Файл: 1916 жылы Орта Азия лтазатты ктерілісі.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 30.11.2023

Просмотров: 161

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Осы Тұжырымдаманың негізгі шарттарын қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджетте мемлекеттік жастар саясатын іске асыруға бөлінген қаражат шеңберінде жүргізілуі қажет. Тұжырымдаманың жекелеген ережелерін жүзеге асыруда мемлекеттік емес, соның ішінде, шетелдік қаржы көздерін пайдалану да қарастырылуы мүмкін.
      Осы Тұжырымдаманы іске асырудағы басты талаптардың бірі мемлекеттік жастар саясатының ұйымдастырушылық және экономикалық тетіктерін құқықтық жағынан қамтамасыз ету, бірінші кезекте - жас азаматтардың, жастар мен балалардың қоғамдық бірлестіктерінің қатысуымен өтетін түрлі қарым-қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарына өзгертулер мен толықтырулар енгізу болып табылады.
      Тұжырымдама құрылымы шетелдік және отандық озық тәжірибелерді талдау мен жинақтау негізінде жасалды.

II. Мемлекеттік жастар саясатының негізгі мақсаты мен
басымдықтары


      Қазақстан Республикасының мемлекеттік жастар саясатының негізгі мақсаты - жастардың азаматтық, әлеуметтік дербес тұлғалық қалыптасуын жүзеге асыру үшін қажет құқықтық, экономикалық, ұйымдастырушылық жағдайларды жасау мен нығайту.
      Алға қойған мақсаттарды жүзеге асыру жастар саясатының мына бағыттарына басылымдық беруді көздейді:
      1. Жастар бойынша патриотизмді қалыптастыру, жастардың ізгілікті әрі рухани дамуы.
      2. еңбек, білім беру және денсаулық сақтау саласындағы жастардың әлеуметтік құқықтарын қамтамасыз ету.
      3. Жастардың әлеуметтік-экономикалық қажеттіліктерін дербес жүзеге асыруына жағдай жасау.
      4. Жастардың денесін шынықтырып, интеллектуалдық дамуына жағдай жасау.
      5. Жастардың қоғамдық игі бастамаларын қолдау мен ынталандыру.
      6. Қазақстандық жастарды халықаралық мәдени, экономикалық, ғылыми және білім беру процестеріне тарту.

III. Мемлекеттік жастар саясатының негізгі
принциптері


      Мемлекеттік билік органдары тарапынан жастар саясатын қалыптастыру мен іске асыру мәселесінде біртұтас көзқарас қалыптастыру төмендегі басты қағидалар үддесіне орай іске асырылуы қажет:
      - жастар мәселесіндегі демократиялық, жас азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын сақтау;
      - өркендеу мен жаңашылдық;
      - тұрақты негіздегі мақсатты, нақты әрі тиімді іс-қимыл;
      - жалпыға ортақтық - барлық жастарды жынысына, ұлтына, әлеуметтік жағдайына және діни ұстанымына қарамастан жаппай қамту;
      - жас шамасы мен әлеуметтік әртектілік проблемалары ескерілетін сараланған көзқарас;
      - жастардың әлеуметтік жағынан неғұрлым аз қорғалған бөлігін, соның ішінде, мүгедек балаларды, денсаулығы дімкәс балаларды, жетім балаларды, көп балалы, жағдайы нашар отбасыларындағы балаларды тікелей қорғау және қолдау.
      Жастар саясатын қалыптастырудағы осы басты қағидалар заңнамалық және атқарушы биліктің орталық және жергілікті органдары тарапынан ескеріліп, олардың қызметтерін бағалаудың бір өлшеміне айналуы тиіс.
      Осы принциптерді сақтау мемлекеттік жастар саясатында жүйелілікті қалыптастырып, біртұтас әрі нақты мағына береді және қажетті тарихи сабақтастықты қамтамасыз етеді, оның негізгі бағыттарын іске асыруда бірыңғай әдістемелік пен ұстаным жасауға мүмкіндік туғызады.

IV. Мемлекеттік жастар саясатының негізгі бағыттары


      Мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асырудың кезеңдік сипаттағы іс-қимылдары мынадай негізгі бағыттарды қарастырады:
      1. Жастардың құқықтары мен бостандықтарының сақталуын қамтамасыз ету.
      2. Білім, еңбек және жұмыспен қамту саласындағы кепілдіктермен қамтамасыз ету.
      3. Жастардың кәсіптік, рухани және дене тәрбиесінің дамуына жағдай жасау.
      4. Жас таланттарды қолдау мен шыңдау.
      5. Жастарға әлеуметтік көмек көрсету мен қазіргі жағдайға бейімделу жүйесін қалыптастыру.
      6. Балалар мен жастар бірлестіктерін дамытуға жәрдемдесу.

