ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 30.11.2023
Просмотров: 43
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ – түрік университеті.
Факультеті: Әлеуметтік гуманитарлық
Тобы: ӘЖК 211
БӨЖ
Тақырыбы: Саяси жүйелердің құрылымдары, типтері, даму заңдылықтарына талдау.
Қабылдаған: Сыздықова Г.
Орындаған: Биболат Ә.
Түркістан - 2023
Мазмұны.
I Кіріспе.................................................................................................................3
II Негізгі бөлім......................................................................................................4
-
Саясаттану ғылымын зерттеген ерте ғасыр дәуірі ғылымдарының еңбектері......................................................................................................4 -
Саяси жүйе құрылымы...............................................................................8 -
Саяси жүйенің негізгі элементтері..........................................................10 -
Саяси билік пен мемлекеттік билік.........................................................12 -
Cаяси режим..............................................................................................14
III Қорытынды.....................................................................................................15
VII Пайдаланылған әдебиеттер тізімі..............................................................16
Кіріспе
Саяси жүйе - билікті жүргізуші әлеуметтік топтар, таптар, ұйымдар мен мемлекеттер арасындағы өзара қатынастарды реттейтін, қоғамда тұрақтылық пен тәртіпті қамтамасыз ететін ұйымдар, мекемелер мен институттар жиынтығы. Оның негізгі элементтеріне мемлекет, саяси партиялар, дін орындары, қоғамдық-саяси ұйымдар және т.б. жатады.Саяси жүйе- саясатпен айналысатын субъектілердің өзара әрекет етуінің нақты тарихи нысаны. Ол субъектілер арасында саяси қатынастарды белгілі дәрежеде жинақтап ұйымдастырады, саяси қызметті өз үстемдігі арқылы тәртіпке келтіреді, олардың ара-жігін анықтап, шекараларын белгілейді. Қоғамның саяси жүйесінің негізгі элементтері мыналар: саяси қарым-қатынас; саяси принциптер мен құқықтық нормалар; саяси институттар; саяси сана; саяси мәдениет пен оған саяст тұрғыда қатысу. Саяси жүйе- саяси билік арқылы орталықтан басқарылатын қоғамның тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін, біртұтас организм ретіндегі күрделі құрылым.Саяси жүйе қоғам мен мемлекет арасындағы қатынасты ұйымдастырады, саяси үрдістерді, саяси қызметтің жағдайларын, саяси ілгерілеу мен ұмтылыстарды сипаттайды. Саясаттануда жүйелілік әдіс пайда болғанға дейін кең тараған құбылыс саяси шындықты бөлшектеу мен ерекшелеу болды,ол кезде оны тұтас қараудың кері қажеттілігі болды, өз кезегінде одан да барынша кең жиынтыққа қосылған. «Саяси жүйе» ұғымы өзара байланысты элементтердің жиынтығы ретінде түсіндірілетіндіктен, бұл қайтадан бағытталуға жол береді.Осыдан саяси жүйені нақты қоғамда бақыланатын, саяси ортаға батырылған және оның әсеріне жауап беретін саяси бірлесіп әрекет етудің жиынтығы ретінде зерттеу керектігі туындайды. Ол тұтастықтың онымен күрделі қатынаста болатын бір бөлігі ретінде көрінеді.
«Саяси жүйе» ұғымын саяси ғылым XX ғасырдың орта шенінен қолдана бастады. Саяси жүйелер теориясының негізін қалағандар американ саясаттанушылары Д.Истон мен Г.Алмонд. Д.Истон өзінің «Саяси жүйе» (1953), «Саяси өмірді жүйелік талдау» атты еңбектерінде саяси жүйені сырттан келетін импульске жауап беретін дамып және өзін-өзі реттеп отыратын организм ретінде қарастырады. Бұл көзқарас тұрғысынан алып қарасақ, саяси жүйе біртұтас, қоғамдық өмірдің ерекше сферасы.
Г.Алмондтың«Салыстырмалы саяси жүйелер» (1956) деген мақаласында саяси жүйе саяси институттар мен саяси мәдениеттің бірлігі деген тұжырымға басты назар аударады. Марксизм позициясынан саяси жүйе саяси процестср субъектілері әлеумсттік топтардың мүдделерін бейнелейтін қоғамдық қондырманың элементі ретінде талданады. Бұл мүдделер саяси процестср арқылы, саяси шешімдерді қабыддау мен іскс асыру арқылы саяси құрылымдардың көмегімен жүзеге асырылады (қараңыз, Фарукшин М-Х. Политическая система общества. Социальнополити-ческие науки. 1991, 5, 60 бет.) Мұндай тәсіл бойынша саяси жүйе ең алдымен саяси институттар жүйесі болады, автор институционалданған жүйені басқа жүйешелермен қатар тұратын жүйеше ретінде қарастырады.
