ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 30.11.2023
Просмотров: 44
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Саяси жүйенің негізгі элементтері
Саяси жүйенің негізгі элементтері:
- билік — шешімдерге ықпалын тигізе алатын бәсекелес топтар арасында ресурстарды бөлу;
– мүдделер — мақсаттар жиынтығы, оларды көздей отырып жекелеген тұлғалар немесе топтар саяси процестердің қатысушысы болады;
– саясат — әдетте заңнама түрінде болатын билік пен топтардың мүдделерімен бірге олардың арасындағы өзара әрекеттердің қоғамдық нәтижесі.
Д. Истон мен Дювержьенің зерттеулері саяси жүйе табиғатын түсінуге қадам жасады. Бірақ оларда бір-бірімен қатынаста, өзара әрекетте және т.б. табылатын элементтердің өзі нені біддіреді деген мәселенің басы ашылмай қалғандығы даусыз.
Осы мәселені қарастыруда өзінің көрнекті үлесін Алмонд қосты. Ол саяси жүйеде институциональды және құндылықты тәрізді элементтердің екі тобын айырып алу керек деп есептейді. Мұнымен саяси жүйенің жоғарыда Алмонд көрсеткен анықтамасы байланысты. Ағылшын саясаттанушысы Уайт пен поляк саясаттанушысы Е. Вятр құндылықтар жүйссін саяси жүйеге қатынас бойынша сыртқы бір дүние деп есептсйді. Тиісінше, саяси жүйе әртүрлі әлеуметтік топтар мүдделерінің белгілі бір құндылықтар мен идеалдар негізінде келісімі үшін қажетті саяси институттарды бейнслсйді. Оның моні мынада, институттар жүйссі мен құндылықтар жүйесі бір-бірінен ажыратысыз және олар жиынтығында ғана саяси жүйені құрады. Институциональды жүйенің негізінде жатқан құндылықтар жүйесі қондырмалы және жүріс-тұрыстық қалып, оның шегінде саяси жүйе орналасады, және ол занды түрде рәсімделген немссс рәсімделмеген болуы мүмкін.
Сонымен, саяси жүйе кұрылым, яғни элементтер мен олардың арасындағы өзара әрекеттің жиынтығы екен. Жүйе элсмснтіне мыналар жатады:
- институттар жүйссі,
- немесе саяси құндылықтар жүйесі, нсмесс саяси мәдснист және институттар жүйесі. Бірақ қай жағдайда болмасын, авторлар құндылықтар жүйесінс басымдық береді.
Барлық элементтер өзара әрекетте болады және ақыр аяғында олардың өмір сүруінің экономикалық шарттарында негізделген әлеуметтік топтардың саяси мүдделерін келістірудің белгілі бір тәсілінің жиынтығымен жүзеге асады. Кез-келген саяси жүйс, оның әрбір элементі белгілі бір әлеуметтік мүдделердің дәл болсын, болмасын бейнесі болып табылады.
Саяси жүйе экономикалық қатынастар мен құрылымдардан бастап рухани адамгершілік сферадан аяқтап қоғамның ахуалын бейнелсйді. Ол арқылы әлеуметтік мүдделер анықталынады, кейіннен саясатта бекітілетін әлеуметтік басымдылықтар құрылады. Саяси жүйеде барлық, әлеуметтік өмірдің «өзегі» өтеді, өйткені онда жалаң түрде және тікелей көзқараспен қол жететіндей формада қайшылықтар болады, мұнда олар рұқсат алады. Осы мағынада саяси жүйе әлсуметтік өмірдің бейнесі бола отырып, қоғамның тұрақтылығы мен тұтастығын қамтамасыз ететін саяси биліктік шешімдер қабылдау жолымен қоғамдық күштер мүдделерінің қақтығысы да, келісуі де өтетін сфера болып табылады. Осындай жолмен саяси жүйелер құрылымына саяси қатынастар да енеді.
