Файл: Задачи пропедевтики внутренних болезней. Основные понятия (этиология, патогенез, симптом, синдром, диагноз). Этика и деонтология медицинской сестры.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 30.11.2023

Просмотров: 160

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

1.Өкпе шекарасы
2.Өкпенің төменгі
бөлігінің қимылы
3.Перкуторлық дыбыстың өзгерісі тыңдау

Тыңдау (аускультация)
1.Демнің мінездемесі
2.Бронхо-фония
3.Сырылдар
4.Сықылдау
5.Өкпе қаптың үйкелу дыбысы

  1. Профилактические мероприятия при заболеваниях органов дыхания. Факторы риска.

Тыныс алу органдары ауруларының алдын алу шаралары. Тәуекел факторлары.

Тыныс алу жолдары ауруларының біріншілік алдын алуы жедел респираторлық аурулардың алдын алуы болып табылады. Ал ол үшін ағзаны шынықтырып, ағзаның иммунитетін көтеру керек. Шынықтырудың тәсілдері өте көп.

Таза ауа - әрқашан әсер ететін шынықтыру. Жылы болған кезде көп уақыт таза ауада жүру жағымды. Ғылыммен тексерілген, қыс мезгілінде ауада жаз мезгіліне қарағанда оттегі көп және суық қанға оттегінің жақсы сіңуіне қатысады, жылы оның тіндерге берілуіне әсер етеді. Осы себептен шаңғы тепкеннен кейін адам өзін үйде жақсы сезінеді. Тек қана суық және салқын ауа ағзада қозғалыс шақырады. Суық ауа жұту тамырлардан холестеринді шайып, өкпеден дем арқылы шығарады.

Ауа ваннасын жалаңаш түрде немесе ауа жақсы өткізетін киімде қабылдайды. Сезіну бойынша ауа ваннасын бөледі: суық (0-80), сәл суық (9-160), салқын (17-200), индифферентік (21-240).

Медицина ғылымының кандидаты В.Н.Сергеевтің шынықтыру кестесін мысалға келтірейік. Ең алғашта ваннаны 5-8 минут 18-200 қабылдау керек. Ауа ваннасын 1 минутқа әр 3-4 күнде созады, сөйтіп оны 10-15 минутке жеткізу керек. 2-3 жұмадан кейін ақырындап салқын ваннаға ауысады, мысалы ашық терезенің алдында тұрып. Егер температура 10-140 төмен болса, шынықпаған адамға 2-3 минуттен көп туруға болмайды. Бірақ бұндай қысқа уақытта ағзада биологиялық қозғалыстар болмайды, сондықтан ем шара мақсатына жетпейді.

Ауа душы – бұл шынықтыру тәсілінің әсері ауаның қозғалысына байланысты. Егерде ауа қозғалыссыз болса, жылу беру минутына 0,85 килокалорий болады. Секундына 0,5 метр жылдамдықта жылу беру екі есе көбейеді, секундына 2 метр жылдамдықта – 3,2 рет, 10 метр жылдамдықта – 6,5 рет және т.с.с. Ауаның тез жылдам қозғалысында ағза бұған қорғаныш серпілісін беруге үлгермейді. Сондықтан жуынғаннан кейін жел бар жерде отыруға болмайды. Желдетуге ақырындап үйрену керек.

Шынықтыру демі – тыныс алу жолдарының жұмысын жақсартады. Бұл үшін мынындай жаттығулар жасау керек:


1. 10 дем алып, кезекпен үлкен бармақпен оң және сол танауды жауып, ауаны шығарады (4-6 секундтан);

2. дем жұтқан кезде мұрынның қанаттарын жауып ауаға қарсыласады;

3. демді ауыз арқылы шығармау. Ол үшін тілді жоғары таңдайға көтеріп, демді мұрын арқылы атқарады;

4. жәй дем жұту. Ал дем шығарған кезде мұрын қанаттарын саусақтармен соға отырып, “ба-бо-бу” деп айту керек.

Су процедуралары

Су – ағзаға өте күшті және жанжақты әсер етеді. Сумен емдеудің негізі оның ұзақтығы емес, судың температурасы болып табылады. Ол үшін келесі ережені орындау керек: неғұрлым су суық, соғұрлым уақыт аз болу керек. Неғұрлым судың температурасы суық, соғұрлым шынықтыру әсері көп болады. Су процедураларының түрлері: ыстық - 400 жоғары, жылы –34-400, орташа – 34-350, салқын –20-330, суық –200 төмен. Барлық сулық жаттығуларды тітіркену туғызбау үшін бөлмелік температурадан бастайды. Су процедураларын жазда немесе күздің басында бастаған дұрыс, көктемде ағза жүдеу болады.