Әдебиетте басқа ұғымды байқауға болады, атап айтсақ: саяси жүйе саяси институттар жүйесінде жүзеге асатын саяси идеялар жүйесі ретінде қарастырылады. Саяси жүйені түсінудегі мұндай әртүрліліктің болуы кездейсоқ емес, ол кепбейнелі тараптардың бірлігі ретіндегі феноменнің өзінің күрделілігіне негізделінген.
Саяси жүйенің лайықты түсінігі өзекті белгілері мен одан шығатын тараптардың қатаң айырмашылығын талап етеді. Жоғарыда көрсетілген анықтамалар көбінесе осы проблемаларды қарастырумен байланысты.
Саясаттану ғылымын зерттеген ерте ғасыр дәуірі ғылымдарының еңбектері
Саясаттанудың ғылым ретінде қалыптасуы мен дамуының негізгі кезеғдерін өткен заманда ғұлама ғалымдардың ,данышпан дарындардың сралы саяси ой-пікірлерін оқып үйренудің маңызы зор. Саяси ғылымның дамуының негізгі кезеңдері
1. Ежелгі Шығыстың саяси ойлары.
2. Ежелгі Греция мен Римнің саяси ойлары.
3. Орта ғасыр мен Кайта өрлеу дəуіріндегі саяси ой – пікірлері.
4. Жаңа замандағы саяси ой.
5. Қазіргі саяси концепциялар мен теориялары.
АҚШ-да Колумбия колледжiнде 1857 жылы Ф. Либер тарих жəне саяси ғылыми кафедрасы негiзделдi. Бұл құбылыс политологияның өзiндiк академиялық пəні туғандығын көрсетедi. 1948 жылы ЮНЕСКО ұсынысы бойынша Парижде халықаралық колоквиум өткiзiлдi, бұл жиналыста Еуропа жəне Америка саясаттанушылары саяси ғылымның мəселелерін талқылады. Бұл жиналыста «саясат ғылымы» терминiн қолдануда келiсiм бердi, ал оның пəнi ретiнде мыналар ұсынылды ;
- Саяси теория (саяси теория жəне идея тарихы);
- Саяси институттар (конституция, орталық басқару, аймақтық жəне жергiлiктi басқару, экономикалық жəне əлеуметтiк басқару, т.б);
- Партиялар, топтар жəне қоғамдық пiкiр (саяси партия, топтар жəне ассоциациялар, басқару жүйесiне азаматтардың қатысуы);
- Халықаралық қатынастар (халықаралық саясат, саясат жəне халықаралық ұжымдар, халықаралық құқық). Саясаттану анықтамасы бiр дауыспен қабылданған, яғни бұл ғылым саяси ұйымдарда билiк орнатуды құратын, оны бөлшектерге бөлiп, шын мəнде шығарады. Бұның өзiнде институттар, қоғам жəне жеке тұлға қатысады. Саясаттану пəнiне айтарлықтай бiр пiкiр алынбайды, яғни саясат ғылымын зерттеуде екi көзқарас бар.
- Саясаттану – мемлекет туралы ғылым, яғни оның пəнi тар мағынада берiледi. Бұл дəстүр Аристотельмен қаланған.
- Саясаттану – билiк туралы ғылым. Бұл түсiніктi Н. Макиавелли негiздеген. Бұл саладағы саясаттану пəнi кең мағынада берiлген. Əр мемлекеттерде жəне ұлттар арасындағы əлеуметтiк-экономикалық,мəдени шарттарда билiк институты құрылуда. Бұл құбылыстар саясаттану дамуында еуропалық жəне америкалық мектептер деп бөледi.
- Еуропа дəстүрiне сəйкес саясаттану – саяси тарихы, саяси философиясы,саяси социология, т.б туындылары бар саяси ғылым. Еуропалық саясаттанушылық мектебi үшiн жалпы əлеуметтiк, философиялық аспектiлер,мемлекет əрекеттерiн жəне басқа саяси институттарды зерттеу жатады.
