ВУЗ: Казахский национальный медицинский университет им. С.Д. Асфендиярова
Категория: Методичка
Дисциплина: Медицина
Добавлен: 04.02.2019
Просмотров: 11403
Скачиваний: 139
17сурет. Суды сақтауға тасымалдауға араналған цистерна. а-цистерна: ЦВ-4;б-ЦВ-3.
Суды алып жүруге және сақтауға болады, ол таза, қақпағы жақсы жабық ыдыста сақтау керек(16, 17-сурет).
Суды алып жүруге және сақтауға болады. Ол таза, қақпағы жақсы жабық ыдыста сақтау керек. Оны кезегінде хлорлы известпен 1 литр суға 50-100 мг активтелген хлордың есебінде дезинфекциялайды. Хлорлы 30 минуттан 1 сағатқа дейін. Іші тегіс ыдыстарды хлорлау үшін су жетіспеушілік болғанда бірнеше рет (3-4 рет) ыдыстың ішін ылғалды шүберекпен хлорлы известтің 3-5% ерітіндісімен сүртеді.
Дала жағдайында жаз айларында әрбір 2-3 тәулік, қыста 3-5 тәулік дезинфекциялайды.Үлкен ыдыста әрбір 10-15 минут сайын ыдыстардың ішін тазалайды. Флягаларды ыстық сумен дезинфекциялайды. Мөлшер уақыты 30 минут. Дезинфекцияланған флягтарды таза сумен шаяды. Тығындары немесе қақпағы ағаштан болса дезинфекция 1 % хлорлы известпен 30-60 минут шаяды.
Ішетін суды тасымалдау және сақтау құралдары 11-кесте
Құрал жабдықтар аты |
Қолданылатын |
Сиымдылық,л |
Қызметтік үлес |
Су автоцистернасы АВЦ-28 АВЦ-15 Цистерна- тіркеме ЦВ-50 Су цистернасы ЦВ-3,ЦВ-4 Сопақша термостар ТВН-12 Цилиндрлі ТН-36 Ыдыстар: РДВ-12 РДВ-100 РДВ-1500 Цистерна-қор ыд-ыстар РС-1200 Сарбаз флягасы |
Тасымалдау және сақтау Тағы солай » » » » » » » » » » Суды тасымалдау және қысқа мерзімді сақтау Тасымалдау, өңдеу , сақтау Тағы солай » » » » |
2800 1500 1200 1000 320 12 36 12,5 100 1500 5000 1200 0,75 |
Автотракторлы қызмет Тағы солай Азық- түлік қызметі
Тағы солай » »
» » » »
Инженерлік қызмет
» » » » » » » » Заттық қызмет |
Шабуылдайтын және қорғанатын әскери бөлімдерді сумен қамтудың гигиеналық ерекшеліктер
Ш а б у ы л д а й т ы н әскерге тасымалданып әкелінетін су және сумен қамтамасыз ету, су қоры сақталған орыннан, тылдағы сумен қамтамасыз ететін пункттен (СҚП-ПВС) және жаңа қанат жаятын пункттерден алынады.
Шабуылдау басталатын операция кезіндегі дайындықта, жеке құрамды сумен қамту, алдын-ала қанат жаятын және тылдағы сумен қамтитын пункттерден тасымалданады. Осы уақытта тасымалданатын су барлық сақталуға бейімделген ыдыстарды сумен толтырады. Сумен қамтамасыз етілетін пунктте, әскер шоғрланған аудандарда артық су қоры болады.
Медициналық қызмет, пайдаланатын судың сапасын, құйылатын ыдыстардың болуын, онымен жұмыс істейтін адамдардың, суды дезинфекциялануын бақылайды.
Шабуыл операциясы өршіген уақытта, қарсыластар тастап кеткен жерлердегі су қоры көзіне санитаррлық барлау ұйымдастырылады.
Мотоатқыштар бригадасы соған теңестірілетін әскери бөлімдер су көзін барлауда инженерлік барлаушыларды, әскери фельдшерлер немесе санитарлық нұсқаушыларды қосып жұмылдырады.
Қ о р ғ а н ы с жағдайында, қарсыластың отты қару жарығының әрекетін тіпті естен шығарып әскери бөлімшелердегі жауынгерлерді сумен қамтамасыз етудегі ұйымдастыру СҚП-де жүргізіледі. Ұлы отан соғысы (1941-1945жж) кезінде бөлім мен бөлімшелер шабуыл жасап жатсада, соғыстың қорғаныстығында да сумен қамту үшін шахталық құдықтарды пайдаланған.
Әскердің қорғаныс жауынгерлері СҚП-де сумен қамтылуы, бөлімшелердің суға жақын жерлерінде жүргізіледі. Ең басты әрекет етуші бөлімшелердегі күштің үзіліп қалуы болған жағдайында да , сумен қамтуды пайдаланатын термостар мен РДВ-12 басқа ыдыстармен жеткізіледі.
