Файл: 1 билет мектеп малімі, малімдік мамандыты ерекшеліктері. Ксіптік зіреттілік Мектеп малімі.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 30.11.2023
Просмотров: 198
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
• әрбір оқушының белсенді оқуына жағдай жасау т.б.
III. Сабаққа қойылатын гигиеналық талаптар:
• қалыпты температуранық болуы;
• ауаны тазартып түру;
• жарықтың болуы;
• оқушылардың жұмыс істеген кездегі дұрыс қимыл-қозғалыстары;
• сынып жиһаздарының оқушының дене бітістеріне сәйкес келуі және оның өсуіне ықпалы т.б
IV. Сабақты өткізу техникасына қойылатын талаптар:
• сабақтың әсерлілігі, оқуға қызығушылықты және білімге деген сұранысты арттыруы;
• мұғалім мен оқушы арасында жұмыс барысында пайда болатын тығыз байланыс.
V. Тәрбиелік талаптар:
• оқу материалының, іс-әрекеттің тәрбиелік мүмкіндігін аңықтау, орындалатын тәрбиелік мақсат қою;
• оқу жұмысының мақсаты мен мазмұнынан туындайтын тәрбиелік міндеттер қою;
• оқушылардың бойында өмірге керекті қасиеттерді, атап айтсақ: табандылықты, ұқыптылықты, жауапкершілікті, зейінділікті, адалдықты, ұжымшылдықты тәрбиелеу т.б
• балалардың оқу-танымдық іс-әрекетке қызығушылығын ояту, шығармашылық бастамаларын және белсенділіктерін қолдау т.б.
20-БИЛЕТ
Сабақтың типтері, құрылымы. Әр түрлі типтегін сабақтың сипаттамасы
Сабақ типологиясы өте күрделі болып саналады.Сабақтарды бірінші рет топтастырған И.Н.Казанцев болды.Мазмұнына қарай топтастырғанда бір топқа арифметика, алгебра, геометрия сабақтары, олардың өзіне өтуге арналған сабақтар белгіленеді.
Оның дидактикалық жағы:
1. Сабақтың ұйымдастыру түрлері оқыту әдістері мен тәсілдері үнемі өзгеріске ұшырап отырады, жаңа түрлері пайда болады.
2.Мектептің даму кезендерінде оқытудың мақсаты мен мазмұны өзгереді.
3.Сабақты жіктеу (типологиялау) принциптерін анықтауда әрбір автордың көзқарасы әртүрлі болады.
Мысалы, И.Н.Казанцевті алсақ сабақты үш принцип бойынша жіктейді:
а) мазмұн бойынша (математика, геометрия т.б.);
ә) дидактикалық мақсаты бойынша - әр сабақты шешілетін нақты міндеттерге түсіну;
б) сабақты өткізу тәсілі бойынша – дәріс, әңгіме, кино және тәжірибелік сабақтар.
Көпшілік педагогтер И.Н.Казанцевтің екінші вариантын қолдайды.
Б.П.Есипов, Г.Н.Щукина, Н.И.Болдырев, В.А.Онищук т.б. жасаған сабақтың жіктеуінің дидактикалық міндеттерді белгілейтін типтері бүгінде көбірек қолданылуда:
- оқушылардың жаңа білімді игеру сабақтары;
- іскерлік пен дағдыны қалыптастыру және жетілдіру сабақтары;
- қайталау, бекіту (білімді), іскерлікті, дағдыны комплексті қолдану сабақтары;
- білімді, іскерлікті және дағдыны бақылау тексеру сабақтары;
- аралас сабақтар – мұнда бірнеше дидактикалық міндеттер шешіледі.
Сабақ құрылымы – сабақтың тұтастығын қамтамасыз ететін, оның элементтерінің жиынтығы. Сабақтың құрылымы – мақсатына, оқылатын материалдың мазмұнына оқытудың әдістеріне, тәсілдеріне, оқушылардың әзірлік дәрежесіне тәуелді болады.