- Американдық саяси ғылымға жоғары бағдарлама мен қорытынды функциялары қасиеттерi тəн. Американдық зерттеушiлерi саясаттану ғылымын психологиялық, функционалды жағынан қарастырды. Мысалы, Т. Парсонс жəне Р. Даль билiктiң басты функциясын ресурстардың бөлiнуi мен жалпы қоғамдық тəртiптiң болуында көредi. Басқа американдық саясаттанушы Д. Истон саяси ғылымның пəнiн тəсiлдер ретiнде көрген, өйткенi əр түрлi тəсiлдердi қолдана отырып қоғамға, билiк институттарына қандай да шешiм қабылдаған. Саясаттану басқа қоғамдық ғылымдармен тығыз байланыста дамиды. Себебі олардың бəрінің зерттеу объектісі ортақ - қоғамдық өмір. Олар бірталай ортақ ұғымдарды да пайдаланады. Бірақ та əрбір қоғамтану ғылымының өзіндік пəні бар. Сондықтан саясаттанудың басқа гуманитарлық ғылымдар арасындағы ерекшелігін, алатын орнын анықтап алған лəзім. Саясаттану ең алдымен фəлсафамен (философиямен) тығыз байланысты. Фəлсафа - табиғат, қоғам жəне таным дамуының неғұрлым ортақ зандылықтары туралы ғылым. Ол тіршіліктің, түпкілікті себептерін, рухани байлықтардың негізінде не жатқанын жəне т. с. с. ашып, дүниеге тұтас көзқарас туғызады. Сондықтан, ол басқа пəндер сияқты саясаттануға жалпы əдістемелік ғылым болып келеді. Ол саясатты фəлсафалық тұрғыдан дəлелдейді, саяси құбылыстар мен процестерді талдауға дүниетанымдық бағдар береді. Көне гректерде саяси ойшылдар көп. Солардың ішінде ең көрнектілері Платон мен Аристотельге тоқталамыз. Платон б.з.б. 427-347 жылдарда өмір сүрді. Шын аты - Аристокл. Ол жасында спортпен көп шұғылданды, жоғарғы көрсеткіштерге жетті. Жауырыны кең болғандықтан оны Платон (кең жауырынды) деп атап кеткен. Сол атпен ол адамзат тарихында мəңгілік қалды. Платон атақты фəлсафашы Сократтың мектебінде оқып, оның үздік шəкірті болды. Ол қаза тапқаннан кейін қатты қайғырып, біраз елді аралап кетеді. Кейін Афинаға қайта оралып өз мектебін - академиясын ашады. Платонның екі жүздей еңбегі бар. Соның ішінде біздің ғылымымызға тікелей қатысы бар шығармалары «Мемлекет», «Саясатшы», «Заңдар», «Софист», «Парменид» жəне т.б. Платонның ойынша, адамдар қажеттіліктерін жеке-дара өтей алмайды. Олар өмір сүру үшін тамақ, киім өндірулері, үй салулары жəне т.т. жасаулары керек. Сөйтіп, олардың бəрі бірігіп қана қажеттіліктерін өтейді. Осы бірігудін арқасында қоғам, мемлекет пайда болады.
Платон мемлекеттік құрылысты 5 түрге бөлді: аристократия, тимократия, олигархия, демократия жəне тирания. Бұлардың ішінде ең жақсысына аристократиялық мемлекетті жатқызды. Онда ақыл-естілік, парасаттылық билейді, оның принціптері – адамгершілік, абырой, ар-намыс деп санады.
Платон( 427-347) Аристотель
Ертедегі гректердің саяси ойларын одан əрі дамытқан фəлсафашы, ұлы ойшыл Аристотель (б.з.б. 384-322ж.ж.) болды. Ол он жеті жасында Платон академиясын іздеп келіп оқуға түседі. Оны үздік бітіріп 20 жыл бойы сонда ұстаздық етті. Платон дүние салғаннан кейін біраз елді аралап б.з.б. 342-340 жылдарында Македония Патшасы ІІ Филиптің шақыруымен оның баласы, болашақ император Ескендірді (Александр Македонскийді) оқытып, тəрбиелейді. Кейін Афинаға оралып өзмектебін ашты. Осында ол сясат пəнін алғаш рет енгізіп, сол пəннен өзі сабақ берді. Саясаттануға қатысты «Саясат», «Афиналық полития», «Этика», «Риторика» деген еңбектері бар. Саяси ойдың дамуына айтарлықтай із қалдырған Ежелгі Рим болды. Онда əсіресе атақты ойшыл, мемлекет қайраткері Марк Туллий Цицерон (б.з.б. 106- 43 жж.) өмір сүрді. Оның «мемлекет туралы», «заңдар туралы», «міндеттер туралы» көпке əйгілі еңбектері орын тапты.
Саяси жүйе құрылымы
Саяси жүйе құрылымы:1. Саяси институттар 2. Саяси қатынастар 3. Саяси ережелер 4. Саяси мәдениет.
Саяси жүйе теориясының негізін салушы Д.Истон, сондай-ақ француз саясаттанушысы Дювержье саяси жүйе элементтер жүйесі ретінде олардың өзара әрекеттерінің, рольдерінің, қатынастарының, сонымен бірге нормалар мен ережелердің жиынтығы деген ойға басты назар аударады. Осы тұрғыда саяси жүйенің институционалды, коммуникативті, функционалды, нормативті тәрізді әртүрлі жүйешелерін айырады. Бүл жүйешелердің әрқайсысының өз ерекшеліктері бар, өз функцияларын атқарады және жүйенің тұтастығы мен тұрақтылығын қамтамасыз ете отырып басқалармен өзара байланысқа түседі.
