Файл: Задачи пропедевтики внутренних болезней. Основные понятия (этиология, патогенез, симптом, синдром, диагноз). Этика и деонтология медицинской сестры.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 30.11.2023

Просмотров: 154

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


  1. Инструментальные методы исследования при заболеваниях органов дыхания. Пикфлоуметрия. Спирометрия. Показания. Правила подготовки. Диагностическое значение.

Тыныс алу органдарының ауруларын аспаптық зерттеу әдістері. Пикфлоуметрия. Спирометрия. Көрсеткіштер. Дайындық ережелері. Диагностикалық мән.

Тыныс алу мүшелерінің ауруларына тұмаудан баска — ауатамыр мен өкпенін қабынуы, тыныс демікпесі, туберкулез және т.б. жатады.

Рентгеноскопия - өкпе алаңының мөлдірлігін, тығыздалу ошақтарын( инфильтраттарын, пневмосклероз, жаңа түзілістерді) және өкпе тіндерінің қуысын, кеңірдек пен бронхтардағы бөгде денелерді, плевра қуысындағы сұйықтықтар мен ауаны, дөрекі плевральді жабысуларды анықтайды.

Рентгенография – рентгеноскопия арқылы анықталған өзгерістерді рентгендік пленкаға щығару әдісі. Кейбір өзгерістер – ошақтық тығыздалулар, бронхотамырлық өзгерістер рентгенографияда жақсы суреттеледі.

Томография – өкпені қабат-қабат бойынша зерттеу әдісі. Бұл әдіс ісіктерді нақты диагностикалауда таптырмас әдістердің бірі.

Бронхография – бронхтарды зерттеу әдісі. Науқасқа жансыздандырудан кейін бронх тармақтарына контрасты затты енгізеді. Контрасты заттар рентген сәулелерін ұстауға көмектеседі. Бұл әдіс бронхоэктаз анықтауда, өкпе абсцесін, кавернасын анықтауға мүмкіндік береді.

Флюорография - өкпені ренгенографиялық зерттеулердің бірі түрі, фотосурет кіші форматтағы пленкаға шығарылады. Бұл әдіс көптеген профилактикалық зерттеу әдісінде қолданылады.

Пикфлоуметрия - ең алдымен тыныс тұншықпасы кезінде өзіндік қолданылуға ыңғайлы құрал.

Пикфлоуметрия – бұл тынысты барынша алғаннан кейiн тынысты тез шығару кезiндегi ауа ағымының максимальды көлемдiк жылдамдығының ( пикiн-қузын), яғни тыныс шығарудың максимальды жылдамдығын анықтауда ең қолайлы әдiс болып табылады.

Бұл көрсеткіш ағылшын тілінен аударғанда пикфлоу (peak flow), яғни «максимальды поток» құралдың аты осы мағынаға байланысты. Тыныстың максимальды шығуы көп нәрсенi көрсетедi, ең бастысы бронхтардың қаншалықты тарылғандығын анықтауға көмектеседi. Жиi науқас жағдайының нашарлағанын сезбейдi, осы жағдайда пикфлоуметрияның жылдамдығының азаюы науқасқа оның жағдайының өзгеруінің алдында анықталған емін жасай алады.


Спирометрия— өкпенің тіршілік сыйымдылығының (ӨТС) және оны құрайтын ауа көлемдерін анықтайтын әдіс. Өкпенің тіршілік сыйымдылығы — адамның максимальді дем алып, дем шығарғандағы ең үлкен көлемді ауа.

Өкпенің көлемдері және сыйымдылығы көрсетілген, олар өкпенің функциялық жағдайын көрсетеді. Сонымен қатар дем алу қозғалысы мен өкпенің көлемі және сыйымдылығының байланысын сипаттайтын пневмограмма көрсетілген. Өкпенің функциялық жағдайы адамның жасына, бойына, жынысына, физикалық дамуына және т.б. факторларға байланысты болады.

Зерттелетін адамның тыныстық функциясын бағалау үшін, оның анықталған өкпе көлемдерін соған сай міндетті өлшемдермен салыстыру керек. Міндетті өлшемдерді формула немесе номограмма арқылы есептеуге болады. Олардың +/- 15 ауытқуы айтарлықсыздай деп есептейді.