Қорғану жағдайына қойылатын талаптар тұрғынды пункттер, қалалық су құбыры қорғалып және зерттеліп мұқият тексеріледі. Қарсыласудың ең маңызды түйіні, сумен қамтитын және зарарсызданған су қорының жеткілікті автономды су көзінің болуы. Қарсылық білдіретін горнизондағы су торабын немесе ішетін суды консервілейтін болуы керек.
Дала жағдайында суды тазалау
Жалпы ережесі. Әскердің казармалық жағдайда ішетін сумен қамтамасыз етілуі, тұрғын жердегі су құбыры арқылы немесе қала болса, ал дала жағдайында өздері дайындап сумен қамтылатын болуы керек, амалдың жоғынан әрекет етуі керек, су сапасын жақсарту шараларын қолға алып, оны тазарту қажет.Суды өңдеу,ішетін суды тазарту гигиеналық қажеттілікке сай шара жасап, су көзін қалыпқа келтіреді және гигиеналық қасиет беру керек. Қойылған мақсатқа сай, суды тазартуда мынадай міндеттер бар: суды тұндыру (мөлдірлеу, дезодорация), зарарсыздандыру, залалсыздандыру, дезактивация және тұщыландыру.
Т ұ н ы қ т а н д ы р у және т ү с с і з д е н д і р у ол судың мөлдірлігін және судың түссіз болуын, қалқып жүрген құдық қоспаларынан тазарту.
З а л а л с ы з д а н д ы р у деп - ол өндеу арқылы эпидемиологиялық суды қауіпсіздендіру.
М а й с ы з д а н д ы р у деп суды улы заттар яғни жасанды түрде (улы заттар, пестицидтер, ракетаның жанармай компоненттері) және табиғи түрде (ботулотоксиндерден ) ыдырату.
Д е з а к т и в а ц и я суды радиоактивті заттардан тазарту, т ұ щ ы л а н д ы р у, ол дәмді бұзатын минералды заттардан тазарту.
Әрбір суды тазалауда өңдеудің бірнеше әдістері қолданылады( су сапасын жақсарту әдісі). Қандай жағдай болмасын, жеке суды тазалау әдістерінің негізі, яғни химиялық, физикалық, механикалық әдістер.
Суды залалсыздандыру соғыс уақытында бір жағынан су көздерінің нақты залалдануы,ол қарсыластардың бактериалды қару қолдануынан, өйткені залалсызданбаған шаруашылық-тұрмыстық ағынды ластарынан аз мөлшерде түседі; БЗ –ң көзінен лабораториялық тексеру қиындық тудыратын фактілер; екінші жағынан олар міндетті түрде далалық жағдайда судың залалсыздануын өткізуін талап етеді. Ішетін судың залалсыздануы кез келген технологиялық сызбаның тұрақты элементі.
Ірі СЖП – тегі залалсыздандыру инженерлік әскермен, рота, батальон, бригада СЖП-ң жеке ротаның күшімен табельдік жабдықтармен немесе қолдағы бар мүмкіндікпен іске асады. Далалық жағдайда суды залалсыздандыру қайнату, хлорлау, коагуляциялау, тұндыру, сүзгілеу, радиацияның УФ-леу және т.б. таблеткалармен жүргізіледі. Сол залалсыздандырудағы барлық жұмыстары медициналық қызметкерлермен бақыланады.
Суды залалсыздандырудың ең сенімді әдісі – қ а й н а т у. Бактериологиялық залалданғанына күмәнданған жағдайда, қайнатуды жалғастыру, ол қайнаған уақыттан бастап 10 минутпен шектелмейді, БЗ-ға күмәнданғанда 1 сағатқа созылады. Суды қайнату тамақтану пунктінде өтеді. Ал оның техникалық жабдықтарға сәйкес өз тізімі бар (12-кесте). Қайнаған суды таза ұстау, ол беті жабылған ыдыста, оған ешқандай микроб түсіруге мүмкіндік бермеу, өйткені ол түссе тез көбейіп кетеді. Қайнаған суды 1 тәуліктен артық ұстамау керек,қайнату үрдісінің ұзақтығы және шығын болатын отын осындай әдістермен шектеледі. Кейде жиі, су қорының аздаған бөліктері залалсыздандырылады.
С у д ы х л о р л а у дала жағдайында хлорлы известтермен жүргізіледі, ол хлорлы известь, НГК- нейтралды (70% активт іхлор) немесе ДТС ГК -(негізгі гипохлорид тұзының үштен бір бөлігі) (55%-ті активті хлор). Осы уақытта екі тәсіл:қалыпты мөлшерлі хлормен хлорлау, хлорды артық мөлшерде – көп мөлшерде қосу бұл соңғы тәсілге артықшылық береді.
