Файл: Джт сессия билет ежелгі Египет, кезедері мен ерте патшалыты алыптасуы.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 29.11.2023
Просмотров: 685
Скачиваний: 3
, бірақ олардың әрқайсысының өзіндік ой-толғамдарының, өзіндік көзқарастарының бар екендігі аңғарылып тұрды.
Бұл трагедиялар грек театрларының басты қойылымдарына айналды. Жалпы грек театры ойын-сауық отауы ғана емес, нағыз халықтың тәрбиешісіне айналды, грек жұртының сана-сезімі мен өмірге деген көзқарастарын қалыптастырды. Археологиялық қазба жұмысстарының нәтижесінде аршылып алынған грек және рим театрлары бүгінгі заманға дейін сақталынған. Біздің заманымызға дейінгі IV ғасырдың аяғынан бастап ағаштан жасалынған театрлардың орнын тастан салынған театр басты. Мысалы, құрылысы бір ғасырға созылған, 17 мың адам сиятындай етіп салынған атақты Дионис театры Афины тұрғындарының үлкен өнер ордасына айналды. Театр қойылымдары — діни мейрамдардың бір саласы болғандықтан, оған жүздеген-мыңдаған адамдар қатысатын. Көне заманда драмалық шығармаларда ойнаған актерлерді өте жоғары бағалаған. Олардың атақтыларының аты-жөндері мөрмәр тақтаға ойылып жазылып, Дионис театрына қойылған, ал кейіннен мемлекеттік архивке тапсырылатын болған. Осының нәтижесінде бізге 62 трагедия және 82 комедия жанрларында өнер көрсеткен актерлердің аттары белгілі болып отыр.
Классикалық грек трагедиясының негізін қалаушы — ұлы Эсхил (біздің заманымызға дейінгі 525—456 жылдар) болды. Эсхилге дейін бүкіл кейіпкерлерді бір-ақ актер ойнайтын болса, енді сахнаға екінші актер шығарылды, соның арқасында драмалық сахна көріністері жандана түсті. Осы орайда, драмалық қойылымдарда маскалардың, декорациялардың қолданылуы да Эсхилдің есімімен тығыз байланысты екендігін айта кеткен жөн. Эсхил трагедияларында шындық, өділеттілік, діни-этикалық мұра ұғымдары одан әрі айқындалып, азаматтардың рақымшылдығы мен адамгершілігі, өз еліне деген сүйіспеншілігі басты орынға шықты. Мысалы, «Құрсаулы Прометей» трагедиясының басты тақырыбы патриотизм мен рақымшылдық болса, ал «Орестей» трилогиясында адам тағдыры кеңінен көрініс тапқан. Адам тагдыры мөселесі грек трагедиясының дарынды өкілдерінің бірі Софоклдың (біздің заманымызға дейінгі 497—406 жылдар) шығармашылығында өзінің занды жалғасын тапты. Ол өз шығармаларында еркіндікке толы азамат еркінің әділетсіз қатал тағдырға қарсылығын тамаша суреттей білді. Софоклдың «Эдип патша» деп аталатын ұлы трагедиясының күні бүгінге дейін элем сахналарынан түспеуі көп нөрсені аңғартса керек.
Біздің заманымызға дейінгі 480—406 жылдар аралығында өмір сүрген Эврипид психологиялық драманың негізін қалады. Оның «Медея» және «Федра» трагедиялары да адам өліміне өкеліп соғатын шым-шытырық өмірлік уақиғаларға толы болып келеді.
Ежелгі Грекиядағы комедия жанрының тамаша өкілі — Аристофан (біздің заманымызға дейінгі 445—385 жылдар шамасы) болды. Оның комедиялық туындыларында халықтың күнделікті өмірі, тұрмыс-тіршілігі басты орын алды. Сондықтан да болар, оның комедияларындағы кейіпкерлер әдетте халық атынан сөйлеп, халықты қанап, алдап-арбаушыларды өткір сынға алады. Ұрылар сияқты қоғамға жат элементтермен қатар, ақылы мен арын сатқан ел билеуші философтарды да әжуаға ұшыратады. Оның 138 «Салт аттылар», «Бейбітшілік», «Лисистрата» және тағы да басқа комедиялары саяси мазмұндағы шығармалар қатарына жатады. Аристофан грек театрының халықтың дөстүрлеріне сүйене отырып театр сахналарында мималарды (өмірдің күнделікті жағдайларын бейнелейтін шағын көріністер) кеңінен пайдаланды. Дөл осы кезенде пантомима жанрының туындауы комедия жанрын одан әрі түрлендіріп, оның халықтық сипатын айқындай түсті.