Уорд пен Макридистің айтулары бойынша саяси жүйе проблемаларды анықтау мен қою үшін пайдаланылатын механизмді бейнелейді, ол сондай-ақ мемлекеттік қатынастар, әртүрлі қоғамдарда шешімдердің орындалуын өңдеу мен бақылау үшін де қажетті. Ресми механизм, оның көмегімен заңдық негізде анықталған проблема мен шешімдер, күн тәртібіне қойылады, өңделеді және әрекетке келтіріледі, басқару (немесе мемлекеттік басқару) деп аталынады. Алайда басқару салыстырмалы саясаттануды зертгеушілер үшін қызығушылықтарының бірден-бір пәні болып табылмайды. Мысалы, мынадай саяси жүйелер бар, барлық ересек азаматтар шешімдер қабылдауға қатысу мүмкіндіктеріне ие болады. Керісінше, диктатура тұлғалардың тар шеңберінде шешімдер қабылдауға қатысуды шектейтін саяси жүйе.
Саяси жүйе талаптар мен қолдаулардың «кіретін» тиімді импульстарын, сондай-ақ олармен шиырлас саяси ынтымақтастық пен қайшылықтарды қайта құратын күштерден, процестерден, инсти-туттардан тұрады.
Бұл «кіретін» элемснттер кейіннен жүйеден «шығатын» ақырғы өнімдерге дейін өзгереді. Осындай процестің арқасында саяси жүйе саясатты жасақтайды, оның көмегімен құндылықтар жасалынады және бөлінеді.
«Қара жәшік» моделін Д.Истон өкілдік жүйе негізінде жасаған және оның азаматтық қоғаммен, оның құрылымдары мен институттарымен өзара әрскетінің ерекшелігін бейнслейді. Сондықтан да Д.Истонның моделінде саяси жүйе сырттан келетін импульстарды қабылдайтын, оларға жауап беретін «қара жәшік» бейнесінде бейнеленеді. Басқа сөзбсн айтар болсақ, жүйе қоғамның мүдделерін лайықты бсйнелеуге, оның талаптарын қанағаттандыруға және оны қолдауға тартылған.
Қалыпты тікелей және қайтымды байланыстар болмайтын қоғамды билейтін автократиялық жүйенің ерекшелігіне негізделген модель мұндай түсінікке балама бола алмайды. Өйткені жүйе қоғамға бұйрықтар мен директиваларды жібереді, ал қоғам бұйрықтардың орындалуы туралы және саясатты қабылдағандары туралы хат жібереді.
Саяси билік пен мемлекеттік билік
Билiк жөнiңде ғалымдар арасында əр түрлi анықтамалар мен тұжырымдамалар бар. Солардың негiзгiлерiне қысқаша тоқтала кетейiк.
1. Теологиялық анықтама билiктi белгiлi бiр мақсатқа, белгiлеген нəтижеге, қорытындыға жету мүмкiндiгi деп түсiндiредi.
2. Бихевиористiк анықтама бойынша билiк деп басқа адамдардың жүрiс- тұрысын, өзiн-өзi ұстауын өзгерту мүмкiндiгiне негiзделген iс-əрекеттiң ерекше түрi.
3. Инсументпалистiк анықтама билiктi белгiлi бiр кұралдарды, амалдарды (зорлық-зомбылық, күштеу сияқты шараларды) пайдалану, қолдану мумкiндiгi деп бiледi.
4. Структуралисті анықтама билiктi басқарушы мен бағынушының арасындағы қатынастың ерекше түрi деп ұғады. Сонымен, бiз билiк туралы ғалымдардың арасында ортақ пiкiр, анықтама жоқ екенiн байқадық. Батыстың əлеуметтанушысы Р. Мартин билiк махаббат сияқты, күнделiктi тiлiмiзде жиi пайдаланылады, iштей сезiледi, бiрақ сирек анықталады деп бекер айтпаған. Онын себебi, француздың саясаттанушысы Ж.К. Шевалье айтқандай, адамдарды билiктiң жалпы ұғымының айналасындағы айтыс-тартыстан гөрi нақтылы, шын мəнiндегi билiктiң өзi көбiрек ойландырған, мағынасын тартқан.
