Файл: 1 билет мектеп малімі, малімдік мамандыты ерекшеліктері. Ксіптік зіреттілік Мектеп малімі.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 30.11.2023

Просмотров: 202

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

1- БИЛЕТ

Мектеп мұғалімі, мұғалімдік мамандықтың ерекшеліктері. Кәсіптік құзіреттілік

Мектеп мұғалімі:баланың тұнғыш ұстазы-оны мектеп табалдырығын аттағанда күтіп алып әріп танып,жазуға үйрететін мұғалім.Екіншы сөзбен айтсақ - ұстаз ол - адамның өмірге деген көзқарасын өзгертіп сенім қалыптастыратын, өмірден өз жолын дұрыс табуға көмек беретін бірден бір тұлға .

Мамандықтың ерекшеліктері:Бұл педагогтың ізденпаздығы,білімге деген құштарлығы,артық білуге деген ұмтылысы.Басқа мамандык иелерінен мұғалімнің айырмашылығы -жұмыстан тыс үйде де білімін тереңдету ге айырықша қабілеті болуын талап етеді

Кәсіптік құзіреттілік Мұғалім қаншалықты білімді, шығармашыл болса, оның құзыреттілік аясы да соғұрлым кең болмақ. «Құзыреттілік» ұғымы педагогика саласында тұлғаның субъектілік тәжірибесіне ерекше көңіл аудару нәтижесінде ендіріліп отырған ұғым.

Білім беру саласында құзіреттілік сөзі1960- 1970 жылдарда шетел әдебиеттерде 1980 жылы соңында отандық әдебиеттерде кездесті

Д.И.Ушаков “құзырет “пен “құзіреттілік “ сөздер арасындағы айырмашылықты анықтауға тырысқан

Құзіреттілік- абыройлық,хабардар болушылык.

Құзірет-жеке тұлғаның кәсіби қасиеті

5 түрі бар

1 акпараттык құзіреттілік

2 реогулативтик құзіреттілік

3 интелектуалдық -педагогикалык құзіреттілік

4 операциондық құзіреттілік

5 ұстаздық құзіреттілік

1 акпараттык құзіреттілік -өзі туралы оқушылар мен олардың ата аналарының, басқа ұстаздардың, жұмыс тәжірибесі жөнінде ақпаратты білу бөлшегин қамтиды

2 реогулативтик құзіреттілік -оқытушынын өз іс-әрекетін басқара білу мумкіншілігін білдіреді

3 интелектуалдық -педагогикалык құзіреттілік -талдау синтез салыстыру сияқты қарастыра білудін кешені ойлау қабілетін икемділыгы мен сымдылығы ретіндегі зерденің қасиеты туринде карастыруга болады

2-БИЛЕТ

Педагогика пәні, оның негізгі ұғымдары. Педагогиканың шығуы және дамуы

Педагогика пәні -адамзат ғылымының ең ежелгі және қоғам дамуының ажырамас саласы болып табылады. Себебі: педагогикалық білім ұғымы ұрпақты білімге дайындау немесе тәрбиелеу мен байланысты адам әрекетінің ерекше аймағына кіреді


Педагогикалық ұғымдардық бірі - тәрбие.

Тәрбиедегеніміз - адамдарды қоғамдық өмірге және өнімді еңбекке дайындау мақсатын көздеп, жаңа ұрпаққа қоғамдық-тарихи тежірибені беру процесі. Тәрбие ұғымы кең мағынада әлеуметтік қоғамдағы құбылыс ретінде барлық тәрбие салаларын, атап айтсақ: отбасы, мектепке дегіінга мекеме, оқу тәрбие орындары, еңбек ұжымы, ақпарат құралдары, баспа орындарын қамтиды.

Білім беру - оқыту мен тәрбие жұмысын біріктіретін және жеке бастық дамуына ықпал жасайтын процесс.

Оқыту - білім берудің негізгі жолы. Оқыту екі жақты, бір текті процесс:

Педагогиканың шығуы және дамуы. Қандай да болмасын ғылым салаларының дамуы қоғамның өмірлік мұқтаждығынан, талабынан туады. Педагогиканың пайда болуы қоғамның жас ұрпақты тәрбиелеудің тиімді жолын табу мақсатынан және де өндірісті дамыту талабынан туған.Педагогика ғылымы ұзақ тарихи даму жолынан өтті.ХV-ХVI ғасыр педагогикасы орта ғасыр педагогикасын сынады. Адамның жеке басының тәрбиесін оның дамуы ойшылдарды толғандырды, мәдениет пен педагогикалық бағыт ”гуманизм” деп аталды.