Сүртіну – ең оңай су жаттығуы. Оны тіпті кәрі адамдар мен жағдайы нашар адамдар таңертеңгілік жаттығу ретінде өткізуге болады. Орамалдың шетін сулап, дененің жоғарғы жағын сүртіп, қан және лимфа ағысымен шеттен ортаға қарай сүртеді. Бетті, мойынды, қолды саусақтан иыққа дейін, кеудені, арқаны кепкенше сүртіп және жақсылап ысқылайды. Содан кейін дененің төменгі бөліктерін кепкенше суртіп ысқылайды. Сүртуді 3-5 минут 32-340 сумен бастайды. Әр бір 4-7 күн сайын судың температурасы төмендетіп 16-180 дейін жеткізу керек. Жаттығу денені ысқылап, терісі қызарғанша өтеді.

Су құю– шынықтырудың күрделі түрі. Суды 300 бастап, ақырындап 150 дейін жеткізеді. Су құю 20 секундтан және одан да аз уақытқа қысқартылады. Барлық жаттығу денені уқалау мен бірге 3-4 минут созылады. Суық суды кеудеге, табанға, содан кейін барлық денеге құйяды. Жазда су құюды ашық далада, ал күзде денесі толық шыныққан адамдарға ғана болады.

Табанға су құю – бұл жергілікті шынығу, яғни артық уақыт қажет етпейді. Күнделікті түнге жатар алдындағы аяқ жуудан кейін табанға салқын су құю. Судың алғашқы температурасы 27-280 , шеткелі 100 төмен болмау керек, әр бір 10 күн сайын 1-20 төмендету керек. Табанды құрғағанша сүрту керек.

Таңертең және кешке тамақты суық сумен шаю – бұл мұрын мен жұтқыншақты шынықтыруға ең қолайлы жағдай. Алғашқы судың температурасы 23-280 . Әр апта сайын судың температурасы 1-20 төмендетіп, соңында біртіндеп ағынды судың температурасына дейін жеткізеді. Жиі баспа, тонзиллиттер, бронхиттер және басқа тыныс алу жолдарының ауруларымен сырқаттанатындар тамақты бактерицидті әсері бар шөп бұқтырмаларымен шаяды. Бұрыннан осы мақсатпен қайын сөлін, таңқұрай бұқтырмасын т.б. қолданған. Бастапқы кезде тамақты күніне 3-5 рет шаяды, содан кейін 2 рет (таңертең тамақтан кейін және кешке ұйқы алдында). Кең қолданатын құрам: 1 стакан суға ас тұзын, ас содасын және 1-2 тамшы йод қосып пайдалану.


  1. 1   2   3   4   5   6


Анатомо-физиологические особенности сердечно-сосудистой системы и ее функции. Основные жалобы при заболеваниях органов сердечно-сосудистой системы. Характеристика и детализация жалоб. Жүрек-тамыр жүйесінің анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктері және оның қызметі. Жүрек-тамыр жүйесі органдарының ауруларындағы негізгі шағымдар. Шағымдардың сипаттамасы және нақтылануы.


ЖАУАБЫ: Жүрек - қан тамыр жүйесіне жүрек, қан тамырлары және оның жұмысын реттеп отыратын аппараттар жатады. Жүрек – кеуде қуысының ортасында, үшінші қабырға мен семсер өсіндінің ортасында орналасқан. Жүректің көп бөлігі ортаңғы сызықтан сол жаққа қарай орналасқан. Қолқа, өкпе артериясы және жоғарғы ұшынан жүректің негізін және төменгі сол жағын табуға болады. Жүректің салмағы – 250 – 350г. Жүрек сол жақ қарыншадан, сол жақ жүрекше және оң жақ қарынша, сол жақ қарыншадан тұрады. Жүрек үлкен және кіші қан айналу шеңбері арқылы ағзаны оттегімен және көректік заттармен қамтамасыз етеді. Үлкен қан айналым шеңбері сол жақ қарыншадан оң жақ жүрекшеге әкеліп құйылады. Жүрек жиырылғанда оң жақ қарыншадан көк тамырлы қан кіші қан айналымға ауысады. Бұл қан айналым өкпе артериясынан басталып сол жақ жүрекшеге келіп қосылады. Жүрек үш қабаттан тұрады: ішкі, ортаңғы, сыртқы. Ішкі қабат – эндокард деп аталады. Бұнда жүрек камераларына бөлінген екі қос қақпақша және артерио – вентрикулярлы жарты ай тәрізді бөлінген. Жүрек қақпақшаларының ең негізгі қызметі тесіктердің тығыздығын және қанның еркін өтуін қамтамасыз етеді. Жүректің ең негізгі қабаты – ортаңғы қабат, миокард. Оң жақ жүрекшенің қозуынан жүрек жиырылады. Жүректің жұмысына бас миының сыртқы қабаты, ал жүректен келген импульстерге орталық нерв жүйесі әсер етеді: алдымен жүрекше жиырылады, бұл кезде қарынша босайды, содан соң қарынша жиырылады, жүрекше босаңсиды. Қарынша мен жүрекше босаңсығанда қысқа уақытқа үзіліс пайда болады, содан кейін цикл қайталанып отырады. Миокардтың жиырылуын систолдық деп аталса, ал жүректің босаңсығаның және кеңеюін диастола деп атайды.

