Файл: 1 билет мектеп малімі, малімдік мамандыты ерекшеліктері. Ксіптік зіреттілік Мектеп малімі.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 30.11.2023

Просмотров: 203

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
ойын барысында есту, көру, сезіну, қабылдау сияқты үрдістері дамып, балалар музыкалық ойыншықтар мен әр түрлі саздық аспаптардың дыбыс шығару ерекшелігін ажыратуға, заттарды пішініне, түсіне, көлеміне қарай іріктеуге, әр түрлі қимылдарды орындауға үйренеді. Ауызша ойналатын дидактикалық ойындарда сұрақ, өтініш, келісімді білдіретін дауыс ырғақтарына еліктеу қабілеттері жетіледі. Ертегі немесе әңгіменің мазмұны бойынша бөлек-бөлек суреттерді пайдаланғанда оларды белгілі бір тәртіппен жинау үшін байқағыштық пен тапқырлық көрсетеді. Қимыл-қозғалыс ойынында балалар санамақтар, өлеңдер, тақ-пақтар қолданады. Мұндай ойындарда балалардың ептілігі, қимылдың әдемілігі дамып қалыптасады, кеңістікті, уақытты бағдарлауға үйренеді, батылдық, тапқырлық, қайраттылық, достық, жолдастық көмек, тәртіптілік, ойын ережесіне бағына білу сияқты адамгершілік сапаларын қалыптастырады. Бала қоғамдық мәні бар іс-әрекетке деген құштарлығын ойын арқылы қанағаттандыратындықтан, ойынның қай түрі болсын балалардың, адамгершілік тәрбиесінің дамуында маңызды рөл атқарады.


Тәрбиеленушілердің мінез-құлықтары мен іс-әрекеттерін ретке келтіру, дер кезінде түзету және ынталандыру қызметін атқаратын әдістер. Олар мектеп оқушыларының қылықтары мен іс-әрекеттерін қуаттау немесе айыптау, олардың жағымды қылықтарын мақтау, ал теріс қылықтарын тежеу мақсатында қолданылады.

Бұл әдістерді қолдануда педагогикалық-психологиялық тұрғыдан ескеретін жағдайдың бірі - бала тәрбиенің тек қана объектісі емес, тәрбиенің субъектісі болып табылатындығы.

Баланың табиғатында "Мен өзім" деген белсенділігі бар, ол тәрбиеленушілердің әрекетіне және өздерінің мінез-құлықтары мен іс-әрекеттеріне тәрбиешілердің берген бағасына енжар қарамайды. Сондықтан, тәрбие мен баланың өзін-өзі тәрбиелеуі үнемі қатар жүреді.

Мадақтау - оқушылардың тәртібін, мінез-құлқын бағалап және көтермелеп отырудың, педагогикалық ықпал етудің тиімді жолы.

Мадақтау оқушының өзінің адамгершілігін сезінуіне, мінез-құлқы мен көңіл-күйіне бақылау жасауға, өзін-өзі тәрбиелеуге көмектеседі. Мадақтау әдісі арқылы оқушы өзінің мінез-құлқы қандай болуы керектігін түсінеді, жағымды мінез-құлықты дамытып, ісінің дұрыстығын көріп, өзіне сенімділігі артады, жақсы істерді жалғастыруға тырысады. Мадақтаудан алған әсері оқушыны теріс әрі келеңсіз істерден сақтандырып отырады.

Мадақтау түрлері: алғыс айту, мақтау, сыйлық беру, марапаттау. Жазалау - жағымсыз мінез-құлқы мен іс-әрекетінің теріс екендігін балаға үғындыру және істеген теріс ісіне қынжылту. Мұғалім мектептегі жазалау шарасына өте сақтықпен қарауы тиіс. Оған қойылатын талаптар:

• жазаны талап қою әдісімен ұштастыру;

• жазаның кек алу, баланың жеке басының адамгершілік қасиетін кеміту, намысын қорлау, жәбірлеу түрінде болмауы;

• жазаның әділдігі, әділетсіз жаза балаларды тәрбиеленушілерден алыстатып, ұжымнан бөлектенуіне әкеліп соғады;

• жаза қолдануда педагогтік әдепті сақтау. Тәжірибелі педагогтар оқушылар ұжымының көмегіне, қолдауына сүйеніп, тәртіпсіз оқушыны жазалайды.

