Файл: 1 билет мектеп малімі, малімдік мамандыты ерекшеліктері. Ксіптік зіреттілік Мектеп малімі.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 30.11.2023

Просмотров: 205

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Маңызы мен міндеттері: Оқыту нәтижелерін бақылау; Танымдық іс-әрекетті басқару

Білімді тексеруге қойылатын талаптар:  бағаны әділ қойылуы;
•    оқушының өзін-өзі және басқаны бақылауы және бағалауы;
•    әр тақырыпты оқудың нәтижесіне мұғалімнің және оқушылардың баға беруі т.б.
Критериалды бағалау— оқушының оқу нәтижелерін білім беру мақсаттары мен мазмұнына сәйкес келетін білм беру үдерісіне қатысушылардың барлығына алдын ала таныс , ұжым талқысынан өткен , нақты анықталған өлшемдер арқылы оқушының оқу жетістіктерін салыстыруға негізделген үдеріс. Критериалды бағалау қалыптастырушы және жиынтық бағалау арқылы жүзеге асырылады.

Тестілеу-оқушылардың білім,білік дағдысын бақылаудың бір түрі. Оқушылардың білімнің мемлекеттік стандарт талаптарына сәйкестігін бақылауды ұйымдастырудың бір түрі – тесттік бақылау жүйесі.

      Тест  жұмысының  басты  мақсаты  оқушылардың алған білім,білік  дағдыларын,қазақ тілі пәнінен мемлекеттік білім беру стандартының орындалуына сәйкес дұрыс бағалау болып табылады. . Бірақ тесттердің  көмегімен оқушылардың шығармашылық дәрежесін бақылау мүмкін емес. Толық педагогикалық мақсатқа жету үшін оқу үрдісінде тесттерді тексерудің барлық басқа түрлері мен  тәжірибелік, семенар сабақтар, реферат, баяндама әзірлеу арқылы оқушылардың нақты даярлық дәрежесін көре аламыз.

24-БИЛЕТ

Тәрбие. Тәрбие түсінігі, ерекшелігі, мақсаты мен міндеттері. Тәрбиенің заңдылықтары, принциптері

Тәрбие - қоғамның негізгі қызметтерінің бірі, жеке адамды мақсатты, жүйелі қалыптастыру процесі, аға ұрпақтың тәжірибесін кейінгі буынға меңгертіп, олардың сана-сезімін, жағымды мінез-құлқын дамытушы.

Тәрбиенің мақсаты - тәрбиенің жаңа технологиясын пайдалана отырып, ізгілікке бағдарланған,әсемдікпен қаруланған, ұлттық тәлім нәрімен сусындаған халық игілігін жасаушы азаматты, жеке тұлғаны тәрбиелеу. Тәрбиенің мақсаты мен жүйесі мемлекеттің саясаты мен экономикасына тәуелді.

Тәрбиенің міндеттері:

- Еліміздің рәмізін сыйлау, өзінің Отан, жанұя, қоғам алдындағы міндеттерін жете түсінуге, халқымыздың салт-дәстүрін құрметтеуге тәрбиелеу;

- Рухани байыту принциптерін негізге ала отырып,салауатты өмір салтына баулу;


- Адам құқықтарын сақтау, өз құқығы мен міндеттерін жүзеге асыруға дайындық қабілетін, іскерлік қарым-қатынас жүйесі мен дағдыларын қалыптастыру.

Тәрбие процесіне тән ерекшеліктер:

- мақсатты бағыттылық (мақсаттың түсінікті болуы нәтиже тиімділігі- нің кепілі);

- мақсаттар бірлігі (тәрбиеші мен тәрбиеленушінің арасындағы қызметтестіктің көрсеткіші);

- нәтиже ұзақтығы (оқу процесіндегідей нәтиже бірден көрінбейді);

- көп жағдаяттылығы (тұлға көп әрі сан қилы ұнамды да, ұнамсыз да ықпалдарға кезігеді.

- ауыспалылығы (тәрбиеленуші мақсатты, көзделген және кездейсоқ әсерлерге бірдей кезігіп отырады).

- үздіксіздігі (ешқандай науқанды, бір мәртелік шара қаншама жарқын болмасын, аса ыждағаттылықпен жүйелі дайындалған тәрбие істерінің орнын баса алмайды);

Заңдылықтары:

1.Тәрбиенің қоғамның әлеуметтік-экономикалық жағдайына, демократиялық принципті әске асыруына, адам құқығын қорғау мәселелеріне тығыз байланысты.