Өкпенің тіршілік сыйымдылығы (ӨТС) және оны құрайтын көлемдерді анықтау үшін сулы немесе құрғақ спирометр қолданылады. Спирометрдың мунштугін спиртке матырылған мақтамен сүртеді. Зерттелуші максимальді дем алғаннан кейін спирометрге максимальді терең дем шығарады. Спирометр шкаласы арқылы ӨТС анықтайды. ӨТС-ның көлемін анықтау үшін зерттеуді бірнеше рет қайталап, оның орташа өлшемін алу керек.

  1. Объективные методы обследования пациентов при заболеваниях органов дыхания. Общий осмотр.

Тыныс алу органдары аурулары бар науқастарды тексерудің объективті әдістері. Жалпы тексеру.

Объективті зерттеу.

Қарау. Кеуде сарайын бір ретпен қарау керек. Кеуде сарайының түрін, бұғана асты, үсті ойықтарың, тыныс алу түрлерін, ырғағын, тереңдігін анықтайды.

Кеуде сарайының қалыпты түрлері:

Нормостениялық кеуде сарайы - нормостениктерде кездеседі.

Гиперстениялық кеуде сарайы – гиперстениктерде кездеседі.

Астениялық кеуде сарайы - астениктерде кездеседі.

Кеуде сарайының патологиялық түрлері:

Эмфизематозды кеуде сарайы: алдыңғы - артқы және көлденең мөлшерлері бірдей болады, кеуде сарайы күбі сияқты үлкееді. Бұл түр атына сәйкес өкпе эмфиземасында кездеседі

Салдылық кеуде сарайы (солып қалған) - пневмосклерозда, кахексияда, туберкулезде кездеседі.

Мешелдік (құс төсті) кеуде сарайы. Төс алдыға қарай шығыңқы болады, көлденең мөлшері кішірейген. Мешел ауруымен ауырған адамдарда кездеседі.

Қайық төсті кеуде сарайы «етікші төсі», қысымның әсерінен төстің төменгі немесе жоғарғы бөлігі шұңқыр болады. Кеуде сарайының деформациясы омыртқаның қисайғанында, кездеседі:



сколиоз - омыртқа шетке қарай қисаяды, кифоз - омыртқа артқа қарай қисайып бүкір болады, лордоз - алдыға қарай, кифосколиоз - шетке және артқа қарай.

Кеуде сарайы түрінің өзгерісі қос жақты емес, бір жақты болуы мүмкін. Кеуденің бір жағының кішіреюі- пневмосклерозда. Кеуденің бір жағының ұлғаюы плевра қуысына ауа не сүйықтық жиналғаннан.

Дем алудың түрлері: Кеудемен дем алу- дем алуға қабырға аралық бұлшық еттер қатынасады. Көбіне дем алудың бұл түрі әйелге тән. Ішпен дем алу, не диафрагмалық дем алу еркектерге тән. Аралас дем алу ол қарт адамдарға тән.
Тыныс алу жиілігі: қалыпты жағдайда сау адам 1 минутына 16-20 рет тыныс алады. Тыныс алу жиілеуі - тахипноэ, сиреуі – брадипноэ, уақытша тоқтап қалуы – апноэ. Қалыпты жағдайда тыныс алудың жиілеуі дене қызметінен, тамақ ішкеннен кейін және әр түрлі психикалық факторлардың әсерінен болады. Патологиялық жағдайда дем алудың жиілеуі өкпенің дем алатын бетінің азаюынан және дем алғанда кеуденің шаншуынан болады. Қалыпты жағдайда тыныс алудың сиреуі ұйқы кезінде болады/ваготония/. Патологиялық жағдайда дем алудың сиреуі бас сүйек іші қысымының өсуінен және уланудан болады. Сау адамның дем алуы ырғақты, тереңдігімен ұзақтығы бір қалыпты болады. Бір дем алған ауаның мөлшері 300-800 мл болады. Тыныс алудың ырғағының бұзылуы:

Биот тынысы - ырғақты терең, сирек, мезгілді үзіліспен демалу. Бұл түр менингитпен ауырғанда және агональды жағдайдағы науқастарда кездеседі.