Саяси билік - таптық, топтық, жеке адамның саясатта тұжырымдалған өз еркін жүргізу мүмкіндігін білдіреді.Саяси билiк əлеуметтiк институттар арқылы жұмыс iстейдi. Ол ұйымдар, мекемелер, техникалық, информациялық, адамдық жəйттар, қоғамдық қатынастарды ұйымдастыру мен реттеудi қамтамасыз ететiн ережелер арқылы iске асады. Саяси билiктiң өзiндiк қызметтерi болады. Оған жататындар: қоғамның саяси жүйесiн қалыптастыру; оның саяси өмiрiн ұйымдастыру (ол мемлекет пен қоғам, таптар мен топтар, ассоциациялар, саяси институттар, мемлекеттiк басқару органдары мен аппараттары, партиялар, азаматтар жəне т.б. Билiктi жүзеге асырғанда құқық, бедел, сендiру, əдет-ғұрып, дəстүр, амал- айла, қулық, күштеу, зорлау, ерiксiз көндiру сияқты əдiс-амалдар пайдаланылады. Оны жүзеге асырудың түрлерiне үстемдiк жүргiзу, басшылық ету, үйлестiру, ұйымдастыру, бақылау жатады.
Мемлекеттік билік - тікелей мемлекеттің өзі жүргізетін немесе өзінің атынан жүргізуге өкілеттілік беріп, өз жәрдемімен өзге бір ұйым, мекеме арқылы жүргізетін қоғамдық биліктің бір түрі, мемлекеттік басқару органдарының жиынтығы. Мәжбүрлеу жоқ жерде Мемлекеттік билік те жоқ, мәжбүрлеу тек тарихи жағдайға және билік болмысына қарай басқа мазмұнда, әр түрлі нысанда көрініс береді. Мемлекеттік билік қатынастары ырық жүргізу сипатында болады және өз құрылысына орай үстемдік пен бағыныштылық әрі жетекшілік пен мойынұсынушылықтан құрылады.
Заң шығарушы билiк (парламент) заң шығарумен, оны бекiту, өзгерту немесе жоюмен айналысады. Ол заң қабылдайды, салық салуды анықтайды, үкiметтi тағайындайды, бюджеттi бекiтедi, соғыс ашып жəне армияны қамтамасыз етедi, сауданы реттейді. Атқарушы билiкке үкiмет пен əкiмшiлiк жатады. Оларды заң шығарушы өкiлдiк органдар қалыптастырады. Атқарушы билiк заң шығарушы билiктiң бақылауында болып, олардың алдында есеп бередi. Оның жұмысы заңға негiзделiп, заң шеңберiнде iс iстеуi керек. Соттық билiк адамдардың құқығын қорғайды, заңды бұрмалаушылықтан сақтайды, парламент не президент қабылдаған заңдардың, конституциялық жарғылардың сəйкестiгiн анықтайды. Оны халық немесе өкiлеттi мекемелер қалыптастырады.
Cаяси режим.
1. Саяси режимнің мәні және түсінігі
2. Тоталитарлы саяси режим
3. Авторитарлық саяси режим
4. Демократиялық саяси режим
Қазіргі саяси ғылымда саяси режим түсінігін елдегі саяси өмірдің сипатын, еркіндік деңгейіне, билік органдарына құқықтық негіздегі қарым-қатынасына байланысты анықтайды. Осы түсінік турасында анықтама беруде талас-тартыстар саяси талдаудың басқа категорияларымен салыстырғанда аз емес. Бірақ көпшілік зерттеушілер саяси режимді саяси жүйе құрылымының өзара әрекеттестіктегі реттілігімен, саяси билік пен мақсаттардың жүзеге асыруымен байланыстарады. Саяси режимнің функционалды мазмұны маңызды сұрақтарға жауап береді, яғни қоғамның саяси жүйесінің қызметтерінде ерекше орын алатын. Одан мынадай сұрақтар:
- билікте қандай саяси күштер болады және олар қандай механизммен билікті жүзеге асырады;
- саяси билік қалай шынайы таратылады және оның жүзеге асуын кім бақылайды;
- қоғамда тұлғалардың құқықтары мен бостандықтарына қандай жағдайда кепілдіктер беріледі;
- қоғамда саяси оппозицияның өмір сүруіне жол беріле ме;
- саяси билікке қол жеткізуді жүзеге асыруда қандай әдістер, тәсілдер және құралдар қажет т.б.