Шағымдарға келетін болсақ Жүрек тамыр ауруларымен ауыратын адамдардың негізгі шағымдарына кіреді: ентігу, жүрек қағу, жүрек тұсында және төс артында ауырсыну, жүрек ырғағының бұзылуы, жөтел, қан қақыру, ісінулер, цианоз, тұншығу ұстамалары.

Ентігу бұл дем алудың жиілігінің , тереңдігінің және ырғағының бұзылуы. Бұл кіші қан айналым шеңберінде қанның іркілеуіне байланысты дамиды, қан айналымның жетіспеушілігін білдіреді. Одан басқа, газ алмасу бұзылып, қанда көмірқышқылы жиналады да, гипоксия мен гиперкапния дамиды. Сұрастыру кезінде пациенттен ентігудің қай кезде пайда болатының анықтау керек. Жүрек жетіспеушілігінің дәрежесін ентігудің күштілігіне қарап анықтауға болады.Алғашқы сатыларда айқын физикалық күш түскенде пайда болады, кейін қалыпты күш түскенде: жүргенде, сөйлегенде, тамақтан кейін. Аурудың соңында тыныштық кезінде болады.


Демігу ұстамасы (тұншығу) ентігудің ең ауыр түрі. Жүрек ауруларында тұншығу ұстамасы жүректің сол жақ қарыншасының жедел әлсірегенің білдіріп, жүрек демікпесі деп (астмасы) аталады, яғни бронх демікпесінен ажырату керек. Жүрек тұсының ауырсынуы әр түрлі себептерден болады. Төс артында және жүрек тұсында орналасса жүректің ишемиясын, инфарктті, миокардитті, перикардитті білдіреді. Ауырсыну кейде рефлекторлы болуы мүмкін, мысалы: қабырға аралық невралгияда, плевраның бұлшық еттердің зақымдануында, холециститте, асқазан ойық жарасында, омыртқаның мойын бөлігінің остеохондрозында, өнештің ауруларында және басқа жағдайларда. Жүрек қағуы деп ауру адамның өз жүрегінің соғуын сезуді айтады. Жүректің қағуы жүрек жиі жиырылғанда, тахикардияда пайда болады және қалыпты ырғақта да сезілуі мүмкін. Көбінесе жүрек неврозында кездеседі, сау адамдарда қобалжығанда, ішімдікте, кофе, шәй ішкеннен кейін, темекі тартқанда, айқын физикалық күш түскенде байқалады. Жүрек біргелкі қағуы мүмкін немесе ұстама түрінде - оны пароксизмальды тахикардия дейді. Жүректің ырғағының бұзылуы. Бұл жұректің ырғағының бұзылуына

байланысты пациент жүректің тоқтап қалып қайта соғуын сезеді.

Жөтел жүрек ауруларында кіші қан айналым шеңберінде қан іркілудің

нәтижесінде дамиды.

Қан қақыру. Кіші қан айналым шеңберінде қан қысымы көтерілгенде, ұсақ қан тамырлар жарылып, эритроциттер сыртқа альвеолаға шығуына байланысты науқас қан түкіреді.

Бас ауру – артериальды гипертензияда.

Ісінулер. Сұйықтықтың ұлпаларда және қуыстарда жиналуы.

Жүрегі зақымданған науқастарда үлкен қан айналым шеңберіне қан іркіліп ұлпаларға сарысуы шығуына байланысты дамиды. Басында ісінулер кешке пайда болып танертен тарап кетеді, жүрек жетіспеушілігі күшейген сайын ісінулер тұрақталады. Алғашында ісінулер аяқтың табанында пайда болып біртіндеп жоғарлайды. Дами келе ісіну сұйықтығы тер асты шелді ғана қамтып қоймай, шырышты қабықты қуыстарға жинала бастайды. Оның іш қуысында жиналуы – асцит, плевра қуысында жиналуы - гидроторакс, перикард қуысында жиналуы –гидроперикад деп аталады. Ісінулердің кен тараған түрі, барлық денеге қамтуы – анасарка деп аталады.

Диспепсиялық шағымдар. Іш қуысында қан айналым бұзылғанда пайда болады. Ас қорыту мүшелерінде қан іркілісі олардың қызметін бұзады. Жүрек әлсіздігінде қан алдымен бауырда іркіледі соңдықтан бауыры ұлғайып оң жақ қабырға астында ауырсыну пайда болады және осы шағымдар пайда болады: жүрек айну, құсу, тәбетінің төмендеуі, іштің кебуі, іш өту, іш қату.Дене қызуының көтеріліу, терлегіштік - жүректің қабыну ауруларында болады.