ВУЗ: Казахский национальный медицинский университет им. С.Д. Асфендиярова
Категория: Методичка
Дисциплина: Медицина
Добавлен: 04.02.2019
Просмотров: 11402
Скачиваний: 139
Ж е к е және т о п т ы қ су қорын залалсыздандыруда , егер әскери қызыметшілер бөлімшелерден қашықтау болғанда а р н а у л ы таблетка қолданылады.
Жеке су қорын сақтауда фляга, топтықта – конистра, әскери немесе жауынгерлік техникада болады.Қазіргі уақыта пантоцидті таблеткалармен жабдықталуда, сонымен қатар бұрынғы уақытта бисульфитті пантоцидті және иодті таблеткаларда; дихлоризациялануы қышқылды натрий тұзының таблеткаларында қолданған.
П а н т о ц и д таблеткасы ( қатырылған дәрі) бір флягадағы суды зарарсыздандыруға есептелген, 3 мг активті хлорды бөледі. Пантоцид өте баяу ериді және судың дәмін төмендетеді. Шынында судың ішілуіне жарамдылығы бір сағаттан соң білінеді. Жарықтан қорғалатын және салқын жерде сақталатын, ыдыстың беті жақсы жабылған ыдыста таблетка сақталады. Сақталуына қарай, активті хлордың ерігіштігі активтігі төмендейді, б и с у л ь ф а т п а н т о ц и д таблеткасы пантоцидтен басқа бисульфит натрийі бар, ол қышқылдық ортада хлордың бактерицидтік әсерін күшейтеді және су татымдылығын жақсартады, б и с у л ь ф а т п а н т о ц и д суда жақсы ериді. Й о д т ы таблетка органикалық йод қосылыстардан және виналық қышқылдықтағы қышқылдан тұрады, 2-3 минут ішінде ериді, суды жақсы залалсыздандырады және сақталуға төзімді келеді.Йодтың әлсіз дәмі толығымен 30-40 минутта жойылады. Д и х л о р л и з о ц и а н у р а л ы қышқыл таблетка бірнеше минут ішінде ериді және 4 мг активті хлор бөледі, ол 1 л су үшін зарарсыздандыруға жарап, ішек ауруын тудыратын қоздырғыштарды судан тазалайды. Антивирустар үшін өңдеуге 2 таблеткасы да жеткілікті. экспозициясы -30 минут .
Кейбір жағдайларда суды зарарсыздандыруда аз мөлшердегі пантоцид таблеткасының болмауында, йод, сутегінің асқын тотығы, перманганат калий қолданылады.6-8 мг/л концентрациялы йод 2 минут ішінде суды сапалы дәрежеге жеткізе алады. С у т е г і н і ң а с қ ы н т о т ы ғ ы 3% перегидролі дайын еріткіш ретінде пайдаланылады. Концентрациялы 3мг/л бактериоцидті әсері де байқалады және оның экспозициясы 30 минут.
П е р м а н г а н а т к а л и й д і ң бактериоцидтік жақсы білінетін әсері бар, ол судың органолептикалық қасиетін әжептәуір жақсартады.Суды зарарсыздандыру үшін,1 % ерітгіш қолданылады.Эффектілік әсерінің өзі, 7-10 мг/л концентрациясында байқалады, экспозициясы 30 минуттан кем емес.
Суды тұщылау және консервілеу. Суды консірвілеуде әрине, хлорлануға жүгінеді. 1мг/л есебінен әр күн сайын активті хлорды ендіреді. Осындай хлорлау әдісі суды консервілеуде органолептикалық қасиетін бірден төмендетеді. Сондықтан су сапасын сақтауда, су қорын мол сақтау керек, ал хлорлау тек консервілеу алдында жүргізілуі тиіс.
Халық шаруашылығында, кейбір облыстарда салыстырмалы түрде консервілеуде су қорының аз мөлшеріне электрохимиялық тәсілмен күміс ионының 0,05-0,005 мг/л көлемде ендіріледі.Күмісті ендіру кішігірім ЛК ионизаторымен ендіреді. Бұл приборлар 2сағат ішінде, кейде ерекше жағдайда тез ендіру суды зарарсыздандырады, оны 6 ай бойы сақтауға мүмкіндік береді.Күмісті, су құрамына енгізуде су дәмінің бұзылуына мүмкіндік бермейді.
