Файл: Джт сессия билет ежелгі Египет, кезедері мен ерте патшалыты алыптасуы.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 29.11.2023
Просмотров: 207
Скачиваний: 3
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Б.з.д. ІІІ мың жылдықтағы Крит цивилизациясы, оның қалыптасып, дамуы. Крит мемлекетінің құрылуы, оның экономикалық-әлеуметтік құрылысы.
Эгей мәдениеті, Крит-Микен мәдениеті – б.з.б. 3 – 2-мыңжылдықта Эгей архипелагы мен грекия құрлығын мекендеген Крит тайпалары мәдениетінің шартты атауы. Эгей мәдениетінің басты орталықтарын зерттеуші ғалымдар Г.шлиман микеннен (19 ғасырдың 70-жылдары), А.Эванс Кностан (1900 – 20) тапқан. Ғалымдар Эгей мәдениетін 3 кезеңге бөледі. Ерте миной кезеңі (б.з.б. 3000 – 2200 жылы шығарылған) энеолит дәуірінен өтіп, қола еңбек құралдарының кеңінен таралуымен және рулық қатынастардың ыдырауымен сипатталады. Бұл кезеңде қала тектес елді мекендер пайда болды, мал шаруашылығы, теңізде жүзу өріс алды. Орта миной кезеңінің (б.з.б. 2200 – 1600 жылы шығарылған) басында Саргон (Ассирия патшасы) әскерлерінің Критті уақытша жаулап алуына қарсы күрес нәтижесінде Крит мемлекеті пайда болды. Кнос қаласы оның орт-на айналды. Кноста сәнді сарайлар салынып, олардың қабырғалары таспен өрілген ағаш бағаналардан тұрғызылды. Қазба жұмыстары мұнда тұрғын бөлмелер мен қонақ қабылдайтын бөлмелер, қоймалар, қолөнер шеберханалары, су құбыры, канализация болғандығын дәлелдейді. Қабырғаларында жер бедерін, жан-жануарларды, дельфиндерді, өсімдіктерді, сондай-ақ тұрмыс көріністерін бейнелейтін суреттер салынған. Бұл кезде қыш, темір ыдыстар жасалды. Тас таңбалар мен балшықтан жасалған тақталарда пиктографиялық жазу дамыды. Орта миной кезеңінің ақырына қарай линейный жазуға ауыса бастады. Крит жазулары әзірге оқылған жоқ. Кнос пен Фест мұрағатынан табылған пиктографиялық тақталар шаруашылықтың әр алуан болғандығын және бұл кезде Криттің, ертедегі Шығыс елдері сияқты құл иеленуші мемлекет болғандығын көрсетеді. Сондай-ақ өнер ескерткіштері әйелдердің қоғамдық өмірде үлкен рөл атқарғанын байқатады. Тиринф сарайында су құбыры, ванна болғаны анықталды. Микенде алтыннан, күмістен, қоладан жасалған қару-жарағы бар патша табыты табылды. Оның бірінен Крит торевтикасының үздік шығармасы – алтын, күмістен жасалған өгіз бейнесі және қылыш табылды. Монументті ескерткіштерден Микенде ерекше көзге түсетіні – тастан өрілген “Атрея қазынасы” (биіктігі шамамен 15 м). Оның дөңгелектеп салынған 34 құрылысы аса күрделі. Байлық пен қуаттылықты танытатын сән-салтанатты сарайлар Микенде әскери басшылардың үстем болғандығын және жергілікті тайпаларда алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырағандығын көрсетеді. Кейінгі миной кезеңінде ақсүйектер қабылдаған Эгей Мәдениеті, оның діні мен өнері жергілікті Ахейя тайпасының қарапайым мәдениетіне ауысты. Б.з.б. 16 ғ-асырдан кейінгі кезеңде елге көршілес дорий тайпаларының басып кіруіне байланысты Эгей мәдениеті құлдырай бастады. Дегенмен ол кейіннен осы өңірде Эллада мәдениетінің дамуына негіз болды
Б.з.д.І ғ.Рим республикасындағы әлеуметтік- саяси күрес. Азамат соғыстары.