3-БИЛЕТ

Педагогика ғылымының салалары және оның басқа ғылымдармен байланысы

Педагогика дамып, тәрбие мен білім беру жайлы ғылыми тарауларға бөліне бастады. Мысалы, педагогиканын жалпы негіздері, тәрбие теориясы, дидактика, т.б.Тәрбие мен оқыту ісінін одан әрі дамуына байланысты педагогика ғылымынын түрлі салалары, атап айтсақ мектепке дейінгі педагогика, мектеп педагогикасы, педагогика тарихы, дефектология жене пәндерді оқыту әдістемесі, касіптік-техникалык білім беру педагогикасы, жоғары мектеп педагогикасы, әскери педагогика, медени-ағарту қызметкерлерінін педагогикасы, түзеліс-еңбек педагогикасы пайда болды. Мектепке дейінгі педагогика отбасы, балалар бакшасындағы, демек, мектеп жасына дейінгі балалар тәрбиесін зерттейді. Мектеп педагогикасы мектеп жасындагы балаларды тәрбиелеу мен окытуды максаттары мен міндеттерін, әдістері мен принциптерін, формаларын, мазмұнын және нәтижесін айкындайды. Мектеп педагогикасы төрт бөлімнен тұрады. Олар:1. Педагогиканын жалпы негіздері. 2. Тәрбие теориясы. 3. Дидактика. 4. Мектептану (баскару теориясы). Дидактика - педагогиканын негізгі тарауларының бірі. Дидактика оқытудың заңдылықтарын қарастырады. Сондықтан ол "Нені оқыту керек?", "Қалай оқыту керек?". "He үшін оқыту керек?" деген сұрақтарға жауап береді. Жалпы дидактиканын негізгі міндеттері: окыту процесінін зандылыктарын ашу, білім берудін мазмұнын аныктау, оқытудын тиімді әдістері мен ұйымдастыру формаларын іздестіру, жастардын таным ынтасы мен кабілетін дамыту, дүниеге көзқарасты қалыптастыру, олардын өмір тәжірибесіне дайындалу мәселелерін зерттеп, шешу. Педагогика тарихы - тәрбиенің, шығуы мен дамуынын тарихын зерттейді. Дефектология - педагогика ғылымынынң арнаулы саласы. Дефектология көру, есту, сөйлеу мүшелерінде және ақыл ойында табиғи кемістігі бар балаларды окыту, тәрбиелеу мәселелерін зерттеп жетілдіреді. Дефектология 4 салаға бөлінеді: сурдопедагогика - саңырау, мылқау және керең балаларға, тифлопедагогика - көру қабілеті нашар балаларға, олигофренопедагогика - акыл-ойы кеміс балаларға, логопедия - тілінін кемісі бар балаларға білім және тәрбие беру маселелерін зерттейді. Пандерді окытудың әдістемесі окыту және білім беру теориясы - жалпы дидактикаға сүйенеді. Педагогика ғылымы баска ғылымдармен тығыз байланысты. №1 косымшаны караныз. Сонғы кезде педагогика ғылымы кибернетика жетістіктерін де пайдалана бастады. Кибернетика - (грек сезі) - баскару өнері. Кибернетика - жас ғылым, ол ХХ ғасырдын 40-жылдарынын аяғында қалыптаса бастады. Кибернетика - күрделі машиналардағы, тірі ағзаны және қоғамдағы процестердін

жалпы зандылыктарын зерттеп баскаратын, олардағы апараттарды беретін ғылым. Кибернетиканын негізгі салалары: акпарат теориясы, автоматтар теориясы, бағдарламалау теориясы.
4-БИЛЕТ

Педагогиканың методологиялық негізі және ғылыми педагогиканың зерттеу әдістері

Педагогиканың методологиясы дегеніміз - кез келген педагогикалық мәселені зерттеу негізіне жататын жалпыға ортақ ережелер, философия заңдары. Кез келген ғылым зерттелгелі отырған құбылыс туралы жалпы ережелерді қолданып, өзіне тән әдістерін қолданады. "Даму" сөзі - философиянікі. Сондықтан, педагогикалық процестегі даму туралы айтқанда, осы процестін стратегиялық бағытты, қозғаушы күші қарама-қайшылықтар дейміз. Тәрбиедегі қарама-қайшылықтың, негізгі мазмұны - жеке тұлғаның тілегі, қажеттілігі мен оны жүзеге асыруға керекті мүмкіндіктері арасындағы қайшылық. Осы қарама-қайшылықты шешу жеке тұлғадары сапалық өзгерістерге әкеледі. Қарама-қайшылық - дау-жанжал негізі. "Не нәрсеге үйрету керек?", "Қалай бөлу керек?" - деген сураққа жауап береді

