Файл: 1 билет мектеп малімі, малімдік мамандыты ерекшеліктері. Ксіптік зіреттілік Мектеп малімі.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 30.11.2023

Просмотров: 204

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Сабаққа дайындық мазмұны:

1.Сабақты жоспарлау,жұмыс бағдарламасын жасау.

2.Жеке сабақтарды жоспарлау.

3.Сабақ тақырыбын,мақсатын анықтау.

4.Сабақтың типі мен құрылысын белгілеу.

5.Сабақ мазмұнын анықтау.

6.Білім беру әдістерін белгілеу.

7.Сабаққа керекті оқу құралдарымен көрнекі және техникалық құралдарды дайындау.

8.Сабақ кезеңдерінің әрқайсысына жұмыс түрлерін, оны орындауға уақыт бөлу.

9.Бекіту жаттығуларын дайындау.

10.Оқушылардың білімін тексеру және бағалау әдістерін анықтау.

11.Үй тапсырмасын түсіндіру.

12.Сабақтың жоспар конспектісін жасау.

Сабақ жоспарында жазылатындар:

1.Күні

2.Айы,жылы

3.Сыныбы

4.Тақырыбы

5.Мақсаты

6.Сабақ типі,құрылысы

7.Оқыту әдіс-тәсілдері

8.Көрнекі құралдар.

9.Өздік жұмыстар

10.Тексеріп,бағаланатын оқушылардың аты-жөні

11.Қойылатын сұрақтар

12.Үй тапсырмасы

Мұғалім оқу жадығатын жан-жақты білу үшін негізгі және қосымша оқу құралдарын, ғылыми педагогикалық әдістемелік,тарихи,көркем әдебиеттерді,арнаулы басылымдарды оқып,қажеттілерін сұрыптап алады,сенімді мысалдарды, қызықты тың мәліметтерді таңдап алуы керек,оқу жадығатын анықтап,сабақ жоспарының конспектісін жазады.

Негізгісі-жаңа тақырыптың мазмұны.Мұғалімнің оқыту әрекеті саналы болуы үшін ол педагогика ғылымының заңдылықтарын нақты білуі керек.

Жоспарлау-сабаққа әзірліктің соңғы кезеңі.Оның нәтижесі-сабақ жоспары.Жас мұғалім сабақ жоспарын,конспектісін толық жазу керек.

Сабақ жоспарының үлгісі:

•сабақтың өтетін уақыты,тақырыптық жоспардағы нөмірі;

•сабақтың тақырыбы,сабақ өтетін сынып;

•оқушыларды оқыту,тәрбиелеу, дамыту міндеттері;

•сабақтың құрылымы,оның кезеңдері және әр кезеңге кететін уақытты бөлу;

•оқу материалының мазмұны;

•әрбір сабақтың бөлігіндегі жұмыстың әдістері және тәсілдері;

•сабақ өткізуге керекті оқу жабдықтары;

•үйге тапсырма.

Классикалық сабақ процесін жобалау (Столяренко)

1.Нақты тұжырымдалған тақырып.

2.Сабақ мақсаты:

а)дидактикалық;

ә)тәрбиелік;

б)дамытушылық.

3.Жабдықтары (кино,бейнефильм,кесте,оқу құралы)

4.Дыбыстық құралдар

5.Сабақ барысы (сценарий жасалады,оқушыларға сабақ үстінде берілетін сұрақтар,сабақтан оқушылар өздері қорытынды жасауы керек)

6.Сабақ қорытыңдысы

7.Шығармашылық тапсырма

8.Қорытыңды.Оқушылардан не ұнағанын,не ұнамағанын сұрау,кім белсенді болғанын сұрау.

9.Сабақтың жақсы өтуіне байланысты оқушыларға рахмет айту.