Сабақты бірыңғай кестемен жоспарлауға болмайды. Өйткені оның құрылымы үнемі өзгеріп отырады.Сабақ типтері, құрылымы 2 ге бөлінеді.Олар: Дәстүрлі және дәстүрлі емес.
Аралас сабақ типі:
А) ұйымдастыру кезеңі;
Ә) үйге берілген тапсырманы сұрау;
Б) жаңа материалды баяндау;
В) жаңа материалды бекіту;
Г) үйге тапсырма беру.
Қазір аралас сабақ әр вариантта шығармашылықпен пайдалануда. Жаңа білімді игеру сабағының құрылымы: жаңа материалды баяндау, алғашқы бекіту, үй тапсырмасы. Мұндай сабақты да әртүрлі вариантта өткізуге болады:
Бүгінгі мектептерде сабақ құрылымы мынадай болып та кездеседі: (кезеңдерге, элементтерге бөлінеді);
а) танымдық міндеттер қою (не оқылуы керек);
ә) мотивация (нені оқу, білу керек);
б) таңдау және оқып-білудің бірізділігі;
в) әртүрлі тәсілдерді және құралдарды қолдану (бақылау, өзін-өзі тексеру, білімді, іскерлікті пайдалана отырып, қалай және ненің көмегімен нәтижеге жету керек).
21-БИЛЕТ
Дәстүрлі емес сабақтар. Сабақтағы оқушылардың оқу жұмысының формалары
Дәстүрлі емес сабақ
Интеграциялық сабақ-пәнаралық байланысты жетілдіру мақсатына байланысты пайда болды.Кіріктірілген сабақтың негізгі мақсаты-оқу материалдарын байланыстырып,терең білім беру,ойлау қабілетін дамыту.Оқу материалдарын бағдарламаға сай біріктіріп беру оқушылардың жан-жақты тұтас,терең ж/е берік білім алуына мүмкіндік жасайды.Жыл сайын әрбір мұғалім пәндердегі ұқсас оқу материалдарын біріктіріп(пәнаралық байланыс)принципін қолданып,интеграциялық жомпар жасайды.
Панорамалық сабақ.Негізгі мақсаты-озат мұғалімдердің ұстаздық зертханасын ашып,сабақ беріп,әдістемесін көпке тарату.Панорамалық сабақты өткізу үшін мұғалімге қойылатын ең бірінші талап оның сабақ берудегі өзгеге ұқсамайтын өзіндік әдісінің болуы.Панорамалық сабақтарға қойылатын талаптардың бірі-мұғалімнің өткізген сабағын өзі талдап беретіндігі.
Сайыс сабақ-екі команда білімдері бойынша сайысқа түседі.Мысалы: есеп шығару,сөйлем талдау.Алдын ала оқушылар арасынан қазылар алқасы құрылады.Мұғалім көмегімен қай команданың женгені анықталады.Екі қоманданың капитандарының жарысы ұйымдастырылып,жауаптары салыстырылады.Соңында қорытынды шығарылады.
Аукцион сабақ бір нәрсені сату арқылы өткізіледі.Сабақтың құрылы-мы:өткен сабақты тексеру,аукцион тәртібін түсіндіру,зат сату,финал, қорытынды.Сабақ кезінде сатылатын бірнеше заттар тұрады,затты ол туралы көп білетін оқушы сатып алады.Мысалы:киіз үй,қолөнер бұйымдары.
Көңілді тапқырлар клубыөткен материалды қайталау мақсатында өткізіледі.
Шығармашылық сабақоқушылардың шығармашылық жұмыс істеуі-не баса назар аударады.Бұл сабаққа өте жақсы оқитын оқушыларды таңдап алып,топтарға бөлуге болады.Мысалы:10 мин ішінде 1-2 топ оқушлары сол тақырып бойынша кроссворд құрса,3-4 топ оқушылары олардың жауабын айтады.Бір тақырыпқа қысқа шығарма,сценарий т.б құрғызуға болады.Қазылар алқасы әрбір топқа баға кояды.