Чейн - Стокс дем алысында дем алудың біртіндеп тереңдеуі мен біртіндеп баяулауы тән, одан кейін үзіліс болады. Үзілістен кейін бәрі қайтадан қайталанады. Ми гипоксиясында кездеседі.

Куссмауль дем алу бұзылысы - шұлы, сирек және терең дем алу. Гипергликемиялық комада кездеседі.

Грокк тынысы - толқын тәріздес, Чейн-Стокс дем алуына ұқсайды, бірақ толық тоқтамайды. Қабырғаларды алдынан санағанда бұғанадан бастайды, өйткені бірінші қабырға оның астында орналасқан, артынан - жауырынның төменгі бұрышы VІІ қабырғада орналасқан. Мойын омыртқалардан ең шығынқысы - жетіншісі.

Кеуде сарайының пальпациясы. Кеудені сипап тексергенде: кеуденің ауыратын жерлерін, эластикалық (серпінділік) қасиетін, дауыс дірілінің өзгерістерін анықтайды. Пальпация екі қолмен симметриялық жерлерде жүргізіледі. Бұл әдіспен кеуде сарайының бір жағының дем алудан қалыңқырауын, эпигастральды бұрыштың еңін, ауырсынудың орналасуын және оның тарауын анықтау болады. Пальпациямен плевраның үйкелес шуыда естіледі және құрғақ сырылдар, сынған қабырғалар анықталады.


Дауыс дірілін анықтау. Пальпация әдісімен анықталады . Бұл мақсатпен екі алақанды симметриялық жерлерге қойып «р» әрібі бар бір неше сөзт айтқызады, мысалы : «тридцать три». Қалыпты жағдайда кеуде сарайының екі жағындағы симметриялы нүктелерде дауыс дірілінің күші бірдей болады. Егер бұл симметриялық бұзылса, ол ауруды білдіреді. Патологиялық жағдайда дауыс дірілінің күшеюі - өкпе бөлігі тығызданғанда, әлсіреуі - плевра қуысында сүйықтық немесе ауа жиналған кезде, жойылып кетуі – өте әлсіреген адамдарда және плевра қуысында өте көп сұйықтық жиналғанда.

Өкпе перкуссиясы. Өкпені тексерген кезде перкуссияның келесі түрлері қолданылады: тікелей, тікелей емес, салыстырмалы, топографиялық перкуссия. Қалыпты жағдайда өкпе үстінде ашық өкпе дыбысы анықталады. Ал патологиялық жағдайда осындай перкуторлы өзгерістер анықталады: өкпеде ауа азайғанда -тұйықтау дыбыс; өкпеде мүлдем ауа болмағанда – тұйық дыбыс; өкпе ауаланғанда - қораб дыбыс; плевра қуысына ауа жиналғанда - тимпаникалық дыбыс естіледі.

Өкпенің аускультациясы. Өкпенің аускультациясы бір белгілі жоспармен жүргізіледі: фонендоскоп немесе стетоскоп өкпенің оң, сол жағының мұқият симметриялық нүктелеріне қойылады. Тыңдау – кеуденің алдынан жоғарыдан төмен және шеттерге қарай жүргізіледі, қолтық астын тыңдағанда науқасты қолын көтеруін сұрайды. Жауырын ортасын тыңдағанда пациент оң қолын сол иығына, сол қолын оң иығына құшақтап отырады, сонда жақсы естіледі.. Таңдауды тұрғызып не отырғызып жүргізу керек, қажетті кезде жатқызу болады. Дем алу мүшелерінің қызметінен туатын барлық дыбыс негізгі дыбыстар және қосымша дыбыстар болып екі топқа бөлінеді. Негізгі дыбыстарға везикула тынысы, бронх тынысы және аралас тыныс. Қосымша патологиялық дыбыстар: сырылдар, крепитация, плевра үйкелес шуы.