• Ғылым әдіснамасы бұл - табиғат пен қоғам құбылыстарын зерттеуге негіз болған, әрі сол құбылыстардың теориялық түсіндірмесіне шешімді ықпал етуші философиялық бастау идеялар жиынтығы. Ғылыми методология (әдіснама) өзіне барлық зерттеу әдістерін қамтиды. Ғылыми методология әдістерді таңдауды, оларды ұштастыруды, әрбір әдісті жинақтауды анықтайды, зерттеу нәтижелерін салыстыру мен оларға баға беруді белгілейді. Педагогикалық зерттеулер теориялық және эмпирикалық деп бөлінеді. Теориялық әдістер: ғылыми педагогикалық әдебиеттерді талдау, индукция, дедукция, жіктеу, аналогия, салыстыру.

Эмпирикалық әдістер: - мәліметтерді жинау (бақылау, әңгімелесу, сауалнама, тест); - тексеру және өлшеу (шкалалау); - мәліметтерді өңдеу; - математикалық, статистикалық, графикалық, кесте; - баға беру әдістері (өзін-өзі бағалау, рейтингі, педагогикалық консилиум);

Педагогикалық зерттеудің бес кезеңі бар:

-Диагностикалық кезең - мәселенің пайда болуы мен қазіргі кездегі жайы анықталады;

- Прогностикалық кезең - зерттеу пәні мен обьектісі анықталады, гипотеза қойылады;

-Ұйымдастыру кезеңі - зерттеу мерзімі, базасы анықталады;

-Практикалық кезең - эксперимент жүргізіледі;


- Қорытынды кезең - нәтижені талдау, безендіру;

Бақылау әдісі - белгілі мақсатпен қалыпты жағдайда педагогикалық процесті зерттеу әдісі. Бақылау жүргізерде зерттеуші нені бақылайтынын, қандай мақсатпен және қанша бақылайтынын, қандай нәтиже күтетінін алдын-ала білуі керек. Бақылау жоспар бойынша жүреді. Жоспарда бақылаудың мақсаты мен міндеттері, обьектісі, жүргізу әдісі көрсетіледі. Бақылау материалдары күнделікке не протоколға толтырылады. Бақылаудың түрлері: жаппай, ішінара, ашық, жасырын, тікелей, жанама, ұзақ мерзімді, қысқа мерзімді. Бақылаудың түрлері: Жаппай бақылауда барлық оқушылардың іс-әрекетін бақылайды. Мысалы: сабақ үстіндегі оқушылардың танымдық әрекетін, оқушылардың зейінін бақылау, т.б. Ішінара бақылау - жеке мәселелерді зерттеу. Ашық бақылау - оқушылар өздерінің зерттеліп отырғанын біледі. Жасырын бақылау - оқушылар өздерінің зерттеліп отырғанын білмейді. Тікелей бақылау - зерттеуші бақылауды өзі жүргізеді. Жанама бақылау - зерттеуші бақылауды басқа адамның көмегімен жүргізіп, артынан одан барлық мәліметтерді алады. Ұзақ мерзімді бақылау - оқушыны бір тоқсан. жарты жыл не бір оқу жылы бойы бақылайды. Қысқа мерзімді бақылау - оқушыны бір сабақта, үзілісте не бір күн бойы бақылайды. Бақылау әдісінің артықшылығы - қарапайым, жүргізілуі жеңіл. Кемшілігі - педагогикалық құбылыстың ішкі жақтары байқалмайды. Сондықтан бақылауды зерттеудің бастапқы кезеңінде басқа әдістермен қатар қолданады.

Сұрау әдісі - сұрақ қою арқылы бір немесе бірнеше адамды зерттеу әдісі. Сұрау әдісінің ауызша және жазбаша түрлері бар. Ауызша сұрау әңгіме және интервью болып бөлінеді, ал жазбаша сұрау - анкета деп аталады.