1. Жастардың құқықтары мен бостандықтарының
сақталуын қамтамасыз ету



      Мемлекеттік жастар саясаты Конституцияда және Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын өзге де нормативтік құқықтық актілерде бекітілген жас адамның, саяси, әлеуметтік-экономикалық, жеке құқықтары мен бостандықтарын толық тануға негізделеді.
      Заңда белгіленген тәртіптен тыс жас азаматтың қайсыбір бостандықтары мен құқықтарына шектеулер енгізуге, өзге жастағы азаматтар міндеттерімен салыстырғанда қосымша міндеттер жүктеуге жол берілмейді.
      18 жасқа (кәмелеттік жасқа) толмаған тұлғалар мемлекеттің айырықша қамқорлығында болуға тиіс. Бұл ретте мемлекет кәмелетке толмағандардың жастығына орай өз әрекеттеріне толыққанды баға бере алмайтындығын, мұның өзі олардың қосымша құқықтар мен заңдық жауапкершіліктер алу мүмкіндіктерін шектейтіндігін басшылыққа алады.
      Кәмелетке толмағандардың құқықтары мен мүдделерін барынша тиімді қорғау мақсатында дамыған елдерде қолданылып жүрген ювеналдық әділет жүйесін (мамандандырылған соттар, жасөспірімдерге арналған жазасын өтеу орындары т.б.) қалыптастыру қажет. Атқарушы билік жүйесінің барлық деңгейіндегі тиісті құрылымдар кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың, бетімен кетушілік пен өзге де тәртіп бұзушылықтың алдын алу, жетім балалардың, ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар мен жартыкеш және сәтсіз отбасылардан шыққан балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау ауқымындағы кешенді шараларды үздіксіз жүзеге асырып отыруы тиіс. Ювеналдық әділеттің қалыптасуы, жастарға арналған әлеуметтік қызмет мекемелерінің дамуы қоғам тұрақтылығын нығайтумен қатар, жастар ортасындағы түрлі шиеленісті төмендетіп, қоғамның жастар арасындағы құбылыстарға айтарлықтай белсенді ықпал етуіне мүмкіндік береді.
      Жастардың құқықтары мен мүдделерін қорғау қоғамдағы жалпы құқықтық мәдениетті көтеруді, жастар бойына Қазақстанның мемлекеттік дамуына негіз қалайтын идеяларға, Конституцияға, заңдарға құрмет сезімін дарытуды көздейді.


2. Білім, еңбек және жұмыспен қамту саласындағы
кепілдіктермен қамтамасыз ету


      Мемлекет күш-жігерін біліммен, еңбекпен және жұмыспен қамту саласында кепілдік беруге бағыттайды. Бұл мемлекеттік органдардың меншік, ұйымдастырушылық-құқықтық нысанына қарамастан жеке ұйымдармен жетім балаларға, денсаулық мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған оқу ұйымдарын бітірушілерді, оқуын тастап кеткен жасөспірімдерді; жазасын өтеу орнынан оралғандарды; сәтсіз отбасылардың жас азаматтарын; запасқа шыққан әскери қызметшілерді жұмысқа қабылдау туралы келісім-шарттарын жасасуын көздейді. Аталған нормалардың сақталуы, өз кезегінде, жастардың әлеуметтік жағынан аз қорғалған тобы үшін жұмыс орындарын құруға қатысты нормативтік-құқықтық базаны жасау мен жетілдіруді талап етеді.
      Мемлекет, меншік нысанына қарамастан, ұйымдар мен кәсіпорындардың жас мамандарды жұмысқа алуы мен жұмыс орындарын өсіруге мүдделілігін арттыруда; оларды қайта дайындау мен өндірістік оқу тәжірибесінен өткізуде; елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы басымдықтарын ескере отырып, жастарға кәсіби тұрғыдан бағдар беретін мемлекеттік жүйені дамытуда қосымша ынтаны кеңінен пайдаланатын болады.
      Жастардың жеке тұлға ретінде қалыптасу басымдығы олардың шағын және орта бизнес саласына белсенді араласуын, жас кәсіпкерлерді, әсіресе, фермерлерді, селолық өндірісшілерді оқыту мен қолдауды көздейді.
      Жастарды жұмыспен қамту саласында мемлекеттік сүйемелдеу саясатын, аймақтық ерекшеліктерді ескере отырып, белсенді түрде жүргізу керек.
      Мемлекет жастар мен жас отбасылардың экономикалық ахуалын жақсарту мен табыс деңгейін көтеру, ұзақ мерзімді несие берудің кезеңдік жүйесін енгізу, басқа да экономикалық көмек түрлері арқылы білім алу мүмкіндігін кеңейту, іскерлік белсенділігін арттыру, тұрғын жайы мен үй шаруашылығын толыққанды жабдықтау үшін құқықтық, ұйымдастырушылық жағдай жасаудың барлық шараларын қолданатын болады. Оқушы жастарға кәсіби бағыт беретін, қазіргі талаптарға сәйкес жастарды уақытша және қосымша жұмыспен қамтитын жүйе жасалатын болады.