Рим мемлекеті қалалық қауымнан қалыптаскан. Римнің негізін қалаған әттен бастап б.э. 509 жылға дейін римдіктерде рулық құрылым болған, алайда ол ыдырау кезеңінде болған. Рулық ұғымының негізі әлеуметтік бірлігі ретінде экзогамды әкелік ру табылган. Рулар отбасыларына бөлінген, оларға тән сипат болып отбасы иесінің жанұя мүшелеріне үстінен шексіз билігі табылған.Қоғамдық құрылым. Римде жалпы алғанда 300 ру болған. Он ру әскери және діни бірлік болып табылатын курияны құраган. Курияның басында қурион тұрған. Он қурия трибуды тайпаны кұраған. Рим халқы үш тайпадан құралған.Халық патрицийлерге, клиенттерге және плебпийлерге бөлінген. Патрицийлар — бұл қалалық қауымның толық құқылы азаматтары, клиенттер патрицийлерге жеке және мұрагерлік тәуелділікте болған, плебейлердің жеқе бостандығы болғанымен, саяси құқықтарға иеленбеген. Мемлекеттік құрылым. Римдік қауымның басында патша Рекс тұрған. Ол әскер басы, жоғарғы абыз болған және ерекше маңызды істер бойынша сотты жүзеге асырған. Рекстің лауазымы сайланбалы болған. Патшаның жанындаы кеңесуші орган сенат болған, ол үш жүз рудың ақсақалдарынан құралған. Сенат коғамдық істерге басшылық жасаған, маңызды мәселелерді талқылаған, мұндай мәселелерге байланысты шешімдерді халық жиналысы қабылдаған. Сонымен қатар, сенат патшаны сайлауға да әсер еткен. Аса маңызды органдардың бірі халық жиналысы болған, ал рим руларының толық құқылы мүшелері — әскери қызметті орындай алатын ер адамдардан құралған; ал сенаттың ұсыныстарын қабылдаған немесе олардан бас тартқан, барлық лауазымды тұлғаларды, соның ішінде патшаны да сайлаған. Римдік қауымдағы тағы да бір орган — бұл абыздық алқалар олардың ішіндегі ең ежелгілері болып авгурлар, понтификтер және фициалдар алқалары табылған (авгурлар тұлғалардың әрекеттері туралы өз қорытындыларын әртүрлі белгілер мен жорамалдардың негізінде берген, понтификтерәдетғұрыптарды сақтаушы және түсіндіруші болған,фециалдарсоғысжариялау актісін жүзеге асырған).Римдіқ рулық қауымның мемлекетке айналуын үрдісінің аяқталуына Сервий Тулийдің реформалары әсер етті, олардың мәні мынада болды: А) барлық еркек адамдар жердің мөлшерімен анықталатын мүліктік жағдайына қарай бес топка бөлінген, бұл бөлініс плебейлер үшін де, патрицийлер үшін де ортақ болған;Ә) Римде жоғарғы органның жаңа түрі пайда болды — центуриаттық комициялар;Б) плебейлер центуриаттық қомициялардың құрамына енгізілді, яғни, «рим халқының» бөлігіне айналды және қоғамдық жердің бөлінісіне иеленетін болды;В) Рим қаласы төрт аумақтық оқругтерге — трибаларға, ал қала шеті — он жеті селолық трибага бөлінді. Трибуттық комициялар плебейлер үшін міндетті жалпы сипаттагы қаулыларды шығару құқығына иеленді.
40. Б.з.д. ІІІ мың жылдықтағы Ахейлік Греция. Микены цивилизациясы. Балкандық Грецияда ерте таптық қоғам мен мемлекеттердің құрылуы. (Микены,Тиринф, Пилос,Фивы, Афины). ЖОООҚ
41.Республикалық кезеңдегі экономикалық даму ерекшеліктері.Плебейлер мен патрицийлер күресі, оның кезеңдері.