Компьютерлік сабақ дисплей,ЭВМ,т.б машиналар арқылы өткізіледі
Сабақ құрылымы:
-
Үйге берілген тапсырманы тексеру 10мин.
1)Жаңа сабақ
2)Бекіту
3)Үйге тапсырма
Сабақтағы оқушылардың оқу жұмысының формалары.
Оқытуды сабақта ұйымдастырудың әр түрлі формаларына
ұжымдық,топтық, жұп және дербес формалары жатады.
Сабақ-мұғалім мен балалардың ұжымдық енбегі.
Оқытудың ұжымдық формасы динамикалық (қозғалғыш) жұп н/се ауыспалы жұп ретінде өтеді.Бұл жерде бала бір-бірімен жұптасып қана қоймайды,әрбір бала кезек бойынша әр баламен кездесіп жұмыс істейді,бірақ жұптардың құрамы үнемі өзгеріп отырады.
Жұптық оқыту формасы – екі оқушының бір жалпы тапсырманы орындауы. Соныменқатар, жұптағықарым-қатынасөзараоқытужәнеөзарабақылаусипатынаиеболуымүмкін.
Топтық форма-сабақ үстінде бірнеше топқа бөліңеді.Әрбір топта 4-5 оқушы болады.Оқушылар белгілі оқу тапсырмаларын орындайды.Мысалы:
-
Талдауды жән материалды салыстыруды қажет ететін тапсырмалар. -
Жаттығуларды қажет ететін тапсырмалар. -
Теориалық материал негізінде есептер шығару.
Оқытудың дербес формасында жоғары сыныпта әрбір оқушыға дербес оқып зерттеуге тапсырмалар беруге болады.Бұл өз бетімен іздену жұмысы-ның өте болымды формасы.Әрбір оқушы тақырып бойынша әдебиеттерді, материялдарды,құралдарды пайдаланып,тапсырманы жоспарға сәйкес орындайды.
22-БИЛЕТ
Экономикалық тәрбие. Дене тәрбиесі
Экономикалық тәрбие-оқушыларды экономикалық білім негіздерімен қаруландыру.Қоғамның экономикалық саясатын ұғындыру.
Мектептегі экономикалық білім мен тәрбиенің міндеттері:
-
Оқушыларды қоғамның даму заңдылықтарымен ,өндіріс экономикасымен таныстыру. -
Басұаруға тән-ұқыптылық,іскерлік,ықыластылық,тәртіптілік,т.б қасиеттерді дағдыландыру. -
Экономикалық есеп,талдау жасау дағдыларына үйрету,еңбекті,ғылым негіздерімен байланыстыра білу.
Экономика-тұтас құбылыс,сондықтан барлық халық шаруашылығы-ның тиімділігі (пайдасы) оның әрбір өндірістік бөлігініңтиімділігіне байланысты.
Экономикалық тәрбиенің негізі отбасында,балалар бақшасында,мектепте қалыптасады.Ол ата-аналардың,мұғалімдердің,жұртшылықтың бірлесе күш салуымен іске асады.Мектепте экономикалық тәрбие бүкіл оқу-тәрбие процесінің негізінде іске асырылады.
Экономикалық тәрбие мен білімнің өзіне тән әдістері бар.