Сонымен сабаққа әзірленгенде мұғалім оқу бағдарламасын тағы да қарап,оқу материалын оқиды,қосымша әдебиеттермен жұмыс істеп,оқушыларға тапсырма беріп,оқыту құралдарын (кесте,сызба, модель,үлестірілетін материалды) іріктейді және қарайды,әдіс және тәсілдерін таңдап,сабақтың типін және құрылымын анықтап,барлығын оқу жоспарына жазады.

6-БИЛЕТ

Экологиялық тәрбие. Еңбек тәрбие.

Экология-200 жылдық тарихы бар жас ғылым.Экология терминін неміс биологы Эрнест Геккель (1968ж.)."Естественная история происхождения" атты кітабында алғаш рет қолданған.Экология-"ойкос" деген грек сөзі, "үй,баспана" ұғымын білдіреді.Э.Геккельдің айтуы бойынша экология-зоологияның бір тармағы,жанды мақұлықтардың органикалық және анорганикалық ортамен өзара қатынасын зерттейді.

Экологиялық тәрбиенің негізгі мақсаты-жастардың экологиялық көзқарасын,санасын,табиғатқа үлкен парасаттылық, жауапкершілік,қарым-қатынасын қалыптастыру.Осы тәрбие арқылы адамның мәдениеттілік сезімі,экологиялық санасы қалыптасады.

Экологиялық тәрбиенің басты міндеттері:

•өмірде және нақты іс-әрекетінде экологиялық білімді қолдану,іскерлікке төселу;

•табиғатты қорғау және өзгертуге байланысты оқушыларды жаппай қоғамдық пайдалы еңбекке қосу;

•мектепте экологиялық білім және тәрбие қоғамын ұйымдастыру.

Ең басты міндеттердің бірі-оқушыларды табиғатты қорғау мәселелері туралы ғылыми теориялық және тәжірибелік біліммен қаруландыру.

Экологиялық тәрбие еңбек тәрбиесімен байланысты,өйткені өндірістік іс-әрекеттің барысында адам жерді пайдалану негіздерін,топырақты эрозиядан қорғауды игеру,дақылдарды суару мөлшерін,минералдық тыңайтқыштарды,улы химиялық заттарды беру мөлшерінің мерзімін технологиялық талаптарға сәйкес есепке алып отырады.

Оқу процесіндегі экологиялық тәрбие.Экологиялық білімнің негізгі көздері:химия,физика,биология,география,астрономия пәндері,олардың бағдарламаларындағы оқу материалдарын дәрістерде терең түсіндіріп,сыныптан және мектептен тыс экологиялық жұмыстарда тиімді қолдана білуге оқушыларды үйрету және дағдыландыру-мұғалімнің міндеті.

Экологиялық тәрбие оқушылардың-табиғатқа жаңаша көзқарасын қалыптастырып,әр түрлі нысандарда жүргізіліп жеке тұлғаның эмоциялық сезімдік әлемін қалыптастыруға бағытталып,адамгершілік,жауапкершілік қасиеттерін жетілдіреді.
Еңбек тәрбиесінің теориясын жасауда басты рөл атқарған К.Д.Ушинский болды.Ол өзінің еңбегінде адамның жан-жақты дамуы үшін еңбектің маңызының зор екендігін көрсетті.



Еңбек тәрбиесінің ең басты да,негізгі міндеттерінің біріжасөспірімдерді қоғамдық пайдалы,ауыл шаруашылығының жетістіктерін жете түсіну және оған өздері тікелей араласу,өндірісті білу,онымен жұмыс істеу тәжірибесін бойына сіңіріп отыру дейді.

Еңбек тәрбиесінің негізгі мақсаты-жас жеткіншектерге еңбек туралы тәрбие беру және жеке адамды жан-жақты дамыту.Еңбек тәрбиесінің мақсаты еңбекке даярлау ғана емес,сонымен қатар жас жеткіншектерді білімімен,іскерлікпен және дағдымен қаруландыру қабілеттілігін дамыту,мамандық таңдауға көмек беру болып табылады.