Қ а л ы п т ы х л о р л а у , стационарлық жағдайдағы ережеге сай мөлшерлеп өткізу, яғни суды хлормен тұтынылуына қарай, залалсыздандыру кезінде хлорлы известің қажетті саны және залалсыздандырудағы хлор қалдығына қарай тиімділігі, хлордың қанша мөлшерде болуы, қышқылданған ерітінділер мен судағы органикалық, органикалық емес заттардың микроорганизмдерді өлтіруіне қарай қалдық хлор 0,3-0,5 мг/л- ол артық активті хлор.
Тағам дайындауда су қайнатудағы техникалық құралдар (12-кесте)
Құралдар аты |
Қазан саны |
Қазанның жалпы көлемі, л |
Алып жүретін аспаздық құралдар: КП-2-48 КП-2-49 КП-125 Далалық автоқазандық ПАК-175 Алыпжүру,суқұю,тынқайнату құрал ы ПНК-2 |
2 2 4 3 1 |
200 280 296 300 110 |
Судың ластануы жоғары болса, хлор тұтынуда активті хлордың қажеттілігі де жоғары болады. Хлорға қажетттілікті дұрыс анықтау онда судың дәмі де,иісіде жағымсыз болатындықтан ол хлор санының көп кетіп қалмауы керек. Судың хлорлануын анықтауда үш ыдысты көлемге (стакан, банк, бақыр, шелек) тәжірибе жасалады. 13-кестедегі көрсеткіш арқылы, уақытта үнемдеу және анықтау үшін судың тұтынылуына қажетті мөлшерде, залалсыздандыруды жүргізеді Суды хлорлау кезінде хлордың татымдылығы әлсіз болуы керек.
Егер осындай татымдылық болса, тәжірибені қайталайды. Егер су хлорланған соң өткір иісі және татымдылығы күшті болса, активті хлорды қабатты сүзгіден (30 см) немесе (50 см) бөлшектелген ағаштық көмірден өткізеді.
Далалық жағдайда қалыпты хлорлау мөлшері тек суда ғана жіберілгенде, онда оның санитарлық көрсеткіші жақсы болуы керек , артық хлорлау тәсілінің сенімдісі, ол суды активті хлор тұтынуды суда көп жағдайда хлор мөлшерімен өңдеу, хлор мөлшерінің шегі 10-30 мг/л, кейбір жағдайда 50-100мг/л көлдемде болуы қажет.
Қалыпты хлор мөлшерінің ,судағы артық хлор болудан,салыстырмалы артықшылығы - бар суды хлор тұтынуында анықтаудың қажеті жоқ; жаз айларында залалсыздандыру 15-20 минуттан соң, 30 минуттан 1 сағатқа дейін; ең сенімдісі лайлы су тіпті түсін бұзғанда; судың иісі мен татымдылығы сапасын жойғанда.
Әр түрлі су көздерін тазалау үшін қажет хлор мөлшері 13-кесте
Табиғи су көздері, су сапасы |
Залалсыздандыруға арналған су |
||
Активті хлор, г/м3 немесе мг/л |
25 % хлорлы известь, г/м3 немесе мг/л |
1 % хлорлы известь, г/м3 немесе мг/л |
|
Артезиандық су, тау өзенінің таза суы, ірі өзен мен көл судың ағаруы |
1-1,5 |
4-6 |
0,4-0,6 |
Құдық суы мөл-дірлігі және кіші өзен сүзгілі суы |
1,5-2 |
6-8 |
0,6-0,8 |
Ірі өзендер мен көлдер суы |
2-3 |
8-12 |
0,8-1,2 |
Құдықтың лай суы және арықтың тоған сулары |
3-5 |
12-20 |
1,2-2 |
Судың батпақ, то-ған, арық, жаңбыр суының күшті лайлануы |
5-10 |
20-40 |
2-4 |
Су хлорлау үрдісі мынандай кезеңдерден: хлорлы известегі активті хлор пайызын анықтағанда; суды белгілі көлемде алып хлорлы известь санын есептеп,зарарсыздандыруға алып су ыдысына хлорлы известі қосуда; уақыт өтуіне қарай хлор қалдығы су мен хлордың жанасуын анықтағанда; су хлорсыздануында, гипосульфит натрий санын есептеу кезінде жүргізіледі.
Суды артық хлорлауға жағдай болмағанда, 14-кестеде көрсеткендей тәсілмен есептеу жүргізіледі.