Жазаның түрлері оқушылардың жас және дара ерекшеліктеріне сай болып, тәрбиенің басқа тәсілдерімен байланысты болуы шарт. Жазалаудың түрлері: ескерту, сөгіс, т.б.

Жарыс жастардың бір-бірімен еңбектегі, спорттағы, өнердегі табыстарын көрсету үшін қолданылады. Жарыс оқушының іс-әрекетіне жаңа серпін, жаңа өріс беріп, өзіне талап қоюына мүмкіндік туғызады.

28-БИЛЕТ



Бақылау және өзін-өзі бақылау әдістері. Тәрбие үрдісінде өзін - өзі тәрбиелеу мен қайта тәрбиелеу

Қалыптасып келе жатқан оқушы тұлғасы тәрбие субъектісіне айналады.Ол педагогикалык талаптарды орынды белсенді қабылдайды және өзінің сапалық қасиеттерін өзі жетілдіруге тырысады. Өзінің тұлғалық сапарларын өзі жетіл- діру және кемшіліктерін жою мақсатындағы оқушының іс-әрекеті өзін-өзі тәрбиелеу деп аталады.Бұл өзгерістер қоршаған ортамен шын өзара қатынас барысында жүреді.

Өзін-өзі тәрбиелеу оқушы тұлғасын жан- жақты тәрбилеу мен дамытуға ықпал етеді.Мысалы,оқушы дамуы мен қалыптасуына байланысты өзінің тәртібі және мінез-құлқындағы кемшіліктерімен іс-әрекетіндегі сетсіздіктеріне сын көзбен қарап,оларды болдырмаудың тиімді жолдарын іздестіреді.Тұлғаның сапалық қасиеттерінің қалыптасуының шын денгейін есепке алмай жалпылама жүргізілген тәрбие жұмысының салалары тәрбие міндеттерін шешуде кемшілік-тердің орнын толтырады.Педагогикалық талаптарды мойындауға мәжбүр болған оқушы тек сырт көзге ғана тәртібін жөндеген түр білдіреді де,өзінің теріс қасиеттерін жасыра түседі.

Оқушылардың өзін-өзі тәрбиелеуін басқаруда олардың жас ерекшіліктерін есепке алу керек.Өзін-өзі тәрбиелеу нышандары тіпті кіші мектеп жасындағы оқушылар бойынан байқалады.Мысалы,бастауыш сыныпта оқушылар күшті батыл болғысы келеді,немесе теріс қылықтарына кешірім сұрап жақсы боламын дейді.Бұл олардың өзін өзгертуге,жақсы болуға,түзелуге деген алғашқы ынтасы. Жасөспірімдік шақтағы бала өз бетін-дікке ұмтылуын байқатады,ол тәрбиенің пәрменсіз объектісі болғысы келмейді,өз мінез-құлқын өзі анықтайтындай әрекет иесі,тәрбиенің субъектісі болуға ұмтылады.Егер тәрбиешілер осыны еске алмай,оның құқығын шектесе,оқушының педагогикалық талаптарға қарсылығын тудырады.Қыздар мен бозбалалар өзін-өзі тәрбиелеуге саналы түрде ұмтылады. Тәртібі мен мінез құлқұна пісіп жетілу шағында берік сенім мен адамгершілік мұраттары қалыптасқан болады. Дүниетанымның қалыптасуы,өз абыройын және кемшіліктерін ұғыну өзін-өзі тәрбиелеу бағдарламасын мазмұнды, жан-жақты,шындыққа жуық құруға мүмкіндік береді.Жастар өз еркін тәрбиелеуге ерекше зейін аударады.Бұған өзінің өзбетіндігін табиғи ұмтылысы ықпал етеді.Жоғары сынып оқушы -ларына өз білімдерін байыту,өздерінің ақыл-ой қабілеттерін дамыту ұмтылысы да тән.Қыздар мен бозбалалар мораль мәселелеріне ынтамен қызығады, мінез-құлық мұраттарына ұмтылып,өз тұлғаларының рухани сапаларын дамытады. Оқушылардың өздерін-өздері тәрбиелеуін ұйымдастыру мақсатында мұғалім ең алдымен төмендегідей өзара байланысты міндеттерді жүзеге асыру керек,оқушылардың өзін-өзі тарбиелеуге ұмтылуын жандандыру;өзіне-өзі ықпал ету құралдарын (өзін-өзі талдау,өзіндік міндеттеме,өзіндік бұйыру,өзіндік есеп беру және т.б.) менгеруге көмек беру,өзін-өзі тәрбиелеудегі қоғамдық құнды іс-әрекеттерді тудырып отыру.


