Файл: 1916 жылы Орта Азия лтазатты ктерілісі.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 30.11.2023

Просмотров: 148

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына қарсаңында біздің ойымызша қазақ елінің даңқын мен ұлылығын асқақтайтын Ұлық Ұлыс (Алтын Орда) мәселесінің экрандық деңгейде көтеруі тарихи миссия деп білемін. Бұнымен шектелмей тарихымыздағы әлі күнге дейін ақтаңдақ мәселелеріміз, яғни ашаршылық туралы, оның құрбандарының тізімі мен саны туралы ортақ пікірді жүйелі түрде қалыптастыру керек. Әрине ең бір өзекті мәсел嬬 ұлт шежіресін басынан бастап жүйелі түрде қайта саралап жүргізу өзіміздің ұлттық тарихи болмысты қайта жаңғыртамыз, әрі төл тарихымыздың қысқаша тарихын шет тілдерге аударылу қажеттілігі өте маңызды. Себебі біреудің ұстанымен емес, енді төл-ұлттық ұстанымыз әлемге танытамыз. Сондықтан, тарихи зерттеулерді саясаттандырмай, таза ғылыми бағытта болуы керек

Тарихи тұрғыда алатын болсақ мәселе мемлекет (хандық, орда, тайпа, ру) пен халық әрқашан бірге күш біріктіре отырып біртұтас мемлекет құрды (Қазақ хандығы). Яғни азаматтық қоғам қалыптастыру тарихи маңызы өте зор. Мәселен, Қозыбасы тауының етегінде Қазақ мемлекеттілігінің туы тігілуі, Ордабасыдағы, Күлтөбедегі ұлы жиындардың болуының өзі біздің тарихымыздың біртұтастылығындағы тереңділігі айтылып отыр. Яғни осы ұлы жиындарға ұқсас заманауи жиын (құрылтай) қалыптастыру керек. Бұл қоғамыздың демократиялық үрдісте дамитындығының тек бастамасы. Оның үстіне, тарихи тұрғыда айтатын болсақ, Қасым- Жомарт Кемелұлы атақты тарихи тұлға Әлихан Бөкейханов тұлғамыздың сөзін келтіре отырып тәуелсіз мемлекетіміздің азаматтарында патриоттық сезімі туа салысымен болмайды, мінезден, ішкі ой-түйсігінен қалыптасады. Осы патриоттық сезім қалыптасу түйсігінің жүйелі орындалуы тарихшыларымыздың қолында, яғни өнегелі жас ұрпақтарымыздың тарихи патриоттық сезім қалыптасуы қастерлі тәуелсіздігіміздің өркенделуіне негіз бола алады. Жастарымыз тың идеяларымен, еліміздің дамуына зор үлес қоса алады және үлестерін қосуда. Осылайша бұл мақаланың тарихи маңызы ежелгі заманнан күні бүгінге дейінгі мемлекетіміздің тарихын, саясатын, мәдениетін қайта саралап, толықтай зерттеп, қоғам алдындағы ұлттық тарих тану мәселесін өзекті етіп, әрі қызығушылықты ояту керек.

  1. Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты және халықаралық қатынастары.

Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты белсенділігімен, тепе-теңдік сақтауға ұмтылысымен, прагматизмдігімен, сындарлы сұхбат жүргізуге талпынысымен және көпжақты ынтымақтастыққа бағытталғандығымен ерекшеленеді. Халықаралық аренада мемлекетіміз өзінің тарихи, геосаясаттық және экономикалық факторларына байланысты көп ғасырлар бойы сыртқы саясатын халықаралық ынтымақтастық, көршілес мемлекеттермен татуластық және олардың аймақтық біртұтастығын құрметтеу принципіне негіздеп жүргізіп келеді. Қазақстанның өзге мемлекеттермен тең құқылы және екі жаққа да тиімді қарым-қатынас құруға дайындығы оның бүгінгі күні дипломатиялық байланыс орнатқан шет мемлекеттердің санының көптігімен дәлелденіп отыр. 1991 жылы тәуелсіздік алған сәттен бастап, біздің республика әлемнің 130 мемлекетімен дипломатиялық қарым-қатынас орнатты. Көптеген себептерге байланысты 
Орталық Азия мен Қазақстан аймағы әлем саясатында қазіргі кезде ерекше назарға ие. Қазақстан екпінді даму қарқынының арқасында ipi трансұлттық корпорациялардың, өзге мемлекеттердің үлкен қызығушылығына ие. Бұл түсінікті де, Қазақстан Орталық Азиядағы географиялық сипаты бойынша ең ipi мемлекет болып табылады, оған қоса экономикалық даму қарқыны бойынша біздің мемлекет аймақтағы көшбасшы. Осы ретте еліміздің болашақта даму мүмкіндіктерінің мол екендігін ескере кету керек. Бүгінгі күні қазақстандық сыртқы саясат басымдылығы ең алдымен РесейҚытайАҚШЕО, Орталық Азия аймағындағы көршілес мемлекеттермен, ислам әлемімен тең құқылы қарым-қатынас құруга бағытталып отыр. Бұл тұрғыда 2006 — 2007 жылдары аталмыш мемлекеттермен және аймақтармен екі жақты байланыс едәуір алға басты. Ел мүддeciнe қатысты бірталай маңызды құжатқа қол қойылған мемлекет басшылығының ВашингтонМәскеуБрюссельЛондонБейжіңКаирТегеранТашкентБішкек және тағы да басқа мемлекеттердің астаналарына ресми сапарларының қорытындылары да осыны айғақтай түсуде. Осылайша мeмлeкeтiмiздiң әлемнің жетекшi державалары мен көршілес ТМД мемлекеттepi арасындағы стратегиялық серіктестігі жаңа деңгейге көтерілді деуге болады.

  1. Тәуелсіз Қазақстанның конфессионалдық саясаты.

Еуразия аймағында ұлаңғайыр аумақты мекендеген еліміздің тәуелсіздік алғаннан кейінгі тарихы Батыс пен Шығыс өркениеттерінің тоғысқан аймағы ретінде 130-тан астам ұлттар мен 18 конфессия өкілдерінің отанына айналды. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы өзге этнос өкілдеріне қамқорлық танытып, конфессия өкілдерінің ұстанымдарына түсіністік таныта отырып,  мемлекеттігіміздің тұғырлығын әлемге әйгілеп келеді. Халқымыз ұлтаралық және дінаралық ынтымақтастыққа бастайтын құндылықтарды халықаралық алаңда да насихаттауда. Конфессияаралық келісімді орнату, бейбітшілік пен өзара төзімділік құндылықтарын насихаттау арқылы Қазақстан әлемдік саясатта жоғары құрмет пен беделге ие болды. Жаһандық алаңда көптеген елдердің сенімді әріптесіне айналды.

Еліміздің мемлекеттік саясаты азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын құрметтеуге негізделген қағидаттарды басшылыққа алады. Сонымен бірге, елдегі қалыптасқан мемлекеттік-конфессиялық қатынастар барлық конфессиялар мен діни топтардың тең құқықтығын қамтамасыз етуге бағытталған. Қазақстанның әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің арасындағы сындарлы үнқатысу көпірін құру қадамы осы мақсаттың жүйелі жүзеге асырылуын айқын көрсетіп отыр.



