ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 30.11.2023
Просмотров: 149
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
4. Жас таланттарды қолдау мен шыңдау
Мемлекет дарынды тұлғаның аса зор қоғамдық маңызын, олардың даму мүмкіндіктері мен ашылуына неғұрлым кеңінен жағдай жасауды басшылыққа алады.
Қоғамның интеллектуалдық, шығармашылық қуатын сақтау мен дамыту, жастардың дербес шығармашылық дамуына жағдай жасау жас таланттарды қамқорлығына алған мекемелер мен кәсіпорындарға, қоғамдық ұйымдарға, қайырымдылық қорларына, өзге де қорларға, жеке тұлғаларға экономикалық жағынан қолдау көрсетуді, дарынды жастарға стипендиялар, жүлделер, жәрдемақылар тағайындауды; жастардың шығармашылық, жаңашылдық қызметіне мемлекеттік қолдау көрсетуді көздейді. Дарынды жастарды қолдау мен дамытудың мемлекеттік саясаты елдегі жалпы адам ресурстарын дамытудағы саясатпен қанаттас жүргізіледі.
5. Жастарға әлеуметтік көмек көрсету мен қазіргі
жағдайға бейімделу жүйесін қалыптастыру
Балалар мен жастарға әлеуметтік көмек көрсету және оларды қолдау жүйесі қиын, даулы жағдайға тап болған жастардың әлеуметтік маңызды қажеттіліктерін қанағаттандырудан, оларды әлеуметтік жағынан сауықтыру мен соңыра толыққанды тіршілік жасауына жағдай жасаудан тұрады.
Мемлекет жастар арасында әлеуметтік шиеленісті бәсеңдету жөнінде, жасөспірімдер мен жастар арасында нашақорлыққа, маскүнемдікке, қоғамға қарсы және ауытқу құбылыстарымен күресте кезек күттірмейтін шаралар қолданады.
Жастар арасында құқық бұзушылық пен қылмысты болдырмау жөнінде заң-құқық туралы білім беру және мәселенің алдын алу жұмыстарын ұйымдастыру мақсатында жоғары және орта арнаулы оқу орындары негізінде жедел жастар отрядтарын құру, орта мектептерде 9-сыныптан бастап 11-сыныпқа дейін құқықтық тәрбие жөнінде факультативтік сабақтар, дәрістер енгізу ұсынылады.
Қоғам мен мемлекет тарапынан жастардың әлеуметтік жағынан әлсіз санаттарына айрықша көңіл бөлінуге тиіс.
Жастарға әлеуметтік көмек көрсету балаларға, жастарға жұмысқа тұру, денсаулық және құқық, бос уақытын ұйымдастыру, білім алу, отбасында, мектепте, ұжымда бір-бірімен қарым-қатынас проблемаларын шешу, өмірлік жолын таңдау және қоғамға бейімделу мәселелері бойынша консультациялық, практикалық, ұйымдастырушылық көмек алуында жәрдем беретін мекемелер жүйесі ретіндегі жастарға арналған әлеуметтік қызметтің бұрыннан қалыптасқан жүйесін дамыту арқылы жүзеге асырылатын болады. Бұл қызметтердің жұмысы психологиялық, педагогикалық, заңдық, наркологиялық көмек көрсетуге, жас мүгедектерге, уақытын өтеген әскери қызметшілерге, нашақорлықтан, токсикоманиядан, маскүнемдіктен емделуден өткен адамдарға қатысты сауықтыру шараларын өткізуге бағытталған.
Жастарға арналған әлеуметтік қызметтер арнаулы қызметтер кешенін, оның ішінде: жастардың еңбек биржаларын, әлеуметтік-психологиялық көмек орталықтарын, наркологиялық қызметтер, балалар мен жастарға арналған баспаналар, жасы кәмелетке толмаған құқық бұзушыларды әлеуметтік сауықтыру мекемелерін, заңдық көмек көрсету және кеңес беру орталықтарын, жас отбасына көмек көрсету қызметтерін, демалыс орталықтарын құруды кеңейтеді.
6. Жастар мен балалар бірлестіктерін дамытуға
жәрдемдесу
Мемлекет қызметі жастардың қоғамдық - саяси процестердегі рөлін көтеруге, демократиялық, азаматтық қоғам құруға жәрдемдесетін үкіметтік емес жастар мен балалар ұйымдарын дамытуға және олармен ынтымақтасуға мүдделі.
Жастардың оң нышандағы қоғамдық бастамаларын қолдау мен ынталандыру демократиялық мәдениет деңгейін көтеруге, отаншылдық сезімін, жетекші сапасын тәрбиелеуге жәрдемдеседі, жастарды әлеуметтендіру процесіне оң ықпал жасайды. Тек қоғамдық ұйымдар жүйесінде ғана жас ұрпақтың экономикалық, жаңашылдық, шығармашылық белсенділігін жүзеге асыруы үшін барынша қолайлы жағдайлар қалыптасады.