Римдегі республика қезеңі 500 жылға созылды (б.э.д.509-27 ж.ж.). Римнін даму тарихын екі кезеңге бөлуге болады: республиканың қалыптасу және нығаю қезеңі (б.э.д. ҮІ-ІҮ г.) және римдік құл иеленушіліқ мемлекеттің гүлдену және құлдырау кезеңі, оның орнына монархиялық басқару нысанының келуі (б,э.д. НІ-І г.г.).Қоғамдық құрылым. Өзінің таптық табиғаты бойынша римдік қоғам мен мемлекет кұлиеленушілік болған, алайда кұлдарды қанау монархия кезеңіндегі сияқты дәрежеге жеткен жоқ, сол себепті құлдық патриархалдық сипатта болған.Еркін халықтың негізгі бөлігі болып патрицийлер мен плейбейлер қала берген, олардың арасында өзара күрес өрши түскен. Плейбейлер патрицийлер мен саяси және азаматтық құқықтары бойынша тең болуға ұмтылған, осы жағдай Рим республикасының құлауының негізгі себебі болған.Мемлекеттік құрылым. Рим республикасында орталық органдар — халық жиналыстары болған, олар центуриаттық, грибуттық және куриаттық комициялар түрінде ұйымдастырылған. Сонымен қатар, сенат пен магистратуралардың да мемлекетті басқарудағы орны ерекше болған.Центуриаттык комициялар халык жиналыстарының негізгі түрі болып табылады, олар заң жобаларын қабылдап, жоғарғы магистрат — консулдардың, преторлар мен цензорлардың сайлауын жүзеге асырды, сот билігіне ие болды. Трибуттық комициялар екі нысанды қызмет етті: патрицийлер мен плебейлер үшін жалпы жиналыс (олардың қаулылары «популисцит» деп аталды) және арнайы плебейлік жиналыстар (олардың қаулылары «плебисцит» деп аталды). Куриаттық комициялар тек рулық құрылымының қолдағы ретінде гана сакталады және уақыт өте келе бұрынғы 30 курияның өкілдері болып табылған 30 ликторлың жиналысымен ауыстырылды.Сенат формальды түрде магистраттардың жанындағы кеңесуші орган ретінде саналған, алайда өте үлкен маңызға ие болған. Сенат халық жиналысы қабылданған заңдары бекітетін және қаржыларды басқарған. Сенаттың шешімдері «сенатус-консульт» деп аталған.Магистратуралардың жүйесіне Рим мемлекетінің өкілі болуға және оның атынан сот өндірісі мен басқару саласында мемлекеттік әрекеттерді жүзеге асыруға өкілетті лауазымды тұлғалар кіретін. Магистратуралардың қызметі мен оны ұйымдастырудың келесі қағидалары болған:— сайланбалылық (магистраттарды сайлау халық жиналыстарында жүзеге асатын);— алқалық (бір лауазымға бірнеше магистрат сайланатын, олардың әрқайсысы толық билікті иелене отырып, өздеріне қарасты мәселелерді шешкен);— жауаптылық (диктатор, цензор мен плебейлік трибундардан басқа магистраттар өз лауазымының мерзімі біткенде халық жиналысының сатына тартыла алатын); мерзімділік (барлық магистрлер 1 жыл мерзімге, ал цензорлық 5 жылға сайланатын);— ақысыздық (магистраттар өз жұмысы үшін жалақы алмайтын).Магистратуралар ординарлық және экстраординарлык болып бөлінеді. Ординарлык магистратуралардың басында екі консул тұратын. Ординарлық магистратуралардың құрамында келесі лауазымдар болған:Преторлар — консулдардың көмекшілері, цензорлар — Рим азаматтарын триболарға, разрядтарға және центурияларга бөлу мақсатында ценздерді орнықтыратын, эдилдер — полициялық міндеттерді жүзеге асырган, квесторлар — консулдардың арнайы мамандануы жоқ көмекшілері, плебейлік трибуналар — плебейлердің мүдделерін қозғаушылар және төменгі магистраттар — қылмыстарды тергеумен айналысқан.Не соғыспен, не топтық күрестің өршуімен байланысты қандай да бір төтенше қиындықтар уақытында сенат консулға алты айдан аспайтын мерзімге диктаторды тағайындау туралы тапсырма беретін. Диктатор тағайындалған соң барлық ординарлық магистратуралар экстраординарлық магистратураларға айналып, диктатордың өкілеттіктері мерзімінде толығымен оған бағынатын. Бұл кездегі диктатордың билігі шексіз болатын.Рим әскері. Әскери қызметті бес разрядқа енген барлық азаматтар өтейтін. Оған тек толық құқылы, кем дегенде 11000 асе мүліктік цензге ие азаматтар жіберілетін, әскерлер өздерінің мүліктік цензіне сәйкес әскердің әртүрлі түрлеріне бөлінетін. Әскерді консулдар цензорлардың құрастырған тізімдерінің негізінде жинақтайтын. Соғыс әрекеттері аяқталған соң әскер таратылатын.Жергілікті басқару. Римнің жауап алған Италиядан тыс жерлері, провинциялардың барлығын Римнен тағайындалатын, бұрын консул мен претор болып табылган магистраттар басқаратын. Олардың жергілікті жерлердегі билігі шексіз болатын.