Әңгіме әдісі бір немесе бернеше адаммен жүргізіледі. Әңгіме мақсатты, жоспарлы түрде жүреді, сұрақтары алдын-ала дайындалады. Әңгіме барысында адамның көңіл-күйі, сезімі, көзқарасы анықталады. Әңгіме арқылы зерттелушінің ішкі дүниесін танып-білуге, оның кейбір қылықтарының себептерін анықтауға болады. Сонымен қатар оның дүниеге деген көзқарасы, адамгершілік қасиеттері байқалады. Әңгіме күрделі әрі қиын әдіс, өйткені бала зерттеушіге дұрыс жауап бермеуі мүмкін. Ұялшақ, тұйық балалар жауап беруден мүлдем бас тартса, мақтаншақ балалар өтірік айтуы мүмкін. Сондықтан әңгіме әдісі зерттеушіден үлкен дайындықты, шеберлікті, әдептілікті талап етеді.

Интервью тек бір адаммен ғана жүреді. Әңгімеден ерекшелігі сұрақтар да, жауаптар да алдын-ала дайындалады. Сондықтан алдын-ала дайындалған жауаптардың бәрі шын болуы мүмкін емес. Интервью әдісін журналистер қолданады. Интервью материалы көпшіліктің назарына ұсынылады.


Анкета - алдын-ала дайындалған сұрақтарға жазбаша жауап беру. Бұл сұрақтар зерттелуші шын ниетімен жауап береді деген үмітпен құрылады, алайда бұл үміт әрдайым орындалмайды. Соған қарамастан анкета әдісі жиі қолданылады. Өйткені ол аз уақытта көп адамды зерттеуге мүмкіндік береді. Анкета сұрақтары бірмәнді, нақты жауап талап ететіндей сапалы болуы керек. Анкетаның түрлері: ашық, жабық, атаулы, анонимдік, полярлық..

Ашық анкета - оқушы өз ойынан жауап береді. Жабық анкета – оқушының жауабы шектеулі,

• ол дайын жауаптардың біреуін таңдайды, мысалы: иә-жоқ. Атаулы анкета - оқушы өзінің аты-жөнін жазады. Анонимдік анкета - оқушы өзінің аты-жөнін жазбайды. Полярлық анкета - жауаптарға сәйкес балл береді.

«Эксперимент» сөзі латын тілінен аударғанда «тәжірибе» деген мағынаны білдіреді. Педагогикалық эксперимент - педагогикалық құбылысты арнайы жағдайда зерттеу. Эксперимент оқу-тәрбие процесінің әдіс-тәсілдерін, формаларын, жүйесін тексереді. Педагогикалық эксперимент оқушылардың бір тобын, тұтас бір сыныпты не мектепті қамтиды. Эксперимент мақсатына қарай тексеру (анықтаушы) және жасампаз (қалыптастырушы) болып, ал орнына қарай табиғи және лабораториялық болып бөлінеді. «Тест» сөзі ағылшын тілінен аударғанда «тексеру» деген мағынаны білдіреді.

• Тестілеу шетелдерде ХІХ ғ. соңында пайда болып, кеңінен қолданылды. Алғашқы тесттер арқылы адамның жеке ерекшеліктерін - есте сақтауын, зейінін, т.б. зерттеген. Біздің елімізде ХХғ. 2-ші жартысынан бастап кеңінен қолданыла бастады.

• Педагогикада жиі қолданылатыны - оқу үлгерімін тексеруге арналған тесттер. Тесттің әрбір сұрағына бес жауаптан келеді. Арасында біреуі ғана дұрыс, қалғандары қате немесе жартылай дұрыс жауаптар. Оқушы дұрыс жауапты таңдайды.

• Социометрия әдісі ұжымдағы балалардың арасындағы қарым-қатынасты анықтау үшін қолданылады. Оқушылар «Кіммен бірге бір партада отырғың келеді?», «Кімді туған күніңе шақырар едің?», т.б. сұрақтарға жауап береді.

5-БИЛЕТ

Мұғалімнің сабаққа әзірлігі. Сабақты жоспарлауы.

Мұғалімнің сабаққа дайындығы

Мұғалім ең алдымен өз пәнінің оқу жоспары бағдарламасымен танысып,әр жылға күнтізбелік жұмыс жоспарын жасайды,әр сабақтың тақырыптық жоспарын,конспектісін дайындайды.Онда ол пәнаралық байланысты,әр сабақтың мақсат-міндеттерін,өздік жұмыстардың көлемін,оқыту әдістерін,көрнекі,техникалық құралдардың анықтайды.