Қолданыстағы заңдарда балалар мен жастар бірлестіктерін мемлекеттік қолдауды қамтамасыз ету үшін қоғамдық қызметтің айрықша түрлерінің ұйымдары ретінде жастар мен балалар бірлестіктерінің мәртебесі айқындалатын болады.
Барлық жастар және балалар бірлестіктері мемлекеттік қолдауда тең мүмкіндіктерге ие. Балалар және жастар бірлестіктеріне мектептердің, мектептен тыс мекемелердің, мәдениет мекемелерінің үй-жайлары, спорттық және өзге де құрылымдар берілуге тиіс.
Мемлекеттік жастар саясаты шеңберінде өткізілетін шараларды қаржыландыруда жастардың әлеуметтік жағынан аса маңызды қоғамдық бастамаларына басымдық берілетін болады.
Жастар мен балалар бірлестіктерінің қызметін қолдау оларды халықаралық жастар ынтымақтастығына, халықаралық жастар алмасуына енгізуді көздейді.
Жастардың оң нышандағы қоғамдық бастамаларын дамыту және көтермелеу үшін өкілетті орган жанынан Жастар ұйымдарының кеңесін құру жөн болады.
V. Басқару органдары
Жастар саясаты саласындағы мемлекеттік басқаруды өз құзыреті шегінде мыналарды қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрамындағы тиісті құрылымдар жүзеге асырады:
1. Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі:
- министрліктер мен өзге де орталық атқару органдарының жастар саясаты саласындағы қызметін салааралық үйлестіруді;
- жастардың құқықтары мен заңды мүдделерін жүзеге асыру жөнінде әртүрлі қоғамдық жастар ұйымдарымен байланысты жүзеге асыруды;
- Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігімен, Қорғаныс министрлігімен бірлесе отырып жас ұрпақтықтың азаматшылдығы, отан сүйгіштігі мәселелері жөнінде зерттеулер жүргізуді, патриоттық бірлестіктердің қызметін қолдау жөнінде ұсыныстар әзірлеуді;
- мемлекеттік жастар саясаты саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысуды;
- жастармен жұмыс істеудің озық нысандары мен әдістерін зерттеуді және жинақтауды, жастар саясатының түрлі бағыттары мен проблемалары жөнінде мемлекеттік органдарға арналған әдістемелік материалдар әзірлеуді және басып шығаруды;
- мемлекеттік жастар саясаты мәселелері жөнінде жұртшылықты хабардар етіп отыруды қамтамасыз етеді.
2. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі:
- жас азаматтарды еңбекпен қамтуға көмектесу үшін жағдай жасауға жәрдемдесетін мемлекеттік саясатты әзірлеуді және жүзеге асыруды;
- жастарды еңбекпен қамту проблемалары жөнінде зерттеулер жүргізуді ұйымдастыруды, еңбек рыногын басқаруға және жастар арасындағы жұмыссыздықты азайту жөнінде алдын алу шараларын қабылдауға арналған ұсыныстар әзірлеуді;
- жастарды еңбек қызметіне араластыру үшін жағдай жасауға қатысты аралық жобалар әзірлеуді және енгізуді;
- жастарға арналған әлеуметтік қызметтерді одан әрі дамытуға жәрдемдесуді етеді.
3. Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігі:
- жастардың шығармашылық, интеллектуалдық, ғылыми-техникалық дамуына, жас таланттарды іздеп-табуға және қолдауға жәрдемдесетін бағдарламаларды әзірлеуге және жүзеге асыруға, олардың одан әрі шығармашылық және кәсіби жағынан өсуіне қажетті жағдайлар жасауға қатысуды;
- мемлекеттік құрылымдардың қызметін үйлестіруді, салауатты өмір салтын насихаттау жөнінде қоғамдық жастар ұйымдарымен бірлесіп әрекет етуді, жастардың денсаулығын нығайтуға және күш-қуатын арттыруға жағдай жасауды қамтамасыз етеді.
4. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі:
- кәмелетке толмағандар арасында қылмыс пен құқық бұзушылық жағдайының мониторингін;
- Кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі 1998-2000 жылдарға арналған бағдарламаның ішкі істер органдарына қатысты бөлігіндегі тармақтарын жүзеге асыруды қамтамасыз етеді.
5. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі:
- мемлекеттік жастар саясаты саласында заң шығару негіздерін дамытуды және жетілдіруді;
- нормативтік құқықтық актілердің жастарға қатысты бөлігін сараптамадан өткізуді қамтамасыз етеді.
Жергілікті деңгейде мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру жөніндегі қызметті биліктің жергілікті атқару органдары жүзеге асырады. Қоғамдық бірлестіктермен, ұйымдармен және кәсіпорындармен, оқу орындарымен бірлесе отырып аймақтық жастар бағдарламалары жасалып, жүзеге асырылады.
Ұжымының едәуір бөлігін жас азаматтар құрайтын түрлі меншік нысанындағы кәсіпорындарда, мекемелерде, оқу орындарында жастармен жұмыс жөніндегі тиісті қызметтер, органдар, комитеттер құрылуы мүмкін
-
«Қаңтар оқиғасы». Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты Жолдауының мәні мен маңызы.