42.Б.э.д. ХІ-ІХ ғғ. Греция. Гомер мәселесі
Гомер – ежелгі грек халқының аты аңызға айналған эпик ақыны. Алайда Гомер туралы нақты деректер жоқ. Оның өмір сүрген уақытын шамамен б.з.б. ІХ-VІІІ ғасырлардың арасы деп көрсетсе, Отаны ретінде 7 қала аталады. Олар: Смирна, Хиос, Колофон, Саламин, Родос, Аргос, Афины қалалары. «Гомер» сөзінің өзі бірнеше мағынада түсіндіріледі («соқыр», «тұтқын», «пайғамбар», «ақын» т.б.). Гомер өміріне байланысты ежелгі тарихшы Геродот, Плутархтың т.б. зерттеулері бір-біріне қарама-қарсы. Мифке сүйенсек, Гомердің ата-бабалары әншілер Мусей мен Орфей; әкесі – Аполлон құдай (кейде өзен құдайы Мелет), ал шешесі Каллиопа деп айтылады. Гомерді өлең шығарарда музалар шабыттандырып отырған. Гомер бүкіл Грекияны, Кіші Азия жағалауларын аралап жүріп өлең шығарған, поэтикалық жарыстарға қатысқан соқыр ақын болған деген де болжам бар. «Одиссея» поэмасында бейнеленетін туғаннан соқыр аэд Демодокты Гомердің өз бейнесі болуы да мүмкін деген де болжамдар бар. Павсанийдің айтуынша, Гомер Хиос аралында дүние салған. Бұл шындыққа жанасымды пікірлердің біріне жатады. Себебі, бұл аралда өздерін «Гомердің ұрпақтарымыз» деп есептейтін «гомеридтер» деп аталатын ру өмір сүрген. Олардың көпшілігі әнші болып келеді. Грек халқының жыршы-аэдтерінің бірегейі Гомер қаламынан туындап, әлем халқына танылған туындылары: «Илиада» мен «Одиссея» поэмалары. Бұлар – ежелгі грек халқының батырлық жорықтарын суреттейтін көркем шығармалар. Аталған поэмаларының шыққан дәуірі, қандай жағдайда дүниеге келгені жөнінде мәліметтер сақталмағандықтан, оларға қатысты әлі де анықталмаған, шешілмеген күрделі мәселелер көп. Ғылымда бұл «Гомер мәселесі» деп қарастырылады. «Гомер мәселесі» эллиндік дәуірде туды. Б.з.б. ІІІ ғасырда грек ғалымдары Гомер поэмаларының түпнұсқасын көптеген қолжазба материалдар негізінде қалпына келтіруге тырысты. Сонда ғалымдар поэмалардың айырмашылықтарын байқайды. Кейбір александриялық мектептің филологтары мәтіндік талдауларға сүйене отырып, тіпті «Илиада» мен «Одиссея» екі түрлі автордың шығармасы деген қорытындыға келді. Бірақ, олардың жорамалы қолдау таппайды. Көптеген зерттеушілер «Илиада» поэмасы ақынның жас күнінде жазылған; оның негізгі тақырыбы – әрекет пен күрес, батырлардың көзсіз ерлігі; автор батырлардың жойқын соғыстағы асқан қаһармандығын шабыттана жырлаған; ал «Одиссея» ақынның қартайып, шау тартқан шағында жазылған дүниесі болғандықтан, мұнда Одиссей батырдың басынан кешкен қиындықтарын баяндаумен ғана шектелген деген қарсы пікір айтады. Антика заманының ойшылдары Гомерді пір тұтқанымен, оның кемшілігін жиі, ашық айтып отырған. Ақын, философ Ксенофон Колофонский (б.з.б. VІ ғ.) Гомер шығармаларына көп сын айтса, Платон оны тірі болса мемлекеттен қуып шығуға дайын екенін жасырмайды. Оның ойынша, Гомер поэмалары жастарды бұзады, олардың тәрбиесіне кері әсерін тигізеді. Гомердің ең қатал сыншысы Зоил болды (б.з.б. ІV ғасыр), кейін оның аты жалпыланып, «Зоил» сөзі «аяусыз, кешірімсіз, зұлым сыншы» деген мағынада қолданылды. Гомерді кемсітіп, оның еңбектеріне күлгені үшін жырдың табынушылары Зоилды жардан лақтырып жібереді. Софист, философ Дион Хорцостың (б.з.б. І-ІІ ғғ.) пайымдауынша, Гомер поэмаларының негізі дұрыс қаланбаған, себебі Троя соғысы гректердің атақ-даңқсыз, көп азап шегіп Отанына құр қол қайтуымен аяқталады. «Гомер мәселесімен» Аристотель, Метродор Лампсаксий (б.з.б. Vғ.), александриялық филолог Зенодот (б.з.б. ІІІ ғ.), Аристарх Самофракийский (б.з.б. ІІІ-ІІ ғғ.) және Аристархтар да айналысқан. Антика дәуірінде бұл шығармаларға жазылған көптеген түсіндірмелер мен комментарийлер сақталған, ол – схолия деп аталды.