2.Тәрбиені оқыту мен білім берудің сапасына байланыстылығы. Оқыту-тұлғаны қалыптастырудың құралы.

3.Тәрбие мен өзін-өзі тәрбиелеу бірлігі.

4.Педагогикалық процестегі ұжым мен жеке адамның өзара байланысы.

Принциптері:

1.Тәрбиенің идялылығы мен мақсаттылығы

2.Жас ұрпақты іс-әркет пен қарым-қатынас арқылы тәрбиелеу.

3.Тәрбие барысында жеке тұлғаға қойылатын талап пен көрсетілетін құрметтің бірлігі.

4.Тәрбиелік ықпалдардың тізбектестігі, жүйелілігі, үздіксіздігі

5.Оқушылардың жас жіне жеке ерекшелігін есепке алу.

6.Баланы ұжымда, ұжым арқыла тәрбиелеу

7. Тәрбие процесі мұғалім, мектеп, отбасы және қоғамдық ұйымдардың күш-қуатын үйлесімді педагогикалық бірізділікке бағыттау

8.Өзін-өзі тәрбиелеу

25-БИЛЕТ

Тәрбие әдістері туралы ұғым, топтастыру.Тәрбие тәсілдері. Тәрбие құралдары

Тǝрбие ǝдісі дегеніміз-оқушылардың тұлғалық қасиеттерін қалыптастыруға бағытталған тǝрбиешілер мен тǝрбиеленушілердің өзара байланысты педагогиĸалық жұмыс тǝсілдері.Сипатына қарай топтастырылған тǝрбие ǝдістері:сендіру, жаттықтыру,мадақтау жǝне жазалау, іс-ǝреĸетті ұйымдастыру оқушының тǝртібіне ықпал ету ǝдістері. Тǝрбие тǝсілі - жалпы ǝдістің бөлігі, жеĸе дара ǝреĸет (ǝсер ету), нақты іс. Тǝрбие тǝсілдері дегеніміз - ǝдістің бір бөлігі.

Тǝрбие тǝсілдері:

1. Тǝрбиенің мақсаттарын, міндеттерін, оларға жетудің жолдарын ұсыну.

2. Ақпараттық - ағартушылық.

3. Бағдарлау - іс-қызмет.

4. Қатынас.

5. Бағалау.



Тǝрбие құралдары дегеніміз - оқушының адамдық қасиеттерін қалыптастыратын, мұғалім мен баланың санасына тǝуелсіз материалдар.

Тǝрбие құралдары:

• Іс-ǝреĸет түрлері (ойын, еңбеĸ);

• заттар (ойыншыңтар, элеĸтронды есептегіш машиналар);

• рухани жǝне материалдық мǝдениет (өнер, қоғам, өмір);

• бұқаралық ақпарат құралдары; • педагогиĸалық ықпал жасау құралдары.

26-БИЛЕТ

Адамгершілік (қоғамдық) сананы қалыптастыру әдістері

Адамгершіліĸ қатынастар белгілі бір моральдық нормалармен өлшенеді. Моральдық негізігі міндеті адамның мінез-құлқын тǝрбиелеу, осы арқылы олардың бойында адамгершіліĸ ǝдеп сақатау, қатынастарымен қалыптастыру, сөйтіп адам мен қоғам арасындағы қатынасты реттеу болып табылады. Жеĸе адамның санасын қалыптастыру ǝдістері (ұғым, байымдау – піĸірін айту, баға беру, сендіру):

• этиĸалық ǝңгіме;

• ǝңгімелесу;

• піĸірталас;

• леĸциялар;

• өнеге;

• ĸөндіру (суггестия).

Сананы қалыптастыру ǝдістерінің синонимі – сендіру ǝдісі арқылы тǝрбиеші оқушыға адам мінезіне қойылатын талаптар, еңбеĸтің, басқа адамдармен қарым-қатынастың маңызы туралы айтып, оның дұрыстығына баланың ĸөзін жетĸізуге ұмтылады. Баланы жақсы сөз бен ісĸе сендіру үшін мұғалім тілді қолданады. Піĸірталас. Піĸір білдіру, баға беру оқушының дүниеге сенімін арттырып, ондағы қателіĸтер мен ĸейбір адамдардың жалған

ĸөзқарастарымен ĸүресуге үйретеді. Адамгершіліĸ тǝрбиесінің теориялық мǝселелері ǝл-Фараби, Ыбырай, Абай т.б. еңбеĸтерінде ĸөбіреĸ қаралады. Абай адамгершіліĸ ǝдептіліĸ нормалар жайында ĸөп піĸірлер қалдырды. Бұл ретте бірінші қоятын талабы- мораль жағынан ұстамды таза болу, сыпайы мінезді жақсы қылықты, ǝділетшіл, шыншыл болуды ұсынды

стетикалық әңгіме, әңгімелесу, пікірталас, өнеге, көндіру.