Батыстық саясаттануда екі идея басым: біріншіден, саяси жүйе туралы белгілі бір нәрсені оның сыртқы ортамен байланысын сараптау арқылы айтуға болады; екіншіден, саяси жүйені нақты түсіну элементтердің өзара әрекетін, ролъдік функцияларын және реттеуші нормаларын талдау нәтижесіндс жолға қойылады. Осыған байланысты саяси жүйені ортамен «кірудегі» және «шығудағы» өзара әрекеті бойынша қарастырылатын «қара жәшікпен» теңестіреді. Осыған ұқсас жайтпен, яғни жәшіктің ішіндегі болып жатқандарды елемей Д.Истон саяси жүйені қарастырды. Ол басты түрде жүйенің экономикалық, мәдени, діни, экологиялық, биологиялық, психологиялық, халықаралық және т.б. глобальды елеуметтік жүйеге енетін басқа жүйелердің кешенінен түратын өз ортасымен қатынасын талдады. Саяси жүйе мен оның ортасы арасындағы қатынастар жүйеге импульс беретін орта тарапының кіріс түрінде, орта импульсіне жүйенің реакциясы болып табылатын шығыс түрінде бейнелейді.
Жүйе орта импульстеріне жауап бере отырып ортаға ықпал етеді. Орта жүйе тарапынан импульс ала отырып өз кезегінде жүйеге ықпал етеді, және барлығы жаңадан басталады. Бір сөзбен айтқанда, жүйе мен ортаның өзара әрекеті тұйық кибернетикалық мақсаттардың өрекеті принципі бойынша өтеді.
«Кірісте» қогам тарапынан болатын талаптар мен қолдауларды белгілеуге болады. Саяси жүйе оларды «игеруге», қайта өндеуге және сыртқы сигналдарга лайықты жауап беру үшін шақырылған. Бұл саяси жүйенің басқалар тәрізді тікелей және қайтымды байланыстың болуы арқылы қалыпты қызмет етуін білдіреді. «Шығыста» жүйенің сырттан келетін сигналдарға өзіндік реакциясы болып табылатын шешімдср мен әрекеттерді белгілеуге болады. Олар қоғамның барынша немесе барынша емес талаптары мен күтулері болуы мүмкін. Осымен жүйенің легитимділік деңгейі, яғни қоғам тарапынан оны қолдау мен қабылдау анықталынады. Легитимділік ұғымының тұтастай жүйеге де, оның жүйешелері мен элементтеріне де таратылатындығы айқын. Жүйе ішіндегі кез-келген асыра тырмысудың болуы, жекелеген жүйешелердің келісімділігінің болмауы тұтастай саяси жүйенің легитимділік деңгейінің төмендеуіне алып келеді. Дел осылай қоғамда да жүйедегідей тәрізді болады.
Кез-келген саяси жүйеде маңызды екі механизмнің болуы шарт. Біріншіден, бұл қадағалаушы механизм, осы арқылы жүйені әрекетке түсіретін талаптар мен қолдаулар белгіленеді. Екіншіден, талаптар мен қолдауларды шешімдер мен әрекетке өзгерте конверсивті (өзгертуші) механизм жұмыс істеуі керек. Д.Истон талаптардың келесі түрлерін бөліп көрсетеді: игіліктер мен қызметтерді бөлуді қарастыратын талаптар (еңбекақы, зейнетақы мен көмек туралы зандар қабылдау, жекелей алғанда, оларды төменгі деңгейге дейін орналастыру мен көтеру; жұмыс уақыты туралы зандар қабыддау, жекелей алғанда 8 сағаттық жұмыс күнін белгілеу; білім беру мүмкіндіктерін кеңейту туралы; жолдарды жақсарту, көлік құралдары мен транспорттың жұмысын жақсарту туралы заңдар қабылдау); жүріс-тұрысты реттеумен байланысты талаптар (қоғамдық қауіпсіздікті; нарықты; неке, денсаулық сақтау, санитарлық ахуалды жақсарту және т.б. салалардағы бақылауды қамтамасыз ету); коммуникация мен ақпарат сферасындагы талаптар. Қолдауға келер болсақ, оларды былай топтауга болады:
- материаддық қолдау: салық төлеу, қоғамдық бастаулардағы еңбек, әскери қызмет;
- заңдар мен директивалардың сақталынуы; саяси өмірге араласу: дауыс беру, саяси дискуссияларға қатысу және т.б. саяси қатысу формалары; ресми ақпараттарға назар аудару, оларға сену, мемлекет пен оның рәміздеріне және ресми салтанаттарға құрмет.