Оқушылардың өзін-өзі тәрбиелеуге ұмтылуын қалыптастыру үшін оларды адамдар өміріндегі өзін-өзі тәрбиелеудің мәні,өзінің тұлғалық сапарларын дамытудағы өз жігерінің ролі жөнінде хабардар етіп отыру қажет.Оқушылар,әсіресе жасөспірімдер өзін-өзі тәрбиелеу тәжірибесі,өз тұлғасында сапалық қасиеттерді қалып -тастыру жолдары мен тәсілдері туралы хабарларды қызыға қабылдайды. Осылардың арқасында өмірдің күрделі міндеттерін іскерлікпен,мақсатты,сырттан басқарусыз,дұрыс шешу білігіне ие болады, өз бетімен өзіндік қажырлы еңбегімен ғана жетуге болатынын ұғынады.

Өзін-өзі тәрбиелеудің тұлғаға бағытталған ережелері болуы керек. Әрине,өзін-өзі тәрбиелеудің өзіндік ережелерінің болуы тұлғаның рухани жан дүниесінің деңгейімен анықталады.

Өзін-өзі тәрбиелеудің міндеттемесі оқушыны өз тұлғалық сапарларын өзі талдауын мәжбүр етеді.Бұған итермелейтін аға ұрпақтың өнегелі өмірі,іс-әрекеті қарым-қатынасы болады.Мұғалім оқушыға өзінің орынды немесе орынсыз сапалары мен кемшіліктерін түсінуге көмектесуі міндетті,яғни өзінің кім екенің өзі ұғынуға көмек беруге қажет.Бұған мұғалімнің оқушының жүріс-тұрыс тәртібі мен мінез-құлық қылықтарына баға беруі,оны басқалармен салыстыруы әсер етеді.Мұғалім тұлғалық сапалар мен қылықтардың арасындағы байланыстың сырын оқушыға ашып береді.

Өз тұлғасын ұғынудың өзі кейде оқушыны өзін-өзі тәрбиелеуге жетелей бермейді.Өз кемшіліктерінің немқұрайды пайымдаушы болып қала береді.Оларды түзетуге тырыспайды.Бұл жағдайда түсіндіру ұжым тарапынан сынау арқылы, өз кемшіліктерін түсініп күйзеліске келтіру арқылы сезіміне қозғау салу қажет.

Өзіндік міндеттеменің орындалуына,өз кемшіліктерін түзетуге оқушының бүкіл еркін жұмылдыруға өзіндік бұйыру көмектеседі.Өзіндік бұйырумен орынды қылықтарды орындаудың сапалы жаттығулары өзін-өзі тыңдаудың берік дағдыларын қалыптастыруға көмектеседі.Өзіндік бұйырумен таңертен белгілі уақытта тұруға,күнделікті жұмыс ырғағын орындауға,тәртіп сақтауға және т.б.орындауға болады.