Далалық жағдайда с у д ы т ұ щ ы л а н д ы р у дистиляция немесе суды қатыру әдісінде, су дистиляторлық қондырғы ПОУ немесе ОПС станциясында жүргізіледі, оның өнімділігі ПОУ да тәулігіне 5-6 м³. С у қ а т ы р у әдісінің негізі, тұщы суды 0°С да қатырады, ал тұзды суды одан да төмен температурада қатырады.Сонымен, -3°-4°С, одан да төменгі температурада тұзды суды ұстаса, су бетінде таза мұз қабыршақтары пайда болады.Егер тұщы судың қажеттілігі тәулігіне 100-200 л ден көп болса, кішігірім карта деп аталатын арнайы су бассейінінде жүргізіледі.Карта деп аталатын қатырманы жерден қазып немесе грунт бетіне тақтай салып орнатады. Қатырған тұщы суда организмнің қалыпты қызметіне қажетті қардан да, мұздан да алынған суда йод, фтор, мыс, маргенец, темір, кобальт т.б микроэлементтер судың минералсыздануына әкеледі. Сондықтан, суды пайдалануда жүйелі түрде суға минералдық заттарды қосып отырады, ол үшін 0,2-0,3 г сөндірілген известь,0,1г хлорлы натриді тәулігіне ішетін су құрамын қосады. Далалық жағдайда да, минералданбаған суға фторлы натрий (1,8мг/л), йодты калий (0,1мг/л) және аскорбин қышқылын (150мг/л) қосып отырады.
Қандай әдіспен тұщы су алынса да, кез келген жағдайда бактериялық ластанбауын, уланбауын және радиоактивті заттар болмауы керек.Сондықтан, су алынуында, залалсыздандырылуы қажет.
Қарсыластың жаппай қырып жоятын қару (ОМП-ЖҚЖҚ) қолдану жағдайында сумен қамтылуы. Қарсыластың жаппай қырып жоятын қару қолдынылуы болса да сумен жабдықтау мәселесі ұйымдастырылып, жоспарлануында команда және олармен айналысатын -тамақтық,инженерлік, химиялық, медициналық қызметтегілер айнаысады.Қарсыластың ЖҚЖҚ қолданылу жағдайында әскерді сумен қамту үшін дайындық және іс-шаралар жұмыстарын қамтамасыз етуі керек.
Дайындық іс-шаралар немесе оған дейінгі залалданған жерлерді қарсыластың ЖҚЖҚ қолдануына дейін анықталып өткізіледі. Ондай іс-шараларына әскерлердің жеке құрамаларын әрекет ету ережелерімен таныстырады, оқытады, ЖҚЖҚ қолданғанда қорғануды, ЖҚЖҚ қаруды қолданғанда да су көздерін, оған кректі материалдық техникалық құрал жабдықтарды, су қорын,суды тасымалдауға керекті транспортты тексеріп дайындап қояды.Іс-шаралардың негізгі міндеті-су көздерімен, су қорларын УЗ, РЗ,БЗ -ның залалдандыруынан қорғау.
Қарсыластың ЖҚЖҚ қолдануында, арнаулы іс-шаралар жүргізіледі.Ол суды индикациялау,экспертизаны УЗ,РЗ,БЗ-ға арналып жүргізеді,арнаулы дезактивация, усыздандырады және залалсыздандырады.
Жеке құрамның марш кезінде ,флягалар таза сумен толтырылуы керек. Әскери бөлімшелерде артық су қоры, жеке ыдыстарда-бөшке,цистерналардың беті жабық болуы керек.РЗ,УЗ,БЗ -нан қорғануда флягалар тығыз қағаздармен оралып, және қорғаныс киімдерімен қорғалуы керек. Ірі ыдыстарды залалданудан сақтауда брезентпен жауып, керек болса бөлшектеп плащ-шатыр, әртүрлі қорғаныс заттармен бүркейді.Залалданған жерлерде ұзақ уақыт тұратын болса, онда су ішуге қалыс қалуы керек. Ал суды ішу тек залалданған бөліктен зарарсызданғаннан соң,санитарлық өңдеу тазалау жұмыстары - қол жуу, ауыз шаю және дезактивация жасау, залалсыздандыру және флягтарды дезинфекциялағаннан кейін рұқсат етіледі.