Везикулалық тыныс өкпе үстінде естіледі ол «Ф» әрібін ауаны ішке тартып айтқанда пайда болатын дыбысқа ұқсап, құлаққа жұмсақ естілетін дыбыс. Оның физиологиялық өзгерісі: күшею, әлсіреу не жойылып кетуі мүмкін. Бронх тынысы қатандау және демді сыртқа шығарған кезде айтқан «Х»ь әрібінің естілуін еске түсіреді. Қалыпты жағдайда бронх тынысын трахея, көмей үстінен және үлкен бронхтың кеуде сарайы қабырғасына тақалып тұратын жерлерінде тыңдауға болады, басқа жерде естілмейді. Қосымша тыныс дыбыстары. Сырыл деп бронх ішімен ауаның және секреттің қозғалысынан пайда болатын дыбыстарды атайды, сырыл құрғақ және дымқыл болады. Құрғақ сырыл бронх ішінде жабысқақ секрет жиналғаннан пайда болады. Дымқыл сырыл бронх ішінде сұйық секрет жиналғаннан пайда болады.


Крепитация. Альвеола ішінде аздап сұйық пайда болса демді сыртқа шығарғанда оның қабырғалары бір-бірімен жабысады. Демді ішке алғанда, олардың бір-бірінен ажырасуынан туатын дыбыс крепитация деп аталады. Демді ішке ғана алғанда пайда болады да қардың сықырлауына немесе екі қағазды үйкелеген кезде естілетін дыбыстай болады.

Плевра үйкелесінің шуы. Әр түрлі патологиялық процесстердің әсерінен плевра беттерінің тегістігі бұзылып, беттері үйкелескен кезде әр түрлі дыбыстарды тұдырады: жұмсақ тегіс матаның үйкелесі, тырнау қағаздың сыбдыры, қардың сықыры сияқты дыбыстар демді алған және шығарған кездеде естіледі.

Объективтік тексеріс
Объективтік тексеру әдісі қараудан басталады. Қарағанда
науқастың жалпы жағдайын, төсек тәртібін, көңіл күйін, дене пішінінің өзгерістерін және т.б.
байқайды.
Кеудені қарау. Кеуденің сыртқы бейнесіне немесе патололгиялық түрін
анықтайды.

Кеуде қуыс өзгерістерінің үш түрі болады:
• бөшке тәрізді кеуде (эмфизематозды) – кеуде торшасының ұзындығы қысқалау, көлденең
дөңгелектеу
• сал көкірек қуысы (паралитикті) – кеуде торшасы тар және ұзын.
• мешелді кеуде (“тауық” кеудесі) –кішкентай балалардың мешел мен ауырған
кезінде пайда болады.
• Кеуде құрылысының ауытқуы (деформациясы) омыртқаның өзгергендігіне байланысты
болады:

Лордоз-омыртқаның алға қарай қисаюы

Кифоз-артқа қарай бір жақ қырына
сколиоз- бір жақ қырына

Кифосколиоз-артқа және бір жақ жамбасына қарай қисаюы
Дене терісінің өзгеруі. Терінің кілегей қабыршақтарының
көкшілдігі байқалады, оны цианоз деп атайды. Цианоз екі түрде
байқалуы мүмкін: жергілікті және орталық (барлық денеде).
Бұндай өзгеріс тыныстың бұзылғандығынан, өкпеде оттегінің
жеткіліксіздігінен байқалады. Бетінің қызаруы өкпенің
крупозды қабынуында, дене қызуы көтерілгенде, ал бозаруы
өкпенің іріңді ауруларында және т.б жағдайларда кездеседі.
• Қолмен басып қарау (сипалау, пальпация). Кеудені, арқаны
оның ауыра-тын жерін, серпімділігін, дыбысты өткізуін
анықтау үшін жүргізіледі. Екі қолды науқастың кеудесіне қойып
сан мен сөздерді айтқызып, ауаның тербеу дыбысының әр
ауруға байланысты жоғарлауын немесе төмендеуін анықтайды.
Бұл сипалаудың түрін бронхофония әдісі деп атайды.

Жалпы тексеру.

Қарау сипалау (пальпация)-

1.Төсек жағдайы
2. Ентігу,тұншығу
3.Саусақтарының,тырнақтарының пішіні
4.Кеуде қуысының пішіні

Сипалау (пальпация)

1.Дыбыс дірілі
2. Ауырсыну

Тықылдату (перкуссия)