Саяси режимнің сапалық сипаттамаларын мынадан анықтауға болады: адам құқықтары мен бостандықтарының өлшемі, мемлекеттік биліктің жүзеге асу әдістері, мемлекет пен қоғамның өзара қарым-қатынас сипаты, саяси шешімдерді қабылдауда қоғамның ықпал жасау мүмкіндіктерінің барлығы немесе жоқтығы, саяси институттардың қалыптасу жолдары. Нақты бір елдегі өмір сүріп отырған саяси режим түрі субъективті және объективті жағдайларға сондай-ақ басқа да көптеген факторларға байланысты. Сондықтан да саяси режимнің классификациясы өмірде көп кездеседі. Кең тараған саяси әдебиеттерде классификация-ол қоғамда демократиялық принциптердің бірқалыпты дамуы деп көрсетіледі. Осы классификация бойынша саяси режимнің түрі былай анықталады:
· саяси-қоғамдық процестердің интенсивтілігі және даму деңгейі;
· басқарушы элитаның құрылымы және оның қалыптасу механизмі;
· қоғамдағы адам құқықтары мен бостандықтарының жағдайы;
· бюрократиямен қатынас жағдайы;
· қоғамда басқарушылық лигитимді түрде болу деңгейі;
· қоғамдағы саяси санаға қозғау салатын қоғамдық-саяси дәстүрлерді әрқилылылығы
Осы айтылғандармен байланыстырып саяси режимнің негізгі үш түрін ажыратады: тоталитарлық, авторитарлық және демократиялық.
Қорытынды
Саяси жүйенің қалыпты қызмет етуі, тұрақтылығы, тұтастығы мен легитимділігі бірқатар шарттарға байланысты мүмкін болады. Жоғарыда атап өткеніміздей, талаптардың ұстаусыз өсуі мен қолдаудың бәсеңдеуі жүйенің дезинтеграциясына соқтыруы мүмкін. Сол себептен де ол билік легитимділігінің құралдарына ғана емес, сонымен бірге талаптардың легитимділігіне ие болуы тиіс, олардың бір бөлігін ескірген немесе уақыты етіп кеткен ретінде саяси алаңның жиегіне шығарып тастауы, талаптардың өзін рационализациялауы керек. Құндылықтар жүйссіне, яғни оның талаптардың тиімді көлемі мен сипаттарына толықтай кепілдік бере алатынына сенім артуы, демек стихиялардың шлюзін ашуы керек, осының нәтижесінде процсстер бақылаудан шығып кетуі мүмкін. Қалыпты ряси өмір талаптары мен жүйе мүмкіндіктерінің белгілі сәйкестігін қамтамасыз ете алады. Егср дс антократиялық жүйеде саяси жүйенің қоғамға үстемдігі орын алар болса, өкілдік жүйедс іс белгілі бір мағынада қарама-қарсы бағытта өрбиді.
Саяси жүйенің негізінде жатқан және оны анықтаушы құндылықтар проблемасы мүдделермен тығыз байланысты, себебі маңыздылық пен құндылық дәуір мүдделерімен анықталынады.
Әртүрлі әлеуметтік топтардың мүдделері сәйкес болмайды, сондықтан да құндылыққа деген көзқарастар, құндылықтық пайымдар әртүрлі болуы мүмкін. Сонымен қатар бірқатар ортақ мүдделер де болады. Әлеуметтік келісім мен саяси тұрақтылық — барлық әлеуметтік топтардың, тұтастай қоғамның мүдделері. Сол себептен де саяси мәдениетте ортақ мүдделерден шығатын құндылықтарды және қандай да бір әлеуметтік топтың мүдделерінен шығатын құндылықтық пайымдарды айырып алу қажет. Олардың арақатынасы әрқилы болуы мүмкін. Бірақ антагонизм, үстемдік пен бағыну жағдайында саяси жүйе құндылықтарды үстемдік етуші таптың мүдделеріне сай өлшемде ескереді.
Саяси жүйе жалпы адами адамгершілік нормалар мен талаптардың басымдығын сезінгенде ғана берік бола алады. Жалпы алғанда адамзат қоғамы шексіздікке, адам болмысының ақиқаттығына деген сенімді қажет етеді. Бұл өте жұқа материя нағыз шынайылық, онымен есептеспеуге ешқашан жол берілмейді.
Құндылықтарға деген қатынастың деңгейін саяси жүйенің сипаты, полюстері дсспотия мен демократия болып табылатын олардың барлық спектрі анықтайды.
Сонымен, қазіргі кездегі саяси жүйе туралы алуан түрлі концепциялар бар. Олардың бірі саяси жүйені саясат негізінде жатқан идеялар жиынтығы десе, екінші біреулері оны өзара қарым-қатынас жүйесі деп есептейді.