Егер, ішілетін су, ЖҚЖҚ қолдануынан соң залалданған болса, қолдануға рұқсат етілмейді,қажет болса арнаулы өңдеу жұмыстарына ТУФ-200 және МАФС құралдары мен қондырғылары қолданылады.
Егер су БЗ мен залалданғанына күмәнданса, онда режимге көшеді.Әскери бөлімдерде суды дезактивациялау мен өңдеу басқа тәсілдер арқылы ішілетін жарамды суды алмайды.Мұндай жағдайлар әскери бөлім арнаулы инженерлік мамандардың басшылығында СЖП –де пайдаланатын суды өңдеуден табельдік құрал-жабдықтарды қолданып өткізеді.
Суды д е з а к т и в а ц и я л а у ТУФ-200 қондырғының көмегімен, оған коагуляция, хлорлау, тұндыру және сүзгілеу арнаулы шахта арқылы өткізіледі.Мұндай кәдімгі сызбамен өңдеу (су қалқыған заттар мен бактериялардан ажырату) коагуляция барысында, ал тұндыру және сүзгілеуде 50-80% ке дейін радиоактивті заттар тұтылады.
З а л а л с ы з д а н д ы р у (дегазация) үшін ТУФ-200 қондырғысында суды хлорлау алдында қолданады. Кейбір жағдайда дегазациялау суды қайнатып жүргізіледі.Суды залалсыздандыруда байқағанымыз, ол улы заттардан ажырату - бұл күрделі үрдіс.Оған арнаулы мамандар қатынастырылғанмен де және қажетті техникалық заттар пайдаланғанда ылғи да оң нәтиже ала алмайды.Суды зарарсыздандыру және дезактивациялауда ТУФ-200 сызбасын қолданғанда ешнәрсе өзгермесе де, фильтр сауытында кездемелі қапшық орнына және активті көмірге, арнаулы көмірлермен толып қалады (КФГ-М), ол кезде тұндырғыш сумен толады, оған 80-100мг/л хлорлы известь және коагулянт ендіріледі. 30минут суды тұндырған соң насос арқылы фильтрге береді, өткеннен соң хлорсызданады және дезактивацияланады.
Ішілетін су залалсызданған (дезинфекцияланған) кейін және дезактивацияланғаннан кейін,медицина қызметкерлерінің рұқсатынан соң, ішуге болады. Сумен қамтылуда жеке құрамның қатыстарылуы, қатаң түрде ережені және қоғамдық гигиенаны сақтауда, медицина қызметкерлерінің рұқсатымен жіберіледі. Ал суды залалсыздандыру және дезактивация жұмыстарын атқаруда арнаулы қорғаныс киімдері болуы керек.
Істеліп біткен щихта сүзгілері, басқа да залалсызданған материалдарды жинап, арнаулы құдықтарда көмеді, немесе топырақпен жабады, ол СЖП ті 50 м қашықтықта болуы керек.
Осы кездегі сыртқы ортаның залалсызданғанына, қажетті іс-шаралар қолданып, ескертеді: мүмкіндігінше ластан шыққан заттарды залалсыз-дандырады; орнатылған құдық және орналасқан жерлеріне ағынды су, жерас-ты суы түспеуі керек;ондай құдықтар таза болуы керек,жергілікті халықты ескертіп, ескеретін белгілер койылуы керек.
Өзіндік бақылау және сабақты талқылау сұрақтары
-
* Әскерді сумен қамтуда қандай гигиеналық аспектілер (фактілерді түсіндіретін) және осыған байланысты әскери бөлімдерде қандай тұрақты іс шаралар орындалады?
-
Әскердің жеке құрамын қамтамасыз ететін қандай жауапкершілікті қызметкерлері бар екенін атаңыз.
-
Далалық жағдайда сумен қамтамасыз ететін ұйымдар бар, олардың ерекшелігі.
-
* Әскерді сумен қамтуда су сапасының гигиеналық аспектілері қойылатын талаптар және су тұтыну нормаларын салыстыру. Ішетін су сапасының жанама көрсеткішінің қандай маңызы бар?