43. 2 Триумвират және Рим республикасының құлауы.
Октавиан ең алдымен Цезарьдың өсиетін орындап, әрбір плебейге 300 сестерцейден бөліп, марапаттар үлестіріп, мерекелер ұйымдастырады. Октавианды өз мақсаттарына пайдаланғысы келген сенат, оны Антониге қарсы қойып, онымен соғысқа әкеледі. Бұл соғыс б.з.д. 43 жылы Солтүстік-Италиялық қала Мутин түбінде болады.Бұл соғыста Антони жеңіліп, Нарбон Галиясына шегінеді. Соғыста жеңген Октавиан Римде өзін консулдыққа сайлауға талап етеді. Сенат бұл талапты орындамайды. Бұған наразы болған Октавиан әскерімен Римды басып алып, консул болып сайланады. Ең алдымен ол өзінің өкіл әкесі Юрий Цезарьды өлтірушілерді жазалайды. Б.з.д. 43 жылы Болонья қаласында үш цезарьші- Октавиан, Марк Антони және Эмиль Лепид одақ құрады, ол 2 Триумвират деп аталады. Бірінші Триумвираттан айырмашылығы екінші Триумвират құпия жеке келісім емес, арнайы жарияланған, биліктің дәстүрлі органдарын жойған мемлекеттік институт болды. Италия мен Батыс провинциялар- Октавианға, Шығыс провинциялар-Марк Антониге, Африкандық провинциялар-Лепидке беріледі. Б.з.д. 36 жылы Миланмен үлкен Навлохтағы шайқас кезіне Октавиан жеңіп, Секет Помпей легионерлері тізе бүгеді. Соғыс кезінде Эмиль Лепид өзінің африкандық ерлігіне Сицилияны қосу талабын қояды. Бірақ Октавиан Лепидтің бұл әрекетін жөнсіз деп танып, оның отрядын өз жағына тартып алады. Сөйтіп, Триумвират дуумвиратқа айналады да, Марк Антони мен Октавиан арасында жоғары билік үшін күрес басталады.Триумвирлер арасындағы келісім бойынша барлық Шығыс провинциялар Марк Антонидің толық қол астына өтеді. Антони б.з.д 37 жылы Клеопатрамен заңды некеге отырады. Бұл неке римдік құқық тұрғысынан заңсыз болып саналды. Сөйтіп Октавиан мен Антони арасы шиелінісіп, б.з.д. 31 жылы қыркүйекте шайқас болып, Антони жеңіледі. Шайқас алаңынан қашқан, Антони мен Клеопатра Египетті қорғау үшін қайтадан әскер жинауға әрекеттенеді. Бірақ ол сәтсіз аяқталады. Барлығынан айырылған Антони Римдік әскери тәртіп бойынша өзін-өзі өлтіреді. Бірнеше күннен соң, Клеопатра да өзін өлтіреді. Осылайша б.з.д. 30 жылы Октавиан ешқандай бәсекелессіз қалады және Рим державасының жалғыз билеушісіне айналады. Сөйтіп, 500 жылдық тарихы бар Рим республикасы өзінің өмір сүруін тоқтатады.