Еңбекке тәрбиелеудің міндеттері:

•Еңбекке сүйіспеншілік пен еңбек адамдарына құрметпен қарау

•Оқушыларды халық шаруашылығы салаларындағы еңбектің түрлерімен таныстыру,еңбек іс-әрекетінің барысында олардың дағдысы мен іскерлігін қалыптастыру.

•Мамандықты таңдауға дайындау.

Еңбектің тәрбиелік қызметін оқушы бойына дарыту барысында оның экономикалық (дәрежесіне) нәтижесіне мән беру қажеттілігін ғалымдар дәлелдеп берді.Еңбек нәтижесіз болса,ол адам бойында еңбекке деген жек көрушілік сезімін туғызады.Ең маңыздысы, мақсатты ұйымдастырған еңбек үрдісінде еңбектің бір түрінен екінші түрі туындап,үздіксіз еңбек ету адам ағзасының күнделікті дағдысына айналады.

Бүгінгі заманда жұмысты жалпы адамзаттық құндылыққа,өзара түсінушілікке,ынтымақтастыққа бағдарлау мен құра білу табысты еңбек етудің кепілі болып табылады.


7- БИЛЕТ

Еліміздегі білім беру жүйесінің тарихы. ҚР «Білім туралы» Заңы. Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінің құрылу принциптері, құрылымы

Қазақтың кең-байтақ өлкесінде білім ісінің пайдаболып, даму тарихы да өзінің ілкі бастауларын сонау ерте замандардан алады. Қазақстан жерінде, әсіресе, оныңотырықшыаудандарында орта ғасырдықертедәуірінде-ақ (ҮІІ-ҮІІғ.ғ.) көптеген мектептер (мұсылманшa бастауыш оқу орны) мен медреселер, діни білім беретін ортадан жоғары оқуорындары жұмыс істей бастағаны тарихтан белгілі.

Ертедегі Исфиджаб, Тараз, Сайрам, Түркістан, Отырар, т.б. қалаларында көптеген медреселер болған, олардың жалпы саны 84-ке жеткен. Ауылдық жерлерде мектепте молдалар (татар, башқұрт, т.б.) ұстаздық еткен. Оқыту ақысы халықтан жиналған. Балалар қыс, күз айларында оқыған. Оқу мерзімі 4 жыл, оқуға 7 жастан бастап қабылдаған, жыл аяғында емтихан тапсыру мектеп бітіргені үшін балаға ресми куәлік тапсыру тәртібі сақталмаған. Медреселер мұсылмандық рәсімдерін таратушы оқу орны болып қана қоймай, ірі мәдениет орталығы ретінде де қызмет атқарған. Бұл оқу орындарында заңтану, тарих, логика, философия, математика, астрономия, медицина, т.б. пәндер енгізілген.

Қазақ қоғамындағы білім беру ісі "қазақтың тұңғыш ұстазы" ретінде танылған Ы.Алтынсарин есімімен тығыз байланысты. Қазақ даласында Ы.Алтынсариннің ағартушылық қызметі мен идеялары бүгінде педагогика саласының ғылыми-зерттеу жұмысына айналды. Оның ағартушылық қызметі қазақ халқының рухани-саяси отарлау саясатының қысымшылығы қысып түрпиі кезеңге тұспа-тұс келді. Бұл саясатты тоқтатуға ағартушылардың жергілікті саяси күші болмады. Тек ұлттық білім беру жүйесін заман талабына сай, миссионерлік ағарту-оқу ісінің негізгі заңдылықтарын қабылдай отырып, Қазақстанда халық ағарту ісі жаңа жолға түсті.