-
Суға барлау жасау деген не? Оны орындайтын кімдер, олардың міндеттері. Сумен қамтуда су көздерінің гигиеналық бағасы қандай?
-
Сумен жабдықтау пункті және су бөлетін пункттері деген не? Осы пункттерге қандай гигиеналық талаптар қойылады?
-
Шабуыл мен қорғану кезінде сумен қамтудың қандай ерекшеліктері бар?
-
Әскерді сумен қамту жабдықтары туралы айтыңыз. Суды тазалау деген не?
-
* Суды залалсыздандыру әдістері қандай, оған гигиеналық баға беру – артықшылығы мен кемшілігі?
-
* Суды консервілеу, тұщыландыру туралы айтыңыз.
-
Қарсыластың жаппай қырып жоятын қару қолдануда әскерді сумен қамтудағы ерекшелігі қандай?
Ескерту. *-мен белгіленген сұрақтар студенттің реферат рәсімдеуде нұсқау ретінде қолдануға болады.
4-т а р а у
Дала жағдайында әскерді тамақтандыруда санитарлық қадағалануды өткізу және ұйымдастыру негізі
Әскери құрамды тамақпен, азық-түлікпен үздіксіз қамтамасыз ету, сапалы тамақпен ас әзірлеуді азық-түлік қызметіндегі қызметкерлер іске асырады. Азық-түлікті қамтамасыз ететін қазметкерлер санитарлық ережелерді сақтау және тамақтың толық құнарлығына бақылау жасайды, сонымен бірге жеке адамдардың денсаулық жағдайына, сол объектіде жұмыс істейтіндерге әскери медициналық қызметкерлер бақылау жасайды.
Әскери құрамды тамақтандырудың жалпы ережесі мен ұйымдастырылуы
Рационды
тамақтану туралы түсінік.
Азықтық
заттармен (сапалы зат алмасу заттармен)
және сандық (энергетикалық заттармен),
өздерінің арнаулы қызмет атқаруына
қарай климаттық, организмнің жасы
жағдайына байланысты әскерилердің
қажеттілігін қанағаттандыру. Тамақтану
режимін (тәртібін)сақтай отырып дәмді
етіп дайындау,тағамның әр түрлілігін
организм тіршілігіне қажетті
заттардың(витамин,артық май қышқылдардың
көбеймеуі) күнделікті тамақтың дұрыс
бөлінуін, басқа әдетке айналған заттарды
қосылып кететінін есепке алу.
Әскердің рационды
тамақтануы
Мақсаты:Жоғарғы
әскер қабілеттілігінсақтауда,басқада
шара орындалады шашаралармен қоса
орындалатыны
Дайын
өнімдік тамақтарды пайдалану,уақытында
тез ыстық тамақпен адамдардың көп
бөлігін далалық жағдайда қамту және
жаппай аурушаңдық тудыратын жағдайға
апармау
18-сурет.Әскердегі жеке құрамның рационды тамақтану принципі
Әскери қызметкерлердің тамақтану сипаты қ о ғ а м д ы қ, азық-түлікпен қамтылуы - о р т а л ы қ т а н ғ а н және н о р м а м е н қанағаттандырылуы керек. Одан басқа да әскери қызметкерлердің тағы да тамақтануының екі сипаты бар: берілген азық-түліктің б ө л і н і п тамақтың дайындалуы және медицина қызметкерлерімен команда басшылары тарапынан тұрақты б а қ ы л а у болады.
Сыбағаның қазандық қанағаттануы - құрғақ және қосымша сыбаға арқылы болады. Қазандық сыбаға ыстық тамақ дайындау үшін арналған,ол казармалық және далалық қоныстануда жүргізіледі. Қ ұ р ғ а қ әскерлік сыбаға консервімен, концентраттар комплексті күйінде дайындалу жағдайы, ыстық тамақ дайындалуы ас үйлерде болуына тыйым салынады. Жоғарғы тау жағдайындағы сыбағаны,шәйді ыстық күйінде дайындауына құрғақ спирт беріледі.Қазандық қанағатты сыбаға және құрғақ сыбағалар,әскери қызметкерлердің э н е р г е т и- к а л ы қ шығынын толтырады.Көптеген,әр мезгілде отандық ғалымдардың орындаған зерттеулері көрсеткеніндей, бейбіт уақытта әскери мамандардың энергетикалық шығындары 3500-4500 ккал. Осыған сәйкес әскер сыбағалары құрастырылады.