3. Жастардың кәсіптік, рухани және дене тәрбиесі
дамуына жағдай жасау



      Жастардың тән, жан саулығы - елдің стратегиялық қоры және оның қазіргі дамуының шешуші факторы. Жасөспірімдер мен жастардың бойында ізгілікті, рухани құндылықтарды қалыптастыру әлемдік, ұлттық мәдени құндылықтарды насихаттауға иек артып, жас шамасына қарай қарастырылуы тиіс. Жастарға тән құндылықтар сипаты жас азаматтың тағдыры мен тұрмыс жағдайының әркелкілігін, құндылықтар жайлы түсініктерінің сан алуандығын көрсетеді. Жастардың эстетикалық, ізгілікті талғамының қалыптасуына бұқаралық ақпарат құралдарының, әсіресе, электронды ақпарат құралдарының айтарлықтай ықпал ететінін ескеру қажет. Зорлық-зомбылықты, қатігездікті уағыздау жастардың мінез-құлқына жан-жақты қысым етіп, өмірді қабылдауы барысында сондай әдет-дағдыларды қалыптастырады. Дүлей күшке табынушылықты, шылымды, спиртті ішімдіктерді жарнамалауға шектеу қою - мемлекет алдындағы жас ұрпақты рухани сауықтырудың бірден-бір кезек күттірмейтін шаралары.
      Ақпарат құралдарының, озық ойлы зиялы қауымның күш-жігері, тәрбиенің бағыттылығы қоғамда отансүйгіштік, іскерлік, үлкенді сыйлау, өзін қастерлей білу, жеке басы мен жақындары үшін жауапкершілікті сезіну сияқты қасиеттерді жоғары қоятын оңтайлы орта қалыптастыруға септігін тигізу қажет.
      Жастардың төл мәдениеттен нәр алуы, еліміздің тарихи өткенін оқып-үйренуі, қоғамымыздағы достық ахуал мен бейбітшілікті, рухани келісімді нығайту жас ұрпақ бойында біздің ортақ Отанымызға - Қазақстан Республикасына деген мақтаныш сезімін қалыптастыруы тиіс.
      Мемлекеттің күш-жігері мәдени инфрақұрылымды материалдық қамтамасыз етуге, білімінің мектептерден, студенттік оқу мекемелерінен тыс жастардың бос уақытын пайдалы өткізуге мүмкіндік жасайтын театр, кітапхана, спорт құрылғыларын қолдауға, оқу - әдіс-тәсілдемелік құралдарын, көркем әдебиеттер шығару, оқу орындарын компьютерлендіру, дене тәрбиесі мен спортты дамытудың мемлекеттік, аймақтық бағдарламаларын жасау, ізгілікті, рухани құндылықтарды, салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталады. Жастарға рухани, патриоттық тәрбие беру ісінде мемлекеттік тілді оқып-үйренуге, қазақ тілін оқытып-үйретудің жаңа, тиімді тәсілдерін жасап, енгізуге ерекше мән берілетін болады.
      Жастарды отаншылдық, рухани, адамгершілік тұрғыдан тәрбиелеу ісінде оларды діни экстремизм мен фанатизмнің залалды ықпалынан қорғау аса маңызды бағыт алуы шарт. Осы мақсатта жастар арасына діни-экстремистік көзқарастардың еніп кетуінен сақтау тетіктері жасалуы керек.