1920 жылы қазанда Қазақ АССР-ының Оқу халық комиссариаты құрылды. Оның төрағасы болып А.Байтұрсынов тағайындалды. 1920 жылы 18 ақпанда Бүкіл Қазақстандық оқу-ағарту конференциясы шақырылды. Онда балаларды қорғау, бірыңғай мектеп жүйесін құру, кәсіптік-техникалық білім беру, саяси тәрбие жұмысы, т.б. оқу-тәрбие жұмысына байланысты мәселелер қаралды. 1922-23 оқу жылдары Академиялық орталық ұлт мектептері төл оқулықпен, бағдарламамен қамтамасыз етуде біраз шараларды іске асырды, төл тілімізде 14 оқулық шығарылды. Олардың ішінде "Физика", "Грамматика", "Алгебра", "Мектеп гигиенасы", т.б. бар. Бұл оқулықтарды жазуға қазақ зиялыларының алдыңғы қатарлы топ өкілдері: А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, М.Әуезов, С.Асфендияров, Т.Жомартбаев, Қ.Сәтбаев, Ә.Ермеков, Т.Жолдыбаев, т.б. қатысты.


Республикада жоғары білімді кадр даярлауда Алматы қаласында тұңғыш ашылған Абай атындағы Қазақтың педагогикалық институты үлкен рөл атқарды. 1929 жылы араб алфавитінен латын графикасына көшті.

1945-60 жылдары мектептер мен онда оқитындар саны күрт өсе бастады. 1950-60-шы жылдары тың игеруге байланысты мектептердің саны күрт өскенімен, қазақ мектептері көбірек жабылып, оның орнына орыс-қазақ және орыс мектептері көбірек ашылды. 1980-90 жылдары елімізде жаппай халыққа орта білім беру саласында біраз жұмыс жүргізілді. Соның бірі -мектепке 6 жастан бастап қабылдау.

Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінің құрылу принциптері,құрылымы:

Білім беру ісінің мәні, міндеттері және принциптері. Қазіргі өскелең өмір талаптарына сай жастарға білім және тәрбие беру, оларды жан-жақты дамыту — қоғам алдында тұрған басты міндеттердің бірі. Білім беру - бұл қоғам мүшелерінің адамгершілік, интеллектуалдық мәдени дамуының жоғары деңгейін және кәсіби біліктілігін қамтамасыз етуге бағытталған тәрбие беру мен оқытудық үздіксіз процесі.Ең алғашқы заңды 1999 жылы 7 маусымда, ал екенші заңды 2007 жылы 27 шілде айында қабылдады.
Қазақстан Республикасында жастарға білім беру процесі халқымыздық ұлттық салт-дәстүріне, мәдениетіне, экономикасына және саяси өміріне негізделіп іске асырылады.
Заңда көрсетілген білім беру жүйесінің негізгі міндеттері:
• жеке адамның рухани және күш-қуат мүмкіндіктерін ашу, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, әрбір адамды дамыту үшін жағдайлар жасау;
•  азаматтықты, үйелменнің, халықтың, қоғамның және мемлекеттің алдындағы жеке адамның қүқылары мен міндеттерін ұғынуды, сондай-ақ республиканың мәдени, қоғамдық, экономикалық және саяси өміріне қатысу қажеттігін тәрбиелеу;


•  Республика тұрғындарына жалпы және кәсіптік білім алу үшін мүмкіндіктер жасау;
•  жеке адамның шығармашылық қабілеттерін және эстетикалық тәрбиесін дамыту;
•  қазақ халқының мәдениеті мен дәстүр-салтын оқып-үйрену үшін жағдайлар жасау.
Халыққа білім беру ісін дамытуда педагогикалық фактордық да әсері бар. Мысалы, мектеп жасына дейінгі балалар тәрбиесін ерте бастан қолға алып, оларды тиісті дайындықпен мектепте оқуға дайындау қажет. Ол үшін балалар бақшасында және үйелменде тәрбие жұмысының процесіне нақты педагогикалық басшылық жасап, оның барынша сапасын және нәтижесін арттыру тәрбиешілерден, ата-аналардан, мектепке дейінгі мекемелер меңгерушілерінен үлкен педагогикалық шеберлікті талап етед і. Халыққа білім беру жүйесінің міндеттерін жүзеге асыру білім берудің мемлекеттік саясат принциптеріне тәуелді. Қазақстан Республикасының "Білім туралы" Заңы бойынша мына мемлекеттік принциптер басшылыққа алынады: