


12- сурет. Комплексті су тазартқыш станция СКО-8.1-су беретін насос;2-эжектор;4-ультра сүзгіш блок;5-циркулярлы насос;6-су жүргізгіш кран; 7-ротометр; 8-сорбциялы сүзгіш; 9-бактерицидті шам блок; 10-тазарған су көзі қоры

алаң, қоршаудан 25-30 метрдей жерде орыналасады. Ластанған суды ағызып,сіңіріп кететін құдық болады ( 13, 14- сурет).Сумен қамтылатын пункт жабдықталғанда шахталық құдық дезинфекцияланатын қажеттілікте жөнделіп тұрады.



1 3-сурет. Механикаландырылған бұрғыланған құдық.


Шахталық құдықта баланс мынандай: құдық ластанатын орындардан (көмілген, шайылатын) 15-35 метр алыс болуы; ол үшін су ластанбайтындай орын биіктеу жерде орналастырылуы құдықтан арырақта құрылысты су алынатын горизонт болады.

1 4-сурет. Роталық су тарату пункті (су қорына арналған резервуар-цистерна-РЦ-1200 және насос-БКФ-4)
Құдықты шегендеуге ағаш, тас, бетон пайдаланылады. Кесінді діңгек жерден 0,7 метр жоғары тұрады. Айналасы 0,5-1 метр тереңдікте, сондай енділікте саздан жасалған, «құлып» тәріздес, шетіне қарай көлбеуленіп орналасады. Құдықтың үстінен қалқа, құдық та қақпа болады. Жеке құралдармен су алуға рұқсат етілмейді. Су алуға насос немесе таспалы су шығарғыш пайдаланылады .

Суды жабдықтайтын пункт (ПВС) құрал-жабдықтары су қорының жағасында, өзінің пайдалануына қарай тұтынуына байланысты ТУФ-200, ВФС-2.5(15- сурет); УДВ-15 немесе МАФС-3 ал жер асты көзінен МТК-2м; МШК-15 қолданылады. Жердегі су көздері жоқ болғанда ротаның су бөлетін пункт болады.

15- сурет .ВФС-2.5 Су тазалағыш станция

1-су беретін насос; 2-ерітетін бак; 3-дозалық агрегат; 4-жарық бергіш; 5-ұсақ антроцитті сүзгіш; 7-активті көмір сүзгіш; 8-су беретін насос; 9-тазарған су көзі қоры



16-сурет. Су сақтайтын және тасымалдайтын көлік.

а)суға арналған автомобильдік цистерна АВЦ-28; б) жұқа материалды су резервуар РДВ-5000




Пунктте су қорын жинайтын ішкілікті ыдыс, әскерге бөліп беретін құралдар болады. Су жабдықтайтын пункт пен су бөлетін пунктте суды сақтай алып тасымалдау табельдік құрал- жабдықтар және көмекші ыдыс пайдаланылады.(11-кесте )