Бүгінгі таңда мемлекеттің дін саласындағы саясаты дінаралық келісімді сақтауды, діндердің үнқатысуына серпін беру және қоғамдағы өзара діни төзімділікті насихаттауды көздейді. Қазақстанның осы жолда қол жеткізген жетістіктерін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның ЕҚЫҰ-дағы төрағалық міндетіне кірісуі кезінде «біздің ұлтаралық және дінаралық келісімнің моделі – бүкіл әлемдегі түрлі конфессиялар арасындағы қарым-қатынас ісіне Қазақстанның қосқан қомақты үлесі» деп бағалаған.
         Конфессияаралық келісім – Қазақстан халқы үшін өзара түсіністікті қажет ететін қастерлі құндылық. Әр түрлі конфессия өкілдерімен достық қарым-қатынас орнатып, оларға қамқорлық таныту саясаттан бөлек адамгершілік құндылық болып табылады. Қазақстанның әлемдік және дәстүрлі діндер арасында сенімді байланыстар орнықтыратын өркениетаралық үнқатысу алаңына айналуы – Елбасының жаһандық үнқатысуға бағытталған мемлекеттік саясатты тиімді жүргізудің нәтижесі. Оның жемісін Елордамызда үш жыл сайын өткізілетін Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің жұмысы арқылы көрсетудеміз.

Мағыналы конфессияаралық орталық болып қалыптасқан Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі төңірегінде діни қауымдастықтар өзара түсіністік пен сыйластық табуда. Сонымен қатар, съезд әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің қазіргі заманғы шешімін таппаған жаһандық проблемаларды бірлесе шешуге бағдарланған мағыналы жиыны болып отыр. Елбасының бастамасымен жүзеге асырылған аса өзекті де, ауқымды бұл жобаға БҰҰ және ЮНЕСКО секілді басқа да көптеген халықаралық ұйымдардың жетекшілері, белгілі саяси қайраткерлер, әлемдік сарапшылар жоғары баға беруде.

Қазіргі таңда съезд барысында Елбасы берген нақты әрі мазмұнды ұсынымдар әлем қауымдастығы тарапынан қолдауға ие болып, сәтті орындалуда. Бұл ұсынымдардың ішінде жаһандық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге деген жаңа көзқарасты қалыптастыру, жаңа дүние тәртібін жоғары адамгершілік пен руханилыққа негіздеу, әлемдік дағдарысқа моральдық нормалар мен биік адамгершілік қағидаттарын қатаң сақтау арқылы қарсы тұру секілді идеялар Қазақстанның жаһан жұртшылығының алдындағы беделін көтерді.

Толеранттылық пен діни тағаттылық – конфессияаралық келісімді орнату қағидаттарының басты тетігі. Еліміз үшін төзімділік қағидаттары саяси мәдениеттің бағыттары ғана емес, мәдениетті қолдап-қуаттайтын мемлекеттің негізгі ұстанымдары болмақ.

Мемлекеттің дінге қатысты ұстанымын ең алдымен оның заңдарынан көруге болады. Елімізде діни ахуалды реттейтін Қазақстан Республикасының 2011 жылдың 11 қазанында қабылданған «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» заңының преамбуласында ханафи бағытындағы исламның және православтық христиандықтың халық мәдениетінің дамуы мен рухани өміріндегі тарихи рөлі танылатындығы атап көрсетілген. Бұл – ислам дінінің қазақ мемлекеттілігінің және халықтың рухани-мәдени құндылықтарының қалыптасуына негіз болғандығын, сондай-ақ соңғы үш ғасырлық тарихы қазақ елімен ортақ, әрі көптеген этностардың дәстүрлі діні саналатын православиелік христиандықтың Қазақстан халқының өміріндегі рухани-мәдени маңызын айғақтайды. Сонымен қатар, бұл Заң Қазақстан халқының рухани мұрасымен үйлесетін басқа да діндерді құрметтейтінін, конфессияаралық келісімнің, діни тағаттылықтың және азаматтардың діни нанымдарын құрметтеудің маңыздылығын танитынын негізге алады.


Қазақстанның дін саласындағы саясаты – конфессияаралық келісімнің, діни ахуалдың тұрақтылығының кепілі. Ел аумағындағы барлық діндердің теңдігін қамтамасыз ету үшін әділеттілік қағидаты мен дінаралық татулық санасын қалыптастыру мәселесі мемлекет үшін де, қоғам үшін де өте маңызды. Сондықтан мемлекеттің дін саласындағы саясаты елдегі діни тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін тек дәстүрлі діндердің ғана емес, барлық діндердің арасында өзара келісімге негізделген қарым-қатынастардың сақталуын басты мақсат деп біледі.