-
Жаттықтыру.Әр түрлі іс-әрекеттерін істей білуге машықтандыру,жұмыс орның тиімді ұйымдастыру,уақыт және өндіру нормаларын анықтау,материалдарды,элекртқуатын,суды,газды үнемді пайдалану,т.б. -
Тәжірибелік жұмыстар және эксперимент.Мақсаты-оқушыларды өнімді бағалай білуге,бизнес,ақша мен пайда сияқты ұғымдарды өмірде қолдана білуге дағдыландыру. -
Экономикаға байланысты есептер шығару-еңбек ақыны,уақыт және өндіру нормаларын есептей білу,рентабельдік,пайда,өзіндік құн және басқа да экономикалық ұғымдар жайлы есептер шығаруға оқушыларды үйрету,жаттықтыру. -
Сандық материалды талдау әдісі-саяхат кездерінде жиналған мәліметтердің негізінде кестелер,диаграммалар жасау,қандай болса да экономикалық шаруалардың тиімділігін анықтау. -
Ғылыми-техникалық,экономикалық әдебиеттермен жұмыс. -
Экономикалық сөздік жасау,нарықтық экономика терминдерін қазақ тіліне аудару.Сөздікті пайдалана білуге оқушыларды үйрету,олардың сөздік қорын молайту.
Дене тәрбиесі.
Дене тәрбие саласында ырғақ,жеке гигиена,дене шынықтыру мәдениеті ,туризм,спорт ерекше орын алады.
Дене тәрбиесі ең басты күн тәртібін,яғни,еңбек,демалыс,тамақтану, ұйқы,бос уақыт ырғақтарын дұрыс ұйымдастыруда талап етеді.
Дене тәрбиесінің негізгі құралына дене жаттығулары,гимнастика,ойын,туризм,спорт,табиғи факторлар жатады.
Дене жаттығулары-бұл саналы түрде орындалған қимылдар және қозғалтқыш әрекеттер.Бұлшық ет жүйесін,қан айналымын және тыныс алу мүшелерін дамытады.
Гимнастика.Түрлері:негізгі жене гигиеналык гимнастика, спорттык гимнастика, акробатика, керкемдік гимнастика,өндірістік гимнастика жене емдік гимнастика.
Ойын окушыларды жылдамдыкка,төзімділікке тәрбиелейді.
Туризм - окушыларды төзімділікке,ұжымдылыққа, енбек суйгіштікке және колайсыз сырткы жағдайларда кездесетін қиындықтарды жеңуге тәрбиелейді.
Спорт – окушылардың денсаулығын нығайтатын, дене күшін,қозғалыс дағдыларын жене моральдық-epiктік касиеттерін дамытатын дене тербиесінің құралы. Дене тербиесідеп мацыз- ды куралдарыныц 6ipi — табиғи фактор-лар:күн көзі,ауа,суға шомылу,душ кабылдау.
Дене тәрбиесінің маңызды максаттарыныңбірі - балалар мен ересек адамдарды дене шыныктыру icіне жұмылдыру.
Дене тәрбиесінің міндеттері:
-
Денсаулықты нығайту,щынықтыру,ағзаның жұмыс қабілетін арттыру -
Қимыл дағдыларын,іскерліктерін қалыптастыру,жетілдіру. -
Қимылдың жаға түрлеріне баулу,теориялық білімдерімен салыстыру -
Негізгі кимыл-касиеттерін-күшті,төзімділікті,шапшаңдықты және ептілікті дамыту; -
Әдеттерді калыптастыру жене дене жаттыгуларымен үнемі шұғылдануға ынтаны тәрбиелеу; -
гигиеналык дағдыларды ciңipy, дене жаттыгулары мен шыныктыру гигиенасы жөніндегі білімді хабарлау.
Дене шынықтыру сабағы әзірлік,негізгі,қорытынды бөлімдерінен тұрады.
Әзірлік бөлімі көңіл көтереді,ынтасын арттырады,қан жүйесін күшейтеді,даярлайды.
Негізгі бөлігінде-дене жаттығулар түрлері енгізіледі.
Қорытынды-сап түзеу,қорытынды жасау.
23-БИЛЕТ
Білім мен дағдыны бақылау мен бағалаудың маңызы мен міндеттері.
Критериалды бағалау. Тест білім дағдыларын бақылаудың негізгі түрі ретінде
Оқушылардың оқу материалын меңгергенін тексеру және бағалау – оқыту нәтижелерін бақылау, оқу процесінің әр түрлі кезеңіндегі оқушылардың танымдық іс-әрекетін басқару.