Өлшеп берілген хлорлы известі суда аз мөлшерде (кружка, банка, бақырда, ) ерітеді, оны суға құяды, 3 минут ішінде және уақыт өткенде, хлор иісін анықтайды. Хлордың өткір иісінің болуы, ол хлорлы известі жеткіліктілігін көрсетеді. Егер иісі жоқ болса, белгілі мөлшерде шамамен ¼ - 1/3 етіп алдыңғы алынған мөлшердей хлорлы известі қосымша қосады Залалсыздандырудағы жетіспеушілікте хлорлаудың артықтығы, ол активті хлорлы известі анықтауы; реагенттің артық шығындалуы; суды хлорсыздауда да және алдын ала сақтау жұмыс шараларын қауіпсіздікті хлорлы известі ерітінді концентрациясын, НГК мен ДТС ГК-те сақтануы керек.
Суды хлорсыздау мен артық хлорлаудағы хлорлы известь және гипосульфит натрий саны 14-кесте
Су көзінің сипаты, су сапасы |
Қажетті мөлшері, г/м |
|
Хлорлы известь 20%тен кем емес |
Натрий гипосульфиті |
|
Құдықтың жер асты суы, мөлдірлігі, өзен мен көл суының түссіздігі |
30 |
14 |
Өзен мен көл суларының түстілігі және лайлануы |
60 |
28 |
Е с к е рт у : 3 г хлор известінің немесе натрий бисульфитінің 1 шай қасықтағы құрамы
Суды зарарсыздандыруда табелді реагенттер әдісі (хлорлау, артық хлорлау ) суды табельдік, табельдік емес құралдармен су сапасын жақ-сарту.Ол үшін алдымен хлорлауда қайнатады, коагуляциялайды, тұндырады, сонан саң керек уақытына қарай – сүзгілейді.Суды өңдеудегі қарапайым үрдісі және сенімді зарарсыздандыруда комбинациялық әдістің мынандай түрі қолданылады: су сапасына қарай 100 мг алюминий сульфатын және 50 мг хлорлы известь өңделетін судың әр литріне қолданады.
Оқиғаны өрістетуге ( экспозиция) : жазда -30 минут, қыста бір жарым сағат керек. Суды зарарсыздау қажет емес деп тапқан жағдайда табельді жабдықтар немесе қолдағы ыдыстармен құдықтың өзін тікелей суды залалсыздандырады. Ол үшін құдыққа 10 л көлем есебінен 3% хлорлы известке су құйып сұйықтықты араластырады, құдықты оның жан - жағын тазалайды.
Екі сағаттан соң, құдықтағы суды төгеді, құдықтың түбіне хлорлы известі түп лайымен араластырады, одан соң оны да шығарып тастайды.Құдықтың ішкі шеңберін сулап,дезинфекциялық ерітінділермен өңдеп, қайта дезинфекциялайды. 5-8 сағаттан соң хлор иісі шыққанша суды қайта төгеді.Онсыз, құдықтағы, оның маңындағы ластанған көздерді жоймай, құдықты дезинфекциялау тиімсіз.
Құдықты хлорлау,дезинфекциялау біткен соң жүргізіледі.Тәулігіне әр 4-6 сағаттан соң хлорлау тәулігінде су бөлегін 2-3 реттен пайдаланса, су бөлегіне орындар дайындалады.
Ауылдық жерлердегі сумен қамтуда, суды хлорлау кезінде керамикалық патрондар қолданылады.Ондай патрондарды санитарлық- эпидемиологиялық станциялардан алады.
Бір сағат ішінде активті хлор санының (миллиграмм) теңеуі: хлорлы известің – 1/10 бөлегі патронды ыдысты см³ , ал ДТС ГК- мен ыдыстың – 1/5 бөлігін толтыруға кетеді.
Т ө м е н г і т е м п е р а т у р а н ы ң бактерицидтік әсерлі жағдайында хлор әсері баяулайды, сондықтан хлордың сумен жанасу уақыты 2 сағаттан көп, пантоцидті таблетка мен зарарсыздандыру - 1½ сағатқа созылады.Активті хлордың жоғарғы мөлшері қажет етіледі. Мысалы, су температурасы 4-6°С-де активті хлордың әсері 2 есеге, 15-18 °С қарағанда артық болады.
Хлорлаумен суды зарарсыздандырудың т и і мд і л і г і н, бейбіт уақытта Мемлекеттік стандардтың талабына сай бақылану, микробтық санмен бактериологиялық коли - титр көлемі мен және химиялық хлордың қалдығымен анықтайды.
Казармалық қоныстануда коли-титр 300-ден аспауы, далалық жағдайда, оқу, жатығуда ( маневр) – 100 мл кем емес, ал хлор қалдығының саны 0,3-0,5 мг/л болуы тиіс.Соғыс уақытында суды зарарсыздандыруда жүйелі бактериологиялық бақылау әскери бөлімшелерде жүргізілуі мүмкін емес, сондықтан суды тиімдірек хлорлауды бақылайды, ондағы хлор қалдығын өткен белгіленген уақытта анықтайды.