Біздің заманымызға дейінгі V ғасыр грек тарихнамасы қарқынды түрде дами бастады. Оған үлкен үлес қосқан сонау көне заманның өзінде-ақ «тарихтың атасы» деген атақ-даңққа ие болған Геродот (біздің заманымызға дейінгі 484— 430 жылдар) болды. Оның тақырыбының негізгі арқауы грек-парсы соғыстары болып табылатын «Тарих» атты еңбегі баға жетпес тарихи мұралардың қатарынан орын алды. Көне заманның ұлы тарихшыларының бірі — Фукидид (біздің заманымызға дейінгі 460—400 жылдар) өзінің «Пелопоннесе соғыстары» атты еңбегінде алғаш рет ғылыми — шыншылдық әдісін кеңінен қолданып, сол кезеңдегі тарихи уақиғалардың өзара байланыстарын ашу арқасында, халықтың саяси білімінің артуына себепкер болды.Біздің заманымызға дейінгі V—IV ғасырда жасалған сәулетшілердің, мүсіншілер мен суретшілердің даңқты өнер туындылары кейінгі ғасырларда да үлгі-өнеге алуға лайық болды, сондықтан да оларды классикалық мұра, яғни үлгі деп есептейміз. V—IV ғасыр өнер — грек классикалық өнері деген атақ алды. Біздің заманымызға дейінгі V ғасыр сөулет өнері архаикалық кезеңнің белгілерін сақтағанымен, өзіндік жаңаша түрге, жаңаша мазмұнға ие болды, колонналармен қоршалған гимарат, периптер типі дамып, жетілді. Дорлық ордер храмдары жетекші орын алып, олар бұрынғы біздің заманымызға дейінгі VI ғасырдағы аумақты жер бауырлаған храмдармен салыстырғанда зор тұтастық пен жарастыққа ие болды. Біздің заманымызға дейінгі V ғасырдың өнер шеберлерінің алдында тұрған ұлы мөселелердің бірі — сөулет өнері мен мүсін өнері бір-бірімен етене байланыста көрсету міндеті ойдағыдай шешілді. Қорыта келгенде, классикалық дәуір өнерінің басты жеңісі, адамның архаика өнерінің шарттылығынан құтылған тәуелсіз, табиғи қалпын бере білу шеберлігі болып табылды.
Грекия тарихындағы ұзаққа созылған қанды соғыстар (тарихқа Пелопоннесе соғысы — деген атпен кірген Афины теңіздер державасы мен Спарта бастаған Пелопоннесе одағының өзара әскери қақтығыстары) Афинының жеңілісімен және ол басқарған қалалар одағының ыдырауымен аяқталды. Соғыс құлиеленушілік қоғамның қайшылықтарын одан әрі шиеленістіріп, мемлекет
35. Ашока патша кезіндегі Үнді қоғамы. ЖОООҚ36. Римдегі агралық қозғалыс және оның нәтижелері.37.Маурийлер империясы және Үндістанда буддизмнің орнығуы. ЖОООҚ38.Римдегі құлдар көтерілісі. СпартакСпартак — римдіктерге тұтқынға түсіп, кейін құл-гладиаторға айналған бұрынғы фракиялық жауынгер. Қазіргі италия аумағында бзд 73 — бз 71 ж аралығында көтеріліс басқарды. Қашқын гладиаторлар мен құлдардан құралған оның әскері бірқатар шайқаста бірнеше рим легиондарын, соның ішінде екі консулдық армияны қиратты. Бұл оқиғалар тарихқа уақыты бойынша бірінші және екінші Сицилиялық көтерілістерінен кейінгі Римдегі үшінші ең ірі құлдар көтерілісі болған Спартак көтерілісі ретінде енеді.Спартак көтерілісі – Ежелгі римде б.з.б. 73/74 – 71 жылы болған құлдар көтерілісі. Көтерілісті құлдыққа сатылып, капуядағы гладиаторлар мектебіне түскен спартак басқарған. Ол ежелгі авторлардың айтуынша римдіктерге тұтқынға түскен дакиялық тайпа көсемінің баласы болған. Көтеріліс барысында Спартак өзін шебер ұйымдастырушы әрі талантты қолбасшы ретінде көрсетті. Оның жасағының саны аз уақыт ішінде 10 мыңнан 70 мыңға дейін жетіп, көтеріліс Кампаниядан италияның оңтүстік аймақтарына жедел тарады. Б.з.б. 72 жыды Рим сенаты көтерілісшілерге қарсы екі консул (Г.лентул, А.гелий әскерін жіберді. Бірақ бұлар Спартактан күйрей жеңілді. Спартак армиясының жеңісі Римнің іргесін шайқалтып кетті. Жер-жерде құлдар өз иелеріне қарсы көтеріліп, имениелерді өртеді, көтерілісшілерге қосылу үшін қашып жүрді. Көтерілісшілер адрия теңзінің жағалауымен бүкіл италия цизалпия дейін жетіп, мутина маңындағы шайқаста Рим проконсулы кассий әскерін күл-талқан етті. Рим сенатынан маза кетті. Олар көтерілісті басу үшін елдегі бүкіл әскерді жұмылдыруға кірісті. Құл иеленушілерден арнайы әскер жасақтала бастады. Оңтүстікке қарай бұрылған көтерілісшілерге қарсы жаңадан красс армиясы, кейін испаниядағы гней помпей басқарған армия, Фракиядан Марк Лукуллжасағы жіберілді. апуллия мен лукания шекарасындағы шайқаста (71 жыл, көктемде) Спартак армиясы күйрей жеңілді, өзі қаза тапты.39.