Эстетикалық әңгіме-Мұғалім оқушылармен әңгімелескенде, олардың ойын тыңдап, онымен санасады, ынтымақтаса жұмыс істеп, адамның мінез-құлқына, жүріс-тұрысына қойылатын талаптарды бұзған оқушылардың іс- қылықтарын талдайды.

Этикалық әңгіменің жақсы өтуіне әсер ететін жағдайлар: • бір мәселе төңірегінде бірнеше пікірлердің айтылуы; • әңгіменің дайын жауаптарының болмауы; • баланың өз ойын айтып, басқалардың пікірлерін тыңдауы; • әңгіме материалдарын баланың өмірінен алу; • жас ерекшеліктеріне сай болуы; • тартымдылығы, қызықтылығы; • мұғалімнің артық сөздер айтпауы..

Түсіндіру-бір топқа, жеке оқушыларға жаңа ережелер басқа адамды құрметтеу, өзін басқа кісінің орнына қою, т.б. түсіндіріледі. Партаны сызу, дөрекілік жасау теріс қылық екенін түсіндіре берудің қажеті болмағандыңтан басқа әдіс қолдану керек. Мұғалім адамшылық қасиет туралы баланың пікірін сұрап, оқушыны жақсы сапалардың қажеттігіне сендіріп, баланы теріс қылығы үшін ұялтып, түзелуге бағыттайды.


Өнеге-мұғалім оқушыларға әдебиеттегі және өмірдегі түрлі кейіпкерлерді үлгі еткенде оқушы өзінің ішкі жан-дүниесіне үңгіле бастайды. Бала басқа адамға еліктегіш. Бастауыш сынып оқушылары барлық адамдарға еліктейді.

Сендіру-мұғалім өз пікіріне баланы сендіргісі келіп, оған былай дейді: "Ақымақ - жаман адам, себебі ол өз ісіне есеп бермейді". Оқушыға сабаққа кешігудің зияндығын дәлелдеу үшін: "Бәріміздің ойымызды бөліп жіберетіндіктен, адамдардың кешіккені ұнамайды,", - дейді.

Диалог әдісін қолданатын мұғалім: "Мен осылай ойлаймын, сендер қалай ойлайсыңдар", - деп сөйлеседі.

27-БИЛЕТ

Қоғамдықмінез- құлықты қалыптастыру, іс-әрекетті ұйымдастыру. Ынталандыру әдістері

Іс-әрекет - адамдардың қоршаған ортаға белсене қатысуының негізгі нысаны, ішкі жан дүниесінің көрсеткіші, дамуының, өздігінен жетілуінің шешуші белгісі. Адамның іс-әрекетінің дамуына қарым-қатынас ерекше әсер ететіндіктен, іс-әрекеттен тыс тәрбиенің болуы мүмкін емес.

Бала іс-әрекетіне қойылатын педагогикалық-психологиялық талаптар:

-іс-әрекеттің мақсатының анықтығы, оның жеке адамға, қоғамға, ұжымға пайдалылығы, оқушының ынта ықыласын, қабілеттілігі мен іскерлігін ескеру; оқушылардың ортақ істі сезімталдықпен орындауына қолайлы жағдай жасау.

- баланың мүддесі мен бейімділігін ескере отырып, оның көңілінен шығатын, шамасы жететін қоғамдың жұмысқа, еңбекке қатыстыру өздігінен әрекет ету тәжірибесін кеңейтеді.

- іс-әрекетті дұрыс ұйымдастыру балалардың белсенділігіне байланысты. Жұмысты жоспарлау, жеке тапсырмаларды бөлу, оның нәтижесін тексеру, т.б. міндеттерді балалар шешіп отыруы керек. Бала талабы мен қабілетін еңбекте көрсеткенде дамиды.

- тәрбиешінің басшылығы, жұмыс барысында кеңес беру, балалардың ынтасын арттыру. Жұмыстың мазмұны мен түрлерін, әдістерін жандандыратын материалдың және моральдың жағдайды сақтау.

оқушылар ұжымының қоғамдың пікірі арқылы іс-әрекет-тің нәтижесін қорытындылау.