Қайта тәрбиелеу – бұл тәрбиелік ықпалдар жүйесі,оның барысында құлық-тық даму мен жүріс-тұрысындағы ауытқулар түзетіледі және қоғамның моральдық талаптарына сай тұлға сапалары қалыптасады.Қайта тәрбиелеу тұлғаның сапасының,мотивтері мен қажеттіктерінің,сезімдері мен еркінің, түйсіктерінің,іс-әрекеті мен мінез-құлқының әлеуметтік-психологиялық және психологиялық-педагогикалық өз-геру птоцесі болып табылады.


Қайта тәрбиелеу- бұл қиын балалардың орынды сапарларын қалпына келтіру.

Қайта тәрбиелеу- бұл педагогикалық тұрғыдан қараусыз қалған балалардың жүріс-тұрысындағы кемшіліктердің орнын еңбектегі,спорттағы және басқа іс-әрекеттегі нәтижелермен толықтыру.

Қайта тәрбилеу- бұл ынталандыру- жасөспірімнің орынды сапарларын жасайтын іс-әрекеттерді жандандыру.

Қайта тәрбиелеу-бұл түзету,яғни бала-лардың теріс салаларының шырмауынан босату


29 БИЛЕТ

Адамгершілік тәрбиесі. Ақыл-ойтәрбиесі

Адамгершілік тәрбиесі-оқушыларды адамгершілік ұғымы, принциптері, мінез-құлық нормалары жайындағы білімімен кемелдендіреді.Адамгершілік қатынастар моральдық нормалармен өлшенеді.Моральдың негізгі міндеті-адамның мінез-құлқын тәрбиелеу, осы арқылы олардың бойында әдеп сақтау қатынастарын қалыптастыру, адам мен қоғам арасындағы қатынасты реттеу.Адамгершілік тәрбиесінің теориялық мәселелері әл-Фараби, Ыбырай, Абай, т.б еңбектерінде кеңінен қолданыс тапқан.Адамгершілік тәрбиесінің құрамды бөлігі-ұлтжандылық, елжандылық, отаншылдық (патриоттық) қасиеттер болып табылады. Оқушыларды адамгершілік ұғымы принциптері, мінез құлық нормалары жайындағы біліммен кемелденеді.Оқушылар оларды оқып үйренумен шектелмей, оқу, тәрбие, еңбек процесінде іске асырғанда адамгершілік олардың сенімдеріне айналады.Адамгершілік қатынастар моральдық нормалармен өлшенеді.Мораль латын тілінен әдет, ғұрып деп аталады.

Моральдық негізгі міндет- адамның мінез құлқын тәрбиелеу, адам мен қоғам арасындағы қатынасты реттеу. Адамгершілікті тәрбие біртұтас оқу-тәрбие процесінің негізі болып табылады. Адамгершілік қасиет мораль, этика, өнеге арқылы айқындалады. Мораль, этика, өнеге адамгершіліктің күретамыры болып табылады. Мораль барлық қоғамда өмірдің саласында – еңбекте, тұрмысты, саясатта, ғылымда, отбасында, әр түрлі қатынаста адамның мінезін, іс-әрекетін, қатынасын, санасын реттейді. Мораль этикамен байланысты.Этика сөзін грек тілінен аударғанда (әдет, мінез құлық) дегенді білдіреді.

Ақыл-ой тәрбиесі-оқушылардың ақыл-ой күшін, ойлауын дамыту және ақыл-ой еңбегі мәдениетін дарыту үшін мұғалімнің атқаратын мақсатты іс-қызметі.Ақыл-ой тәрбиесінің мазмұны-оқушылардың ақыл-ой күшін дамыту:ақыл-ойдың даму деңгейі, адамның білімді жинақтай білу қабілеті негізгі ойлау операцияларын меңгеруі, ақыл-ой іскерлігі.Ақылдың белгілі бір даму дәрежесін ақыл-ой күштері деп атайды. Ақыл-ой тәрбиесінің түрлері:диалектикалық ойлау, логикалық ойлау, абстрактылы ойлау, категориялық ойлау, тоериялық ойлау, индуктивтік ойлау, алгоритмдік ойлау.Ал ақыл-ой тәрбиесінің ең басты құралына келсек, ол бізде оқыту болып табылады