  1. Қазақстан Республикасының жастар саясаты.

 Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жастар саясаты тұжырымдамасы Жалпыға бірдей адам құқықтары Декларациясының өзекті идеялары мен қағидаларына, БҰҰ Бас Ассамблеясының "Жастар дамуының 2000 жылға дейінгі дүниежүзілік іс-қимыл бағдарламасының 50/81 қарарына, Сәби құқықтары туралы Конвенцияға, Қазақстан Республикасының Конституциясына және ел Президентінің Қазақстан халқына арнаған "Қазақстан-2030. Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы" атты Жолдауына сүйенеді.

I. Жалпы ережелер


      Мемлекеттік жастар саясатының қажеттігі жас өркеннің өмірге қадам басып, қоғамда өз құқығын иелеумен, оның алдында жауапкершілік арқалау сәтінде бетпе-бет келетін өмір мәресінің қиындықтарымен айқындалады.
      Жастар саясатын қалыптастыра отырып, мемлекет жастардың келешекте маңызды салмаққа ие болар халықтың бірден-бір белсенді тобы екендігін ескереді. Мұның өзі жастардың мемлекет құрылысындағы рөлі мен орнын жете бағаламауға жол бермеуді көздейді.
      Мемлекеттік жастар саясатының дәстүрлі әлеуметтік саясаттан айырмасы ол тек өтелу тетіктерін әзірлеуге ғана сайымайды. Ол жастардың еңбек пен шығармашылық қуатын айқындайтын белсенді де жаңаша, өндірушілік аспектілерден тұрады. Бұл мемлекеттік жастар саясатын қоғамның стратегиялық ресурстарын дамытудағы бірден-бір маңызды бағыт ретінде қарастыруға мүмкіндік береді.
      Қоғамдық өзгерістердің күрделілігі жас азаматтардың әлеуметтік жағынан жан-жақты қалыптасуына, жас қауым тіршілігінің барлық қалтарысына әсерін тигізді. Дәстүрлі жастар мәселелерін шешудің мазмұны мен тәрбие тәсілдері жаңа тарихи жағдайларда мүлде өзге қырынан қарастырылуға тиіс болғандықтан түбегейлі өзгерді.
      Қазақстандық жас буын бойында отаншылдық, іскерлік, жауапкершілік қасиеттер қалыптастырмай, жастардың ізгілікті, рухани өркендеуіне, сондай-ақ, өткен буынның әлеуметтік-мәдени тәжірибесін, әлем өркениеті жетістіктерін игеруіне жол ашпай әлеуметтік ұстанымдағы экономикасы бар демократиялық қоғам құру мүмкін емес. Мұндай мақсаттарды жүзеге асыру жастарға, жалпы қоғамға қатысты саясатты қалыптастыру мен жүзеге асыру ісіне жастардың өздерін белсенді түрде тартуды көздейді. Мемлекет жастарға, олардың материалдық деңгейі мен әлеуметтік жағдайына қарамастан, өмір жолын таңдау мен жеке жетістіктерге жету үшін мейлінше мол мүмкіндіктер ашуға тиіс. Сонда ғана жастар саясатының өзекті міндеті - жастардың тұлғалық қалыптасуын қамтамасыз етуі іске асатын болады.
      Осы Тұжырымдама мемлекеттік жастар саясатының басты мақсаттарын, қағидалары мен басымдықтарын анықтауды мұрат етеді. Тұжырымдаманың ережелеріне сәйкес мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыратын нормативтік-құқықтық тетіктер нақтыланып, оны ұйымдастырушылық, әдістемелік және ақпараттық қамтамасыз етудің негізі қалануы тиіс.