Педагогикалық талап әдісі іс-әрекеттердің бір түрін тежеу, енді бір түрін мадақтау тәрбиеленушінің санасын дамытады. Л.Г.Макаренко: "Егер жеке адамның басына тиісті талаптар қойылмайтын болса, онда ұжымды құруға, ұжым ішінде тәртіп құруға да болмайтындығы, әрине, өзінен-өзі түсінікті нерсе. Мен жүйелі түрде талаптар қойылуын жақтайтын адаммын", - деп педагогикалық талап әдісінің басқа әдістерге қарағанда ерекшелігін көрсеткен.

Оқушылардың өмірінде педагогтің талап қоюы шешуші рөл атқарады. Нақтылы педагогикалық жағдайға байланысты талаптың, түрі, мазмұны іріктеледі. Тәрбиеші мен тәрбиленушінің өзара әңгімесі мен байсалды, сенімді қарым-қатынас педагогикалық талаптың нәтижелі болуына ықпал жасайды. Тұтас педагогикалық процесте тәрбиеленушіге педагогикалық талап қою мен дұрыс іс-әрекет істеуге мәжбүр ету қатар жүреді.


Жаттығу әдісі - мінез-құлықтың нормалары мен ережелеріне сай тәрбиешінің әр түрлі іс-әрекетті ұйымдастыруы. Тәрбиеленушілердің орындайтын жаттығулары - тәрбиешінің талаптарын орындап, адам игілігіне еңбек ету, басқаларға қамқорлық жасап, қуанышқа бөленуі.

Жаттығу әдісі оқушыны объект жағдайынан субъект жағдайына жеткізеді. Жаттығу әдісінің педагогикалық-психологиялық ерекшелігі - жаттығулар мен әрекеттердің баланың ішкі қасиетіне айналуы. Тапсырма бергенде баланың ішкі мүмкіндігін, күшін, бағытын жан-жақты терең зерттеп, қоғамдық бел-сенділігін басқару жалпы адамзаттық адамгершілік қасиетінің дамуына және оның дұрыс іс-қимылы мен мінез-құлық дағдысын қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Ойын - бала әрекетін дамытудың негізгі құралы. Ойын баланың мінез-құлқын қалыптастырып, ой-өрісін өсіріп, ортаға бейімдеп, өзін еркін сезуге үйретеді. Ойын - балалардың бір-біріне деген қайырымдылық, мейірімділік, жанашырлық, достық, жолдастық сезімдерін тәрбиелейді. Балаларды қоршаған ортамен таныстыру, тілін дамыту, табиғатпен таныстыру, бейнелеу өнері пәндері оларда табиғатқа деген сүйіспеншілік, үлкендердің еңбегіне қызығу мен сыйластық сияқты адамгершілік сипатын қалыптастырады.

Ойын - мектеп балаларының негізгі іс-әрекеті. Сұлтанмахмұт Торайғыров "Балалықтың қанына ойын азық" деп бекер айтпаған. Ойын үстінде баланың бір затқа бейімділігі, мүмкіндігі және қызығуы анық байқалады. Ойын мазмұны мен түріне қарай: мазмұнды-бейнелі, қимыл-қозғалыс, дидактикалық, құрылыс, кейіптендіру ойындары болып бөлінеді. Мазмұнды-бейнелі ойында балалар ойын мазмұнын түсінікті етіп жеткізуге тырысады, оған қажетті құрал-жабдықтарды табуға талпынады, оларды дайындау үшін еңбектенеді. Бала алған рөлдеріне сай кейіпкердің киімін киіп, қимылын, дауыс ырғағын мәнерлі жеткізуге тырысады, көркемдік сабақтардан (ән-саз, бейнелеу өнері сабақтары) алған білімдерін пайдаланады, қуыршақты ұйықтату үшін бесік жырын айтып әлдилейді, бейнелеу өнері сабақтарында жасаған ыдыс, үй жиһаздарын, қағаздан құрас-тырған заттарды пайдаланады. Мазмұнды-бейнелі ойынның ерекшелігі: оны балалардың өздері жасауында, ойын қызметі айқын өнерпаздық және шығармашылық сипатта болады. Бұл ойындар қысқа да, ұзақ та болуы мүмкін.

Құрылыс ойынында бала сызық бойына әдемі үй құрылысын жасап, оның бояуларының бір-бірімен келісімді болуын қадағалайды. Құрылыс материалдарын пішіні, түсі бойынша симметриялы орналастырып, оларды көлемі (кең, тар), биіктігі (биік, аласа) бойынша салыстырады. Ойын барысында шығармашылық танытып, жаңа мазмұн ойластырып, белсенділік көрсетеді. Өзінің және жолдастарының тұрғызған құрылыстарының сапасына баға береді. Дидактикалық