Кейбір мәліметтер бойынша энергияның жұмсалуы жауынгерлік оқу жағдайында 5700 ккал-ны құрайды.Осы уақытта,адам 2500 ккал-ға дейін энергия тапшылығына душар болады деп бекітілген, жауынгерлік қабілеттілікті сақтап, сумен қамтылуы еңбектің талапқа сай (адекватты ) жағдайында және гомеостаздық бұзылмаған кезінде болады.
Әскери әуе десанттарына, әскери қызметшілердің әрекеттеріне тән, жоғарғы таулылықтар үшін және теңіз деңгейінен 3000м биіктіктен жоғары аудандарда қызмет атқарушыларға; реактивті,трубореактивті және трубовинтті ұшақтар экипажына,сарбаздар құрамына, суға сүңгитіндерге т.б мамандарға сыбаға үлесі, қосымша ретінде берілуі мен жұмыстарына теңгеріледі. Олардың теңгерілуі (компенсация) немесе зиянды факторлар, қолайсыз жағдайда еңбек ететіндерге немесе жоғарғы энергия шығындайтындармен бірдей.Әскери бөлімдерде мынадай норма үлестері болуы мүмкін: Қатардағы және сержант құрамаларына бір, мысалы, негізгі жауынгерлік және бір сарбаздар құрамының нормасымен бірдей. Бөлімше жанындағы шағын ауруханада (лазерет) орналасып, емделіп жатқандар госпитальдық нормада тамақтанады. Олар үшін бригаданың медициналық пунктінің ас үйінде немесе жауынгерлік асханасында дайындалады. Созылмалы асқазан-ішегі ауыратындарға аямай тамақтандыру (диетағыларға) ұйымдастырылады,ол уақытта асханалық май, сары маймен алмастырылады; арпа жармасы т.б жармалар-күріш,құмық ұнтақ жарма; қарабидай, бидай наны.Диеталық тағам денсаулығына байланысты мерзімі үш айға дейін тағайындалады.
Диеталық тағамды ұйымдастыру жауапкершілігін және әскери шағын ауруханадағыларға госпиталдық нормада және диеталық тамақтануды медициналық қызметкерлер бастығына жүктейді. Азық-түлікті госпиталдық нормада және диеталық тамақты жайып салу, бөлу тамақпен қамтамасыз ету бөлімінің бастығының қатынасуымен немесе аспазшы нұсқаушы,бөлім командирінің бекітілуімен орындалады.
Токсикалық заттармен немесе зиянды физикалық әсер факторларының жанасып жұмыс істейтіндерге,қосымша емдеу профилактикасы ретінде тамақтануын қамту асхана арқылы жүргізіледі.
Әскердің тамақтану р е ж и м і н і ң орнатылуы мынадай:әскери бөлімдегі қазандық үлесте ыстық тамақ тәулігіне 3рет беріледі-таңертеңгі,түскі және кешкі ас, сонымен бірге шәй 2рет-ертеңгі және кешкі.Сабақ басталғанға дейін таңертеңгі,түскі-негізгі ,сабақтан соң кешкі ас 2-3сағат ішінде ұйқыға дейін беріледі.Тамақтанудағы аралық тамақтану арасы 7 сағаттан аспауы керек.Астың қабылдау уақыты күн тәртібімен анықталады,ол бөлім командирімен бекітіледі.Үш мезгіл тамақ ішуде тәуліктік норма үлесі, тамақтың калориялығына байланысты бөлініп берілуі мынадай: таңғы аста-30-35%, түскі -40-45%, кешкі ас - 20-30% -тін құрайды. Нақтылы жағдайға байланысты тамақтану режимін, бөлім командирі - ұрысқа дайындықтың сипатына немесе ерекше жауынгерлік жағдайда, дәрігер мен тыл жөніндегі орынбасарлардың есептік нұсқауы бойынша ұсынылады.